Химиялық реакция теңдеулерін аяқтап, алынған өнімдердегі тұздардың атауын ата

Иллюстрация: Freepik.com

Берілгені:

Химиялық реакция теңдеулерін аяқтап, алынған өнімдердегі тұздардың атауын атаңдар:

Fe2O3+H2SO4 =

Fe+HCl =

CaO+HCl =

Al+HCl =

Na2O+H3PO4

Жауабы:

Басқа материал:

  1. 200 г ерітіндіде 10 г тұз бар. Ерітіндідегі тұздың массалық үлесі қанша?
  2. Осылардың ішінен өзара байланысы бар заттарды тауып жаз
  3. Төмендегі айналымдарды іске асыруға болатын химиялық реакция
  4. Массасы 1 г кальций карбонатын тұз қышқылымен әрекеттестіргенде қанша грамм натрий гидрокарбонаты түзіледі?
  5. ҰБТ-да химиядан кездесетін күрделі сұрақтардың жауабы
  6. Дәнді-дақылдар биохимиясы. Нан және макарон өнімдерінің тағамдық құрамын көтеру мен қазіргі кездегі жағдайы
  7. Көмірсулардың жіктелуі. Адам ағзасындағы көмірсулардың биохимиялық рөлі.
  8. Белоктардың физикалық және химиялық қасиеттері. Амин қышқылының классификациясы мен құрылымы
  9. Берілген заттардың: H3PO4, KOH, Ca(OH)2, HCl, H2SO4 арасында жүретін бейтараптану реакциясы
  10. Барий сульфатын, калий хлоридін, магний фосфатын қалай алуға болады?
  11. Іс жүзінде жүретін химиялық реакцияларды аяқтап, коэффициенттерін қой

Заман сұранысына сай қашықтан оқыту ерекшеліктері

Иллюстрация: Freepik.com

      Дүниежүзінде індеттің таралуына байланысты  Қазақстан да әлемнің 167 елі сияқты қысқа мерзімде қашықтықтан оқыту форматына көшті.

2020 жылы сәуірден бастап, еліміз бойынша 3,2 млн оқушы, бүкіл әлем бойынша 870 млн-нан астам оқушы осындай форматта білім алуда.  Осыған байланысты ҚР Білім және ғылым министрі А.Аймағанбетов  Қазақстанның танымал IT — сарапшылары мен отандық білім беру жүйесі өкілдерінің қатысуымен өткізілген онлайн конференцияда «Білім беру жүйесі өзгереді, басқа жол жоқ.

Мазмұнына да өзгерістер енгізу қажет» — деп айтқан болатын [1]. Шынында да отандық білім беру жүйесі үлкен өзгерістерге ұшырады. Қазіргі қоғамды ақпараттар ағымы тез дамып баратын қоғам деп атаймыз. Еліміз осындай қоғамның көшінен қалып қоймауы керек.

Қазіргі кезеңде елімізде алғаш рет ұйымдастырылған қашықтықтан
оқытуға деген сұраныс күннен күнге артуда. Оған себептер де жеткілікті:
территория жағынан үлкен елдегі географиялық кедергілерді аттап өтуі, қазіргі уақытта қалыптасқан жағдайға байланысты жаңадан пайда болып жатқан білім беру қажеттіліктерін қанағаттандыра алмауда.

Ал қашықтықтан оқыту қоғамның жаңа сұраныстарына жылдам жауап беретін және икемді оқыту түрі болып табылады. Соңғы кездері қоғамда уақыттары тапшы, мүмкіндіктері аз, кейде тіпті күндізігі формада оқуға құлқы жоқ, өз оқу графигін өзіне ыңғайлы етіп, сабақ кестесіне тәуелсіз құрғысы келетін, айрықша сұраныстары бар адамдар тобы көбеюде. Бұларды уақытты және қаржыны үнемдеуге мүмкіндік беретін, тұлғалық оқыту тәсілін пайдаланатын қашықтықтан оқыту қызықтыратыны сөзсіз.

Қашықтықтан оқу – қазіргі жағдайларға қатысты барынша жетілген ерекше оқу түрі болып табылады. Қашықтықтан оқыту – оқу үдерісінің барлық құрылымдық бөліктері (оқу мақсаты, мазмұны, ұйымдастыру формалары, оқу құралдары) енгізілген және арнайы Интернет немесе басқа да интерактивті құралдар арқылы жүзеге асатын оқытушы мен оқушының қашықтықтан қарым-қатынас жасауы арасында ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану арқылы оқу үдерісін жүргізу мен ұйымдастырудың заманауи тәсілі. Себебі, қашықтықтан оқу жағдайында оқытушы интернет желісінің көмегіне сүйеніп, ақпараттық технологияларды пайдалана отырып, сабақты ұйымдастырады [2].

Қашықтықтан оқытуды ұйымдастырудың 3 түрі бар: онлайн (синхрондық) және оффлайн (асинхрондық) және қазіргі уақытта кең таралған үшінші түрі – вебинар. Технологиялылық – заманауи бағдарламалық және техникалық құралдарды пайдалана отырып оқыту электрондық білім беруді неғұрлым тиімді әдіске айналды. Мұндай жаңа технологиялар білім алушының оқу жүйесімен белсенді өзара әрекеттесуін ескере отырып, білім беру үдерісін өзі құруға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ, қашықтықтан білім беру жас ерекшеліктері мен мүмкіндігі
шектеулі оқушыларға білім алуға, оқушылардың психологиялық мәселелерін
шешуге, өз күшін дұрыс пайдалана алуға, оқушылар мен педагогтердің өзара
құзіреттілік саласын кеңейтуге, қабілеттерін дамытуға, жаңаны ойлап табуға
және оны іске асыруға көмектеседі [3].

Сонымен бірге, қашықтықтан оқыту үдерісі қатысушыдан жоғары деңгейдегі жауапкершілікті, уақытты жоспарлай білу, өзіндік жұмысты орындау кезіндегі дербестік және т.б. осы сияқты маңызды қасиеттерді талап етеді. Сондықтан ата- аналарда міндетті түрде оқу процесіне қатысуы керек. Бұл процеске ересектердің қатысуы техникалық, кәсіби білімді, іскерлікті талап етпейді. Олар баланың іс- әрекетіне терең қызығушылық танытуын,  сабақ туралы пікір алысуын, қиындықтарды жеңуін, айқын жетістіктерге жетуін тудырады.

Қашықтықтан оқуды жүзеге асыратын оқытушының қазіргі заманғы қашықтықтан оқыту курстарын жасақтау және пайдалану арқылы сапалы, тиімді өткізуге мүмкіндік беретін арнайы дайындығы болуы маңызды.

Педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтында қашықтықтан оқыту форматына көшу бойынша көптеген жұмыстар атқарылуда. Институт тренерлері білім беру ұйымдарының педагог қызметкерлеріне арналған біліктілік арттыру курстары білім беру бағдарламасын жасады. Сонымен қатар, оқытудың жаңа формасы Аралас сабақ (Blended learning) жүйесінде курстар тұрақты түрде ұйымдастырылда, яғни дәрістер Оnline режиминде өтеді. Барлық оқу материалдары, оқу бағдарламалары және дәрістерге байланысты контенттер, пәндер бойынша бейнеосабақтарды дайындайды.

