Оқу сауаттылығынан мәтіндік сұрақтар жауабымен (41-45 мәтін)

0
2399
Иллюстрация: Freepik.com

 41- мәтін

Жер бетінде еврейлер сынды табысты халық жоқ. Әлемдік үш діннің екеуі – ислам мен христиан еврейлердің арқасында етек жайды. ХХ ғасырдағы үшбасты идеологияның екеуі – капитализм мен социализм еврейлерге қарыздар. Нобель лауреаттарының 20%-дан астамын еврейлер құрайды. Әлемдегі ең мықты адамдардың басында еврейлер тұр, өнертабыс саласында да еврейлер аталады. Саны бар болғаны 13,4 млн. Адамды құрайтын (жершарының 0,2%-ы) халық мұндай жетістіктерге қалай жетті?

Ең алдымен кең тараған аңызды тартақатып алайық: еврейлер арасында ешқандай дуа жоқ, бірақ, ынтымақтастық бар.   Олар басқа елде туып өскен еврейлерге жанын салып көмек береді. Сонымен, әлем мойындаған еврейлердің қандай ерекшеліктері бар?

  1. Иудаизм діні еврейлерді таңдаулы халық деп мойындайды. Сондықтан болар, олар өздеріне өте сенімді. Ал, өзіне деген сенімділік – сәттілікке деген алғашқы қадам.
  2. Ұзақ уақытқа созылған оқшаулану.Еврейлердің көпшілігі басқа ұлтқа сіңісіп кеткендіктен, оларды тану қиын-ақ. Бірақ, тарихи жоспарда бұл таяуда ғана болған құбылыс. Мәселен, олар Еуропаға XVIII ғасырда ғана бейімделе бастады. Оған дейін оқшау болып келген. Яғни, оқшаулану мәдениет мен ген тазалығының сақталуына себепкер болды.
  3. Шашыраңқылыққа қарамастан ауызбіршіліктің сақталуы. Б.з. 70-ші жылдарында Екінші Ғибадатхана құлатылғаннан кейін, еврейлер жан-жаққа бытырап кетті. Тіпті, бұл халықтың барып, қожайын болмаған жерді нұсқап көрсету қиын. Олар шашырап кетсе де, ешқашан ауызбіршілігін, ұйымшылдығын жоғалтпады.
  4. Қудалану.Қиындық шынықтырады, ал еврейлерде қиындық деген бастан асатын. Шындығына келгенде, қудалануғаеврейлердің өзі себепкер болған. Сенің еліңде жүріп, ассимиляцияға ұмтылмайтын халық кімге ұнайды дейсіз? Одан басқа, орта ғасырларда еврейлер ауылшаруашылығынан алыстай бастады. Олар қолөнер мен саудаға бет бұрды. Еврейлерде әрқашан ақша болды, ал ақша бар жерде қызғаныш пен көреалмаушылық қатар жүреді. Қарапайым адамдар мен бақуаттылардың көпшілігі еврейлерге қарыз болады екен.
  5. Кәсіпкерлік тәжірибе.Еуропада капитализм орыналғанда, халықтың көп бөлігі ауылшаруашылығымен айналысатын. Феодалдар жер иесі болды да, кәсіпкерлікке биіктен қарайтын. Тіпті, алғашқы капиталистердің өзінде бизнес ақша жинау үшін емес, иелік сатып алып, ескі жер аристократия секілді өмір сүру үшін керек деген стереотип қалыптасқан еді. Ал еврейлер бұл ойдан ада болды. Олар ауылшаруашылығы мен айналыспайтын, есесіне, еврейлерде кәсіпкерлік тәжірибе пен капитал бар. Сондықтан олар қай кезде болмасын жеңіске жетіп жүрді.
  6. Еңбексүйгіштік.»Жетістікке қалай жетуге болады?» деген қысқа ғана сұраққа «Көп әрі қайратты жұмыс деген жауапты естисіз. Ал еврейлердің қолынан бұл келеді. Оған мәдениет немесе генетика себепкер. Жо-жоқ, екеуі де бірдей әсер етеді дегеніміз дұрыс болар…

1.Еврейлердегі мәдениет мен ген тазалығының сақталуына себепкер не?

