Болашақ ұрпаққа не қалдырасың?

0
«Ата-бабамыз елі мен жерін қорғау жолында жанын беріп, қасық қаны тамғанша күрескен. Біз солар қалдырған ұлан байтақ жеріміз бар» — деп мақтанып, көкірегімізді ұрамыз. Ал өзіміз болашақ ұрпаққа не қалдырмақшымыз?

Бұл сұраққа ұялмастан жауап беру үшін, әрқайсымыз “тұрақты даму” ұғымымен танысып алуымыз қажет секілді. Оның мәні — ұрпақтар арасындағы тепе-теңдіктің арқасында, болашақ ұрпақтың біздің кесірімізден зардап шекпеуі.

Саналы тұтынуды немесе ресурстарды үнемдеуді көбісі кедейліктің белгісі деп ұят көреді. Бұрын маған әпкелерімнен қалған киімді ки десе, ұялып, ашуланатынмын. Айналамдағылар ай сайын жаңа көйлек, жаңа жейде сатып алады, ал мен 4 жыл бұрынғы әпкеме сыймай қалған жемпірді әлі киіп жүрмін. Бірақ ол кезде пластикалық ластанудың негізгі көздерінің бірі — біздің киіміміз екенін білмедім. Екінші жағдай, көршім дүкенге кетерде үнемі ескі дорбасын арқалап барады. Сонда бір кісінің: “Пакетке 5 теңге аяйды ма әлде бейшараның ақшасы жетпейді ме?” деген сөздері есімде қалып қойыпты… Бұл түсініктен арылатын заман келді. Түкке тұрғысыз эгоңды қанағаттандыру үшін ай сайын көлік алғанша, өлгенде өз артыңнан азырақ қоқыс қалатындай жағдай жаса.

Ата-бабаңмен мақтану бақытына ие болсаң, дәл сондай мүмкіндіктен, болашақ ұрпағыңды айырма. Сен де біреудің тірі қалуына себепкер бол…

 

Өтеп Жібек

2040 жылы Қазақстан су тапшылығын сезінеді

0

Кішкентайымда суды ағызып қойып, қолымды сол сарынның астында ұстағанды ұнататынмын. Достарымызбен бірнеше бөтелкеге су құйып алып, атысып ойнайтынымыз да бар… Үйімізге қонаққа ауылдық аймақтан келген балалар бізге таңдана, түсініспеушілікпен қарайтын. “Сіздерге сонда осылай ысырап жасай беруге болады ма? Біз бір шелек су алу үшін бірталай жол жүріп, қолымыз талғанша көтеріп келеміз”…

Айтылған сөзді ой елегінен өткізген де жоқпын, мән бермедім. Қазір қарасам, ауылымда әлі күнге дейін жүздеген адам бір сорғыдан су ішеді, таңғы 7-ден бастап еңбектеген баладан, еңкейген кәріге дейін кезекке тұрады.

Қолда бар алтынымды қадірлеп, қазір суды үнемдеуге тырысудамын. Мысалы, тіс жуу кезінде суды өшіріп қою арқылы, жылына шамамен 8000 литр үнемдейді екенмін.

Иә, Қазақстан су ресурстарының жетіспеушілігі жағынан Орталық Азиядағы ең осал және кедей мемлекеттердің бірі саналады. Ал бізде су саясатына қатысты мәселелерді шешетін арнайы министрлік те жоқ.
Қазақстан тұрғындарын бұл мәселе алаңдатады ма?

Өтеп Жібек

«Адамды адам еткен кітап»

0
Біздің ғасырдың адамдары кітап оқу жағынанартта қалуда. Бұған кінәлі оқуға деген құлшылынысты арттырмайтын жастар ма, әлде қызықсыз жазатын жазушылар ма? Таным көкжиегін арттыруға бірден бір себепкер болатын кітап оқуда неге жастарымыз кенжелеп келуде? Іскерлік тақырыптарда сөз қозғап жүрген отандастарымыз неге кітап оқуды маңызды деп санайды? Барлық мүмкіндіктер есігі ашық бола тұра, қоғамның кітапқа деге қызығушылығы неліктен төмендеуде?

Қазір бүкіл әлем бойынша адамдардың кітапқа деген махаббаты жылдан жылға ашылып жатқанын байқаймыз. Кітаптармен қатар газетжурналдарға да сұраныс жоғары. Себебі, әр оқу құралының өз оқырмандары бар. Ғылым мен технологияныңдамуына байланысты адамдарға кітап, газетжурнал оқуға деген сан түрлі жағдайлар жасалуда. Мысалы: ыңғайлы планшеттер (PocketBook,InkPad), кітап пен газеттердің электрондыpdf нұсқасы. Оқулықтың бағасының сыртқы пішіні мен дизайнына қарай қолжетімді бола бастауы да тұтынушының құлшынысын артыратыны анық.

«Меломан» кітап дүкендер желісі берген статистикасына үңілер болсақ, карантин орын алғалы елімізде психологиялық, мотивациялықбағыттағы кітаптардың сатылымы артқанын аңғарамыз. Алайда, қаржылай сауаттылықты артыратын, іскерлік бағыттағы оқу құралдарына деген қызығушылықтың төмен екенін байқаймыз. Психолог мамандарының дерегіне сүйенсек, жер бетіндегі жалпы адамның 95%-ы өз қалауы бойынша өмір сүрмейді. Яғни, қаржылай сауаттылықтың жоқтығының әсерінен бір айлық жалақыға қанағат етуге тура келеді.

Әлемге әйгілі кәсіпқойбоксшы М. Тайсон: «Бұл әлемде шектеу жоқ, шектеу біздің миымызда ғана» демекші,қаншама адам шексіз ғұмырда шектеліп өмір сүруде. Ал, қалған 5%-ы ғана өздері мақсат еткен биік жетістіктерге жетіп, барлық мүмкіндіктерді пайдаланып, білімге инвестиция құю арқылы үздіксіз дамуды дағдыға айналдырғандар.

Осы тұрғыда жас мамандар қалай ойлайды екен? Өмірлік принциптерін қай уақытта бекітіп, қашан мақсат қоя отырып, шектеусіз өмір сүруге болады? «Тұран» университетіндегі журналистика мамандығын бітіргелі жатқан түлек Қалдыбек Диараның пікірінше барлығы тек адамның өзіне байланысты дейді:

Адам болып өмірге бір рет қелесін артыңа із қалдырып кету керек. Университетте оқыған кезеңдерде, жастық шағыңдағы талмас күшқайратты дұрыс жағынан қолдана білу маңызды. 4 жылдық білім алу кезінде қосымша ілім іздеп, жаңа нәрсені үйренуге ұмтылып, көкжиегіңді кеңейту керек. Білім ала отырып, қосымша табыс тауып, кітапты да қатар алып жүрсең, сенен түбінде бір мықты азамат шығады деп ойлаймын. Өмір жолында әр түрлі қиындықтар күтіп тұрады, соларды жеңу, сағың сынбай, қайта тұрып жүгіру; бұның барлығы сенің өсуің үшін беріліп отырған сынақтар деп қабылдауың керек. Сендегі жүрек қайтсем айналама көмектесе аламын, қалай пайдамды тигізсем болады деп соғып тұруы керек шығар.

Өкінішке орай, қазіргі жастардың көпшілігі кітап оқуға құмартпайды. Оның бірнеше себебі бар:

Біріншіден, әркім өзіне не керек екенін білмейді. Содан өз бағытындағы кітапты таппай дал болады. Өмірдегі түйіндерді шешуге бағыт беретін кітапқа деген құштырлығы амалсыздан бітіп қалады. Қарапайым кітаптың мазмұнын ғана парақтап, көз салатын болса, міндеттті түрде әрбір кітаптың берер тәлімі болады. Өмірде жаман кітап жоқ, тек оқығысы келмейтіндер бар.


Екіншіден, көпшілігі өзінің жайлылық аймағына жақсылап жайғасып алған. Бұндай адамдар өзгеруге тырыспайды. Даму жайында сөз қозғасаң теріс қарап, біреудің өмірі жайында сөз бастасаң жан
дүниесі ашылып, бірлесе айтады. Бұл топтағы адамдар барлығын дұрыс жасап жатырмын, бәрін өзім білемін деседі. Демек, кітап оқу еріккендердің ісі деп ойлайды.