Ақпараттық – коммуникациялық технологиялардың дамуы білімді бағалау және пайдалану жүйесін де уақытылы өзгертіп отыруды талап етеді. Осыған байланысты оқытуда қолданылатын әдіс – тәсілдер, әдістемелер, технологиялар жаңартылып отырады.

Қазіргі таңда оқытушы мамандығын алған жас ұстаздардың жеткілікті дәрежеде цифрлық сауаты бар. Олар өмірге бейім, жаңа технологияның бар мүмкіндіктерін пайдалана отырып, цифрлық технологиямен үнемі өзара әрекеттесетін ұрпақ өкіліне жатады. Олармен жұмыс жасау қиындық тудырмайды.[4]

Қашықтықтан оқыту технологиясы бойынша оқытушының негізгі міндеті білімалушының өз бетінше орындайтын жұмысын басқару болып
табылады: атап айтқанда, туындайтын өзекті мәселелерді қарастыру; мақсат пен міндеттерді қою; білім-тәжірибелерді беру; білім алушылардың арасында өзара байланысты ұйымдастыру; оқу процесін бақылау. Оқушылар қашықтықтан оқыту кезінде білім беру процесінің негізін қолайлы уақытта, ыңғайлы орында, өз бетінше жұмыс құрайды. Сондықтан оқушылар өз бетінше жұмыстың техникасы мен әдістемесін, жоғарғы деңгейде білімді өз бетімен толықтыру негіздерін меңгеруі қажет. Сонымен бірге нәтижелі түрде оқу үшін жаңа ақпараттық технологияның кұралдарымен жұмыс істей білуі тиіс.

Қашықтықтан оқыту – бұл жалпы білім берудің жаңаша әдістерінің бірі.
Оны дұрыс ұйымдастыру — қазіргі заманның басты талабы. Қазір қашықтықтан оқытудың ұйымдастырушылық және педагогикалық мүмкіндіктері электрондық пошта, тақырыптық тарату тізімі, электрондық журналдар, веб, Usenet, ZOOM конференциялары, чат, хабарландыру тақталары және т.б. қол жетімді телекоммуникациялық сервистердің көмегімен іске асырылады.

Аталған телекоммуникациялық — ақпараттық құралдар базасында түрлі педагогикалық қызмет түрлерін қолдануға болады, мысалы, қашықтықтан іскерлік ойындар, зертханалық жұмыстар мен практикумдар, қолжетімсіз объектілерге виртуалды бару, виртуалды экскурсиялар, білім алушылардың, сондай-ақ педагогтардың бір-бірімен компьютерлік хат алмасуы, электрондық бюллетеньдер шығару және т.б. Олар жекелей де, кешенді түрде де жұмыс істей алады. Мысалы, білім алушыларға білім беру мәселесі қойылатын дәрістік материал ұсынылады. Әр білім алушы оны шешеді, ал нәтижелерді барлық білім алушыларға таратады. Бұл шешімдер электрондық пошта арқылы салыстырылады және талқыланады; білім алушылар сұрақтармен, пікірлермен, ұсыныстарымен алмасады [4].

Сонымен, қашықтықтан оқыту – адамның білім алуға және ақпарат алуға
деген құқықтарын іске асыратын үздіксіз білім беру жүйесі нысандарының бірі ретінде мамандардың негізгі қызметін атқара жүріп, білімін-біліктілігін
арттыруға мүмкіндік береді.

Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. «Еліміз бойынша 3,2 млн оқушы қашықтықтан оқуды бастады» «Білімді ел»
    газеті, №13. 07.2020

2.«Қашықтықтан оқыту қалай жүріп жатыр?» «Білімді ел» газеті, №14. 04.2020
3. «Мұғалімге арналған нұсқаулық». «НЗМ» ДББҰ. 2012 ж 77-79 бб

  1. «Тренерге арналған нұсқаулық». «НЗМ» ДББҰ. 2012 ж 23-бет

 

Суйеуова Н.Б.,аға оқытушы, магистр
Ш.Есенов атындағы КМИТУ,  Ақтау қаласы

 

Берілген заттардың ішінен қышқылдарды теріп жаз

Иллюстрация: Freepik.com

Берілгені:

Берілген заттардың ішінен қышқылдарды теріп жазыңдар: Н2О, KCl, H2SO4, HCl, Ba(OH)2, H3PO4, NaCl. Осы қышқылдардың магний оксидімен әрекеттесу теңдеуін құрастырыңдар.

Жауабы:

Басқа материал:

  1. 200 г ерітіндіде 10 г тұз бар. Ерітіндідегі тұздың массалық үлесі қанша?
  2. Осылардың ішінен өзара байланысы бар заттарды тауып жаз
  3. Төмендегі айналымдарды іске асыруға болатын химиялық реакция
  4. Массасы 1 г кальций карбонатын тұз қышқылымен әрекеттестіргенде қанша грамм натрий гидрокарбонаты түзіледі?
  5. ҰБТ-да химиядан кездесетін күрделі сұрақтардың жауабы
  6. Дәнді-дақылдар биохимиясы. Нан және макарон өнімдерінің тағамдық құрамын көтеру мен қазіргі кездегі жағдайы
  7. Көмірсулардың жіктелуі. Адам ағзасындағы көмірсулардың биохимиялық рөлі.
  8. Белоктардың физикалық және химиялық қасиеттері. Амин қышқылының классификациясы мен құрылымы
  9. Берілген заттардың: H3PO4, KOH, Ca(OH)2, HCl, H2SO4 арасында жүретін бейтараптану реакциясы
  10. Барий сульфатын, калий хлоридін, магний фосфатын қалай алуға болады?
  11. Іс жүзінде жүретін химиялық реакцияларды аяқтап, коэффициенттерін қой

 

Металдардың кернеу қатарын пайдаланып, төмендегі реакциялардың теңдеуін жаз

Иллюстрация: Freepik.com

Берілгені:

Металдардың кернеу қатарын пайдаланып мына реакциялардың жүретіндерінің теңдеулерін аяқтаңдар:

Mg+HCl(сұйылт.) =

Al+HSO4(сұйылт.) =

Fe+H2SO4(сұйылт.) =

Cu+HCl =

Жауабы:

Басқа материал:

  1. 200 г ерітіндіде 10 г тұз бар. Ерітіндідегі тұздың массалық үлесі қанша?
  2. Осылардың ішінен өзара байланысы бар заттарды тауып жаз
  3. Төмендегі айналымдарды іске асыруға болатын химиялық реакция
  4. Массасы 1 г кальций карбонатын тұз қышқылымен әрекеттестіргенде қанша грамм натрий гидрокарбонаты түзіледі?
  5. ҰБТ-да химиядан кездесетін күрделі сұрақтардың жауабы
  6. Дәнді-дақылдар биохимиясы. Нан және макарон өнімдерінің тағамдық құрамын көтеру мен қазіргі кездегі жағдайы
  7. Көмірсулардың жіктелуі. Адам ағзасындағы көмірсулардың биохимиялық рөлі.
  8. Белоктардың физикалық және химиялық қасиеттері. Амин қышқылының классификациясы мен құрылымы
  9. Берілген заттардың: H3PO4, KOH, Ca(OH)2, HCl, H2SO4 арасында жүретін бейтараптану реакциясы
  10. Барий сульфатын, калий хлоридін, магний фосфатын қалай алуға болады?
  11. Іс жүзінде жүретін химиялық реакцияларды аяқтап, коэффициенттерін қой

78 г калий сумен әрекеттескенде калий гидроксидінің қандай массасы түзіледі?

