Миопия деген не?

Иллюстрация: Freepik.com

Миопия – алыстан көрмеушіліктің асқынған түрі, яғни сығырлық. Грек тілінен аударғанда «мио» – сығыраю, «опсис» – көру деген мағынаны білдіреді.

Дүниежүзінде әрбір үшінші адам миопиямен ауырады екен.

Десе де, соңғы жылдары балалар арасында белең алып бара жатқан сығырлықтың басты себептерінің бірі – компьютер, ұялы телефондар мен планшеттер екенін жасырмауымыз керек.

Күні кешке дейін қолынан тастамай планшет ұстап жүретін балалардың көзіне әдеттегіден он есе артық салмақ түсіп, көру қабілетін барынша зақымдайды.

Сондықтан ата-аналар осыған мән бергендері жөн.

Көру неден бұзылады:

1. Жарықтың жетіспеушілігі;
2. Оқыған, жазған кезде орындықта дұрыс отырмауы;
Күн тәртібінің дұрыс болмауы 3. Көзге ауыртпалық түсіретін теледидар, компьютер, ұялы телефонды шамадан тыс қолдану;
4. Дұрыс тамақтанбау.
5. Тұқымқуалаушылық

Миопия кезінде көзі алыстан бұлдырап, дұрыс көре алмайды. Оның алдын алу үшін көздің қан айналымын жақсартатын жаттығулар жасау маңызды.

Басқа материалдар: 

  1. Көз ауруының алдын алуға арналған жаттығулар
  2. Қой сүтінің пайдасы мен артықшылығы
  3. Ағзаға қажетті дәрумендер
  4. Балық майының пайдасы
  5. Кепкен жемістердің пайдасы қандай?
  6. Data Scientist — деректер ғалымының қызметі қандай?
  7. Есте сақтау қабілетін арттырудың 7 құпиясы
  8. Зейгарник эффектісі. Есте сақтауды қалай арттыруға болады?
  9. Математика формулаларын қалай тез есте сақтауға болады?
  10. Физика пәнінен формулаларды қалай есте сақтауға болады?
  11. ҰБТ-ға дайындалуға арналған тәсілдер

Ұстазымызға мың алғыс!

Иллюстрация: Freepik.com

Мулкибаева Баршагул Муратовна 2003 жылдан бері «Жармыш орта мектебінде» қызмет етіп келеді.

Менің екі баламның біріне математика пәнінен сабақ берсе, біріне жетекші болды. Жеткіншек ұрпаққа білім беру мен тәрбиелеуді заман талабына сай шығармашылықпен жүргізуге баса мән беріп, оқушылармен жұмыс істеп жүр.

Ұйымдастыру қабілеті жоғары, әр істің қыр-сырын таба білетін мұғалім.

Өткізген шаралары үлкен ізденіспен, әзірлікпен, жауапкершілікпен, талап қойғыштығымен, қазіргі заманға сай технологияларды пайдаланып, баланың жүрегіне әсер ететіндей етіп өткізеді.

Бала жүрегіне жол таба білетін, жан-дүниесін айтқызбай-ақ ұға білетіндігімен қатар балаға талап қоя білетін талапшылдығын көргенде өз мамандығын қателеспей тапқан жан екенін ұғасың.

Оқушының барлығына көңіл бөліп, зейіндерін ашып, әрқайсысымен жеке жұмыс жасай білетін мықты маман.Осындай ұстаздар қатары көбейе берсе, білім алып жатқан балаларымыздың оқуға қызығушылықтары әрі қарай артады деп ойлаймын.

Ол оқытқан балаларымыз қазақ халқының іргесін ешқашан ыдыратпай, тілімізді, әдет-ғұрпымызды мақтан ететін болады.

Мулкибаева Баршагул Муратовна еңбегі зор, адамгершілігі мол адам. Өзінің алға қойған мақсаттарының орындала беруіне, шығармашылық табыстарының молайуына тілектеспіз! Сізге алғысымыз шексіз!

