Массасы 6,2 г натрий оксиді қанша грамм күкірт қышқылымен әрекеттеседі?

Иллюстрация: Freepik.com

Берілгені:

Массасы 6,2 г натрий оксиді қанша грамм күкірт қышқылымен әрекеттеседі?

Жауабы:


Басқа материал:

  1. 200 г ерітіндіде 10 г тұз бар. Ерітіндідегі тұздың массалық үлесі қанша?
  2. Осылардың ішінен өзара байланысы бар заттарды тауып жаз
  3. Төмендегі айналымдарды іске асыруға болатын химиялық реакция
  4. Массасы 1 г кальций карбонатын тұз қышқылымен әрекеттестіргенде қанша грамм натрий гидрокарбонаты түзіледі?
  5. ҰБТ-да химиядан кездесетін күрделі сұрақтардың жауабы
  6. Дәнді-дақылдар биохимиясы. Нан және макарон өнімдерінің тағамдық құрамын көтеру мен қазіргі кездегі жағдайы
  7. Көмірсулардың жіктелуі. Адам ағзасындағы көмірсулардың биохимиялық рөлі.
  8. Белоктардың физикалық және химиялық қасиеттері. Амин қышқылының классификациясы мен құрылымы
  9. Берілген заттардың: H3PO4, KOH, Ca(OH)2, HCl, H2SO4 арасында жүретін бейтараптану реакциясы

Қоғамға арналған өлең жолдары

1

Біз неге Осындаймыз?

Жалпы біз неге осындаймыз?,
Айрандай ұйып неге қосылмаймыз.
Біреудің қателігін көре қалсақ,
Өсек етіп шырқаудан тосылмаймыз.

Біз неге Шоушыл болып кеттік екен?,
Шоумен ұлт боп барамыз есті көкем.
Байқауда, басқасыда шоу болардай,
Қай жерден қате қадам еттік екен?.

Біз неге осындаймыз? сондаймыз?,
Әр ортада әр түрлі рөл сомдаймыз.
Комиссия келет десе жүгіріп,
Қозғаламыз, сонда ғана қомдаймыз.

Біз неге көп нәрседен кешігеміз?,
Кереметтей өзімізше есіреміз.
Еш затты алдын ала ойластырмай,
Болары болып қойғасын өкінеміз.

Біз неге еліктеуді қатырамыз?,
Ойын күлкі шоу ғана сахынамыз.
Бос сөзбенен мақтауын асырамыз,
Берекені осылай қашырамыз.
Өзгеге айтсақ мейлі қоятұршы,
Өзімізден немене жасырамыз.
Ақылды ақылсызға бас ұрамыз.
Бірін бірі жамандап ах ұрамыз.
Бұл сөзіме кектеніп тасымаңыз.
Қатты айтты деп ешқашан жасымаңыз.
Жасымаңыз тағы айтам Жасымаңыз!

Өкінішті болып тұр!

Мынау біздің қоғамда,
Надандықтың өрлеуі.
Итке берген мінезді,
Кей адмдарға бермеуі.
Өкінішті болып тұр!

Арасында халқытың,
Жемқорлықтың меңдеуі.
Береке- бірлік жоғалып,
Біріне- бірі сенбеуі.
Өкінішті болып тұр!

Көңілің толса біреуге,
Оның көңілі толмауы.
Келбетті кейбір жандардың,
Мінезі жақсы болмауы.
Өкінішті болып тұр!

Білімділерге білімсіз,
Көлденең болып тұруы.
Аузы қисық болсада,
Бай баласы шығуы.
Өкінішті болып тұр!

Бәрін айтта бірін айт,
Қоғамға Вирус келуі.
Зар жылатып халықты,
Қазақстанға енуі.
Өкінішті болып тұр,
Айта берсең таусылмас,
Өкініш деген толып тұр!

 

Еріктілер көбейсін…

Қолда барын аямай,
Көмек берер жалпыға.
Жас кәрісін аялай,
Қолдау айтар халқына.
Еріктілер көбейсін!

Қиын өмір сүргенге,
Қайырымын тигізген.
Аш- жалаңаш жүргенге,
Ас беріп киім кигізген.
Еріктілер көбейсін!

Өзімшілдік танытпай,
Елін- Жұртын ойлаған.
Көппен бірге муңайып,
Көппен бірге тойлаған.
Еріктілер көбейсін!