Үшіншіден, кітап оқуға арнайы уақыт бөлмейді. Кітапты азаздан бірақ, үздіксіз оқудың маңыздылығы жоғары. Мәселен, адам күніне шамамен 30 беттен оқыса, 7 күн ішінде орташа есеппен 210 беттік бір кітапты тауыса алады. Яғни, бір жылда 52 апта болса, кем дегенде жыл сайын 52 кітапты аяқтауға қауқары жетеді еген сөз. Адам кітап оқи отырып өзінің уақытын тиімді жұмсауды, оқу үшін арнайы уақыт бөлуді үйренеді. Өзімнің 4 жылдық білім алған уақытымды өнімді өткізе алдым деп ойлаймын. Бұл жылдарға қойған мақсаттарымның барлығы күтекенімнен де жақсы орындалып келді. Ары қарай да маған кітаптарым жол сілтеуін тоқтотпайды деген ойдамын.

Әлеуметтік жағдайдың нашарлауына ең алдымен қаражаттың жетіспеушілігі себеп болады. Осыдан келіп шығатын проблема халықтың тікелей қаржылай білім алып, жетілмеуі. Дәл қазіргі уақытта көптеген жазушылар экономика тақырыбына ден қойып, пайдалы оқулықтарын өңдеп, жарыққа шығаруда. Солардың бірі ретінде отандық танымал, өзінің алғашқы миллионын 19 жасында тапқан кәсіпкердді айта кеткен жөн болар. Ол  «Шонбай бизнес мектебінің» негізін қалаушысы Қуаныш Шонбайды. Қуаныш өз мектебінде бір жарым жылда 30 мың шәкіртке қаржылай сауаттылық пен қазіргі сұранысқа ие маркетология бағыты бойынша сабақ беріп, сауатын арттырған. Сонымен қоса Қуаныш Шонбай «Екінші болма», «Бізге айтылмаған Құпия», «Бизнес симфония» сынды бірнеше кітаптың авторы ретінде танымал. Шонбайдың еңбектеріне пікір білдірушілер бұл кітаптарды оқыған әрбір жанның бизнестегі сауаты бірнеше есе артып, кірістерінің жоғарылағандарын айтады. Танымал кәсіпкер жылына 20-30 кітап бітіретінін айтып, жас кәсіпкерлерге білім деңгейін ұдайы шыңдап отыруды және кітаптардан алған ілімнің теңдесіз екенін атап көрсетеді.

Қорытындылай айтқанда, белгілі бір жетістікке жеткен кезкелген ұлы тұлғаның өмірлік жолын қарайтын болсақ, оның артында  оқылған томтом кітаптар мен үздіксіз дамудың арқасындағы үлкен жеңісті байқаймыз. Бұрыңғылар кітап таппай қиналушы еді, қазіргілер кітап таңдай алмай дал болуда. Өмір тым қысқа, бос уақытымыз тіпті аз. Сондықтан біз оны қажетсіз дүниелерге жұмсамайық. Адамды адам еткен кітап.

Тұран университетінің түлегі

Өтенова Ақтолқын

Еркіндікті аңсаған Алаш

XX ғасырдың бас кезіндегі ұлт-азаттық қозғалыс тарихының өзекті мәселелерінің бірі – Алаш партиясының құрылуы, оның тарихи негіздері, саяси әлеуметтік сипаты және тарихта алатын орны.

Алаш зиялылары саяси партия құру әрекетін бірінші орыс революциясы жылдарында-ақ қолға алған болатын. XX ғасырдың басындағы халықтың басына күн туған кезеңде елдің қамын ойлаған саяси күш – Алаш қозғалысы болатын.

Осы қозғалыстың басында – саяси мәдениеті әлемдік деңгейге көтерілген, оқыған, сауатты, кәсіби даярлығы заманына сай, адамгершілік, имандылық қасиеттері ата-бабамыздың сан ғасырлық қастерлі құндылықтарымен сусындаған азаматтар тұрды. Алаш қозғалысы қайраткерлерінің 1917 жылғы ақпан төңкерісіне дейінгі ұсынған демократиялық идеялары партия бағдарламасының жобасында көрініс тапты.

Жобада атап көрсетілгендей, партияның басты мақсаты Ресей федерациялық демократиялық республикасының құрамында қазақ автономиясын құру болды.

Жетекшілеріміз Г. Садырова, Қ. Хамитова және Л. Құрбанованың ұйымдастыруымен ZOOM платформасында өткен тәрбие сағаты «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында өтті. Тәрбие сағатын ұйымдастыру барысында педагогикалық қарым-қатынас құралдарын, басқару стильдерін нәтижелі қолдануға педагог мұғаліміміз Р. Қасымованың дәрістері негіз болды.

Тәрбие сағатымыздың мақсаты – ХХ ғасырдағы қазақ тарихында терең із қалдырған Алаш партиясының тарихы, ел тәуелсіздігін аңсаған, ұлт болашағы үшін, егемен ел болу жолында жанын пида еткен Алаш қайраткерлерінің өмірі, қоғамдық – саяси қызметі туралы түсінік беру, Алаш партиясы бағдарламасын баяндап, тарихын сыни тұрғыдан қабылданған ақпараттар негізінде хабарлау. Алаш зиялыларының өмірі мен қызметі мысалында студенттердің патриоттық, ар-намыс, адамгершілік сезімдерін тәрбиелеу.

Алаш қайраткерлері қоғамның өміріне белсене араласып, сан қырлы саяси іс-әрекеттерді жүзеге асырды — олар бұқаралық ақпарат құралдары, газет-журналдар құрды, бостандық идеяларын, Алаш идеяларын таратты, ұлттық қоғамдағы қақтығыстарды бейбіт жолмен шешті, арасында үлкен ымыраға келді. Әр түрлі әлеуметтік, саяси топтар үндеулер, өлеңдер, пікірлер жариялады, съездер ұйымдастырды, Алаш партиясын, Алаш үкіметін демократиялық негізде құрды, Алаш автономиясын жариялап, ұлтты біріктіріп, жинады.

Алаш зиялылары тұңғыш ұлттық идея көтеріп, тұңғыш партия, үкімет құрып мемлекеттіліктің алғы шартын жасап және де осындай халқымыздың біртуар азаматтарын, ұлы тұлғаларын құрметтеп, олардың жасаған ерлік істерін ұмытпай қадірлеп жүруіміз керек. Тарихи қысқа мерзімде өз халқының мәңгілігін ойластырған Алаш зиялыларының еңбегін бағалау қазіргі және болашақ ұрпақтың абыройлы міндеті деп санаймыз.

Ұлдақанова А,
Абдулла А

әл-Фараби атындағы
Қазақ Ұлттық университетінің
1-курс магистранттары

Бала құқығы-адам құқығы

Иллюстрация: Freepik.com

Қазақстан Республикасының ұлттық саясатының негізгі бағыттарының бірі-балалардың құқықтары мен заңды мүделерін қорғау. Қоғам өмірінің сапасын арттыру, әрине, бірінші кезекте-балалардың өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталған.

Кез-келген мемлекетте, қандай да бір балалар ерекше қамқорлықта және қорғауда болу керек.Қолымыздағы барымыздың ең қымбаттысы-балалар. Әр баланың құқығы бар:

1)азаматтыққа

2)отбасына

3)білімге

4)медицинаға

5)демалуға

6)қорғауға

7)ақпаратқа

Қоғам үшін ең бастысы-тәуелсіздік,адам үшін бас бостандығы және уайым қайғысыз өмір.Оның кепілі-заңдылық.Тәуелсіздік төрімізден орын алған қоғамымыздың ең басты құндылығы-адам бостандығы.

«Адам құқығы, бала құқығын қорғаудан басталады».Міне, адамның шыр етіп жерге түскен минутынан бастап,оның өмірін,денсаулығын,тыныштығын қорғап отырған заң бар. Сондықтан біз Ата Заңды құрметтейміз. 2002 жылы тамызда Қазақстанда «бала құқығы туралы конвенцияға қол қояды»,  сөйтіп Қазақстанның «Балалар туралы заңы» енгізіледі. Қазақстанда балалардың құқығын қорғау туралы атаулы күндер берілген.

Олар: -1-маусым: « Балаларды қорғаудың халықаралық күні» -20 қараша : «Балалардың дүниежүзілік күні» —10 желтоқсан: «Адам құқығы күні»

Балалар ересектер сияқты,негізгі қалаушы: сыйлау,қол тигізбеу және адамзаттық абыройын сақтау құқықтарына және бала дүниеге келген сәтінен бастап-ақ өзінің құқығына ие болады.