Ата-ана: Аскерова Набат Жарылгасовна

Басқа материалдар:

  1. Сабақта қолданылатын әдіс-тәсілдер
  2. Менің педагогикалық тұлғалық орным (жас мамандарға арналған тренинг)
  3. Сабақта қолданылатын әдіс-тәсілдермен психологиялық тренингтер жинағы
  4. Ұстаздарға арналған тренинг: «Педагогтардың кәсіби жануы»
  5. Балаларды тәрбиелеудің психологиялық қағидалары
  6. Ата-ананың психологиялық құзіреттілігі – бала саулығының кепілі
  7. «Сәттілік серік болсын» атты әлеуметтік-психологиялық тренинг бағдарламасы
  8. Бірінші не көрдіңіз: түлкі ме, дельфин бе? 
  9. 4-5 жастағы балаларға арналған бинарлық сабақ
  10. Сабақта қолданылатын әдіс-тәсілдермен психологиялық тренингтер жинағы (Карточкалар иерархиясы)

Көз ауруының алдын алуға арналған жаттығулар

Иллюстрация: Freepik.com

Жер шарында әрбір үшінші адамның көзі нашар көреді екен. Төменде көрсетілген жаттығулар—көз ауруларын алдын алу үшін, көруді жақсарту үшін жасаған маңызды.

Жаттығулар:

Әрбір 1-2 сағат сайын көзді демалдыру: 5-10 минут алысқа қараңыз.

1-2 минутқа демалдыру үшін көзіңізді тарс жұмыңыз

Көзді көкжиектік қалыпта оңға – солға 1 минуттай асықпай қозғаңыз

Көзді айналдыра қозғау: сағат тілімен және қарсы бағыт бойынша 1 минут жасау

Көзді мұрынмен сәйкестендіру. Бұл үшін екі көзіңіздің ортасына саусағың- ызды қойыңыз да соған қараңыз, көздеріңіз тез арада «бірігіп» кеткендей болды. 3 рет жасаңыз.

Көздің «қашықтықтағы» жұмысы. Терезе алдына келіңіз, жақсы көрінетін, жақын тұрған затқа мұқият қараңыз: терезе сыртындағы ағаштың бұтағына немесе терезедегі сызатқа. Әйнекке қағаздан ойылған кішкентай дөңгелекше жабыстырыңыз. Сосын назарыңызды алысқа бұрыңыз, барынша алыстан бір затты көруге тырысыңыз.

Көзді 1 минуттай жыпылықтату керек. Алғашқы күні бірден тез-тез жасауға болмайды

Орындықтың арқалығына шалқайып, қабағыңыздың үстін жабыңыз, көзіңізді қатты жұмыңыз, қабағыңызды ашыңыз

Басыңызды бұрмай, назарыңызды төменгі бұрышқа, сосын – оң жақтағы жоғарыға бұрыңыз. Сосын оң жақ төменгі, одан кейін – сол жақ жоғарғы. 3-5 рет қайталау.

Көзіңізді жұмыңыз, қасыңызды бос ұстаңыз. Көзіңіздің қарашығын солдан оңға және оңнан солға бұрыңыз. 10 рет қайталау.

Көрсетілген жаттығуды компьютермен, смартфонмен жұмыс кезінде мүмкіндігінше әрбір 40-50 минут сайын қайталаңыз. Бір рет дағдыландыру 2-5 минутқа жалғассын.

Басқа материалдар: 

  1. Қой сүтінің пайдасы мен артықшылығы
  2. Ағзаға қажетті дәрумендер
  3. Балық майының пайдасы
  4. Кепкен жемістердің пайдасы қандай?
  5. Data Scientist — деректер ғалымының қызметі қандай?
  6. Есте сақтау қабілетін арттырудың 7 құпиясы
  7. Зейгарник эффектісі. Есте сақтауды қалай арттыруға болады?
  8. Математика формулаларын қалай тез есте сақтауға болады?
  9. Физика пәнінен формулаларды қалай есте сақтауға болады?
  10. ҰБТ-ға дайындалуға арналған тәсілдер

Грек жаңғағын қандай емге қолдануға болады?

Иллюстрация: Freepik.com

Қазан айының соңында пісетін, нағыз емге қолданатын жеміс–грек жаңғағы.