Қол ұстаса бірлікте,
Алға, алға дейтұғын.
Ел үшін жасап тірлікте,
Халқының қамын жейтұғын.
Еріктілер көбейсін!

Ел үшін қызымен етіп жүрген,
Көмек десе, алдымен жетіп жүрген.
Қиындығын бөлісіп бар қазақтың,
Мәселесін барынша шешіп жүрген.
Еріктілер көбейсін!

Авторы: Есхат Тәлетұлы

Текелі қаласы, 11 сынып оқушысы

ҰБТ-ға дайындық кезінде мотивациядан да маңызды нәрсе

Иллюстрация: Freepik.com

ҰБТ-ға дайындықта мотивациядан да маңызды нәрсе – Ниет. Оны қалай күшейтуге болады? Ниеттің күшті болуы неге байланысты?

 МОТИВАЦИЯ әуелі НИЕТТЕН ПАЙДА БОЛАДЫ!

Ең алдымен, ниет деген сөзге анықтама беріп өтсем,

«Ниет – бұл адамның жоспарлаған бір ісін атқару үшін санасында сол істі атқаруға шешім қабылдауы, өзі атқаратын істі толық түсінуі және саналы түрде атқаруы».

Біздің өміріміз осы уақытқа дейін жасаған іс-әрекеттеріміз бен алдағы уақытта жасағымыз келетін іс-әрекеттерге деген ниетімізден тұрады.

Егер байқасаң, көбіміз өз ниеттерімізді жүзеге асыра алмаймыз және оның себебін өмірлік жағдайлардан іздеп жатамыз.

БІРАҚ әрдайым бар мәселе өмірлік жағдайларда бола бермейді. Кейде бір істі жасауға ниеттенеміз, бастаймыз, істейміз, бірақ соңына жетпей ниетімізді жоғалтып, іс аяқсыз қалып жатады.

Неліктен бұлай болады? Ниетімізді қалай күшейтсек болады?

Біріншіден, ниеттің күшті не әлсіз болуы жасағымыз келетін іске деген қарым-қатынасымызға тікелей байланысты. Қорқыныш, жиреншектік, күлкі және т.б. сен өзің жоспарлаған іс-әрекетті жаcайсың ба, әлде жоқ па, соған қатты әсер етеді. Мысалы,

Сен тіс дәрігеріне жазылып, тістеріңді емдетуге ниеттісің. Егер сен тіс дәрігерлерінен қорқатын болсаң, емдетуді кейінге қалдыруың мүмкін.

Ал бұл өз кезегінде сен қаламаған нәтижелерге әкелуі мүмкін, яғни тіс емделу қажет кезде емделмесе, соңы жұлдыртуға тура келеді.

Ал егерде тісің қақсап, тыныштық бермей ауыратын болса, сенің тісті емдетуге деген ниетің күшейеді. Cебебі артқа жол жоқ, не де болса тіс дәрігерінің көмегіне жүгінуің керек.

Осындай амал жоқ жағдайға қалған жақсы ма, әлде уақытында тісті емдетіп тұрған жақсы ма? Егер тіс емдетуге сондай бір қорқынышпен қарамасақ, бәріміз тіс емдетуге деген ниетімізді жүзеге асыратын едік.

Осылайша, ниеттің күшті не әлсіз болуы айтарлықтай дәрежеде біздің іске деген қарым-қатынасымызға байланысты екен, сондықтан да бір істі жасамастан бұрын оған қандай қарым-қатынаста екеніңді анықта. Сенің қарым-қатынасың ниетіңді күшейтеді ме, әлде әлсіретеді ме?

Екіншіден, ниеттің күшті не әлсіз болуына басқа адамдардың пікірлері де айтарлықтай әсер етеді. Қоғамның пікірі әр адамға әрқалай әсер етеді.

Қоғам тұрмақ, жақындары мен ата-анасының пікіріне бәрібір қарайтын адамдарды табу қиын. Қанша өзіңді тәуелсізбін деп санағаныңмен, сен үшін маңызды деген адамдар сенің іс-әрекеттеріңді қалай қабылдауы мүмкін екенін әрдайым ескеруің керек болады.