Себебі, «Қазақстан Республикасының ең қымбат қазынасы-адам,оның өмірі,құқығы мен бостандығы»деп Қазақстан Республикасының Конституциясының 1-бабында айтылған. Мемлекеттік биліктің бастауы-халық. Яғни ,адам өзінің ойын ,пікірін еркін айтуға да құқылы.Қазақстан Республикасында балалардың құқықтары қорғалуына дәлел келтірсек,ол –Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың балалардың өмірін жақсартуға бағытталған «Қазақстан халқының әл-ауқатын арттыру-мемлекеттік саясаттың басты мақсаты» атты Қазақстан халқына Жолдауы.

Сондықтан да олардың өмірі қалай,қаншалықты қалыптасқандығына сәйкес еліміздің келешегі айқындалады.Осыған байланысты балаларды қорғау,олардың құқықтарын қорғау сұрақтары кез-келген мемлекеттің басты көкейтесті мәселесі болуы қажет. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Сындарлы қоғамдық диалог-Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Жолдауында «Тұрмыстық зорлық-зомбылық,әсіресе,балаларға қатысты қылмыстарға қолданылатын жазаны шұғыл түрде қатайту қажет»делінген.

«Бала бол,басқа бол-бәріне заң біреу-ақ», «Тура биде туған жоқ, туғанда биде иман жоқ »деп Ж.Баласағұн айтқандай,осы сөзден мынандай қорытынды туындайды: әрбір елдің адамы,азаматы өзінің құқығы мен міндетін білуі қажет. Себебі заңдарды,құқықтарды,міндеттерді білген азамат,мемлекеттік құқықтардың не екенін түсініп,заңдарды орындайды.

Бірақ оның барлығын толық білу үшін,тек қана бойында адамгершілігі болғаны абзал. Ата заңның баптарын жүректен өткізген болса,сол адам өз құқығын дұрыс біліп,қорғай алмақ!

Тулепбаева Бақытжамал Бекболатқызы
Бастауыш сынып мұғалімі

«Steppe&World Publishing» баспа үйінің жетекшісі Раиса Қадыр кітап күнінде Шымкенттегі NIS оқушыларымен кездесті

«Steppe&World Publishing» Хәрри Поттер сериясынан соң «Нарния шежірелері» мен «Нарутоны» қолға алуды жоспарлап отыр.

Кітап күнінде «Steppe&World Publishing» баспа үйінің жетекшісі Раиса Қадыр Шымкенттегі физика-математика бағытындағы NIS-тің арнайы қонағы болды.

«Steppe&World Publishing» Хәрри Поттер сериясы, «Чарли және шоколад фабрикасы», «Анна Франктың күнделігі»; «Тентек балақайдың күнделігі», «Груффало», тағы басқа әлем жауһарларын алғаш рет қазақ тілінде сөйлеткен еді.

Кездесу барысында баспа үйінің қызметі, аударма ісі және авторлық құқық алу мәселелері көтерілді. Раиса Сайранқызы өзінің 7 тілді еркін меңгергенін және тілді үйрену барысында не нәрсеге көңіл беру, неден қорықпау керектігімен де бөлісті:

– Хәрри Поттердің алғашқы кітабын шығаруға шамамен 6 ай уақыт кетті. Уақыттың көп бөлігін кітаптағы терминдерді, атауларын, сөздерді қазақшаға ыңғайлау алды. Мысалы, Longbuttom тегін «Ұзынбұт» деп алдық.

Аудармадан бұрын терминология жасаған кезде, өзіміз білетін тілдерде олар қалай аударылғанын тексеріп шықтық. Қазақ тілінде шыққан мәтін, шынымен де, керемет шықты. Бұндай болады деп өзім де ойлаған жоқпын.

Кездесуден алған басты қуанышты жаңалық – баспа үйінің алға қойған жоспары. Ұзақмерзімді бесжылдық жоспарға кірген аударылуға, басылуға тиіс кітаптардың ішінде «Нарния шежірелерінен» бөлек, әлі жарыққа шықпаған қазақ ертегілерінің топтамасы, жапон мангасы, яғни комиксі «Наруто» бар.

Сабақта қолданылатын әдіс-тәсілдермен психологиялық тренингтер жинағы (Карточкалар иерархиясы)

Иллюстрация: Freepik.com

Бұл  тапсырма оқушыларға идеялар мен ақпаратты басымдығы бойынша орналастырып, неге бұлай орналастырғандарын дәлелдеп, талқы жүргізуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ осыған ұқсас «Гауһарлар иерархиясын» қараңыз.

Сыныпты жоспарлау

Оқушылар тақтаның немесе қабырғаның жанында жұмыс істейді. Немесе топтарға үстел басында жұмыс істеуге болады.

Жұмыс алгоритмі

  1. Шағын топтардағы оқушыларға бірнеше карточка беріледі.
  2. Оқушылар оларды маңыздылық/басымдығына қарай орналастырады. Оларды тігінен немесе қатарлап қоюға болады.
  3. Бұдан кейін оқушылар сынып ішінде сұрақты талқылауды бастар алдында бір бірінің рейтингілерін салыстыра алады.
  4. Осы тапсырманы орындағаннан кейін жауап алу жүргізу пайдалы болуы ықтимал.
  5. Идеяларды одан әрі зерделеу үшін «Бес сұрақ» сияқты басқа әдістерді пайдалануға болады.

«Бес сұрақ» әдісі

Бұл әдіс ақпарат жинақтауға арналған, ол сондай-ақ оқушыларға мәселені терең зерделеуге немесе оны шағын тақырыптарға немесе тармақтарға бөлуге мүмкіндік береді. Бұл оқушыларға күрделі тақырыптарды түсінуге көмектеседі. Аталған әдіс іс-әрекетті жоспарлауға және мақсат белгілеуге ықпал етуі мүмкін әртүрлі мүмкіндіктерді қарастыруды көздейді. Ақпарат жинақтауға арналған тапсырмалар үшін осы әдіспен бірге «Идеялар тасқынын» мен «Стикерлер топтамасын» қолдануға болады.

Жұмыс алгоритмі

Үлкен қағаз бен маркер керек.

Оқушыларға «Қалай» немесе «Неге» деген сұрау есімдіктері қолданылатын сұрақтар қойылады.

Ұсыныстар оқу плакатында жазылады.

Мұғалімдер идеяларды дамытып, одан арғы идеяларды зерделеу үшін бір сұрау есімдігін пайдаланады.

Мұғалімдер идея/ұсыныс толық қарастырылғанша дейін бірдей сұрағы бар сұрақтарды пайдалануды жалғастыра береді.

 «БІР МИНУТ» әдісі

Бұл әдіс  оқушыларда оқылған материалдан түйінді, басты ақпаратты іріктей білу дағдыларын қалыптастыруға көмектеседі, сондай-ақ белсенді тыңдау дағдысын дамытады. Аталған әдісті «Ыстық орындық» тапсырмасымен байланыстыруға болады. Сыныпты жоспарлау  топқа қаратып бір «ыстық» орындық қойылады. Сондай-ақ барынша жайлы қарым-қатынасты қамтамасыз ету мақсатында «ыстық» орындықты дөңгеленіп отырған балалардың ортасына қоюға болады.

Әдісті жүзеге асыру  алгоритмі

  • Оқушылар тиісті тақырыпты зерделеп, өздері негізгі деп санайтын ақпаратты атап көрсетеді. Оқушыларға рөлді топта немесе жеке зерттеуіне болады.
  • Оқуға берілген уақыттан кейін оқушылар «ыстық» орындыққа отырып, бір минуттың ішінде өздерінің басты қорытындысын/ақпаратын ұсынады.
  • Басқа оқушылар мұқият тыңдаулары керек, егер де олар «ыстық» орындықтағы баланың тақырыптан ауытқығанын немесе қайталанғанын, күмәнді деректер келтіргенін аңғарса, олар наразылық білдіре алады. Мұндай жағдай орын алса,  уақыт тоқтатылады.
  • Ұйымдастырушы  наразылықтың дұрыс/бұрыстығын шешіп, өз шешімін дәйектеуі қажет.
  • Егер де наразылық дұрыс деп танылса, онда «ыстық» орындықтағы оқушы ойыннан шығып, орындықты босатады. Наразылық танытқан оқушы   ұпай алады.
  • Егер де наразылықтан бас тартылса, онда оқушы басқа наразылық білдірілгенше дейін немесе бір минут аяқталғанша өз сөзін жалғастырады. Егер оқушы өзіне тиесілі  минут бойынша «ыстық» орындықта отыра алса, ұпай алады.
  •  Қосымша тапсырма ретінде оқушылармен «Тұжырымдамалық  карта» ойынын ойнауға болады, ойын барысында олар «Бір минут» тапсырмасын орындаған кезде алған барлық ақпаратты жинақтайды және құрылымдайды.