— Жаңғақтың жас тамырын қазып алып жуып, көлеңкелі жерде кептіріп ұнтақтайсыз. Осы ұнтақтың жарты стаканын суға салып, 10-15 минут жай отынға қайнатасыз. Бір күн тұндырып, үстіне 100 грамм алма сірке суын қосасыз. Ол ТАМАҚ ауырғанда ( фарингит, ангина) аузын жиі-жиі шайса, тез жазылады. Сондай-ақ тістің етін жетілдіріп, ісуін, қан ағуын тияды. Осы тұнбамен жас баланың аузы улып, сілекейі тоқтамаған кезде дәріге дәкені матырып, сүртіп отырса, бір күннің ішінде жазылады.

— Жаңғақ майының бір қасығына бір жұмыртқаның ағын қосып, ыстық судан, жалыннан, күйген жерді сүртсе, тыртықсыз тез жазылады.

— Құлағы ауырған адамға жаңғақ дәнінің майын ысытып, күніне 1-2 тамшыдан 7 күн тамызуы керек. Міндетті түрде осы кезеңде басты орап жүрген дұрыс.

— Жаңғақтың сыртқы сүйегін күлдей етіп ұнтақтап бір қасығын жарты литр алма сірке суына салып бір ай тұрғызады. Солан соң 10 күн үзбей кешке сол тұнбамен сүрту керек. Аяқтан иіс шығу кетеді.

— Грек жаңғағының діңінен, тамыр қабықтарынан алынған шырынына (сөлін) дәке батырып, жараның бетіне басады. Ал байлауға ыңғайсыз жерлерге сұйық май сияқты жағады. Іріңді жараларды емдейді.

— Бронхит кезінде ЕРЕСЕКТЕРДЕ: жарты кг грек жаңғағына 300 гр бал, 100 гр алоэ шырынын және де 4 лимонның шырыны қажет. Барлығын жақсылап араластырасыз. 2 сағат қараңғы жерге қоясыз. Күнде тамақтың алдында жарты сағат бұрын 1 үлкен қасығын жеу керек. Күніне 3 мезгіл, 10 күн бойы. Бұл ем балға аллергиясы жоқ адамдарға арналған.

— Бөтелке алып, оның 1/3 бөлігін грек жаңғағымен толтырып, үстіне су құйыңыз. Шамамен 2 аптадай ұстап, сүзгіден өткізіп, күніне 3 рет 1 ас қасықтан тамаққа 15 минут қалғанда ішіңіз. Бұл тұнба қалқанша безінің қабынуы мен сүйектеріңіздің сырқырап ауырған кезде де көмектеседі.

— Грек жаңғағы ми үшін аса пайдалы. Күнделікті бір шай қа­сық жаңғақ майын жеу керек.

— 2 кг грек жаңғағының жапырақтарын 1 литр суға салып қайнатасыз. Дайын тұнбаны 10 литр суға қосасыз. 5 минут тұрады, сол суға жуыныңыз. Ағзаның қан айналымын жақсартады, түрлі экзема, жаралардың алдын алады.

Грек жаңғағын қандай емге қолданасыз?

Басқа материал:

Балық майының денсаулыққа пайдасы

Freepik.com

Балықты ежелден адам ағзасын тазалайтын, сүйек пен тісті қатайтатын, түрлі дәрумен беретін тағам. 100 гр балық етінде – 0,2 мг йод бар. Сонымен қатар ағзаға қажетті омега-3 май қышқылдары бар.

Балық еті:

  1.  жүрек аурураларының алдын алады
  2. қан қысымын түсіреді
  3.  көру қабілетіңізді арттырады
  4.  холестеринді реттейді
  5.  бауыр жұмысын жақсартады
  6.  ұйқыны реттейді

Зат алмасуды жылдамдатады. Балықтан жасалған тағам түрлерін балаларыңызға аптасына 2 рет дайындап берсеңіз, оларды шаш түсуінен, тіс ауруларынан қорғайсыз. Бірақ қуырып емес, сорпа етіп қайнатып немесе ыстық пеште булап пісірген жөн.

БАЛЫҚ МАЙЫ — нәлім балығынан алынады. Балық майы– балық бауырынан алынатын сұйық май. Мөлдір қызыл күрең түсті, өзіне тән иісі бар сұйықтық. Құрамында А және D витаминдері көп болғандықтан мешел, авитаминоз, остеомаляция, остеопороз, тыныс алу, асқазан, тері және көз ауруларын емдеуге пайдаланады. Балық майынан таза күйінде сәбилерге ішкізеді, инъекция жасайды.