Бір мысал қарастырсақ: сен таңертең жүгіремін деп шештің. Сен басқа адамдардан мына үш реакцияны күте аласың:

1. Мақұлдау. Сені мақтап, бастамаңды қолдайды. Мұндай жағдайда сенің жүгіруге деген ниетің артады.

2. Бейтарап. Сенің жүгіруді бастайын деп жатқаныңмен басқалардың шаруасы жоқ. Мұндай жағдайдың сенің ниетіңе ешқандай әсері жоқ (немесе кері әсері болуы мүмкін — егер сен мақтауды күткен болсаң).

3. Күлкі қылу, қолдамау. Мәселен, сенің идеяңды күлкі қылып, таңертең жүгіремін деген шешіміңді ақымақтық деп атады. Бұл жағдайда сенің ниетің әлсіреуі мүмкін (немесе керісінше күшеюі мүмкін).

Үшіншіден, ниеттің күшті не әлсіз болуы жасағың келетін іс-әрекеттің қаншалықты қиын екеніне де байланысты. Мысалы, сен өзіңе тамақ істеп, жегің келеді және бұл жағдайда сен бұны іске асырасың, себебі тамақ істеу аса бір қиын іс емес қой.

БІРАҚ 15 шет тілін үйрену НЕМЕСЕ әлемдегі биік 7 шыңды бағындыруға ниетің болғанымен, аталған іc-әрекеттерді жүзеге асыру қиынның-қиыны болғандықтан, олар тек арманда қалуы мүмкін.

Сонда біз бір қарапайым заңдылықты түсінеміз: іс-әрекет қаншалықты қиын болса, оны жасауға деген ниет соншалықты әлсіз болады.

Тек ниеттің күшті не әлсіз болуын бір ғана фактормен анықтамаған абзал. Барлық факторларды ескеру керек. Мәселен,

Сенде Назарбаев Университетіне түсемін деген ниет пайда болды. Иә, бұл оңай емес. Бірақ сенің ниетің соған қарамастан күшті болуы мүмкін. Өйткені, біріншіден, сен қолыңнан көп нәрсе келетінін өзіңе дәлелдейсің (іске деген сенің жеке қарым-қатынасың), екіншіден, сен басқаларға бұл ойың ақымақтық емес екенін, қолыңнан келетінін дәлелдейсің, басқалар сенің жетістігіңе қызыға да қызғана қарайтын болады (қоғамның пікірі).

Бұл жазбадан сен мотивациядан да маңызды нәрсе ниеттің бар екенін, оның не екенін, оның күшті болуы неге байланысты екенін білдің.

Жазбадан алған мағлұматтарды қолданып, ҰБТ-ға дайындалуға деген ниетіңді күшейтесің деген сенімдемін

Дереккөз: ҰБТ академиясы

Басқа материалдар:
  1. ҰБТ тапсырушы түлектерге ақыл-кеңес
  2. Мектеп оқушыларына 6 кеңес
  3. ҰБТ тапсырушыларға Шиара Құдайбергеновадан кеңес
  4. Интернет-маркетологтың қызметі қандай?
  5. SMM маманы деген кім?
  6. Data Scientist — деректер ғалымының қызметі қандай?
  7. Есте сақтау қабілетін арттырудың 7 құпиясы
  8. Зейгарник эффектісі. Есте сақтауды қалай арттыруға болады?
  9. Математика формулаларын қалай тез есте сақтауға болады?
  10. Физика пәнінен формулаларды қалай есте сақтауға болады?
  11. ҰБТ-ға дайындалуға арналған тәсілдер

Сызбанұсқада берілген айналымдарды жүзеге асыратын химиялық реакция теңдеулерін жаз

Иллюстрация: Freepik.com

Берілгені:

Сызбанұсқада берілген айналымдарды жүзеге асыратын химиялық реакция теңдеулерін жазыңдар. Реакция типін анықтаңдар.