 Ойын жинақтау әдісі

Түсінік- бұл   логикалық түрде ресімделген   зат туралы жалпы бір нәрсенің идеясы.

Ойын жинақтау әдісі  оқытылатын пән немесе  зат құбылыс туралы  терең және толық  мәлімет береді.

Ойын жинақтау 3 кезеңмен өткізіледі.

1) Мұғалім ұғымдар  сипаттамаларына кіріспе береді.

Бұл сипаттамалар бойынша  оқушылар  қандай түсінік туралы әңгіменің өрбігенін.

2) Мұғалімнің  ұғымға қосымша мінездеме  енгізу.

Сипаттамалар  осы ұғымға жататындығын оқушылар анықтауы қажет.

3) Сабақта әлі айтылмаған  оқушылар өздерінің сипаттамаларын беруге тиіс.

Осы ұғым бойынша оқушылар  қорытынды жасайды.

  «Сүйсіну» әдісі.

«Жағымды» тарихи  қайраткерлерді оқығанда  қолданады.   Өзіңе ереше ұнайтын  қасиеттерді табу, оларды атау не үшін екенін түсіндіру.

   Р А Ф Т

Жазушы немесе  әңгімелеуші  өзіне рөль таңдайды яғни  мәтінді  өз атынан емес жазады.

— Р –  рөль, кімнің атынан құралған мәтін
— А-  аудитория, кімге жолданған мәтін
— Ф- форма
— Т – тақырып

«А Ә Б В»

Сыныптағы оқушының әрқайсысына А, Ә, Б және В әріптерімен қоса төрт-төрттен үлдірленген карточкалардың жинағын дайындаңыз. Жауаптың төрт нұсқасы бар сұрақтар қойыңыз, оқушылар дұрыс жауапқа сәйкес келетін карточкаларын көрсетуі керек. Олардан қалғандарының карточка-жауаптарына қарамауын өтініңіз.

1-қадам. А сұхбаттайды Б тыңдайды,  В сұхбаттайды Г тыңдайды;.

2-қадам керісінше.

3-қадам әр оқушы өз жұбы туралы  ақпаратпен төрт адамдық топта  бөліседі.

«А,В,С»

А-сұрақ қояды.

В-жауап береді.

С – айтқан жауаптарды бақылайды, толық болмаса толықтырады.

Оқушылар топта үшеуден отырады. А — сұрақ қоюшы, В – жауап беруші, С — бақылаушы рөлін атқарады. Бақылаушы қажетті жерлерін түртіп алып, әңгіме соңында қорытынды береді.

Оқушылар осы сұрақтарға жазбаша стикерге жауап береді. Ұсыныс, тілектерін айтады.

«Айдаһар»

Оқушыларды сергітіп алу үшін бәрін бір-бірінің белінен ұстатып тұрғызады. 1-оқушы «айдаһардың басы», соңындағы оқушы «құйрығы».  Басы құйрықты ұстап алу керек.

«Айқын мақсат қоя отырып»

—    Сабақ басталар алдында тақтаға мақсатты жазыңыз.

— Оқушылармен өздері оқып жатқандарын неліктен оқитыны туралы әңгімелесіңіз.

—  Қысқа мерзімді мақсаттарды ұзақ мерзімді мақсаттармен сәйкестендіріңіз (мысалы, М.Әуезовтің жұмысына талдау жүргізу өзге де ұзақ мерзімді мақсаттарға қол жеткізумен қатар, мәдени жақтарын кеңінен түсінуге және талдау дағдыларын дамытуға әкеледі).

—  Оқушылар сабақтың/блоктың/пәннің мақсаттарын айқын түсінгеніне көз жеткізіңіз.

—    Мақсаттарды оқушылармен бірлесіп әзірлеңіз.

«Айна»

                Оқушылар жұптасып, бір-біріне қарама-қарсы тұрады (немесе партада отырып та болады). Олардың біреуі қолдарымен, аяқтарымен, денесімен, бет-әлпетімен әртүрлі қимылдар жасайды, ал екінші оқушы оларды айна секілді қайталайды: оңды сол қылады, солды оң жасайды. Бір минуттан кейін оқушылар рөлдерімен алмасады.

«Айналмалы бекеттер»

               Әр шағын топты бекетте орналастырып, арандататын  сұрақты  талқылауға және ойларын  қағазға немесе тақтаға  жазуға  10 минут беріңіз. Уақыт аяқталғанда  топ басқа  бекетке ауысып  алдағы  топтың жұмысын  жалғастырады. Ауысу әр 10 минут сайын болып тұрады, әр топ барлық позицияларда  болып  шыққанға  және барлық топтардың  ойларын  ойлап  шыққанға дейін   жалғаса береді.

«Айырмашылығы неде?»

              Оқушыларға екі түрлі мəтін немесе екі түрлі сурет көрсетіңіз. Екеуінің арасындағы айырмашылықты анықтауды сұраңыз. Жауаптарын дəлелдеп отырулары керек.

 «Аквариум» әдісі

  1. «Аквариум әдісі» — балаларға мәселені «қоғам алдында» талқылауға ұсынғандағы диалог формасы. Шағын топ белгілі бір мәселе бойынша диалогті жүргізуге кімге сеніп тапсыруға болатынын таңдайды. Кейде тілек білдірушілер бірнеше болуы мүмкін. Қалған барлық оқушылар көрермен рөлін атқарады. Сондықтан да мұны «аквариум» деп атайды.
  2. Барлық сынып алда  өз  пікірін  білдіргені болмаса, ыстық  орындық сияқты. Олар алтын  балыққа  арналған  аквариумда, басқалары  оларға сұрақ  қойып  түсініктемелер  сұрай  алады және  т.б.

«Ақындар мен жазушылар»

  • Топтағы оқушылар 3-4 минут аралығында өздері білетін ақын-жазушыларын жазып шығады да, кезектесіп оқиды. Бір топта бірінші айтылған тұлға өздерінде қайталанса, сызып тастап отырады. Қай топтың тізімінде тұлғалар тектері көп қалса, солар жеңімпаз.

 «Алдын-ала берілген  атаулар»

Мұғалім сабақ басында жаңа тақырып бойынша тақтаға бірнеше атау (терминдер) жазып қойып (3-4 атау), оқушыларға олардың мағынасы, мазмұны  және өзара қатынасы мен байланысы туралы ойлануын сұрайды. Бұл жұмысты оқушылардың жеке, жұппен немесе шағын топ ішінде ауызша яки жазбаша (соңғысы тиімдірек) орындауы ықтимал. Содан кейін мұғалім бірнеше оқушының ойы мен пікірін тыңдауына болады.

Бұл тапсырманы күрлендіруге де болады.  Ол үшін алдын-ала берілген атаулардың ішіне сабақ тақырыбына қатысы жоқ бейтарап сөзді қосуға болады.  Мәселен, биология сабағында «Фотосинтез, жасуша, хлорофилл, терезе» сөздерін келтіруге болады.  Бұл жерде соңғы сөз оқшаулау және сабақ тақырыбына тікелей қатысы жоқ, сонда да оқушылар  олардың өзара қатысы мен байланысы туралы өз ойларын келтіруі керек.

«Алма, шие, өрік, банан»

Оқушылар орындықтарды шеңберлей орналастырып жайғасады.      Мұғалім оқушыларды отырған ретімен жемістер атауымен санап шығады: «Алма, шие, өрік, банан» деп. Осыдан кейін мұғалім бір не бірнеше жемістің атын атайды (мысалы, «Шие!» деп, не «Алма,өрік!» деп, немесе « Алма, шие, өрік, банан!»деп), сол кезде жемісі аталған оқушылар орындарын  алмастыру қажет. Ал мұғалім бір бос орынға отырады. Орын жетпей қалған оқушы жүргізуші болып, жемістердің атын атайды.

«Алфавит»

Оқушылар әрқайсысы алфавиттің бір-бір әрпін алып, жыл көлемінде оқыған материалдарынан өздеріне түскен әріпке сәйкес тақырыптарды айтып шығады. Мысалы, «Қаратпа сөз, қыстырма сөз, қосарлы айқындауыш, қарсылықты салалас, қарсылықты сабақтас т.с.с. Қорытынды сабақтарда, емтиханға дайындықта, есте сақтауын дамытуда көмекке келеді.