Иллюстрация: Freepik.com

Берілгені:

78 г калий сумен әрекеттескенде калий гидроксидінің қандай массасы және қанша мөлшері түзіледі?

Жауабы:

Басқа материал:

  1. 200 г ерітіндіде 10 г тұз бар. Ерітіндідегі тұздың массалық үлесі қанша?
  2. Осылардың ішінен өзара байланысы бар заттарды тауып жаз
  3. Төмендегі айналымдарды іске асыруға болатын химиялық реакция
  4. Массасы 1 г кальций карбонатын тұз қышқылымен әрекеттестіргенде қанша грамм натрий гидрокарбонаты түзіледі?
  5. ҰБТ-да химиядан кездесетін күрделі сұрақтардың жауабы
  6. Дәнді-дақылдар биохимиясы. Нан және макарон өнімдерінің тағамдық құрамын көтеру мен қазіргі кездегі жағдайы
  7. Көмірсулардың жіктелуі. Адам ағзасындағы көмірсулардың биохимиялық рөлі.
  8. Белоктардың физикалық және химиялық қасиеттері. Амин қышқылының классификациясы мен құрылымы
  9. Берілген заттардың: H3PO4, KOH, Ca(OH)2, HCl, H2SO4 арасында жүретін бейтараптану реакциясы
  10. Барий сульфатын, калий хлоридін, магний фосфатын қалай алуға болады?
  11. Іс жүзінде жүретін химиялық реакцияларды аяқтап, коэффициенттерін қой

Бесікке салу дәстүрінінің сценарийі

Сынып іші наурыз нақыштарымен әдемі безендірілген. Көрініске ата-аналар, мұғалімдер, балалар қатысады.

 1-көрініс. Бесік сатып алу.

Әкесі: — Саламатсыз ба, қария!  Мына бесігіңіз қанша тұрады?

Қария: — ә, шырағым, ала ғой. 20 мың теңге.

Әкесі: — қойыңыз, ол қымбат емес пе, атай? 15 мыңға беріңіз.

Қария: — әй, көргенсіз, бесіктің бағасын ешқашан саудаламайды қазақта.

Әкесі:  — ой, қария, сіз ренжімеңіз, шынымен қымбатсып тұрмын.

Қария: — балам, есіңде болсын: бесікті саудаламайды. Айтқан бағасына алып жүре береді.

Әкесі:  — қымбат болса ше?

Қария: — бесік жасайтын шеберлер аса ынсапты, ниетті келеді. Олар киелі дүниенің бағасын аспандатпау керегін жақсы біледі,  балам.

Әкесі: — мына бесік неден жасалған?

Қария: — Қазақтар бесікті қарағайдан, қайыңнан, көбіне талдан жасайды. Бесікті «тал бесік» деп атаудың сыры осында. Бесік көшіп-қонатын қазақ тіршілігіне өте ыңғайлы. Оны түйе үстіне, өзге жүктермен қоса артып жүре береді. Кейде бала бөленген бесікті де осылай алып жүретін болған. Себебі «баланың ұйқысын бұзған періштенің үйін бұзғанмен барабар» деп ұққан.

Әкесі: — ал мынау не ілініп тұрған.

Қария: — ол бесіктің бір түрі – аспалы бесік.

Әкесі: — мақұл, ата. Әңгімеңізге рахмет. көп нәрсені білдім. Алайын бесікті. Мінеки 20 мың теңге.

Қария: — мынауың жөн. Сәбиің ғұмырлы болсын, халқының қалаулысы, елінің елеулісі, қоғамның  бетке ұстар азаматы болсын.

Әкесі: — рахмет ата, сау болыңыз.

2-көрініс. Бесікке салу.

Үйдің ішінде дастархан жаюлы. Қыз-келіншектер кәде-жораларын, шашуларын алып келіп жатыр.

Келгендер: — Сәбидің бауы берік болсын!

Үйдегілер: — Төрлетіңдер, төрлетіңдер!

Дастархан басындағы әңгіме:

Келгендер: — Апа, баланы неге бесікке салатын болдыңыздар?

Апасы: — Қызым, саудың асын ішіп, жындының сөзін сөйлегенді қашан қоясыңдар, осы? Бесік деген қасиетті, киелі, құтты мүлік, сәбидің алтын ұясы болып есептеледі.

Әжесі: — Бесік туралы мынадай әфсана бар. Ертеде  жоңғарлар шапқыншылығынан соң тоз-тоз болған ел тау жаққа қарай босып, үдере көшкенде аяғы ауыр жас келіншек бос бесікті арқалап бара жатқан көрінеді. Сонда Төле бимен қатар келе жатқан кісі: «Мына бейшараның көрпе-жастығын тастап, бос бесікті арқалап келе жатқаны-ай!» — дегенде, Төле би: «Баланың бесігі — кең дүниенің есігі ғой», -деген екен.

Келіншектердің біреуі: — «Бесікке салған бала өспейді, оның бойында қан жүгірмейді, аяқ-қолы қисық болады» дейді ғой.

Әжесі: — тек /жекіп/, оның бәрі бекер айтылып жүрген әңгіме. Бесікке баланы қазақ ешқашан да күндіз-түні матап байлап тастамаған. Бесіктегі сәбидің дене бітімі түзу, қол-аяғы түзу, ширақ болады.

Апасы: — қой, баланы бесікке салайық. Баланы алғашқы бөлеу ұрпақ өсірген, үбірлі-шүбірлі қадірмен әйелге тапсырылатын ырым бар. Ендеше, Жамал апа, сіз көпті көрген, ұлын ұяға, қызын қияға қондырған қадірменді өнегелі тәтесіз. Бесікке сіз салыңыз баланы. Сіздің жолыңызды берсін мына отырған жас қыз-келіншектерге.

Жамал апа: — жақсы, баланы шомылдырып болыңдар онда.

Апасы мен анасы кетеді, баланы шомылдырып, өс-өс жасайды:

Өс-өс!
(балдырғанның қол-аяғын созу)

Өс-өс, балам, өсе бер,
Батыр бол – балуан білекті,
Батыл бол – таймас жүректі.
Аяғыңды созайық,
Саусағыңды жазайық.
Етті болсын балтырың,
Епті боп өс, жарқыным.