Балық майын ашқарынға ІШПЕҢІЗ! Әйтпесе, жүрегіңіз айнып, мазаңызды алады. Оны тамақпен бірге қабылдау керек.

БАЛЫҚ МАЙЫНДАҒЫ ретинол іріңдеген жараны тез жазады. Бірақ ең мықты ем: сынған сүйек арасына жағу. Қазақ сынықшылары балық майын жағу арқылы сынған сүйекті қалпына келтіреді.

Жүктілік кезінде де, сәбиді емізу кезінде де балық майын қолдануға болады.Ол қандағы Е кон­цент­рациясын төмендетеді.

Дәрігерлер балық майын қыс мезгілінде қабылдаған дұрыс деп кеңес береді.

Балық майын аузы жақсы жабылатын ыдысқа құйып, қараңғы және салқын жерде сақтау керек.

Шаштың түсуін тоқтату үшін:

Ошаған майы мен балық майын бірдей мөлшерде алаңыз. Жақсылап араластырып, 5 минутқа қойып қоясыз. Содан соң шаштың ұшына жағып, орап тастаңыз. 2 сағаттан соң басыңызды сусабынмен жуып тастайсыз. Аптасына 2 рет жасау керек.

Балық майы мен жұмыртқадан маска дайындау үшін екі жұмыртқаның сарысын 4 капсула балық майымен араластырады. Жуылған шашқа масканы жағып, жарты сағат шамасында ұстайды. Масканы сусабынмен жуып, сумен шайып тастаңыз!

Басқа материал:

Итмұрынның емдік қасиеті

Иллюстрация: Freepik.com

Итмұрынды күзде піскен кезде жинап, жел қағып тұратын көлеңкеде кептіреді. Таза ыдыста ұзақ мерзім сақтауға болады.

Итмұрынның жемiсi мен тамырының қайнатпасымен бүйректi тазарту: Бүйректегi тасты ұсақтап, құмға айналдырып, ерiтiп жiберу үшiн итмұрынның тамыры немесе жемiсi қажет. Ұсақтап туралған 2 стақан итмұрын тамыры на 1 стақан су құйып, 15 минут қайнатады. Суыған соң сүзедi. Бiр-екi апта бойы стақан судың 1/3-iн жылытып, күнiне 3 рет iшедi. Қайнатпаның өңi қара-қоңыр болсын. 0ңi мұндай болуы өсiмдiктiң бояуы маңызға ерiп қаныққандығы. Дәрiлiк қасиетi де осында.

Күзде итмұрынның тамырын да жинайды. Тамырын турап, бір ас қасығын жарты литр суға 10 минут ақырын қайнатып ішсе, бойдағы зат алмасуды реттейді. Жұмыс қабілетін арттырады, қан құрамын жақсартады, түрлі жаралардың жылдам жазылуына ықпал жасайды.

Итмұрын тамырынан ұнтақталған бір ас қасықты 500 г суға 15-20 минут ақырын қайнатып, жатырдан қан кеткен кезде астан бұрын 150 грамнан ішеді. Күніне үш рет 15 күн. Содан соң үзіліс жасалады.

Көз былшықтанып, басқа да жеңіл-желпі ауруы болғанда итмұрын гүлінен бір шай қасықты 300 г суға 15 минут ақырын қайнатып, тұндырып қойып, салқындай көзді жуады. Бетті осы сумен жуса терінің өңін келтіреді.

Асқазанды емдеу үшін: 1 ас қасық майдаланған итмұрын жемісін термосқа салып, үстіне 500 мл қайнаған су құю керек. Оны таң атқанша тұндырып қою керек. Таңертең оны сүзгіден өткізіп, бірдей үш бөлікке бөлу керек те, күніне 3 мезгіл тамақтың алдында 20-30 минут бұрын ішу керек. Бұл емді 1,5-2 ай қабылдаған дұрыс.

Итмұрынның жемістерді жинап алысымен 70-80° температурада кептіреді. Тез кептіргенде С витамині жақсы сақталады. Кепкен итмұрын жемісінің 6-7 штугын 1 литр суға салып бір қайнатасыз. Суыған соң ішесіз. Бұл жерде жемісі аз, сондықтан ақшыл түсті. Иммунитетті көтереді, С витаминімен ағзаны толықтырады, гемоглобинді көтереді. 15 күн ішесіз, 10 күн демалу қажет. Жүктілік және босанған соң 40 мл жеткілікті. Балаларға 5 айдан бастап 20 мл беріп бастауға болады. Аз мөлшерде болғандықтан бұл тұнбаның тіске әсері болмайды.