«Ара ұясы» техникасы

                Мұғалім жұптағы оқушыларға не білгендігі туралы пікір алмасуды және екі сұрақтан дайындауын тапсырады.Содан кейін әрбір жұп кезектесіп сұрақ қояды, ол сұраққа жауапты мұғалім немесе басқа оқушылар береді.Сонымен берілген осы техника негізінде мұғалімнің берген мәліметтері қорытындыланылады, өңделеді.

«Арқаға жазылған комплименттер»

Әр оқушының арқасына түйрегішпен (немесе скотчпен) А-4 форматындағы қағаз бекітіледі. Оқушылар сынып ішін аралап жүріп, бір-бірінің арқаларындағы қағаздарға жылы, жұмсақ сөздер жазып, бірін-бірі мақтайды. 2-3 минуттан кейін олар қағаздарын алып, шағын топ ішінде бір-біріне жазылған комплименттерді оқып береді.

«Арқаға массаж жасау»

Оқушылар шеңбер құрып тұрады да, мұғалімнің айтуы бойынша оңға бұрылып, ілгері қарай жүреді. Әр оқушы алдында тұрған жолдасының арқасына массаж жасауы керек. Бір минуттан кейін шеңбер теріс айналып, қайтадан алдында тұрған сыныптастарына массаж жасайды.

 «Арқаға сурет салу»

Бұл ойында барлық  әрекеттерді үнсіз жасау керек. Оқушылар екі топқа бөлініп,  бірінің артынан екіншісі тұрып, сап түзейді. Мұғалім ең артында  тұрған оқушыларға бір заттың атауы жазылған қағаз ұсынады (мәселен, алма, алмұрт,  жүзім, гүл, кітап, ағаш,автомашина т.б). Тапсырма: соңында тұрған оқушы үндемей, алдында тұрған оқушының арқасына әлгі заттың суретін саусағымен салады. Арқасына сурет салынған оқушы алдында тұрғанның арқасына өзінің арқасына салынған затты салады.

Суреттер салынып  біткеннен кейін мұғалім соңғы оқушыдан арқасына салынған заттың атын сұрап, оны қағазда жазылғанмен салыстырады.           

               «Артығын алып таста»

Оқушыларға сөздер немесе суреттер жинағын (сабақ тақырыбымен

байланысты) көрсетіңіз. Олар қай сөз немесе сурет қалғандарына қатысты емес екенін анықтауы керек.

«Ассоциативті қатар»

Мұғалім тақтаға бір сөз немесе сабақтың тақырыбын жазады. Оқушыларға бір бетке тақтаға жазылған сөзден пайда болған пікірлерін жазуды ұсынады. тастап, Сабақ тақырыбына қатысты ассоциация-сөздерді бір қатарға жазып шығу керек. Оқушылар сөздерді оқып, артық деп санаған сөздерді алып сабақ тақырыбын тұжырымдайды. Мысалы: ертегі, «Қобыланды батыр», кейіпкерлері, жыр, оқу, Тайбурыл….

Мұғалім парақтарды жинап алып, оқушылармен бірге жазылған ойларды қорытындылайды. Қорытындылау негізінде ойларын жіктейтін логикалық-құрылымды сызба немесе ойларына сәйкес тақырыптың қорытынды бейнесі анықталады (оқушының өз тәжірибесі).Мұндай жұмыстар оқушылар мен мұғалімге ойын жіктеуді ғана емес, өздеріндегі субъекті тәжірибелерін ескере отырып, жаңа тақырыпты жоспарлауға мүмкіндік береді.

«Ассоциацияның көмегімен көрініс»

Қатысушылар өздерінің есімдерімен қоса бір затты (пикникке алып шығатын немесе қызығушылығына байланысты) ұйқастырып айту керек. Мысалы: Есімім – Жантас, ұнататын сусыным – квас; Есімім – Жанар, ұнататын жемісім – анар т.с.с.

Сабақта өтілген ұғымдарды өз есімдерімен байланыстырып айтуларына болады.

«Атаулар (терминдер) кестесі»

Сабақ басында тақтаға тақырып бойынша 3 негізгі атауларды (терминдерді) жазып,оқушыларға оларды мынандай кестеге түрлендіруді ұсынамыз:

№1 атау №2 атау №3 атау
Атау туралы білімдері, мағлұматтары, түсініктері Атау туралы білімдері, мағлұматтары, түсініктері Атаау туралы білімдері, мағлұматтары, түсініктері

 

Оқушылар бұл тапсырманы алдымен жекелей (2-4 минут) орындап, одан кейін кестелерін топ (немесе жұп) ішінде оқып, талқылап, толықтырады (3-6 минут). Сыныптық талқылау барысында (4-6 минут) мұғалім оқушылардың өз кестелерін жариялауды ұсынады немесе тақтада келтірілген  кестені оқушылардың жауаптары бойынша толтырылады.

Сабақ соңында бұл кестеге қайта оралып, келтірілген мәліметтердің дұрыс/бұрыстығы анықталады.

 «Атаулар туралы үш сұрақ»

Мұғалім сабақ басында жаңа тақырып бойынша үш терминді тақтаға жазып, оқушыларға осы атауларға  қатысты мынандай сұрақтарға жазбаша жауап беруді тапсырады:

  1. Қайда? Бұл терминдерді сіз бұрынырақта қайда және қандай мағынада кездестіріп едіңіз?
  2. Қалай? Өз тәжірибеңізбен осы атауларды қолданудың мысалдарын келтіре аласыз ба?
  3. Қандай? Осы сабақта бұл атаулар қандай қолданыста болады деп ойлайсыз?

Әдеттегідей бұл жұмысты оқушылардың жеке, жұппен (шағын топ ішінде) ауызша немесе жазбаша орындауы ықтимал. Содан кейін мұғалім бірнеше оқушының пікірін тыңдайды.

Мұғалімнің сұрақтарды шығармашылық тұрғысынан әр сабақта тақырыпқа байланысты өзгертіп отыруы тиімді.

«Атмосфера орнату»

Абстрактылы ойлау дағдыларын қолдануды талап ететін ауқымды ашық сұрақ немесе проблеманы шешуге арналған тапсырманы қолдана отырып, сабақта атмосфера орнатыңыз. Пысықтау үшін жауаптарын күтіңіз. Мысалы, Вьетнам соғысына арналған сабақ мынадай сұрақтан басталуы мүмкін:  Американдықтар өздерін соғысып жатырмыз немесе соғысты жеңіп жатырмыз деп санай ма екен?

 «Атомдар мен молекулалар»

Молекулалар атомдардың жиынтығы екендігі баршаға да мәлім. Оқушылар сыныптың бос жеріне жиналады. Ойынды жүргізуші «Атомдар!» деп дауыстағанда, олар бір-бірімен араласып, әрілі-берілі жүруі керек, өйткені олар қазір броундық қозғалыстағы атомдар іспетті. Ал,жүргізуші «Молекулар!» деп айтып, бір санды атаса (мәселен, үш немесе төрт,бес, алты) оқушылар сол аталған сан құрамында топтарға жедел түрде бірігуі керек. Қалыс қалған оқушылар (топ құрамын аталған саннан кем құрғандар)айып ретінде бір тапсырма орындайды: өлең оқиды, ән айтады т.с.с.

Ойынның нәтижесінде құралған топтар сол құрамда  парталарға да отыруына болады: олар сабақты осы құрамда жалғастырады.                 

                                                                                                                    «Аударыспақ»

Жұптық тапсырма: сұрақ-жауап арқылы бір-бірінің білімін бағалау. Мұнда сұрақтың мазмұны, жауап мазмұны, дәйектілігі ескертіледі.  Екеуіне де тең бөлініп шариктер беріледі. Сұраққа дұрыс жауап берген адам шарик алады, ал жауап дұрыс емес болған жағдайда немесе сұрақ қоя алмаған жағдайда өзі бір шариктен айырылады.

 «Ашық және жабық сұрақтар»

Жабық сұрақтар пайдалы болуы мүмкін, алайда олар абстрактілі ойлау, талқылау дағдыларын қолдануға септігін тигізбейді және аса түсінікті болмайды. Ашық сұрақтар керісінше әсер етеді, сол арқылы оқу үдерісін жақсартады.Мысалы, Сіз өткен кеште бір жаққа шықтыңыз ба? Сіз кеше мектептен кейін не істедіңіз?

Жұмыс үлгісі: Оқушыларға белгілі бір тапсырма берер алдында олардың сұрақтарды анағұрлым анық түсініп, бағалау критерийлерін қанағаттандыру үшін не істеу қажеттігін түсіну үшін  мысалдар келтіріңіз. Оқушылар бағалау критерийлерін қолдана отырып, жұмыс үлгісіне баға қоя алады. Бұл не талап етілетінін және бұл үдеріспен қалай байланыста болатынын түсінуді модельдеуге көмектеседі.