Анасы баланы бөлеген соң, апасы: — Шақыр кісілерді.

Қыз-келіншектер бөлмеге кіреді.

Жамал апа: қане, бесікті әкел. Бесік – өмірге жаңа келген періште сәбидің ақ отауы, оның ер жеткенде ардақ тұтар асыл бұйымы, мұны білген абзал.

Бір балалар: апа, мына бесік тесік қой.

Жамал апа: ол әдейі жасалған тесік. Бұл тесік балаға тазалық, алаңсыз ұйқы сыйлайды. Алдымен тыштырма жасайық. /тыштырма ырымы — түбектің тесігінен» тышты ма» деп тәтті тағамдар өткізіп, балаларға үлестіреді./ Бұл жас нәрестенің ішкі ағзалары ауырмасын дегендік.

Жамал апа: Енді бесік кертпе деген бар. Бесік кертпе – отқа табыну дәуірінен қалған ырым. / шымшуырды отқа қыздырып, сонымен бесіктің басын, арқалығын қарып кетеді. Оттан жын-шайтан, дерт-дербезе қашады-мыс. Бұл алаумен аластаудың бір түрі./ Осыдан  кейін отпен аластайды, баланы бөлейді.

Жамал апа: Енді бесікті аластайық.

Бесікті аластау 

 Алас, алас, баладан алас,
Иесі келді, пәлесі көш!
Алас, алас, бәледен алас,
Көзі жаманның көзінен алас!
Тілі жаманның тілінен алас!
Қырық қабырғасынан алас,
Отыз омыртқасынан алас!
Алас, алас, аласы,
Келді, міне, баласы.
Көш, көш, пәлесі,
Келді, міне, егесі.
Аталарың ақырса, одан қорықпа,
Аналарың, ағаларың шақырса,
одан қорықпа,
Ойнақтаған лақтан қорықпа,
Сылдыраған бұлақтан қорықпа.
Тулаған тайдан,
Қуалаған ботадан қорықпа!
Маң төбеттей ұйқылы бол,
Түлкінің баласындай күлкілі бол.
Алас, алас, аласы,
Келді, міне, баласы.
Ұйықтап дем алсын,
Қунап оянсын!

Осыдан кейін бір-екі қыз-келіншектің көмегімен бесікті жабдықтайды.

Балалардың біреуі /шүмекті нұсқап/: мынау не?

Жамал апа: Мынаны шүмек дейді, шүмекті қойдың асықты жілігінен жасаған, ол айрықша аппақ болу үшін сүтке қайнатылады.

Балалардың біреуі /түбекті нұсқап/: ал мынау не?

Жамал апа: Ал мынаны түбек дейді. Түбектің түбіне күл салып қоятын болған, оның бір себебі бесікті тербеткенде нәрестенің зәрі шайқатылмау үшін, ал екіншісі оның күлге төгіліп, жылы бу шығарып тұруы үшін жасайды.

Балалар: олар не үшін керек: Мұның бәрі  сәбидің денсаулығына пайдасы өте зор. Ол баланың тазалығына өте қолайлы, мына арнайы қойылатын түбек пен шүмек баланың дәретін жаймай, таза және ұзақ ұйықтауына жағдай жасайды. Бұл анаға да қолайлы. Бала да өзінің құрғақ, ұядай жылы жатын орнында алаңсыз ұйықтайды.

Жамал апа: ал енді бесікке бөлейік.

Осы кезде бір балалар бесікті тербетеді.

Әжесі: қой балам, бос бесікті тербетуге болмайды.

Балалар: мыналарды қарашы. Кіп-кішкентай көрпелер. Қандай әдемі!

Жамал апа: Бесіктің жабдықтарын барынша әдемілеп жасаған. Түбегі мен шүмегінен басқа, құс төсек, жастық, қолтық жастық, тізе жастық, жөргек, қолбау, тізебау, екі тартпасы дегені болады және олар ешқашан сүреңсіз сұр түсті маталардан тігілмеген. Кішкентай көрпешелері де мүмкіндігінше ашық түсті маталардан тігіледі.

Апасы: Бесіктің басына үкі тағады. Өйткені бала әсемдікке, әдемілікке бесікте жатқан кезден бастап үйренуі керек. Бала бесікте көп жатады. Бесік — баланың жылы ұясы.

Әжесі: Бесік — баланың ұйқысын ғана күзетіп қоймайды, оны халық сенімі бойынша, жын-шайтаннан да қорғайды. Сол үшін де халқымыз бесікті 7 затпен жабдықтаған. Олар — көрпе, қамшы, жүген, шапан, тон, кебенек, шекпен. Баланы әруақтар қорғап жүрсін деп, ата-бабадан қалған сырт киім, ел тізгінін ұстар азамат болсын деп, аттың тізгінін, ел арасында айбынды болсын деп, қамшы қояды.

Апасы:Сондай-ақ бесік баланы кездейсоқ құлаған заттан, суық пен ыстықтан қорғайды. Пәле-жаладан сақтасын деп ырымдап, оған үкі тұяғы, жыланның бас сүйегі, кірпі терісі сияқты заттар да тағып қояды.

Жамал апа: Егер баланы бесікке бөлемесе, ол анасының жанында ұйықтағасын он­ың иісін алып, онсыз ұйық­тай алмайды. Ұйқысы жиі бұзылады. Ал ұйқының дұ­рыс болмауы баланың пси­хикасына кері әсерін тигізеді. Анасының ұйқысы да жиі бұзылады. Ағзасы дұрыс демалмаған ана шаршайды. 

Бесікке бөлеу 

Мойнымдағы тұмарым,
Тарқамайтын құмарым.
Тағдыр берген алсын деп,
Ақ бесікке салсын деп.
Мойнымдағы маржаным,
Қорадағы мал-жаным.
Бесігіңе жата ғой,
Тәтті ұйқыға бата ғой.

Балам жатсын бесікке,
Пәлесі қалсын есікте.

Бесіктен шешіп аларда
Анасы шешіп алсын,
Ұйқысы бесікте қалсын.
Балам бесіктен шықсын,
Пәлесі есіктен шықсын.

Әжесі: Ал, Жамал, мынау сенің сыйың. /Жамал апаға және оның көмекшілеріне көйлек-жабдық сияқты сый тартылады.

Әжесі: бата береді:

Бата:

Көтерейік білекті,

Нұрға бөлеп жүректі.

Бөбекке бата берейік,

Ағынан айтып тілекті:

Сәбиіміз сүйкімді болсын,

Өнер-білімге икемді болсын,

Бәйтеректей бойшаңданып,

Өрен, өршіл, өркенді болсын!

Жақсы жолды таңдасын,

Жамандық тәлім алмасын!

Даналардың дәстүрін,

Жаңаласын, жалғасын,

Шұғылалы шуақты күн кешсін,

Басын сұр бұлт шалмасын,

Қос топшысы талмасын,

Қырандай биік самғасын!