а) CuO —> Cu —> CuO —> CuCl2

ә) Fe2O—> Fe —> FeCl2

Жауабы:

Басқа материал:

  1. 200 г ерітіндіде 10 г тұз бар. Ерітіндідегі тұздың массалық үлесі қанша?
  2. Осылардың ішінен өзара байланысы бар заттарды тауып жаз
  3. Төмендегі айналымдарды іске асыруға болатын химиялық реакция
  4. Массасы 1 г кальций карбонатын тұз қышқылымен әрекеттестіргенде қанша грамм натрий гидрокарбонаты түзіледі?
  5. ҰБТ-да химиядан кездесетін күрделі сұрақтардың жауабы
  6. Дәнді-дақылдар биохимиясы. Нан және макарон өнімдерінің тағамдық құрамын көтеру мен қазіргі кездегі жағдайы
  7. Көмірсулардың жіктелуі. Адам ағзасындағы көмірсулардың биохимиялық рөлі.
  8. Белоктардың физикалық және химиялық қасиеттері. Амин қышқылының классификациясы мен құрылымы
  9. Берілген заттардың: H3PO4, KOH, Ca(OH)2, HCl, H2SO4 арасында жүретін бейтараптану реакциясы
  10. Барий сульфатын, калий хлоридін, магний фосфатын қалай алуға болады?

Магний тұз қышқылы, мыс (ІІ) оксиді, сутек, оттек газдарынан қандай жаңа зат алуға болады?

Иллюстрация: Freepik.com

Берілгені:

Магний тұз қышқылы, мыс (ІІ) оксиді, сутек, оттек газдары берілген. Осыларды пайдаланып қандай жаңа заттар алуға болады? Жауаптарыңды тиісті химиялық реакция теңдеулерін жазу арқылы дәлелдеңдер.

Жауабы:

Басқа материал:

  1. 200 г ерітіндіде 10 г тұз бар. Ерітіндідегі тұздың массалық үлесі қанша?
  2. Осылардың ішінен өзара байланысы бар заттарды тауып жаз
  3. Төмендегі айналымдарды іске асыруға болатын химиялық реакция
  4. Массасы 1 г кальций карбонатын тұз қышқылымен әрекеттестіргенде қанша грамм натрий гидрокарбонаты түзіледі?
  5. ҰБТ-да химиядан кездесетін күрделі сұрақтардың жауабы
  6. Дәнді-дақылдар биохимиясы. Нан және макарон өнімдерінің тағамдық құрамын көтеру мен қазіргі кездегі жағдайы
  7. Көмірсулардың жіктелуі. Адам ағзасындағы көмірсулардың биохимиялық рөлі.
  8. Белоктардың физикалық және химиялық қасиеттері. Амин қышқылының классификациясы мен құрылымы
  9. Берілген заттардың: H3PO4, KOH, Ca(OH)2, HCl, H2SO4 арасында жүретін бейтараптану реакциясы
  10. Барий сульфатын, калий хлоридін, магний фосфатын қалай алуға болады?

Жан-жануарлар туралы қызықты жинақ

Иллюстрация: Freepik.com

1. Альбатрос сағатына қырық километр жылдамдықпен ұшып жүріп ұйықтай алатын ерекше қасиет иесі.

2. Алып арктикалық медузаның қармауыштары 36 метрге дейін жетеді екен.

3. Көбелек құртының басында 248 бұлшық ет бар.

4. Көбелектер қоректерін аяқтары арқылы алып, қоректенеді.

5. Егер арыстан мен ақ аю арпалысса, ақ аю жеңеді.

6. Егер ұлу көзінен айырылса, айға жетпейтін аралықта көзі қайта пайда болады.

7. Жыландар көздерін жұмбайды. Себебі, бізге көрінбейтін мөлдір қабақтарын жұмады.

8. Ең ақылды ит – бордер-колли тұқымдысы.

9. Ал «ақылды емес» ит тұқымына ауған жүйрігі жатады.

10. Акуланың қаңқасы сүйектен емес, шеміршектен тұрады, ол оның салмағының 60%-ын құрайды.

11. Алып кальмардың көзі баскетбол добының көлеміндей.

12. Әлемдегі ең мықты жәндік – саратан (мүйізтұмсық қоңызы). Ол өзінен 850 килограмм артық жүк көтере алады.

13. Тек қана сарқан балығының сүйегі жасыл түсті болады.

14. Масалар ересектерден гөрі балаларды, қараторылардан гөрі аққұба өңділерді шаққанды және көк түсті ұнатады.

15. Бұқалар түс ажырата алмайды.

16. Құмырсқалар ұйықтамайды.

17. Піл — төрт тізесі бар жалғыз жануар.

18. Жирафтың баласы туылғанда 1,5 метр биіктіктен құлап түседі.

