— Ер адамдарға қарағанда әйелдер көп кітап (68%) сатып алады.
— Италиялық Рио Козелли ең іш пыстырарлық кітаптарды жинайды. Оның топтамасында 10 мың том кітап бар. Бір Италия ақыны кітабын сол жерден көріп, өз-өзіне қол жұмсауға шақ қалған.
— Әлемде кітаптардың жартысынан көбін 45 жастан асқандар сатып алады.
— Хормен кітап оқу марафонының ең ұзақ уақыты – 224 сағат.
— Ғылымда кітап ұрыларын – библиоклептоман деп атайды. Әлемге әйгілі библиоклептоман – Стивен Блумберг. Ол 270 кітапханадан 23 мың сирек кездесетін кітаптар ұрлаған. Топтамасының жалпы бағасы 20 миллион доллардан асады.
— Қазіргі заманғы ең танымал жазушы – Агата Кристи. Оның кітаптары әлі де әлемнің 50 тілінде баспадан шығып келеді. Осы күнге дейін Агата кітаптарының таралым саны 2 миллиардтан асты.
— Әлемдегі ең ауыр кітап – Ұлыбритания мұражайында сақталып тұрған XVII ғасырға тән географиялық карта. Оның бойы 1,9 метр; салмағы 320 киллограмм.
-Google әлемде жарық көрген барлық әдеби, ғылыми, публицистикалық шығармалар санын есептегенде олардың саны 130 миллионнан асқан.
— Минутына 2000 сөз оқыған Наполеон әлемдегі ең танымал кітап кейіпкері. Ол туралы 10 мыңнан астам түрлі жанрларда кітап жазылған.
— Дүниедегі ең ежелгі кітап біздің заманымызға дейінгі 3350 жылы жазылған. Бұл қолжазба оны тапқан Эмил Присс құрметіне «Присс папирусы» деп аталған. Авторы перғауынның уәзірі – Пта Готеп. Ол жастардың еріншектігін, жалқаулығын сынаған.
Басқа материалдар:
- Математиканы түсінуге көмектесетін ТОП 7 кітап
- ҰБТ тапсырушыларға Шиара Құдайбергеновадан кеңес
- Интернет-маркетологтың қызметі қандай?
- SMM маманы деген кім?
- Data Scientist — деректер ғалымының қызметі қандай?
- Web-дизайнер деген кім?
- Таргетологтың қызметі қандай?
- Контекстолог деген кім
- Копирайтер деген қандай мамандық?
- Контекстолог деген кім?
- Оқушы мен студентке арналған ең пайдалы 10 қолданба
- ҰБТ-да төмен нәтиже көрсетудің себебі қандай?
- Мектеп оқушыларына 6 кеңес
- Жетістікке жетелейтін 19 әдет
- Адам миы туралы қызықты 30 мәлімет