Апасы: — Ал енді, қызым бесік жырыңды айтып, сәбиіңді ұйықтата ғой.

Анасы бесіктің теріс жағынан отырады.

Апасы: бесіктің теріс жағынан отыруға болмайды. Оң жағынан отыру керек.

Анасы жай уілдете бастайды.

Апасы: жоқ, қызым, бесік жырын үйренгенің жөн. Бесік жыры баланың дүние танымының ерте кеңеюіне жол ашады. Қазақ халқының балаларының тілі ерте шығып, жатық сөйлеуінің кілті — осы бесік жырында жатыр. Өйткені баяу ырғақпен айтылған анасының әлдиі туғаннан баланың құлағына сіңеді. Ана баланы әннің ырғағымен тербетеді. Өкініштісі, бүгінде бесік жырын әндететін ана аз.

Әжесі: Ардагер ұстаз-ғалым Рамазан Жәшиевтің айтуынша, бесік жырында түрлі фонетикалық дыбыс кездеседі. Ашық-қысаңы да, жуан-жіңішкесі де, қатаң-ұяң, үндісі де бар. «Әлди-әлди, ақ бөпем, ақ бесікке жат бөпем…» бәрі бар. Оның үстіне сазды, әуенді болып келеді.

Жамал апа: Сәби бесікте жатқанда ана­сының ұлағатты әнін естіп, бойына тәрбиелік мазмұндағы, рухани өнерді өз ана тілінде қабылдайды.

Қыз-келіншектер: рахмет сіздерге. Бүгін біз сіздерден көп нәрсе үйрендік.

Әжесі: Біз сіздерге үйретеміз, сіздер балаларыңызға үйретіп отырыңыздар. Сонда ата-бабамыздан қалған қазақтың әдет-ғұрпы, дәстүрі, мәдениеті, тілі өлмейді.

3-көрініс. Бесік жыры.

Бесік жыры

Қолымыздан іс алып

Мойыныңа күш алып

Бізді бағар ма екенсің?

…Жаудан жылқы айырып

Жігіт болар ма екенсің?

…Ақыры жауға тиісіп

Батыр болар ма екенсің?

…Түрлі ою ойысып

Шебер болар ма екенсің?

…Сөйлегенде сөз бермей

Шешен болар ма екенсің?

…Ұлы топта күрескен

Палуан болар ма екенсің?

…Төрт құбылаң тең келген

Төре болар ма екенсің?

*******

Қорытынды бөлім: Ал, балалар! Бүгін біз көп дүниені білдік. Қанеки, айтыңыздаршы:

  1. Бесікке қатысты тыйымдар мен ырымдар.
  •  Бос бесікті тербетуге болмайды.
  •  Бесікті сатуға болмайды. Бесікті саудаламайды. Айтқан бағасына сатып алу керек.
  •  Кез келген адамға беруге болмайды.
  •  Аяқ астына тастауға болмайды.
  •  Бесіктің өзін отпен аластап қояды.
  •  Бос бесікті еш уақытта жабусыз қалдырмау керек. Үстіне ақ мата жауып, ең болмағанда ұршығына орамал байлап қою қажет.
  •  Бесіктің теріс жағына отырмайды.
  •  Бесік жасайтын шеберлер ынсапты болуы тиіс. Киелі дүниенің бағасын аспандатпауы керек.

/балалардың айта алмағандарын мұғалім өзі айтып түсіндіреді/

  1. Бесікке салу ырымдары – аластау, кертпе, тыштырма
  2. Бесік жабдықтары – бесік, жастық, жөргек, түбек, шүмек, т.б.
  3. Жұмбақтар шешу.

Сәбиге сәнді үй-
Әжеге ән мен күй./Бесік/

Бесікке іледі,
Әнін де,
Дәмін де
Сәбилер біледі./Сылдырмақ/

Шүберек қабығы,
Іші құс мамығы./Жастық/

  1. Мақал-мәтелдерді жалғастыр.

Ананың сүті бал,
—————— /Баланың тілі –бал/

Балалы үй-базар,
————————— /Баласыз үй мазар/

  1. Ал енді қыздарымыз бесік жырын айтсын.

Бесік жыры Қасым Аманжолов

Қыздарға үлестіріп беріп жатқа айтқызу /қолына қуыршақ бөлеп ұстатып, әндетіп немесе мәнерлеп айтқызу/

I     Әлди, әлди, әлпешім!

Ұйықта деймін, ұйықтайсың.

«Мә-мә» берсем қайтесің,

Ұйықта десем, ұқпайсың.

Жоқсың бүгін көз ілген,

Көп ісімнен бөгедің.

Жаудыраған көзіңнен!..

Ұйықтай қойшы, бөбегім.

Әлди,әлди, әлди-ді,

Әлди біздің қалғиды.

 II    Ұйықта десем, күлесің,

Айналайын күлкіңнен!

Ер жеткен соң білесің,

«Тұр-тұрлармын» бір күн мен.

«Кешіктің, — деп, — сабақтан»,

Тыншыңды алсам «тұр-тұрлап»,

«Жоқ қой әлі таң атқан», —

Деп жүрмеші бұртындап.

Әлди, әлди, әлди-ді,

Әлди біздің қалғиды.

      III     Ұйықта, бөпем, ұйықтай ғой

Ұйықтайтын бұл шағыңда.

Қызық өмір — думан той

Тұр ғой күтіп алдыңда.

Ұйықтап өткен не табар

Бұл өмірге бекер кеп?

Ұйықта, бөпем, ұйықтап ал,

Ер жеткен соң бол сергек!

Әлди, бөпем, бөпемсің,

Кім боп шығар екенсің?

      IV      Күлімдейсің — күнімсің,

Батар дағы күн шығар.

Уілдейсің — күйімсің,

Күй де бір кез тыншығар.

Сен де тынық бір мезгіл,

Толқып кана жат, бөпем.

Аспанымда жүзе біл,

Айым менің — ақ бөпем!

Әлди, өлди, әлдиім,

Назды, нәзік ән-күйім!

кештің соңында Мұғалім: Ұлы тұл­ғамыз Бауыржан Момышұлы: «Жаудан да, даудан да қо­рық­паған қазақ едім, енді қорқынышым көбейіп жүр. Балаларын бесікке бөле­меген, бесігі жоқ елден қор­қам. Екіншісі, немересіне ер­тегі айтып беретін әжесінің азаюынан қорқамын. Үшін­ші, дәмді, дәстүрді сыйла­майтын балалар есіп келеді. Оның, қолына қылыш бер­се, кімді де болса шауып тас­тауға даяр. Қолына кітап алмайды.Үйреніп жатқан ба­ла жоқ, үйретіп жатқан әже жоқ» деген екен терең толғаныспен.