19. Өркешінің қисықтығына қарамастан түйенің омыртқасы түзу келеді.

20. Ұрғашы иттер еркектеріне қарағанда көбірек қабады

21. Бірінші дүнежүзілік соғыз кезінде Оңтүстік Африкалық бір маймыл медальға және капрал деген әскери атаққа ие болды.

22. Дельфиндер бір көзін ашып ұйықтайды.

23. Көртышқандар бір түнде 76 метрлік тоннель қаза алады.

24. Ұлудың 25 000-нан аса тісі бар.

25. Түйеқұстың жұмыртқасын суда пісіруге 40 минут уақыт кетеді.

26. Колибри жүре алмайды.

27. Поляр ақ аюлары сағатына 40 шақырым жылдамдықпен жүгіре алады.

28. Жер бетінде өмір сүрген жануарлардың 99% жойылып кетті.

Басқа материалдар:

  1. Математиканы түсінуге көмектесетін ТОП 7 кітап
  2. ҰБТ тапсырушыларға Шиара Құдайбергеновадан кеңес
  3. Интернет-маркетологтың қызметі қандай?
  4. SMM маманы деген кім?
  5. Data Scientist — деректер ғалымының қызметі қандай?
  6. Web-дизайнер деген кім?
  7. Таргетологтың қызметі қандай?
  8. Контекстолог деген кім
  9. Копирайтер деген қандай мамандық?
  10. Контекстолог деген кім?
  11. Оқушы мен студентке арналған ең пайдалы 10 қолданба

Біз білмейтін қызықты мамандықтар

Әлемде талай қызық бар, әрі сонымен қатар өзгеше жұмыстар да бар. Ендеше бұрын-соңды біз білмеген мамандықтарға назар аударайық:

ПАНДАЛАРДЫ КҮТУШІ

• Елі: Қытай
• Жалақы деңгейі: жылына 32 000$
• Міндеттері: 365 күн осы жануарлардың қастарында болу, оларды күтіп-баптау, құшақтау, қуаныштары мен қайғыларын бөлісу.

Талаптары:
• Жас мөлшері 22-ден асуы;
• пандалар жайында шағын білімділігі;
• фотосуретке түсіру қабілеттілігі.

Бонустары: Тегін тамақ пен тұрақ.

АРАЛДЫ БАСҚАРУШЫ 

• Елі: Мальдивия Республикасы
• Жалақы деңгейі: айына 20 000$
• Міндеттері: Аралды, ас үйлер мен мекен-тұрақтарды тазалауды ұйымдастыру, мейрамханалар мен барларды жабдықтауға жетекшілік ету, яхта мен гидроциклдерге бас-көз болу, мини-спа ашу, қонақтардың трансферіне жауап беру.

Талаптары:
• Қонақүйлермен, клубтар мен мейрамханалармен басқара алу тәжірбиелілігі, мақтануға тұрарлық жеке және кәсіпқойлық жетістіктері.

Бонустары: Жеке құмды жағажай мен теңіз жанынан үй.

ТӘТТІЛЕРДІҢ ДӘМІН КӨРУШІ

• Елі: Бельгия
• Жалақы деңгейі: айына 2 000$
• Міндеттері: Апта сайын шамамен 2,5 кг-дай тәттілер жеп бітіру, дәміне, түсіне және өлшеміне баға беру.

Талаптары:
• Дәм сезу мен иіс сезу мүшелері дамығандығы;
• Жұмыс істеу тәжірибесі болуы;
• Аллергиясының болмауы;
• Көңіл-күйінің жоғары болуы;

Бонустар: Фитнеске төлем және компанияның өнімдеріне жеңілдік.

ҚОНАҚҮЙЛЕРДЕГІ КЕРЕУЕТТЕРГЕ ЖАТЫП КӨРУШІ 

• Елі: Әр елде (танымал туристтік орындардағы қонақүйлер)
• Жалақы деңгейі: келісімді
• Міндеттері: қонақүй жатын жайында бір түн ұйықтап шығу, алған әсері жайында интернетке жазу немесе қалай ұйықтағаны жайында таңертең жұмыс берушіге айтып беру.