Итмұрыннан қою қоңыр, қызғыл түсті тұнба жасап ішетін болсаңыз, трубочкамен ішіңіз.

Басқа материал:

Ұйқы безінің ауыру себебі неде?

Иллюстрация: Freepik.com

Ұйқы безі — асқазанның артындағы, он екі елі ішекке жақын үлкен без. Оның қабынуы қашанда оң жақ қабырғаның асты ауыруымен білінеді.

Ұйқы безінің қабынуы: ас дұрыс қорытылмағаннан, өтте тас жиналса, ішек қызметінің бұзылуынан, паротит инфекциясының салдарынан болады.

Қабынудың белгілері:

ас қорытудың бұзылуы
арқа, сегізкөздің оң жағы ауырады
жарақат
іш қату
диарея
диспепсия
салмақ жоғалту
құсу, жиі кекіру болады.

Панкреатит өткір және созылмалы болып 2 бөлінеді.

— Ащы ермен, түймедақ гүлі, трифол жапырағының ұнтақтарынан бір ас қасықтан алып, жарты литр қайнаған суға салып, шай етіп демдейді. Күніне 30 грамнан 3 рет, 10 күн ішу керек. 10 күн демалып, емдеуді қайта бастайсыз.

-Бұрыш, жалбыз шөбінің ұнтағын 100 грамнан алып, 2 литр қайнаған суға салып үстіне 50 грамм бал қосып, бір сағат қайнатасыз. Бір күн қараңғы жерге тұндырып қойыңыз. Кейін сүзіп, астан жарты сағат кейін 30 грамнан күніне 3 рет, 10 күн ішесіз. 7 күн демалып, емді қайта бастайсыз. Емдеу -3 ай.

— Сұлы қолданыңыз. Жарты кг сұлы жармасына 1 литр қайнаған ыстық су құйыңыз. 1 сағат тұндырып қойыңыз. Бір сағаттан соң тұнбаны сүзіп, жарты стақаннан күніне 3 мезгіл ішіңіз. Емделу 7 күн. Бір апта үзіліс жасап, қайта жасайсыз.

— 100 гр аскөкті (укроп) 500 мл суға салып қайнатасыз. Бір сатырлап қайнаған соң, сөндіріп, 1 сағат тұндырып қойыңыз. Кейін сүзіп, тамақтың алдында күніне 3 мезгіл ішіңіз. Емделу- 10 күн.

— Түймедақ (ромашка), қырмызы (календула), толғақшөп (золототысячник) шөптерін бірдей көлемде алып, араластырасыз. Үстіне қайнаған су құйыңыз. 1 сағаттай тұндырып қоясыз. Күніне 2 мезгіл тамақпен бірге 60 мл ішіңіз. Емделу- 10 күн.

— 2 ірі көлемді картопты жақсылап жуыңыз. Қабығын аршымай, сол күйі үккіштен өткізіңіз. Өткізген соң дәкеге салып, шырынын бөлек ыдысқа сығып алыңыз. Жарты стақан шырынын тамақтанудан жарты сағат бұрын қабылдайсыз. 7 күн ішіп, 7 демаласыз. Емделу- 45 күн.

Ұйқы безінің қабынуы кезінде арнайы диета ұстанған жөн. Дротаверин гидрохлорид (Но-шпа) қолдана берудің өзі зиян.

Ұйқы безінің қабынуы қант диабетіне әкелуі мүмкін. Сондықтан ауырсыну белгілерін байқасаңыз, бірден дәрігерге көрініңіз.

Басқа материал:

Шаштың түсуін тоқтату үшін

Иллюстрация: Freepik.com

 Егер шаш көп түсетін болса, тұз, қара бұрыш, пияз сөлін бірдей мөлшерде араластырады. Қоспаны шаштың түбіне жағады. 20-30 минуттан соң жуып тастайды. Бұл маска емдік пайдасымен қатар шаштың өсуін жеделдетеді.