A) мәдениетін жақсы білгендіктен

B) ұйымшылдығын жоғалтпағандықтан

C) ұйым басшылары болды

D)оқшауланғандықтан

E)еңбексүйгіштігінен

2.Еврейлер неге қудалауға  ұшырауының себебі

A) көреалмаушылықтың салдарынан

B) өзге елде жүріп, ассимиляцияға бет бұрмағандықтан

C) аз халық болғандықтан

D) адамдар еврейлерге қарыз болғаны үшін

E) таңдаулы халық болғандықтан

  1. Еврейлердің табысты халық аталуының себебі

A)әлемдік үш діннің екеуі – ислам мен христиан еврейлердің арқасында етек жайғандықтан

B) әлемдегі ең мықты адамдардың басында еврейлер тұрғандықтан

C) кәсіпкерлік тәжірибені мықты меңгергендіктен

D) көп халық болғандықтан

E) мәдениеті мен салт – дәстүрін мықты білгендіктен

2.Мәтін мазмұнына лайықты тақырып

A) Қудалауға ұшыраған халық

B) Табысты еврейлер

C) Оқшауланған еврейлер

D) Кәсіпкер еврейлер

E) Әлемдегі мықты халық

42-мәтін

Екінші  дүниежүзілік соғыс кезі. Джон Бланкарт отырған жерінен тұрып, әскери формасын түзетіп, метродан асығыс шығып бара жатқан адамдарға үңіліп қарады. Ешқашан бетпе бет кездеспесе де, жүрегін ұнатқан, көйлегіне қызыл гүл шоғын таққан қызды көзбен іздеді. Қызға қызығушылығы осыдан он үш  ай бұрын Флорида кітапханасында бастағанды. Қолына түскен бір кітаптың бас жағында әдемі әріптермен төрт жолдық өлең жазылып тұрды.

Қол жазуынан-ақ автордың мінезі жұмсақ, ақылды кісілігі көрініп тұрды. Өлеңнің аяқ жағында да Мисс Холис Мейнел деп қол қойылған екен. Біраз ізденіп өлең жолдардың автордың Нью Йоркта тұратынын үйренеді. Оған өзін таныстырып бір хат жолдайды да, одан ары хат алмасып тұруды ұсынады. Кейінгі 1 жыл мен 1 ай бойы жіберген хаттары арқылы Холис пен Джон бір-бірін жақынырақ тани түседі. Әр бір хат, алдағы үлкен сезімге негіз қалап тұрады. Бланкарт қанша рет қыздан бір сурет жіберуін сұраса да, қыз егер сезімдер шынайы болса, сыртқы бейненің қандай болғаны маңызды емес екенін айтып сурет жіберуге келіспейді. Ақыры Джонның Еуропадан қайтып келген кезде ғана кездесетіндеріне уәделеседі.

1.Мәтін мазмұнына лайықты тақырып

A) Джон Бланкарт

B) Холис пен Джон

C) Екеудің уәдесі

D) Шынайы сезімдер

E) Хаттар легі

2. Қыздың сурет жіберуге келіспеуінің мәнісі

A) Қыздың түрі сиықсыз, сұрықсыз болғандықтан ұялады.

B) Қыз жігітпен кездесуде ғана түрін көрсеткісі келеді.

C) Қыз суреті басқа жақтарға тарап кетеді деген қауіппен жібермейді.

D) Қыздың жігіт алдындағы асқан сабырлылығын көрсетеді.

E) Қыздың адамның түр келбетін емес, жан дүниесін бағалайтыны көрінеді.

3.Мәтін мазмұнына лайықты ой   

A) Жігіт қызды көптен танитын еді.

B) Қыз екеуі кездейсоқ танысады.

C) Хат алмасулар тоқтап қалады.

D) Жігіт қызға бармақшы болады.

E) Екеуі үйленбекке бел байлайды.

4.Қыз бен жігіттің жақын танысуына не себеп болды?  

A) Бір –біріне деген шынайы сезімі

B) Толассыз хат алмасулар

C) Екеуі жақсы түсініскен соң

D) Қыздың жазған өлеңдері

E) Қыздың авторлық кітабы

43-мәтін

Еуропаның бір қаласындағы атақты көркемөнер орталығында кішкентай бала әдемі бір туындыны көреді. Көркемөнердің бұл туындысы өте қымбат екені түсінікті. Бала сурет тұрған витринаның алдында суреттен көзін ала алмай ұзақ тұрады. Ақшасы жетпейтін болған соң, қимай кетеді.

Қанағат деп жеген-кигенін азайтып, бір жылда аздап ақша жинайды. Бір жылдан кейін дүкенге қайтып келеді. Суреттің әлі сатылмағанын көріп қуанады да, дүкенге сеніммен кіріп суреттің авторына “Сіз салған суретті ағамның туған күніне алғым келеді. Ақша жинап келдім. Суретті маған сатыңызшы”, – деп бір уыс ақшасын суретшінің алдына төгеді.