БЕЙНЕОЙЫНДАРДЫ ОЙНАП КӨРУШІ

• Елі: АҚШ (Офисте немесе үйде ойнайды)
• Жалақы деңгейі: жылына 30 000$
• Міндеттері: Әртүрлі бейнеойындарды өтіп шығу, ойындағы бар қателіктерді, графика немесе сюжеттегі әлсіз тұстарды жасап шығарушыларға хабарлап тұру.

Талаптары:
• Кәсіпқой геймер болуы;
• ПК-мен жұмыс істей алу қабілеттілгі.

Бонустары: Ойынды ең бірінші болып өткен адамға сыйлық беріледі.

СУ СЫРҒАНАҚТАРЫН СЫННАН ӨТКІЗУШІ

• Елі: Англия
• Жалақы деңгейі: жылына 31 000$
• Міндеттері: Су аттракциондарына сырғанап, пікірін өзінің әлеуметтік желідегі парақшаларына жазу.

Бонустары: Компания жарты жыл сайын Түркия, Испания, Египет, Ямайка сияқты елдерге жеті күндік демалыс береді.

Басқа материалдар:

  1. Математиканы түсінуге көмектесетін ТОП 7 кітап
  2. ҰБТ тапсырушыларға Шиара Құдайбергеновадан кеңес
  3. Интернет-маркетологтың қызметі қандай?
  4. SMM маманы деген кім?
  5. Data Scientist — деректер ғалымының қызметі қандай?
  6. Web-дизайнер деген кім?
  7. Таргетологтың қызметі қандай?
  8. Контекстолог деген кім
  9. Копирайтер деген қандай мамандық?
  10. Контекстолог деген кім?
  11. Оқушы мен студентке арналған ең пайдалы 10 қолданба

Мектеп туралы қызықты фактілер

Иллюстрация: Freepik.com

— Әлемнің 43 елінде оқу жылы 1 қаңтардан басталса, 16 елде наурыз айында басталады. Біздің елімізде және 122 елде 1 қыркүйекте басталады.

-Чехияда ең жоғары баға «1», ал ең төмен баға «5». Францияда 20 балдық жүйедегі баға қойылады.

-«Сенбілік» Ресей патшалығы кезінде белгіленген.

-АҚШ туында бейнеленген жұлдызшаларды мектеп оқушысы ойлап тапқан.

-Америкалық жасөспірімдер шамамен 12000 сағат оқуға және 14000 сағат теледидир көруге жұмсайды.

-Ең көне оқу орны Фес қаласындағы «Карауин». Ол б.з.д. 859 жыл бұрын құрылған.

-Ең көп оқушы оқыған мектеп Үндістанда. 28000 мыңға жуық оқушы оқыған.

-Ең ұзақ оқу Ұлыбританияда болды. Роберт Кронин 52 жыл оқып, 72 жасында оқу бітірген.

-Ең қымбат оқу «Халықаралық бозбала мен бойжеткендердің мектебі». Оқу ақысы бір айға 77,5 мың доллар тұрады.

-Ең ұзақ оқу 56 сағатқа созылған. Биология профессоры өзінің дәрісін оқыған. Бұл 2003 жылы Австралияда болған.

Басқа материалдар:

  1. Математиканы түсінуге көмектесетін ТОП 7 кітап
  2. ҰБТ тапсырушыларға Шиара Құдайбергеновадан кеңес
  3. Интернет-маркетологтың қызметі қандай?
  4. SMM маманы деген кім?
  5. Data Scientist — деректер ғалымының қызметі қандай?
  6. Web-дизайнер деген кім?
  7. Таргетологтың қызметі қандай?
  8. Контекстолог деген кім
  9. Копирайтер деген қандай мамандық?
  10. Контекстолог деген кім?
  11. Оқушы мен студентке арналған ең пайдалы 10 қолданба
  12. ҰБТ-да төмен нәтиже көрсетудің себебі қандай?
  13. Мектеп оқушыларына 6 кеңес
  14. Жетістікке жетелейтін 19 әдет
  15. Адам миы туралы қызықты 30 мәлімет

Кітап туралы қызықты мәліметтер

— Баланы оқу-білімге үйрету 7 жасқа қарағанда 4-6 жасында оңайырақ жүреді.

— Ер адамдарға қарағанда әйелдер көп кітап (68%) сатып алады.

— Италиялық Рио Козелли ең іш пыстырарлық кітаптарды жинайды. Оның топтамасында 10 мың том кітап бар. Бір Италия ақыны кітабын сол жерден көріп, өз-өзіне қол жұмсауға шақ қалған.