«Аяқталмаған сөйлем»

«Мұғалімге жеделхат» тақтасына оқушылар стикер жапсыру арқылы орындалады.

Оқушылар өздеріне жақын сөйлемді таңдап, айтылған ойды жалғастырады:

  • бүгінгі сабақта мен….түсіндім, …білдім, ….көзімді жеткіздім.
  • бүгін сабақта қуантқаны…..
  • мен өзімді…..үшін мақтар едім.
  • маған ерекше ұнағаны…..
  • сабақтан соң маған……..келді.
  • бүгін маған……….сәті түсті.
  • қызықты болғаны…..
  • ……қиындық тудырды.
  • менің түсінгенім…..
  • енді мен……аламын.

 «Әдемі ойлай және демала біл» жаттығуы

        — Жүргізуші: «Толқыған кезде, асықпай дем алуға үйрен. Түзу отыр, қолдарыңды тізелеріңе салып, көздеріңді жұмыңдар, терең дем алыңдар:

— Ойша: «Мен арыстанмын»,- деп деміңді ішке ал, сыртқа шығар;

— Дауыстап: «Мен құспын»,- деп деміңді ішке ал, сыртқа шығар;

—  «Мен гүлмін»,- деп деміңді ішке ал, сыртқа шығар;

— Дауыстап: «Мен сабырлымын»,- деп деміңді шығар. Сен сабырлысың, сенің қолыңнан бәрі келеді».

 «Әйнек арқылы сөйлесу»

Топ жұпқа бөлінеді. Бірінші адамға сөздің көмегінсіз екіншісін киноға шақыру тапсырылады. Басқа жұптарға басқа тапсырма беріледі. Барлығы араларында дыбыс естілмейтіндей әйнек бар секілді сөйлесу керек.

 «Ән шырқау»

Оқушы топтарына ел арасында көп тараған, кеңінен таныс әндердің бір шумағы мен қайырмасы жазылған карточкалар таратылып беріледі. Оқушылардың әр тобы тез арада дайындалып, кезекпен карточкаларда келтірілген әндерді бірлесе орындауы керек.

Оқушыларға Шәмші Қалдаяқов, Әсет Бейсеуов, Ескендір Хасанғалиев, Нұрғиса Тілендиев секілді танымал композиторладың әндерін ұсынған орынды (« Арыс жағасында», «Ақ бантик», «Армандастар», «Атамекен», «Өз елім»т.б.).

 «Әңгімелесетін әріптестер»

Өткен сабаққа сілтеме жасауды көздейтін бастапқы немесе бүкіл сыныпқа арналған тапсырма ретінде оқушылар әріптестерімен:

  1. жаңа оқылған 3 факті туралы;
  2. оларға жеңіл болып көрінгендер туралы
  3. оларға қиын болып көрінгендер туралы
  4. алдағы уақытта оқығысы келген нәрселер туралы ақпарат алмасады.

«Әріптер мен сандар»

Қатысушыларға мұғалім қалаған әріп не сан айтады.  Қай топ 10 санағанша, әртүрлі тәсілмен бірінші құрастырып болса, солар жеңімпаз. Сергіту кезінде немесе жағымды ахуал туғызу сәтінде қолдануға болады.

         «Əріптестер»

Əр оқушыға не жауабы бар, не сұрағы бар қағаз беріңіз. Оқушылар сынып ішінде жүріп, сəйкес келетін сұрақ пен жауапты іздейді. Күрделілік деңгейін арттыру үшін, оқушылар үндемей орындай алады.

 «Әуенді атаңыз – әуентақырыппен қалайбайланысқан?»

Музыкалық шығармадан үзінді қойыңыз. Оқушыларданталқылап, өз бағаларын беруді сұраңыз: музыка сабақ тақырыбымен қалай байланысқан?

Басқа материалдар:

  1. Менің педагогикалық тұлғалық орным (жас мамандарға арналған тренинг)
  2. Сабақта қолданылатын әдіс-тәсілдермен психологиялық тренингтер жинағы
  3. Ұстаздарға арналған тренинг: «Педагогтардың кәсіби жануы»
  4. Балаларды тәрбиелеудің психологиялық қағидалары
  5. Ата-ананың психологиялық құзіреттілігі – бала саулығының кепілі
  6. «Сәттілік серік болсын» атты әлеуметтік-психологиялық тренинг бағдарламасы
  7. Бірінші не көрдіңіз: түлкі ме, дельфин бе? 
  8. 4-5 жастағы балаларға арналған бинарлық сабақ

Сабақта қолданылатын әдіс-тәсілдермен психологиялық тренингтер жинағы

Иллюстрация: Freepik.com

1.«Интерактивті дәріс»

Орындалу барысы

А. Мұғалім оқушыларға жаңа тақырып бойынша жалпылама дәрістің мәтінін әр топқа арнап береді. Оқушылар арнайы тапсырмаларды орындайды.  Мәтін практикалық жұмысқа арналған және нақты болуы қажет.

В. Оқушылар топ ішінде бір-біріне көмектесе отырып, дәрістің мағынасын түсінеді. Оқушылар өздеріне түсініксіз болған жағдайларға байланысты бір-біріне сұрақтар қоя алады. Мұғалім сұрақтарға ешкім жауап бере алмаған жағдайда ғана сұрауға рұқсат етеді.

С. Дәрістің мәтінімен жұмыс жасап болған соң оқушылар жекелей тапсырмалар орындайды. Жұмыстың бұл кезеңінде бір-бірінен сұрау, көмектесуге рұқсат берілмейді, оқушылар тек жеке тапсырмалармен жұмыс жасайды.

Әдістің басты ерекшелігі жеке тапсырмаларға арналған бағалау жүйесінде болып табылады. Бағалау салыстырмалы түрде қойылады. Оқушы алдыңғы тапсырмадан қарағанда жоғары ұпай алған кезде ғана топ қоржынына өз үлесін қоса алады.  Жоғары ұпай жинаған топ жеңімпаз атанады.

2. Фильмдерді көру және оны талдау

Сабақ барысында көркем фильмдерді және шағын бейне-баяндарды, олардың үзінділерін қолдануға болады.

Тақырып пен мақсатқа сай материалды тек қана қосымша емес,  сабақтың кез келген кезеңінде көрсетуге болады. Көрсетілімнің алдында оқушыларға бірнеше (3-5) кілтті сұрақтарды беріп қою қажет. Бұл талдауға негіз болатын сұрақтар. Фильмді арнай таңдалған жерлерінен тоқтатып дискуссия өткізуге болады. Соңында оқушылармен бірге талдап, қорытындысын шығару қажет.

3.«Мозаика»

 Өткізу кезеңдері

А.  Үзінділерге  бөлінген,  тапсырмамен жұмыс істеу үшін  оқушылар 4-6 адамнан   құрылған  топтарға   ұйымдастырылады  (логикалық немесе мағыналы блоктар).  Шағын топтың әр бір мүшесі  өз бөлімі бойынша материал табады.

В. Содан кейін  бір сұрақты  зерттейтін,  бірақ әр түрлі  шағын топтарда тұратын оқушылар  осы мәселе бойынша сарапшылар сияқты,  кездеседі  және осы ақпаратпен алмасады.     Бұл «сарапшылар  кездесуі» деп аталады.  

С. Ары қарай сарапшылар  өздерінің шағын топтарына  қайтады  және  басқа шағын топтардың мүшелерінен  үйренген барлық  жаңа  білгендерін үйретеді.  Яғни,  өз кезегінде,  өз  тапсырмасының бөлігі туралы   баяндайды  (бір  араның тіліндей). Өйткені материалды  барлық фрагменттерімен  меңгерудің  жалғыз жолы,   серіктестерін  команда  бойынша  мұқият тыңдау  және жазып отыру,   мұғалім тарапынан  ешқандай қосымша күш  талап етілмейді.   Оқушылар жолдастарының  өз тапсырмаларының  адал орындағандарын қалайды, өйткені бұл  олардың  қорытынды бағаларына әсер етеді.   Барлық  тақырып бойынша әр қайсысы  және барлық команда толық жауап береді.

Д. Қорытынды кезеңде  мұғалім  осы тақырып бойынша  кез келген сұрақты команданың   кез келген мүшесінен  сұрайды.

4.Метод Jigsaw-2 «Пила-2»

Бұл әдіс  4-5 адамнан құрылған  топпен  оқушылардың жұмысын көздейді.