Төле би «Баланың бесігі – кең дүниенің есігі» десе, дана халқымызда «Туған жер – алтын бесік» деген даналық бар. Қазақ халқы бесікті киелі, қасиетті, құтты мүлік санаған. Туған жерді бесікке теңеу де бесікке деген құрметінен. «Сымбатыңа қарасам – асылдан таңдап кигендей» дегендегі Алпамыс батыр да, Қазыбек, Төле, Әйтеке сынды ақылгөй даналар да, елді аузына қаратқан небір шешен билер, төрелер жатып өскен бесік ешқашан ескірмек емес. Бесікті аялайық, ағайын!!! Бесік жыры үзілмесін. Сәбилердің ұйқысы тыныш, аналар алаңсыз болсын! Халқымыз өсіп-өркендей, өрістей берсін!

Бесік басында М.Мақатаев /қазақтың әдемі күйін ойнатып қойып, мұғалім оқиды/

Ұқсайды бар тыныштық  жер бетінде,

Ұйқыдағы сәбидің келбетіне.

Ояту былай тұрсын, рұқсат жоқ

Ұйықтап жатқан ұлымды тербетуге.

Ұйықта, ұлым, ұйықта, бөпем, қасыңдамын,

Керек емес, дүния, асылдарың!

Бақыт, байлық — барлығы менің үшін

Сенің бір кеп мойныма асылғаның.

Аймалайсың жанымды күлкіңменен,

Тамағыңнан айналдым бүлкілдеген.

He дейсің сен бұртиып, айтшы, сәулем,

Қытықтаған жүректі бір тілменен?

…Қандай ғана анадан туады адам,

Сәбилердің ұйқысын куалаған?!

О, тыныштық! Тыныштық қандай рақат!

Қандай рақат сәбилер жыламаған!

Басқа материалдар:
  1. Наурызға мейрамына арналған жылы лебіздер, құттықтаулар!
  2. Наурыз айы туралы мәліметтер
  3. Наурыз мейрамы туралы 22 қызықты дерек
  4. Қазақ елі Наурызды қалай қарсы алған?
  5. Ұлыстың ұлы күні — 22 наурызға арналған бата-тілектер
  6. Наурыз дәстүрлері туралы
  7. Табақ тарту дәстүрі
  8. Қазақ халқының салт-дәстүрлері
  9. Нұр себеле, Ұлыстың ұлы күні!
  10. Наурыз-жыл басы (ашық сабақ сценарийі) 

Ел мен ердің жемісі. 9 мамырға арналған сценарий

Иллюстрация: Freepik.com

І жүргізуші:
Армысыздар, құрметті ұстаздар мен оқушылар! Ұлы Отан соғысы кезіндегі қиыншылықтарды, халық көтерген қасіреттерді еске ала отырып, өзіміз сияқты жалынды жастарды Отанын сүюге, оны қорғауға баулу және Ұлы Отан соғысымен, қазақстандықтардың ерлік ісімен таныстыру мақсатына бағытталған «Ел мен ердің жемісі» атты ашық топжетекшілік тәрбие сағатына қош келіпсіздер!

ІІ жүргізуші:
1945-тің майында,
Июнінде,
Сосын июль айында…
Білесің бе, замандасым, ей менің
Елге қайтқан майдангерлер жайында?

І жүргізуші:
Ол жайында мынау туған ел жетік,
Ал біздер ше?
Өстік пе ойсыз ер жетіп?..
Ей, замандас!
Түсіреді нені еске
Киген жандар сұр шинель мен керзі етік.

ІІ жүргізуші:
Елінен де, өзінен де күй кетіп,
Төрт жыл бойы киді шинель, керзі етік.
Майдангерлер жүрді сосын біраз жыл,
Сол әскери киімдерін сүйретіп.

І жүргізуші:
Соғыс – адам баласы үшін ең үрейлі, ең қорқынышты сөз. Өйткені, соғыс атаулы адамзатты қырып-жоюға бағышталған. Адам адам болғалы осылай. Талай рет үстемдік, байлық үшін адам қаны суша аққан. Арыға бармай-ақ, 50 миллионнан астам өмірді жалмаған соңғы соғысты алайық.

ІІ жүргізуші:
Осы бір аяқ астынан басталған әділетсіз арпалысқа Қазақстаннан 2 миллионға жуық түрлі ұлт өкілдері әскер қатарына шақырылды. Майдан даласынан 394 мың қазақ боздақтары қайтпай қалды. Бұл соғыс қайғы-қасірет әкелмеген бірде-бір отбасы болмады… Бірінің әкесі, бірінің ағасы қаза тапты. Қаншама жас боздақтардың қыршын жасы қиылды…

І жүргізуші:
Солардың 40 пайызы ерлермен тізе  қосып жауға қарсы шығуға бекем буып, өз беттерімен өтініш беріп, соғыс майданына бет алған қазақтың үріп ауызға салғандай жас қыздары болғанын естен шығармауға тиіспіз. Оларды соғыс өрті ерте есейтті. Кеше ғана қызылды-жасылды киініп, гүлдей құлпырған балауса бойжеткендер енді әскер киімін киініп, қару асынып тілі, діні бөлек жаумен шайқасқа шықты. Оқ пен отқа орана жүріп ерліктің небір ерен үлгілерін көрсетті.

ІІ жүргізуші:
Екінші дүниежүзілік соғыста Шығыс халықтарының қыздарынан Батыр атағын алған екі-ақ қыз бар екен. Бұлар қазақтың Мәншүгі мен Әлиясы. Атағына бүкіл шығыс халқы ортақтасқан, қазақтың атын шығарған аяулы қыздарымыз.

І жүргізуші:
Ендеше туған өлкеміздің төл перзенті Әлия Молдағұлова жайындағы фильмді барлығымыз бірга тамашалайық.

ФИЛЬМ

І жүргізуші: 
Ұлы жеңіс
Шүйінші, халқым, шүйінші!
Шүйіншіге сүйінші!
Шаттан, ата-анамыз,
Шаттан, аға-бабамыз,
Кек қайтарып фашистен,
Соғыс бітті жеңіспен,
Жеңдік жауды күресте
Жасалсын той-мереке,-деп Таир Жароков айтпақшы міне, Ұлы Отан соғысының жеңіспен аяқталғанына 65 жыл өтті. Бұл сол кездегі кеңес халқының ержүректілігі мен төзімділіктерін паш ететін, тарихта мәңгілік қалатын күн

ІІ жүргізуші: 
Бұл күнді соғыстың алғы шептерінде қайсарлықпен шайқас жүргізіп, ерліктің сан үлгісін көрсеткен ардагерлер тойлайды. Ұлы Жеңіс күні елі мен жері үшін жанын пида еткен, туған-туысқандарына, жақын-жарандарына, туған жеріне, ауылына оралмай қалған қаһарман ерлерді бүкіл елі болып еске түсіреді.

І жүргізуші:
Бұл мейрамды бұрынғы кеңес одағына кірген 15 одақтас республика халқымен бірге, кеңес халқы неміс басқыншыларынан азат еткен Еуропа елдерінің Варшава мен Прага, Будапешт пен Бухарестің, София мен Белградтың, Париж бен Венаның, жер шарының басқа да көптеген қалаларының тұрғындары тойлайды.