✓ Кесеге айран құйып, ыстық су құйылған тәрелкеге қойыңыз. Айран жылығанда 5 тамшы майсана майын тамызып, қоспа дайындаңыз. Оны басыңызға жағып, полиэтиленді бас киім не пакетпен, оның үстінен сүлгімен ораңыз. 30 минуттан кейін шашты жуу керек. Нәтижесіне шашыңыз қалыңдап, түсуі азаяды.

✓ Ошағанның тамырын жуып тазалап, еттартқыштан өткізіп үстіне зайтүн майын құясыз. Тұнбаны 1 тәулікке қараңғы жерге қойыңыз. Тамырымен араластырған майды водяная прапарка жасап, майды таза ыдысқа құйып аласыз. Алдымен шаштың көп түскен жеріне уқалап жағасыз. Жаққан соң басыңызды орап қойыңыз. 2 сағаттан соң басыңызды жылы сумен шайып тастаңыз. Жуылған соң да шаштың түбін жайлап уқалап қойған жөн Осындай әдіспен күн сайын жатарда 10 кұн жақса онда нәтижесін көруге болады. Басты еш уақытта ыстық сумен жууға болмайды!

✓ 1 ас қасық қалақай, 1ас қасық өгейшөп жапырағы, 1 ас қасық құлмақ гүлі, 1 ас қасық ошаған тамырының үгітіндісін 1литр суға қайнатып, 30 минут тұндырасыз. Осы суды бір аптаға дейін пайдалануға болады. Бұл әдіс шаштың қайызғағын жоғалтып, шаш түбінің қышуын тоқтатады. Шаштың тығыз өсуіне ықпал жасайды.

✓ Сұлының қауызын қайнаған ыстық суға салып тұндырасыз. Осы сумен жатарда басты жуып, ысқылайды. Бұл әдіс шаштың түбін қатты етеді, сынғыштығын азайтады.

✓ Майсана майын (костровое масло) шашыңыздың түбіне тіс щеткасымен мұқият жағып шығып, полиэтилен пакетпен жауып, орап 2 сағат ұстаңыз да, жуып тастаңыз.  Майсана майының қасиеті сонда, ол шашты түсірмеумен қатар шаштың өсуін жылдамдатады.

✓ Масканы шырғанақ (облепиха) және майсана (касторовое) майы, жұмыртқаның сарысы және А дәруменінің 5 тамшысын араластырып жасай аласыз. Дайын болған қоспаларды шаштың түбіне уқалап отырып жағасыз да, пакет киіп аласыз. 1 сағаттан соң шашыңызды жуып, сусабынмен шайыңыз. Аптасына 2 рет жасаңыз.

✓ Тырнақ сау болып өсуі үшін ошаған майының бірнеше тамшысын тамызыңыз.

✓ Кірпікті өсіру үшін күніне бір рет кірпікті ошаған майымен сүртіңіз.

Басқа материал:

Тұмаудың алдын алу үшін

Иллюстрация: Freepik.com

Көктемде тұмау мен өткір респираторлық вирустық инфекцияның маусымы басталады. Кез келген жастағы адам сырқаттануы мүмкін бұл екі вирустық ауру адам өмірі мен денсаулығына үлкен қауіп төндіреді.

Сол себепті олардың алдын алу маңызды. Төменде көрсетілген емдер— ТҰМАУДЫҢ алғашқы белгілері байқалған кезде өте тиімді.

— Тұмау кезінде денеңіз қатты қызып тұрса— жарты литр суды сүтпен, қантпен және 1 шай қасық кардамонмен араластырып ішсеңіз, қызуыңыз басылады.

— Тұмау кезінде дәрілік шөптермен және лимонмен шай ішіңіз. Әсіресе жалбыз, қырмызы, шатыраш секілді шөптермен ішкеніңіз жақсы. Мұндай қоспалар ағзаңыздағы кальций мөлшерін көбейтеді. Ал кальций қызуыңыз көтерілгенде керемет көмектеседі.

— Стақанның 1/3 бөлігі болатындай пияз шырынын сығып, бір стақан табиғи балмен араластырыңыз. Тамақтануға жарты сағат қалғанда күніне 3 рет бір шай қасықтан жеп тұрыңыз. Бұл қоспа ми тамырларын тазартумен қатар иммунитетті де нығайтады.