Өткізу кезеңдері

А. Кіші топтың әрбір мүшесі ортақ жұмыстың  жеке бір бөлігін  алу орнына,  бүкіл шағын топ   сол бір жұмыспен ғана жұмыс істейді.  Бірақ бұл ретте топтың әрбір мүшесі тапсырма алады, ол айрықша мұқият әзірленеді  және  оған сарапшы болады. 

Б. Әр түрлі топрдың   сарапшыларының кездесулері өткізіледі.

С. Сабақтың соңында барлық оқушылар  бағаланатын  жеке бақылау кесіндісінен өткеді.  Оқушылардың нәтижелері  жинақталады.  Ең жоғары

балдарға қол жеткізген шағын топ  марапатталады.

5. Пікірталас

Мақсат: сыныптағы проблеманы  талқылауды ұйымдастыру.

Өткізу кезеңдері:

А.        Пікірталастың проблемасы  мұғаліммен  тұжырымдалады.

Б.        Оқушылар 6-8 адмнан шағын топтарға бөлінеді, олар шеңбер бойынша  сыныпта орналастырылады.

В.        Әр бір шағын  топтың мүшелері   өкілін немесе төрағасын  сайлайды,  ола пікірталас  барысында олардың  позициясын жақтайды.

Г.        15-20 минут барысында   шағын топта  проблемалар талқыланады және   жалпы көзқарас өңделеді.

Д.        Топтардың  өкілдері  шеңбердің ортасына жиналады  және  топтың ойын айтуға  олардың позицияларын жақтауға мүмкіндік алады.  Басқа оқушылар   шағын топтың өкілдерінің  жалпы позицияны    қаншалықты  айшықтай алатындығын  талқылау мен тақырыптың барысын қадағалайды.   Олар жеке ойларын  айта алмайды тек қана  талқылау барысында  өз  пікірлерін білдіретін   жазбаларын ғана  жолдай алады.

Е.        Топтардың өкілдері  басқа мүшелермен ақылдасу үшін  үзіліс ала алады.

Ж.        Панельді  талқылау   берілген уақыт аяқталғанда немесе  шешім қабылданғаннан кейін  аяқталады.

З.        Пікірталас аяқталғаннан кейін  топтардың өкілдері   талқылаудың барысы туралы  сыни талқылау жүргізеді, ал шешім барлық студенттермен қабылданады.

6.«Аквариум»

Мақсат:  оқушыларға   проблеманы  талқылауға  еркін кіруге  және шығуға мүмкіндік береді.

Өткізу кезеңдері

Оқушылар мұғаліммен бірге  екі шеңбер құрады: сыртқы (бақылаушылар) және ішкі  (белсенді қатысушылар).

Ішкі шеңбердің мүшелері   мұғаліммен ұсынылған  сұрақты талқылауға белсенді қатысады.  Басқа оқушылар  бақылайды және  олардың қайсысының   нұсқасы қызықтырғанда ғана  сөз сөйлейді; олар толықтырады,  сұрақтар қояды, нақтылайды.  Сонымен қатар   оны өз нұсқасымен қызықтырған «бақылаушы» белсенді қатысушының қасына  тұруға тиіс.

Бір проблеманы (сұрақты)  талқылағаннан кейін, оқушылар орындарын ауыстырады ( шеңберден алыс тұрғандар  шеңберге отырады). Мүмкіндігінше, барлық оқушылар  шеңберде болуы керек.

7.Кейс-стади

Сase-study өткізу кезеңдері

Кесте  1

Кезеңдер. Мұғалімнің әрекеті.         Оқушының әрекеті

Сабаққа дейін

А.        Кейсті алады ( нақты жағдай).

В.        Оқушыларды дайындау үшін  көмекші материалдар мен  негізгілерді анықтайды .

С.        Сабақтың сценариін өңдейді.

А.        Ұсынылған әдебиеттің  тізімі мен кейсті  алады.

Д.        Жағдайды талқылауға  дайындалады.

Сабақ барысында        

А.        Кейсті алдын ала талқылауды ұйымдастырады.

В.        Сыныпты топтарға бөледі.

С.        Кейсті топшаларда   талқылауды жетекшілік етеді,  оқушыларды қосымша  мәліметтермен  қамтамасыз етеді.

А.        Кейсті және проблеманың түсінігін  тереңдететін  сұрақтарды қояды.

В.        Шешімдердің нұсқаларын өңдейді,  басқалардың ойларын назарға алады.

С.        Шешімдерді қабылдауға қатысады.

Сабақтан кейін        

А.        Оқушылардың жұмыстарын бағалайды.

В.        Қабылданған шешімдерді және  қойылған сұрақтарды  бағалайды. Берілген үлгі бойынша  сабақ туралы жазбаша есеп  құрайды.

8. Құрылымдалған қайшылықтар  әдісі

Өткізу кезеңдері

А. Төрт адамнан  шағын топта  оқушылардың екі жұбы  айқындалады.

В. Шағын –топ қарама –қайшы сипаттағы  проблемаға  айшықталған  және қарсы  шешімі бар тапсырма алады.  

С. Жеңу үшін емес, проблеманы толық түсіндіру  үшін   қажетінше көп материал жинау мақсатында,  әр бір жұп  проблеманың бір жағын талқылайды.

Д. Содан кейін әр бір жұп  проблеманың қарсы жақтарын  талқылайды.

Қорытындысында  барлық шағын  топтың  проблемаларын  біртұтас шешу   болуы қажет.

9.«Алаңдардағы белгілер» әдісі

Оқушылар  мәтін алады және  оған тиісті белгілерді қояды:

“+” –  сіздің оқып отырғаныңыз  сіздің білгеніңізге сәйкес болса, алаңға қойыңыз;

“-” – сіздің оқып отырғаныңыз  сіздің білгеніңізге қарсы болса немесе бұны білемін деп ойласаңыз, алаңдарға қойыңыз;

“V” — сіздің оқып отырғаныңыз   жаңа болып табылса, алаңдарға қойыңыз;

“?” — сіздің оқып отырғаныңыз, түсініңсіз болса немесе  бұл сұрақ бойынша сіз нақты  мәліметтерді алғыңыз келсе  алаңдарға қойыңыз.

Осылайша,   мәтінді оқу барысында оқушылар   өз білімдері мен түсініктеріне сәйкес  алаңдарға  төрт түрлі белгі қояды. Жұмысқа уақыт  мәтіннің көлеміне қарай бөлінеді.

10.  «Пирамида тарихы» әдісі

Жолдың номерін  сөздің саны  білдіретін,  «пирамидаға» сыйғызылған ерекше құрылым жатыр:

1) басты кейіпкердің аты  (тақырыптың);
2) мінездеме немесе сипаттама;
3) әрекеттің орны (пайдалану);
4) проблема;
5) жағдайдың өрісін сипаттау;
6) проблеманы шешу үшін  не қолданылды.
7) проблеманы шешу және  ары қарай не болатынын болжау.

Басқа материалдар:

  1. Менің педагогикалық тұлғалық орным (жас мамандарға арналған тренинг)
  2. Ұстаздарға арналған тренинг: «Педагогтардың кәсіби жануы»
  3. Балаларды тәрбиелеудің психологиялық қағидалары
  4. Ата-ананың психологиялық құзіреттілігі – бала саулығының кепілі
  5. «Сәттілік серік болсын» атты әлеуметтік-психологиялық тренинг бағдарламасы
  6. Бірінші не көрдіңіз: түлкі ме, дельфин бе? 
  7. 4-5 жастағы балаларға арналған бинарлық сабақ

Қазақстандағы «youtube» әлемі

2

Youtube – әлемдегі ең көп қолданылатын видеохостинг. Youtube – тың берер мүмкіндіктері мен пайдасы күннен — күнге артып келеді. Оған дәлел көптеген қолданбалары.

Авторларға, ойыншыларға, музыканы сүйетіндерге, теледидар жанкүйерлеріне, тіпті балаларға арналған қолданба түрлері бар. Мысалы: YouTube Premium, YouTube TV, YouTube Go, YouTube Music, YouTube Kids, YouTube Gaming, YouTube Studio т.б «YouTube Premium» — сізді шаршататын жарнамадан арылуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар видеоларды сақтап, интернетсіз кез – келген жерде сақталған видеоларды көруіңізге жағдай жасайды.

Ал «YouTube TV» — көңіл көтеру, жаңалықтар, спорттық және басқа да 85-тен астам үздік арналарды назарыңызға ұсынады. Ешқандай кабельсіз, ешқандай келісімшартсыз онлайн төлем жасау арқылы 85-тен астам арнаны тамашай аласыз. Ал «YouTube Kids» — кішкентай іздемпаз, зерттеуші балаларға арналып жасалған. Тегін, пайдалануға жеңіл және отбасына жарамды бейнелерге толы қолданба ретінде танымал.