ІІ жүргізуші:
Осындай Ұлы Жеңіске қол жеткізуге көмектескен батырларымыздың ұрпақтары сол жандардың арқасында бейбіт өмір кешуде. Олай болса, қарсы алыңыздар, сіздердің алдарыңызда Байнақова Мөлдірді
әнімен ортаға шақырамыз.
ӘН
І жүргізуші:
Жеңіс оңайлықпен келген жоқ. Жеңіс жолында Отан үшін су кешіп талай миллиондаған асыл азаматтар мерт болды. Жауымен жан аямай шайқасып, ерліктің ерен үлгілерін көрсетті. Ана – жарын жолғалтқан жесір, бала — әкесінен, анасынан айралған жетім атанды.

ІІ жүргізуші:
Фашистердің тұтқын лагерлерінде ана мен бала айуандықпен өлтірілді. Ал тылда қалған қарттар, аналар мен бесіктен белі шықпаған балалар соғыстың қайғы-қасіретін арқалай жүріп, бірде аш, бірде тоқ тынбай жұмыс жасады. Бірақ ешкімнің сағы сынбады. Олардың бойындағы отаншылдық сезім, қолына қару алып сапқа тұрған көптеген ұлт өкілдерінің тізе қосқан бірлігі мен ерлігі  Жеңіс сағатын жақындата түсті.

І жүргізуші: 
Олай болса тобымыздың әсем қыздары мен сері жігіттерін «                »
биімен қарсы алыңыздар!
БИ

І жүргізуші:
Жеңіс деген өтеуі жас ғұмырдың,
Жеңіс деген бейбіт күнім, бүгінім.
Жеңіс тойын жақындатып әкелген
Төккен қаны, әке-аға, інінің.

ІІ жүргізуші:
Жеңіс деген шат күлкісі баланың,
Тыныштығы жер мен жаһан даланың.
Жеңіс деген сылдыр күлкі, асқақ ән,
Тыныштығың сол Жеңістен басталған,- дегендей Ұлы Отан соғысын жырға қосқан ақындарымыз да кем емес. Ендеше келесі    …………….       ның жыр шумақтарын қабыл алыңыздар!
ӨЛЕҢ

І жүргізуші:
Сол күнде, бүкіл әлем күлім қақты,
Нұрланып ой, күн, жұлдыз сәуле шашты.
Құс сайрап, жануарлар сайран салып,
Жайқалып өсімдіктер шешек атты.

ІІ жүргізуші:
Жеңдік жауды, алдық кекті,
Мөңкіп тулап, басылды апат.
Мең-зең етіп, жер мен көкті,
Тынды-ау ақыр бір ғаламат.

І жүргізуші:
Ендеше бүгін осынау сұм соғыстың шағын бейнесін сіздердің алдарыңызда  сомдап бермекшіміз. Қабыл алыңыздар!
КӨРІНІС

І жүргізуші:
…………жыл – бейбіт көктем таң атқалы,
………. жыл – шуақты күн таратты әнін.
Есімде сонан бері…………….. рет
Ашылды жеңіс күннің парақтары

ІІ жүргізуші:
……………жыл – үзілмеді құстар әні,
Кетті енді сұм соғыстың қыспағы әні.
…………..  жыл – жауымыздың ажал оғы
Біздің елдің үстімен ұшпағалы
Ардагерге сөз беріледі

І жүргізуші:
Міне, осынау елімізге лаң салған салған алапаттың жеңіспен аяқталғанына да … жыл толды. Ешкім де, ешқашан да ұмытылмақ емес.

ІІ жүргізуші:
Отанымызды сүйіп, қастерлей білейік. Ата-баба дәстүрін, әдет-ғұрпын берік ұстанып, үлкенге ізетті, кішіге ілтипатты болайық. Оңайлықпен келмеген тәуелсіздігіміздің туы мәңгілік желбіреп тұрсын.

І жүргізуші:
Ел-жұртымыз аман, берекелі заман болсын! Отанымызды сүйетін азаматтарымыз көбейе берсін!

Басқа материалдар:

  1. 9-мамыр жеңіс күніне арналған сценарий
  2. Ұлы Жеңіс жасасын! (балабақша ертеңгілігі)
  3. «Жеңіскерлер- ер елдің өрендері» атты салтанатты жиыны
  4. Жеңіс күніне арналған мерекелік сценарий
  5. «Ұлы жеңіске тағзым — мәңгілік тағзым» кітап көрмесі
  6. 9 мамыр — Жеңіс күніне арналған тілектер жинағы

Теріскенді емдеу әдісі

Иллюстрация: Freepik.com

Теріскен – кірпіктердің түкті аймақтарында орналасатын көз қабағының іріңді қабынуы. Ол әдетте көздің төменгі және жоғарғы жағында, кірпік арасында пайда болады.

Теріскен шығар алдында көз қабағының айналасы қышып, қызарып, ісіне бастайды. Әбден пісіп-жетілгенше адамды біраз мазалайды. Аузы жарылғанда көзді жағымсыз сұйықтыққа толтырады. Таңертең ұйқыдан оянғанда көздің кірпіктері сол сұйықтыққа шыланып, көзді ашу қиындайды.

Теріскен көп жағдайда ағзаға суық тигеннен шығады. Сондай-ақ, бактериялық инфекциялардан, иммунитеттің төмендеуінен, ағзаның әлсіреуінен де болады. Сонымен қатар, кір қолмен көзді уқалаудан, өзге біреудің косметикалық заттарын, сүлгісін қолданудан, суықтан болуы әбден мүмкін.

Теріскенді емдеу:

— теріскен сол көзіңе шықса оң қолыңмен басыңды айналдырып сол көзіңді «теріскенім теріс кет» деп айтып тұрып тарту қажет;

— Ағаш ожауды қыздырып, терiскен шыққан жерге басып тұрып, «Фатиха» сүресін оқу керек;

— Егер оң көзіңе теріскен шықса сол қолыңның ортаңғы екі саусағына, сол көзіңе шықса оң қолыңның ортаңғы екі саусағына жасыл жіптен сақиналап байлаған.

— Теріскен шыққан көзге бір тілім нанды 3-4 рет басып, итке тастайды.

— Тұзды табаға жылытып дәкеге орап, көздің үстіне қоюға болады.

— Теріскен енді шыға бастағанда көзге таза сүлгіні сулап, ысытып басады немесе түймедақтан тұнба жасап, сүлгіні тұнбаға малып ыстық күйінде басу керек.

— Жұмыртқаны суға қайнатып алып, мақтадан жасалынған майлыққа орап, қабағыңызға қою керек.

— Көзге жағатын түрлі майлар(мазьдар) да пайдалы. Мәселен, эритромицин, левомицетин немесе тетрациклин майы. Бұл майларда антибиотик болғандықтан, жанама әсер бермес үшін дәрігермен кеңескен жөн.