Суретші біраз ғана ойланып, суретті әдемі қағазға орап, оны сұрап тұрған балаға сатады. Бала қуанышын жасыра алмай, алғысын айтып, сыртқа шығады. Дүкенде болған басқа суретшілер таңданып: “Есің дұрыс па?! Oл жұмысың миллионға кетер еді. Неге су тегінге саттың?” – деп сұрап еді, суретші: “Иә, бұл суретті көп адамға миллионға не одан да қымбатқа сата алар едім. Алайда солардың ішінен бұл суретті сатып алу үшін бір жыл бойы жиған ақшасының бәрін бере алатын қанша адам шығар еді?” – дейді.

  1. Баланың суреттен көз алмай тұруы нені меңзейді? 

    A) Баланың суретшіге деген құрметін

B) Баланың ағасына жақсы сый тапқандығын

C) Баланың өнер туындысын жоғары бағалауын

D) Суреттің өте әдемі безендірілгенін

E) Баланың суретке деген құмарлығын

2. Мәтіннің екінші бөліміндегі айтылған ой
A) Қанағатсыздық жарға соғады.

B) Ынсапсыздық ысырапқа әкеледі.

C) Қанағат қарын тойғызады.

D) Ақша қолдың кірі.

E) Байлық мұрат емес.

3. Мәтіннің соңғы бөліміндегі суретшінің қандай екенін аңғаруға болады?

A) Ақылды, даңғой

B) Қанағатшыл, дана

C) Саналы, рақымшыл

D) Жомарт, көреген

E) Бақталас, кеңпейіл

4. Мәтін мазмұнына лайықты тақырып  

A) Көркемөнер орталығы

B) Суретші мен бала

C) Қымбат сурет

D) Бағалы сыйлық

E) Данышпан суретші

44- мәтін

Күз.Қыркүйек айы. Жылауық аспанды қара-қошқыл бұлт торлап,күрең күздің жаңбыры жерге тырс-тырс тамады.Тамшыларда көктемнің , не жаздың ерке тамшыларындай қара жолдың үстінде секеңдемей,қорғасындай зілмауыр салмақпен жерге бырш-бырш жабысады. Жай ғана тамбайды,жол-жөнекей ағаштар басында қалған,сарғайа барып қоңырқай тартқан жапырақтарды жұлып түсіп,жерге жаныштайды.Жазғы жауын иісіндей емес,жан сарайын ашпайды.Жер жарықтық жаңбырлы жаздың ылғалына тойынған ба,жауын суын бойына сіңірмейді.Нәтижесі-әдеттегі»алтын күз» деген анықтауышты «қоңыр күзге «айналдырғандай.Көңіл-күйде қоңырқай.

Иығына екі-үш кітап-дәптерлерін салған сөмке асынған бозбала,өз ойымен өзі асықпай келе жатыр.Қоршаған айналаның қоңырқай түсі қоңыр мұңмен бірігіп,батпандай салмақпен иығынан басқандай.Көлденең қосылған жолдың тұсында аяғын асыға басып,тұрымтайдай қыз бала өзін қаға-маға өте шыққанда ғана ол селт етіп,мектепке кешігерін сезіп,жүрісін жиілетті.

Бұл мектеп табалдырығын аттай бере,бағанадан «жыламсырап» тұрған күз аспаны қақ айрылардай сатырлап,нөсерлете жөнелді.
Сыныпқа кіріп,соңғы парталардың біріне сумкасын тастай салып, жолдастарымен шүйіркелесе кетті.Қызығына енді жеткен әңгіме мұғалім кіріп келгенде сыбыр-күбірге ұласып барып саябыр тапты.

Жазғы демалыстан кейін жалқау тартқан ми шіркін жаңа сабақты қабылдар емес.Сабақтың ортасы ауды-ау деген кезде есік сарт ашылып,қашанда асығыс-үсігіс жүретін директор кірді де,соңынан әзер үлгеріп кірген қыз баланы жаңа оқушы деп таныстырды.Алпыс жанар жаңа оқушының өне бойын тінткілеп,сынай қарап шықты.Ол жазбай таныды.Бұны қағып өткен қыз.Сынып жетекшісінің сұрауы бойынша өзін қысқаша таныстырған ол,тек соны күтіп тұрғандай бос тұрған алдыңғы партаға жайғасты.

Көп ұзамай-ақ ол қыз озат оқушы екенін көрсете бастады.Қай пәннен болмасын берілген тапсырманы «шемішкеше шағады».Мұғалімдердің сүйіктісіне айналған қызға,шаң қауып қалғандар «патриот «деп айдар тағып үлгерді.Патриот болса несі бар, мақтанарлық қасиет.Алдымен соған жетіп алсын. Бұл ол қызды іштей осылай қолдайды,қызыға қарайды.

