Оқу сауаттылығынан мәтіндік тапсырма: Ұлттық аспаптардың біз білмейтін жақтарымен танысайық!

0
3476
домбыра

Домбыра – қағып, шертіп ойнайтын ішекті музыкалық аспап. Қазақтың ән-күй орындаушылық дәстүріне байланысты домбыра аспабының бірнеше түрі бар, олардың тек сырт пішіні ғана емес, ішек және перне саны да әрқилы болып келеді. Қазір домбыраның екі түрі кездеседі.

Домбыра негізінен екі ішекті болып келеді. Үш ішекті домбыралар да бар. Домбыраның арнайы ағаштардан(қайың, үйеңкі және т.б.) жасайды. Қазақстанның батыс өңірі, Арқа мен солтүстік-шығыс өңірлерінің домбыралары ел арасында көп пайдаланылады.
Қобыз – ысқышпен ойналатын ішекті музыкалық аспап. Мойны имек келетін бұл аспап сол қол саусақтары тырнақтарының сыртын ішекке тигізу арқылы ойналады.

Аспаптың шанағы терімен қапталып, ысқыштары мен ішектері жылқының қылынан жасалады. Ертеде қобызды басқалар науқасты дертінен айықтыруға құдіретті күш ретінде пайдаланған. Бүгінде қобыз аспабында ойнау шеберлігінің күрделенуіне байланысты төрт ішекті қобыз да пайда болады.

Жетіген – көп ішекті музыкалық аспап. Кейбір ғалымдар «жетіген» сөзі «жеті байлық», «жеті қазына» дегенді білдіреді десе, кейбір аңыздарда ол «жеті хан» деген сөзден шыққан делінеді. «Жетіген» деген атау «жеті» және «ән» сөздерінің бірігуінен құралуы мүмкін дейтін пікір бар. Аспап тұтас ағаштан ойылып жасалып, шанағы көп терімен қапталады. Күйге келтіру үшін тиек орнына асық қойылады.

Шертер – шанағы терімен қапталған, қазақ халқының ең көне музыкалық аспаптарының бірі. Ол екі немесе үш ішекті болып келеді. Құрылысы жөнінен домбыра, қобыз аспаптарына да ұқсас келеді. Шертерде көбінесі шертпе күйлер орындалады.
Асатаяқ – ертеден келе жатқан сілкімелі аспап. Қазақ халқы мәдениетінде ұлттық билерді сүйемелдеу үшін қолданылған. Халқымызда қоңырау, сақпан, тұяқтас, шыртылдақ сияқты сілкіп ойнайтын аспаптар да бар.

Шаңқобыз – көне музыкалық аспап. Оның ортасында сүйір тілшесі болады. Шаңқобыз өңделген ағаш таспалардан жасалады. Шаңқобызға жіп байланып, сол жіпті серпіп тарту арқылы тілшесі тербеліске келтіріледі де, дыбыс шығады. Мұндай аспаптардың темір-текшелерден жасалған түрлері де бар. Бұл аспапты көбінде әйел адамдар ойнайтын болған. Аспапты тілге келтіру тілшенің ұзындығы мен қалыңдығына байланысты.

Сыбызғы – қурайдан, ағаштан, кейде жезден жасалатын көне үрмелі музыкалық аспап. Ол ертеректе бақташылардың ең сүйікті аспабы болған.

Сазсырнай – үрлемелі аспаптар тобына жатады. Ол саз балшықтан жасалынып, отқа күйдіріледі. Бұл аспаптың көлемі де, түрі де әр түрлі болып келеді. Аспаптың іші қуыс, қарама-қарсы жақтан тесілген бірнеше кішкене ойығы болады.

Қазақтың ұлттық аспаптары сан алуан, ал музыкалық мұрасы өте бай.

1. Ертеректе сыбызғы кімнің сүйікті аспабы болған?
A) Қойшылардың
B) Батырлардың
C) Әйел адамдардың
D) Байлардың
E) Бақсылардың

2. Ескі наным бойынша, адамды дерттен айықтыру мақсатында қолданылған аспап
A) Домбыра
B) Жетіген
C) Асатаяқ
D) Қобыз
E) Сыбызғы

3. Жасалатын табиғи материалы басқалардан өзгеше музыкалық аспап
A) Домбыра
B) Шаңқобыз
C) Жетіген
D) Сыбызғы
E) Сазсырнай

4. Музыкалық аспаптардың ұлттық құндылығы
A) Егемен елдігіміздің айғағы
B) Бейбітшіліктің символы
C) Табиғи ескерткішіміз
D) Тәуелсіздігіміздің нышаны
E) Мәдени мұрамыз

5. Мәтіннің мазмұнына сай тақырып
A) Ұлттық аспаптар
B) Ішекті аспаптар
C) Сілкімелі аспаптар
D) Жаңа заман аспаптары
E) Үрмелі аспаптар

6. Тиек орнына асық қолданылатын музыкалық аспап
A) Жетіген
B) Шаңқобыз
C) Сазсырнай
D) Асатаяқ
E) Сыбызғы

Жауап кілттері:

1. A
2. D
3. E
4. E
5. A
6. A

Басқа материалдар:

  1. Астана және адамзат. Бейбітшілік пен келісім сарайында Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің V съезі өтті
  2. Оқу сауаттылығынан мәтіндік тапсырма. «Отырар сазы» қазақ өнері аспанында
  3. Оқу сауаттылығынан мәтін тақырыбын қалай қояды?
  4. Вендинг кәсібінің артықшылығы мен кемшілігі
  5. «Шаштараз» бизнесін қалай бастауға болады?
  6. Фотостудия кәсібін қалай дамытуға болады?
  7. ҰБТ тапсырушы түлектерге ақыл-кеңес
  8. Мектеп оқушыларына 6 кеңес
  9. ҰБТ тапсырушыларға Шиара Құдайбергеновадан кеңес
  10. Оқу сауаттылығынан мәтіндік сұрақтар жауабымен (11-15 мәтін)
  11. Оқу сауаттылығынан мәтіндік сұрақтар жауабымен (1-5 мәтін)
  12. Көркем троптар, олардың түрлері
  13. Оқу сауаттылығынан мәтіндік сұрақтар жауабымен (6-10 мәтін)
  14. Әдебиет – сөз өнері.  Әдебиет туралы ғылым, оның салалары.
  15. Өнерінің эстетикалық табиғаты
  16. Сөз өнерінің образдық табиғаты. Образ, жасалу жолдары және оның түрлері
  17. Оқу сауаттылығынан мәтіндік тапсырма: Тиін


ПІКІР ҚАЛДЫРУ