— Әлемде кітаптардың жартысынан көбін 45 жастан асқандар сатып алады.

— Бір роман жазуға шамамен 500 сағат уақыт кетеді екен.

— Хормен кітап оқу марафонының ең ұзақ уақыты – 224 сағат.

— Ғылымда кітап ұрыларын – библиоклептоман деп атайды. Әлемге әйгілі библиоклептоман – Стивен Блумберг. Ол 270 кітапханадан 23 мың сирек кездесетін кітаптар ұрлаған. Топтамасының жалпы бағасы 20 миллион доллардан асады.

— Қазіргі заманғы ең танымал жазушы – Агата Кристи. Оның кітаптары әлі де әлемнің 50 тілінде баспадан шығып келеді. Осы күнге дейін Агата кітаптарының таралым саны 2 миллиардтан асты.

— Әлемдегі ең ауыр кітап – Ұлыбритания мұражайында сақталып тұрған XVII ғасырға тән географиялық карта. Оның бойы 1,9 метр; салмағы 320 киллограмм.

-Google әлемде жарық көрген барлық әдеби, ғылыми, публицистикалық шығармалар санын есептегенде олардың саны 130 миллионнан асқан.

— Минутына 2000 сөз оқыған Наполеон әлемдегі ең танымал кітап кейіпкері. Ол туралы 10 мыңнан астам түрлі жанрларда кітап жазылған.

— Дүниедегі ең ежелгі кітап біздің заманымызға дейінгі 3350 жылы жазылған. Бұл қолжазба оны тапқан Эмил Присс құрметіне «Присс папирусы» деп аталған. Авторы перғауынның уәзірі – Пта Готеп. Ол жастардың еріншектігін, жалқаулығын сынаған.

Гастрит неден пайда болады?

Иллюстрация: Freepik.com

Егер асқазан тұсында ауырсыну мазалап, аузыңыздан жағымсыз иіс шығып, жүрек айнып, тамақ қорыта алмай жүрсеңіз немесе қыжыл, кекіру көп байқалса, гастроэнтерологқа дереу қаралу керек.

Сізде гастрит болуы әбден мүмкін.

Ол асқазан кілегей қабығының қабынуы нәтижесінде қызметінің бұзылуы, асқынуы дегенді білдіреді. Статистикаға сенсек 80-90 % адам бір рет болсада гастритпен ауырған екен.

Ол неден пайда болады?

Тамақты уақытында ішпеу және дұрыс тамақтанбау, фастфуд (тез дайын болатын тағамдар) жеу, газдалған сусындар ішу, ретсіз сағыз тұтыну, және де қазіргі тағамдардың құрамындағы қоспалар… айта берсек көп. Осылардың барлығы гастритке әкеледі.

Гастритпен ауыратын адамдарға ішіп-жеуге болмайтын тағамдар:

— майлы тағамдар
— қуырылған тағамдар
— шоколад
— кофе
— газдалған сусын
— алкоголь — ащы, қышқыл тағамдар
— тәттілер

Тексеру шаралары:

ФЭГДС (фиброэзофагогастродуоденоскопия) өту қажет.

Қажет болған жағдайда келесі қосымша тексерулерден өту:

-іш қуысы мүшелерінің УЗИ тексеруі;

— қан анализдері

Ары қарай қойылған диагнозға сай дәрігер тағайындауымен ем алу керек

Ем әрине ең бірінші диетадан басталатынын ұмытпауымыз қажет.

Басқа материалдар:

  1. ҰБТ тапсырушы түлектерге ақыл-кеңес
  2. Мектеп оқушыларына 6 кеңес
  3. ҰБТ тапсырушыларға Шиара Құдайбергеновадан кеңес
  4. Интернет-маркетологтың қызметі қандай?
  5. SMM маманы деген кім?
  6. Data Scientist — деректер ғалымының қызметі қандай?
  7. Есте сақтау қабілетін арттырудың 7 құпиясы
  8. Зейгарник эффектісі. Есте сақтауды қалай арттыруға болады?
  9. Математика формулаларын қалай тез есте сақтауға болады?
  10. Физика пәнінен формулаларды қалай есте сақтауға болады?
  11. Сағыздың зияны туралы білесіз бе?