1.Мәтіннің бірінші абзацындағы қолданылған тәсіл

A) Баяндау

B) Суреттеу

C) Зерттеу

D) Пайымдау

E) Ақпарат

2.Мәтіндегі: « Қоршаған айналаның қоңырқай түсі қоңыр мұңмен бірігіп,батпандай салмақпен иығынан басқандай» деген сөйлемнің мәнісі

A) Қоңыр мұңға батқан адам күйін көрсетеді.

B) Сүреңсіз табиғат суретін беріп тұр.

C) Шалшық пен лайға малынған табиғатты суреттеп тұр.

D) Себелеп жауған толассыз жаңбырды суреттеп тұр.

E) Ауыр оймен келе жатқан адамды суреттеп тұр.

 3. Мәтіннің соңғы бөлімінде автордың қандай көңіл күйі байқалады?

A) Жаңадан келген қызға деген сүйініші

B) Сүрең табиғатпен бірге мазасыздығы

C) Сабақ оқуға деген құлықсыздығы

D) Мұғалімдерге деген өкпесі

E) Жаңадан келен қызға деген ашуы

4.Мәтін мазмұнына лайықты тақырып

A) Қоңыр күз

B) Жаңадан келген қыз  

C) Жаңбырлы күз

D) Патриот қыз

E) Кездейсоқ оқиға

45-мәтін

 Баяғыда бір рудың барымташылары екінші бір рудың бір үйір жылқысын қуып кетіпті. Жылқыны барымталады дегенді естіген ауылдың атқа мінерлері мықты деген жігіттерден топ құрап іздеріне түсіпті. Ізден адастырмақ болып барымташылар қалай қарай бұрылса да қуғыншылар соңдарынан қалмай шамамен бір күншілік жерде келе жатса керек. Қуғыншылардың қалмай келе жатқанын қайдан біліп отыр деген заңды сұрақ туындары сөзсіз.

Араларында бір жауырыншы бар екен, сол барлығын жауырынына қарап болжап отырса керек. Қуғыншылардың да осал болмағаны түсінікті. Үшінші күн дегенде қуғыншылардың арасынан пыш-пыш сөз шыға бастайды. «Бұлар енді жеткізбейді, кім екенін де біле алмаймыз елге қайтайық» сынды сөздер шығы бастаса керек. Бұлардың да араларында бір жауырыншы бар екен, сол жігіт қоржынынан жауырынын алып жіберіп ұзақ үңіліпті. Содан соң«Жігіттер, рас айтасыңдар бұлай жүре берсек оларды ұстай алмаспыз. араларында бір жауырыншы бар тәрізді, сол біздің қай жерде келе жатқанымызды жауырынымен (жауырынымен сезу, көру деген сөз осы кезде шыққан шығар) көріп отыр, атты теріс ерттеңдер!» деп нұсқау беріпті.Қуғыншылар тегіс аттарынан түсіп, аттарының ерін теріс ерттеп алса керек.

Бұл кезде барымташы жақтың жауырыншысы да жауырынына қарап отырса керек. «Жігіттер, енді асықпай осы жерде ат суытып алайық. Қуғыншылар елдеріне қайтты, ерлері теріс қарап кетіп бара жатыр» десе керек. Үш күн,үш түн атсоқты болып шаршаған барымташылардың үстінен кешкілік аттарын теріс ертттеп алған қуғыншылар дәл түсіпті дейді.

  1. Жауырыншы жауырынға қарап нені анықтаған?

A) Барымташылардың бағытын

B) Қуғыншылардың санын

C) Барымташылардың санын

D) Жылқылардың санын

E) Барымташылардың ойын

2. Жауырыншының қуғыншыларға ерді теріс ерттетуінің себебі

A) Барымташылар арасындағы жауырыншыны адастыру мақсатынды

B) Барымташыларды тез қуып жету мақсатында

C) Жауырыншы жауырыннан солай көргендіктен

D) Атты теріс ерттеп міну ырым болғандықтан

E) Теріс ерттелген ат жүрісін тездететіндіктен

3. «Барымташылар» деген сөзге сәйкес келетін ой

A) Рұқсатсыз өзге ауылдың малын айдап әкететін адамдар

B) Ауыл-ауылға түскен қарақшылар

C) Дала безген орман қарақшылары

D) Елді тонаған, малын айдап әкететін ұрылар

E) Басқа жақтан келген ұры-қарылар

4. Жауырыншыларға тін қасиет

A) Болжағыш, шешендік

B) Көріпкел, сәуегейлік  

C)Тапқырлық, даналық

D) Бітімгершілік, сөзшеңдік

E) Әділдік, аңғалдық

Ұқсас материалдар: 


ПІКІР ҚАЛДЫРУ