— 2 шай қасық қырмызы гүліне 2 мг қайнаған су құйып, 20 минут тұндырып қойыңыз. Сүзіп алып, теріскенге жақсаңыз, оң нәтижесін болады.

— Көп жылдық алоэнің бір жапырағын кесіп алып, 1 шай қасық шырынын шығарып, таза ыдысқа құйып, оның үстіне 10 шай қасық қайнаған жылы су құйып араластырады. Дайын болған қоспаға таза дәкені малып, теріскен шыққан көзге таңады.

Басқа материалдар: 

  1. Жемсау (Зоб) ауруының белгісі мен емделу жолы
  2. Қой сүтінің пайдасы мен артықшылығы
  3. Ағзаға қажетті дәрумендер
  4. Балық майының пайдасы
  5. Кепкен жемістердің пайдасы қандай?
  6. Data Scientist — деректер ғалымының қызметі қандай?
  7. ҰБТ-ға дайындалуға арналған тәсілдер
  8. Пияздың қандай пайдасы бар?
  9. Ашудастың емдік қасиеті
  10. Егер құлағыңыз ауырса…
  11. Қыжылдың (изжога) алдын алуға арналған кеңестер

Қыжылдың (изжога) алдын алуға арналған кеңестер

Иллюстрация: Freepik.com

Өмірінде бір рет қыжыл (изжога) болмаған ересек адам бар ма арамызда?

Қыжыл — бұл аурудың тек симптомы, нақты диагноз анықталып гастроэнтеролог дәрігер емдеуі керек.

Қыжылдың болу себебі асқазандағы қышқыл сұйықтықтың өңешке түсуі. Ол жағдайда кеуде күйгендей (эпигастрийден жоғары, кейде мойын аймағында) сезім болады, адам сол сәтте өзін жайсыз сезінеді.Жиі тамақтан кейін 1 сағ өткен соң пайда болады.

Қыжылдың болу себептері келесі жағдайлардың симптомы болуы мүмкін:

-қышқылдығы жоғары гастрит
-асқазан және он екі елі ішектің ойық жарасы
-холецистит
-жүктілердің токсикозы
-диафрагма грыжасы
-кейбір тамақты ағза қабылдамау.

Қыжылдың болуына алып келеді:
-алкоголь
-шылым шегу
-газдалған сусын
-мята
-шоколад
-қою шай/кофе
-ащы, майлы тамақтар
-өз нормасынан көп ас ішу
-пияз
-цитрус
-артық салмақ

Кеңес:

-қыжыл болған кезде 1 стакан су ішіңіз, дәрілік(антоцидті дәрі) ем (дәрігердің нұсқауымен).

-егер аптасына 3 реттен көп болса, толық тексерістен өтіп себебін анықтап, емделіңіз.
аз мөлшерде, жиі тамақтаныңыз.

-асты ұйқыға дейін 3 сағат бұрын ішіңіз.

-ас ішкенде шай немесе сумен ішпеңіз(астан кейін 30-40 мин кейін ішуіңізге болады).

-шылым, алкогольді ұмытыңыз.

-дұрыс тамақтаныңыз.

-белі, кеудесі тар киім кимеңіз.

Басқа материалдар: 

  1. Жемсау (Зоб) ауруының белгісі мен емделу жолы
  2. Қой сүтінің пайдасы мен артықшылығы
  3. Ағзаға қажетті дәрумендер
  4. Балық майының пайдасы
  5. Кепкен жемістердің пайдасы қандай?
  6. Data Scientist — деректер ғалымының қызметі қандай?
  7. ҰБТ-ға дайындалуға арналған тәсілдер
  8. Пияздың қандай пайдасы бар?
  9. Ашудастың емдік қасиеті
  10. Егер құлағыңыз ауырса…

Ілме ауруының белгісі мен емі қандай?

Иллюстрация: Freepik.com

⠀Ілме— кейбір жерлерде сиырма немесе тарауық ауруы деп атайды. Адамның қаны қоюланып, ағзадағы қан айналымы бұзылады.

Басы ауырғаннан, науқас жатып қалады. Денесі ұйып ауырады. Көк желкесі тартып ауырады, денесі қалжырап, әлсірейді. Ішек, көкбауыры мен асқазаны әлсіреп, денесі түршігеді. Аузының айналасы көгеріп, аяқ-қолдары тартылады. Арықтайды, көздері шүңірейіп кетеді. Кейде іші өте береді. Ілме болса адамның жүрегіне шаншиды, кенеттен жүрегі ұстап қалуы мүмкін.

Ілме ауруына— терлеп тұрып суық жерге барып тоңып қалудан, суық тамақ ішуден, қатты жел тиюден, суық сүйекке өтіп кеткеннен, тамақтан ұшынып ауырудан жолығады. Әсіресе қаны қою, көкауыр қызметі нашар адамдар жиі ауырады екен.

Ілмені емдеу:

-Егер науқас тұра алмай, өте ауыр халде болса- адамды ағынды тастай суға бірден салып жіберген. Сонда науқастың денесі тітіркеніп, қан тамырындағы бөгеліп тұрған қандар бірден сұйылған. Науқастың сол сәтте-ақ құрыс-тұрысы жазылған. Бұл да бір ұшықтаудың түрі.

-Таза мыс теңгелермен арқа, кеуде, алақанды, табанды, балтырды, самайды 2 ас қасық тұз салынған сумен араластырып, жоғарыдан төмен қарай тарайды. Теңгемен тараған кезде қара күрең ұйыған қан тері сыртына шығады.

— Мұздай ағынды су табылмаса- науқасқа 3 кесе сап-салқын суды жұтқызып жіберген. Салқын су асқазан, бүйрек, басқа да ағзаларды тітіркендірген. Денедегі қою қан сұйылып, қан айналым реттелген.

— Қандауырмен арқадан жеті жерден, кеуде жағынан тоғыз жерден іліп қиған. Сол қара қандарды сарқып алып тастаған. Міндетті түрде ілетін жердің санын тақ сан етіп алған.

— Ілме ауруымен ауырған науқасты қара сабынмен денесін жуындырған. Шомылудан соң науқастың құрыс-тұрысы бірден жазыла бастаған.

-Ілме ауруында денеден қан шығару өте шипалы. Бұрын тарау, теңгемен іліп қан шығарса, қазірде ине салу, хиджама жасату өте жақсы көмектеседі.

Басқа материалдар: 

  1. Жемсау (Зоб) ауруының белгісі мен емделу жолы
  2. Қой сүтінің пайдасы мен артықшылығы
  3. Ағзаға қажетті дәрумендер
  4. Балық майының пайдасы
  5. Кепкен жемістердің пайдасы қандай?
  6. Data Scientist — деректер ғалымының қызметі қандай?
  7. ҰБТ-ға дайындалуға арналған тәсілдер
  8. Пияздың қандай пайдасы бар?
  9. Ашудастың емдік қасиеті
  10. Егер құлағыңыз ауырса…