Енді Қазақстанда қандай мазмұндағы видеолар трендте екеніне шолу жасасақ. Пандемия қазақстандық авторларды айтарлықтай байқатты. Мысалы, Қарапайым Қайрат веб-сериалы үш апта ішінде 100000 жазылушы жинады. Бұл жазбадағы рекордты Жахан Отарғалиевтың «Мен үйленем» сериалы бұзды — авторлар бір бөлімнің өзінен аптасына 100 мың жазылушы жинап отырды. Сондықтан Қазақстанда «веб-сериал» форматы өте танымал болып келеді. Қазақстандық аудитория пандемия уақытында веб – сериалдарды түгелімен көріп, қызығына батқан. Сонымен қатар бір қуантарлық жайт қазақша мазмұндағы видео контент жасау көбеюде. Бұл дегеніміз қазақ тілінің белгілі бір дәрежеде мәртебесінің көтерілгендігі.

Youtube тек қана видео тамашалап, уақыт өткізетін қосымша ғана емес, контент жасаушылар үшін ақша көзі десекте болады. Ешқандай қосымша жарнамасыз және интеграциясыз қазақстандық ютуберлер          монетизациядан қанша қаражат табатынын бірге анықтайық. Бізге бұндай мүмкіндікті «узнать бабло» сайты ұсынып отыр.

  • Қазақстандық ең танымал арналардың бірі, көрермен көзайымына айналған, халықтың сүйіктісі «Аминка Витаминка» арнасы. Амина өзінің танымалдығы үшін YouTube-тен күміс батырма алып, миллиондаған көрермен жинауда. Аминаның жасы небәрі тоғызда болса да қазіргі таңда айтарлықтай ақша тауып отыр. Арна мазмұны челлендждерден, влогтардан және вайндардан тұрады. Сценарий авторы, режиссер, оператор сынды жұмыстарды Аминаның ата – анасы Арай мен Рамазан атқарады. Қазіргі таңда «Аминка Витаминка» арнасында 32 миллион жазылушы бар. Барлық видеоларының қаралым саны үш миллиардтан асып кеткен. Ал монетизациядан тапқан ақшасы 110 миллион теңгеден асып жығылады.
  • Келесі танымал арна «Ekaterina Saibel» деп аталады. Арна мазмұны әртүрлі бағыттағы влогтардан тұрады. Атап айтатын болсақ денсаулық күтімі, қалай жақсы ата – ана болу керектігі жайлы, тамақтану, дене күтімі жайлы бағыттарды қамтыған. Бұл арна отбасылық арна деп ауыз толтырып айта аламыз. Себебі тұрақты кейіпкерлер отбасы мүшелері, анасы, әкесі, үлкен ұлы, кіші ұлы арасындағы күнделікті қарым-қатынасты тамашалай аласыздар. Қазіргі таңда «Ekaterina Saibel» арнасында 36 миллион жазылушы бар. Барлық видеоларының қаралым саны жуықтап алғанда 650 миллионды құрайды. Ал монетизациядан тапқан ақшасы 223 миллион теңге.
  • «YouTube Gaming» қосымшасын кеңінен қолданып жүрген ойыншының бірі. «GTA 5» және де басқа қызықты ойындардың жанкүйерлеріне өте таныс арналардың бірі «АJIuKZ». «АJIuKZ» арнасының мазмұны Алик есімді жігіттің видео ойындар ойнап, болып жатқан оқиғаларға түсініктеме беруінде. Бұл контент жас балалардың арасында өте үлкен танымалдылыққа ие. Қазіргі таңда «AJIuKZ» арнасында 28 миллион жазылушы бар. Барлық видеоларының қаралым саны шамалап алғанда 160 миллионды құрайды. Ал монетизациядан тапқан ақшасы 74 миллион теңге.

Жоғарыдағы ұсынылған арналардан нені байқадыңыз? «Ekaterina Saibel» және «Аминка Витаминка» арнасының жазылушы санын салыстырсаңыздар екеуінің арасы жер мен көктей. Бірақ «Ekaterina Saibel» арнасының табысы Аминаның арнасына қарағанда екі есе көп табыс табады.

YouTube табысының негізгі көрсеткіші жазылушылар саны емес екендігі айқындала түскендей. Жазылушылар саны аз болса да видео контент жасауды тоқтатпаған абзал. Сапалы, пайдасы мол, қазақ тілді ақпарат беретін арналар көбейсе нұр үстіне нұр болар еді. Қазақ тілінің мәртебесі көтеріліп, әлемге әйгілі ел болар едік.

Мәлік Мади Арманұлы

Тұран университеті

Көп ұйықтаудың зиянды тұстары

Иллюстрация: Freepik.com

Бос уақытымыз болса, ұйқымызды қандырып алғанды бәріміз де жақсы көреміз. Алайда оның біздің денсаулығымызға зиянды екенін біріміз білсек, біріміз білмейміз. Ұзақ ұйықтау әртүрлі ауруға әкеп соқтырып, иммунитетімізді әлсіретеді. Тіпті төмендегідей ауруларға душар болуымыз да мүмкін.

1. Депрессияға ұшырау.

Өткен жылы ғалымдар осы тұрғыда тәжірибе жүргізді. Сараптама барысында 7-9 сағат ұйықтайтын адамдар 27% депрессияға ұшыраса, 9 сағат немесе одан да көп ұйықтайтын адамдар 49% дейін депрессияға ұшырайтыны анықталды. Сондықтан ұйқы депрессиямен тікелей байланысты екенін естен шығармаңыздар.

2. Мидың жұмыс істеуі нашарлайды.

Тексеру кезінде тәулігіне 10 сағаттан артық ұйықтайтын адамдардың миларының жұмыс істеуі нашарлайтыны белгілі болды. Ұзақ ұйқы есте сақтау қабілетіне де кері әсерін тигізеді.

3. Жүкті болудан да үмітіңіз үзілуі мүмкін.

Мұны анықтаған — бір топ кәріс ойшылы. Олар 600-ден астам әйелге зерттеу жұмыстарын жүргізіп, 9 сағаттан көп ұйықтаған әйелдердің бала көтеруі қиынға соғатынын айтты. Алайда оның анық-қанығы әлі қаралып жатыр.

4. Артық салмақ қосасыз.

9-10 сағат төсекте тұрмастан жататын адамдардың семіруі өте тез. Мұндайлардың саны жыл сайын өсіп келеді. Таңертең ерте тұрып, жаттығу жасап, уақытымен тамақтанбағандықтан осындай күйге душар болады.

5. Диабетке шалдығуыңыз мүмкін.

Осы салада 15 жылдай еңбек етіп жүрген америкалық зерттеушілер күніне 8 сағаттан көп ұйықтайтын жандар 50% диабетке шалдығуы әбден мүмкін деген ой қорытып отыр.

6. Жүрек-қан тамырларының ауруына шалдығасыз.

Тәжірибе барысында 8 сағат ұйықтағандарға қарағанда, 9-11 сағат жастықтан басын алмай жата беретін жандар жүрек-қан тамырларының ауруларына көптеп шалдығатыны анықталды. Және ол 38% өскен.

7. Өмірден ерте өтуіңіз де ғажап емес.

7-8 сағат ұйықтайтын адамдардың өмірі 8 сағаттан көп ұйықтайтындарға қарағанда 15% ұзақ екендігін зерттеушілер тілге тиек етеді.

Ұзақ ұйықтау сіздің денсаулығыңызға зиян. Тәулігіне 7-8 сағат ұйықтасаңыз жеткілікті. Сонымен қатар түнгі ұйқының маңыздылығын ұмытпағайсыз. Дені сау адам — табиғаттың ең қымбат жемісі!

Басқа материалдар:
  1. ҰБТ тапсырушы түлектерге ақыл-кеңес
  2. Мектеп оқушыларына 6 кеңес
  3. ҰБТ тапсырушыларға Шиара Құдайбергеновадан кеңес
  4. Интернет-маркетологтың қызметі қандай?
  5. SMM маманы деген кім?
  6. Data Scientist — деректер ғалымының қызметі қандай?
  7. Есте сақтау қабілетін арттырудың 7 құпиясы
  8. Зейгарник эффектісі. Есте сақтауды қалай арттыруға болады?
  9. Математика формулаларын қалай тез есте сақтауға болады?
  10. Физика пәнінен формулаларды қалай есте сақтауға болады?