— Тыныс алу жолдарына суық тигенде жарты шай қасық ұнтақталған қара бұрышты 1 стақан таза балмен жақсылап араластырыңыз. 1 шай қасықпен күніне 3 мезгіл жылы сумен ішіп жіберіңіз.

— Жылы шырғанақ (облепиха) немесе итмұрын майын мұрынға тамызып көріңіз. Сонымен қатар, сарымсақ тамшысын дайындауға болады. Ол үшін 2-3 сарымсақты ұсақтап, оған шамамен 50 мл қайнаған су құйып, жылы жерде 2 сағаттай ұстау керек. Алынған тұнбаны күніне 3 рет тамызу керек.

— Тұмаудың тағы бір емі – бал қосылған сүт. Ауырған кезде сүті бар шайға бал қосып, және сүтке сарымай қосып ыстықтай ішіңіз.

— Тұмау тиіп жөтеліп қалған кезде бір стақан қайнап тұрған сүтке бір шай қасық
шырғанақ майын, пышақтың ұшымен ас содасын қосып, араластырып, жатарда ішіп, жазылғанша жалғастыруға болады.

— 240 миллилитр стақанға жылы су құйып, оған ½ шай қасық тұз бен бір шымшым ас содасын қосыңыз. Мұрныңызды осы ерітіндімен күніне 3-4 рет жағымсыз симптомдар жойылғанша шайыңыз.

— Орташа көлемдегі 2 пияз алып, қабығын аршисыз. Ұсақтап турап, 1/4 стақан секер (сахар), 3/4 стақан су құясыз. Газға қою болғанша араластырып тұрып қайнатасыз. Қою тұнбаны әр 3 сағат сайын 1 қасықтап жеп тұрасыз.

Басқа материал:

Кір сабынның пайдасы

Иллюстрация: Freepik.com

73 % түрін қолданыңыз.

✓ Іріңдеген жараларға сықпа май жаға бергеннен, кір сабынның көмегін пайдаланған да дұрыс. Ол үшін кір сабынды ірі үккіштен өткізіп, табаға ені 1 сантиметр етіп жаймалап салыңыз. Үстінен сабынның көлемінен екі есе асатындай етіп сүт құйып, әбден қою болғанша баяу отта бір жарым сағат бойы қайнатыңыз. Суыған осы қоспаны жұқалап қағаз бетіне жағып, жара үстіне дәкемен орап қойсаңыз жетіп жатыр. 3 күн қайталасаңыз жараның іріңдеуі қойып, тез жазылып кетеді.

✓ Адамның қолына тікен немесе ағаштың жаңқасы кіріп кеткен жағдайда оны инемен тескілеп, жанымызды ауыртамыз. Осындайда кір сабынды жылы суға езіп, дәкеге қалыңдау етіп жағып, тікен кірген жерге таңып қойсаңыз, бір сағаттың ішінде тікен өзінен-өзі сыртқа шығады.

✓ Іріңдеу кезінде де көмегін тигізеді. Кесілген кір сабын, қант ұнтағын және пиязды қоса отырып, жақсылап араластырасыз. Содан соң түнде іріңге жағып, жабысқақ пластырьмен жараны жабу қажет. Жара іріңнен айыққанша емдік шараны жасап тұру қажет.

✓ Терлеген кезде, денеде тітіркену болған уақытта кір сабынмен 2-3 рет жуыныңыз.

✓ Ит тістеп алған жағдайда қан тоқтағаннан кейін жараға сабын ертіндісіне малынған дәкені басыңыз.

✓ Шашты да айына бір рет кір сабынмен жуып тұрыңыз. Соңынан лимон не сірке суы қосылған қоспамен жуыңыз. Сонда шашыңыз қайратты әрі қайызғақсыз болады, түсуін де тоқтатады.

✓ Құлап қалған жағдайда дереу кір сабынды жағыңыз, ол көгеруден сақтайды.

✓ Көгерген, жарақаттанған жеріңізді кір сабынмен жусаңыз, жараны асқынуынан және микроб тусуінен қорғайды. Жараның бетін күніне екі-үш рет жусаңыз жеткілікті.

Моншаға түсуді ұнататындарға кеңес. Буға түсерде сыпырғыны (веник) кір сабын салынған суға батырып қолданса, теріңіз тазарып, денеңізді сергітуге жақсы көмектеседі.

Басқа материал: