ҰБТ-да географиядан кездесуі мүмкін сұрақтар жауабымен

Иллюстрация: Freepik.com

Дүние жүзіндегі ең қуатты жылы ағыс: Гольфстрим

Картада мұхиттардың ең терең шұңғымалары белгіленетін белгі: цифр

Солтүстік Қазақстан экономикалық ауданындағы асбест кен орны: Жітіқара

Алюминий зауыты орналасқан қала: Павлодар

Батыс Қазақстанның маманданған саласы: мұнай-химия

Глобуста меридианға кесе-көлденең орналасқан сызықтар: параллельдер

Азаматтың көпшілігі сөйлейтін тіл семьясы: үнді-еуропалық

Ірі қалаларлардың төңірегінде бірнеше қалалық елді мекендердің пайда болып шоғырлануы: Агломерация

АҚШ-тағы экономикалық аудандар саны: 4

Аспан денелерін бақылап, Ай мен Күннің тұтылуын есептеген ғалым: әл-Фараби

Кокстелетін көмір өндіруден алдыңғы орындағы ел: Қытай

Түркияның ең үлкен қаласы: Стамбұл

Оңтүстік бөлігін Копетдаг тау сілемдері алып жатқан Орта Азия елінің астанасы: Ашғабат

Қазақстандағы Алтай тауының бөліктері: Оңтүстік Алтай, Қалба, Батыс Алтай

Сауыр тауындағы көмір кен орны: Кендірлік

Сауыр тауының ең биік нүктесі: 3816 м

Қалпына келетін ресурстар: топырақ, су, орман

Қазақстанның шығыс шекарасындағы мемлекет: Қытай

Африкадағы Сахара шөлінің тұрғындары өсіретін дақыл: мақта

Аустралиядағы машина жасау өнеркәсібінің ірі орталықтары: Сидней, Мельбурн

Батыс Сібір жазығының Қазақстанға кіретін бөлігі: оңтүстігі

Атлант мұхитының ең таяз жері орналасқан қайраң: Доггер-Банка

Қазақстан Каспий теңізі арқылы байланыса алатын мемлекеттер: Әзірбайжан, Иран

Күкірт қышқылы алынатын ауыр металдар кендерінің орталықтары: Жезқазған, Балқаш, Өскемен

Қаратау жотасында кездесетін минералды ресурс: фосфорит.

Басқа материалдар: 

Химиядан теориялық сұрақтар жауабымен

Freepik.com

1. Альдегидтердің реакцияға түскіштігі байланысты болады: Карбонил тобына

2. Негізгі топшаларда элементтердің металдық қасиеттері жоғарыдан төмен қарай: Артады

3. Кальций хлориді мен күміс нитратының арасында жүретін толық және қысқартылған иондық теңдеулерінің коэффициенттерінің сандары: 12 және 6

4. Нәруыздың екінші реттік құрылымындағы химиялық байланыс: Сутектік

5. Натрий оттекте жанғанда: Натрий пероксидін түзеді

6. Табиғи каучуктың отаны: Бразилия

7. Алюминийді таза күйінде алғаш алған ғалым: Велер

8. Пентанның этаннан реакцияға түсу айырмашылығы : Изомерлену

9. Табиғи каучуктың мономері: Бутадиен

10. Атомдық кристалдық тордағы байланыс: Ковалентті

11. Карбон қышқылы мен спирттің әрекеттесу нәтижесінде түзіледі: Күрделі эфирлер

12. Этиламиннің жану реакция теңдеуінің сол жағындағы коэффициенттер қосындысы: 19

13. Кәдімгі жағдайда қышқылдар сұйық және қатты күйде болады. Күші орташа қышқыл тұзбен әркеттескенде нан пісіруде және алкогольсіз сусындар дайындауға қолданылатын қышқылдық тұз алынады. Қышқылдың атауы: Ортофосфор

14. Анилин алу реакциясын ашқан: Н.Н Зинин

15. Галогендер өкілі емес: Радон

16. Аминқышқылдарының өзара әрекеттесу нәтижесінде түзілетін байланыс: Пептидтік

17. Полимер бұйымдары қасиеттері мен олардан жасалатын заттардың түріне, өндіруіне байланысты 4 типке бөлінеді: Конструкциялық пластиктер, эластомерлер, талшықтар, лактар

18. Ас тұзының формуласы және құрамындағы металдың массалық үлесі: NaCI, 39,3%

19. Ақ фосфор молекуласының құрылысы: Үш қырлы пирамида

20. Тамақ өнімі ретінде қолданылмайтын көмірсу: Целлюлоза

21. Химиялық реакцияның жылдамдығына әсер етпейтін факторлар: Ыдыстың ауданы

22. Молекуласында сутектік байланыс түзілмейтін зат: Метан

23. Азот бойынша тығыздығы 1,07-ге тең алкан формуласы: Этан
24. Көмірді химиялық өңдеу әдістері: Пиролиз, Газдандыру, Гидрогендеу

25. Қара түсті металл оксидінде тотығатын, тамақ өнеркәсібі мен медицинада пайдаланылатын, өзіне тән иісі бар, түссіз сұйық зат: Этанол

26. Органикалық қосылыстарға тән байланыстар: Ковалентті және сутектік

27. Қалақай мен шырша жапырағында кездесетiн карбон қышқылы: Құмырсқа қышқылы

28. Фенол метал гидроксидімен әрекеттескенде түзілетін зат класы : Тұздар

29. Синтезді талшықтар: нитрон, лавсан, капрон

30. Құрамында көміртек атомы бар минерал : Доломит

Басқа материал:

  1. Дәнді-дақылдар биохимиясы. Нан және макарон өнімдерінің тағамдық құрамын көтеру мен қазіргі кездегі жағдайы
  2. Көмірсулардың жіктелуі. Адам ағзасындағы көмірсулардың биохимиялық рөлі.
  3. Белоктардың физикалық және химиялық қасиеттері. Амин қышқылының классификациясы мен құрылымы
  4. Химиядан тест сұрақтары жауабымен
  5. Мобильді құрылғылар сипаттамасы
  6. Виртуалды машиналар туралы мәлімет
  7. Вир­туал­ды жә­не ке­ңей­тіл­ген шын­дық де­ге­ні­міз не?
  8. Инфографикамен жұмыс істеуге арналған тегін немесе тарифы төмен сервистер

ҰБТ-да биологиядан кездесуі мүмкін сұрақтардың жауабы

1. Өсімдіктердің суды топырақтың сіңіруі: минералды қоректену

2. Жасушаның ішінде үздіксіз қозғалыста болады: Цитоплазма

3. Топырақты құнарландыру үшін пайдаланылады: Тыңайтқыш

4. Дәнекер ұлпасының сұйық түрі: Қан

5. Бас бөлігі жойылатын кеткен ұлу: Айқұлақ

6. Энцефалит вирусын тасымалдаушы жәндік: Тайгалық кене

7. Үшбұрыш пішінді жалпақ сүйек: Жауырын

8. Нәруызды синтездейді: Рибосома

9. Қосарлы атаутізім ұсынған ғалым: К.Линней

10. Бүйректің құрылысы: Үрмебұршық пішінді, қызғылт-қоңыр түсті

11. Мәдени өсімдіктерді өсіру мақсатында құрылған: Агроценоз

12. Балықтың жүрегі арқылы ағып өтетін қан: Вена

13. Организмге тән ішкі және сыртқы белгілердің жиынтығы: Фенотип

14. Биосферада тірі организмдер биомассасының ең көп шоғырланған аймағы: Құрлық пен мұхит суының беткі қабаты

15. Жыланның уы орналасқан: Улы тістерінде

16. Бір ұшымен бет сүйегіне, екінші ұшымен теріге бекінетін бұлшықет: мимикалық

17. Дрозофила шыбынының хромосомасының тіркесі тобының саны: 4

18. Бұршақ тұқымдас өсімдіктерді егу арқылы топырақ құрамындағы азоттың мөлшерін молайтуға болатын бактерия: Түйнек

19. Жөтелге қарсы дәрі ретінде қолданылатын бұршақ тұқымдас өсімдік: Жалаң қызыл мия

20. Сусарлар тұқымдасына жататын дене тұрқы ірі жыртқыш аң: Борсық

21. Зәрдің сыртқа шығарылуын реттейді: Вегетативті жүйке жүйесі

22. Жұмсақ бидайдың хромосомасына сары дақ ауруына төзімділікті анықтайтын генді салған ғалым: Е.Сирс

23. Қызанақ жемісінің домалағы мен тегершік тәрізді пішіні доминантты белгі, осы екі ген біріккенде жаңа алмұрт пішінді жеміс пайда болған. Әрекеттесудің түрі: Комплементарлық

24. Осы заманғы алғашқы адамдар: неоантроптар

25. Шашақ тамырлы өсімдік: Сарымсақ

26. Қылқанжапырақты өсімдік: Самырсын

27. Төменгі сатылы маймыл: Павиан

28. Қант қызылшасын зақымдайтын жұмыр құрт: Жіпшеқұрт

29. Талшықтардың жәрдемімен қозғалатын қарапайым жәндік: Лямблия

30. Сол жақ өкпе бөліктерінің саны: 2

Басқа материалдар: 

  1. Биологиядан ҰБТ сұрақтары (І нұсқа)
  2. Биологиядан ҰБТ сұрақтары (ІІ нұсқа)
  3. Липидтер. Адам ағзасындағы негізгі майлар және олардың биологиялық рөлі
  4. Сорбит ұнтағы мен лактоза, крахмал туралы
  5. Көмірсулардың жіктелуі. Адам ағзасындағы көмірсулардың биохимиялық рөлі.
  6. Биологиядан үлгілік ҰБТ сұрақтары
  7. Ағзалардың химиялық құрылымы
  8. Дәнді-дақылдар биохимиясы. Нан және макарон өнімдерінің тағамдық құрамын көтеру мен қазіргі кездегі жағдайы
  9. Көмірсулардың жіктелуі. Адам ағзасындағы көмірсулардың биохимиялық рөлі.
  10. Белоктардың физикалық және химиялық қасиеттері. Амин қышқылының классификациясы мен құрылымы

Қазақ хандары мен жүз билеушілері

Иллюстрация: Freepik.com
Ұлы жүз билеушілері
1.  Жолбарыс хан, Тұрсын сұлтан II ұлы, (Шығай ханның Аман-Бұлан сұлтан деген ұлынан тараған ұрпағы) 1715—1718 жылдары билеген.
2. Есім сұлтан, Сәмеке хан ұлы, Тәуке хан немересі 1750—1798 жылдары билеген.
3. Әбілфайыз хан, Әбілмәмбет хан ұлы, 1771—1783 жылдары билеген.

Орта жүз билеушілері

1. Қайып хан, Хысырау сұлтан ұлы (Есім хан ұрпағы), 1715—1718 жылдары билеген.
2. Болат хан, Тәуке хан ұлы, 1718—1729 жылдары билеген.
3. Сәмеке хан, Тәуке хан ұлы, 1719—1734 жылдары билеген.
4. Әбілмәмбет хан, Болат хан ұлы, 1729—1771 жылдары билеген.
5. Күшік сұлтан, Тұрсын сұлтан ұлы, (Шығай ханның Ондан сұлтан деген ұлынан тараған ұрпағы) 1718—1748 жылдары билеген.
6. Барақ сұлтан, Тұрсын сұлтан ұлы, 1731—1748(1750)? жылдары билеген.
7. Абылай хан, Көркем Уәли сұлтан ұлы, 1771—1781 жылдары билеген.
8. Уәли хан(1741—1819), Абылай хан ұлы, 1781—1819 жылдары билеген.
9. Дайра хан, Барақ сұлтан ұлы, 1781—1784 жылдары билеген.
10. Бөкей хан, Барақ сұлтан ұлы, 1815—1817 жылдары билеген.
11. Шыңғыс сұлтан, Бөкей хан ұлы, (Барақ сұлтан немересі) 1819—1822 жылдары билеген.
12. Ғұбайдолла хан, Уәли хан ұлы, 1821—1824 жылдары билеген.
13. Кене хан (1802—1847), Қасым сұлтан ұлы, (Абылай хан немересі) 1841—1847 жылдары билеген.

Кіші жүз билеушілері
Ресей Империясы тағайындаған хандар

1.Әбілқайыр хан, Қажы сұлтан ұлы, (Әз-Жәнібек ханның Сөк сұлтан деген ұлынан тараған ұрпағы) 1718—1748 жылдары билеген.
2.Нұралы хан, Әбілқайыр хан ұлы, 1748—1786 жылдары билеген.
Жармұхамбет хан, Әбілқайыр хан ұлы, 1786—1791 жылдары билеген.
3.Ералы хан, Әбілқайыр хан ұлы, 1791—1794 жылдары билеген.
4.Есім хан, Нұралы хан ұлы, 1796—1797 жылдары билеген.
5.Айшуақ хан, Әбілқайыр хан ұлы, 1797—1806 жылдары билеген.
6.Жантөре хан, Айшуақ хан ұлы, 1806—1810 жылдары билеген.
7.Шерғазы хан, Айшуақ хан ұлы, 1812—1824 жылдары билеген.

Бөкей Ордасы билеушілері

1.Бөкей хан, Нұралы хан ұлы, 1800—1815 жылдары билеген.
2.Шығай хан, Нұралы хан ұлы, 1815—1823 жылдары уақытша билеген.
3.Жәңгір хан, Бөкей хан ұлы, 1824—1845 жылдары билеген.
4.Сайып-Керей хан, Жәңгір хан ұлы, 1845—1847 жылдары билеген.

ҚАЗАҚ ХАНДАРЫ

1. Керей хан, Болат сұлтан ұлы, Орыс хан шөбересі 1465—1474 жылдары билеген.
2. Әз-Жәнібек хан, Барақ хан ұлы, Орыс хан шөбересі 1474—1480 жылдары билеген.
3. Бұрындық хан, Керей хан ұлы, 1480—1511 жылдары билеген.
4. Қасым хан, Әз-Жәнібек хан ұлы, 1511—1522 жылдары билеген.
5. Момыш хан, Қасым хан ұлы, 1522—1523 жылдары билеген.
6. Тайыр хан, Әдік сұлтан ұлы, 1523—1533 жылдары билеген.
7. Бұйдаш хан, Әдік сұлтан ұлы, 1533—1538 жылдары Жетісу өңірін билеген.
8. Тоғым хан, Жәдік сұлтан ұлы, 1533—1537 жылдары билеген.
9. Ахмет хан, Жаныш сұлтан ұлы, 1533—1535 жылдары Сырдария маңын билеген.
10. Хақ-Назар хан, Қасым хан ұлы, 1538—1580 жылдары билеген.
11. Шығай хан, Жәдік сұлтан ұлы, 1580—1582 жылдары билеген.
12. Тәуекел хан, Шығай хан ұлы, 1582—1598 жылдары билеген.
13. Есім хан, Шығай хан ұлы, 1598—1628 жылдары билеген.
14. Жәнібек хан, Есім хан ұлы, 1628—1643 жылдары билеген.
15. Салқам Жәңгір хан, Есім хан ұлы, 1643—1652 жылдары билеген.
16. Батыр хан, Бөлекей сұлтан ұлы (Әз-Жәнібек хан ұлы, Өсеке сұлтанның ұрпағы), 1652—1680 жылдары билеген.
17. Тәуке хан, Жәңгір хан ұлы, 1680—1715 жылдары билеген.
18. Қайып хан, Хысырау сұлтан ұлы (Есім хан ұрпағы), 1715—1718 жылдары билеген.
19. Болат хан, Тәуке хан ұлы, 1718—1729 жылдары билеген.
20. Әбілмәмбет хан, Болат хан ұлы, 1729—1771 жылдары билеген.
21. Абылай хан, Көркем Уәли сұлтан ұлы, 1771—1781 жылдары билеген.
22. Кене хан (1802—1847), Қасым сұлтан ұлы, (Абылай хан немересі) 1841—1847 жылдары билеген.

Басқа материалдар:
  1. Оқу сауаттылығынан мәтін тақырыбын қалай қояды?
  2. Вендинг кәсібінің артықшылығы мен кемшілігі
  3. «Шаштараз» бизнесін қалай бастауға болады?
  4. Фотостудия кәсібін қалай дамытуға болады?
  5. ҰБТ тапсырушы түлектерге ақыл-кеңес
  6. Мектеп оқушыларына 6 кеңес
  7. ҰБТ тапсырушыларға Шиара Құдайбергеновадан кеңес
  8. Көркем троптар, олардың түрлері
  9. Оқу сауаттылығынан мәтіндік сұрақтар жауабымен (6-10 мәтін)
  10. Әдебиет – сөз өнері.  Әдебиет туралы ғылым, оның салалары.
  11. Өнерінің эстетикалық табиғаты
  12. Сөз өнерінің образдық табиғаты. Образ, жасалу жолдары және оның түрлері
  13. ҰБТ-ға дайындықты ерте бастаудың артықшылықтары

Қазақстан тарихынан ҰБТ-да кездесуі мүмкін 189 сұрақ жауабымен

Иллюстрация: Freepik.com

1. Ең көне тас құралдар табылды: Оңтүстік Қазақстаннан
2. Әмір Темір Орта Азияда билік құры: 1370-1405 жж
3. К. Қасымұлы бастаған көтеріліс Қазақстанның қай өңірін қамтыды: Үш жүзді
4. «Сібір қазақтарының Ережесі» бойынша ауыл құрады: 50-70 шаңырақтан
5. 1825 жылы өз жерлерінде сыртқы округ ашуға келісім берген Ұлы жүздің руы: Үйсін
6. ХІІІ ғасырға дейін «қазақ» атауының қолданып келген мағынасы: Еркін адамдар
7. Ресейдегі Ақпан төңкерісі болған жыл: 1917 жылы
8. Ұлы Отан соғысы басталды: 1941 жылы
9. Көшпелілердің қола дәуіріндегі тарихы мен мәдениетін зерттеген: Ә. Марғұлан
10. Үйсіндерде жерленген адамның басы қаратылған тұс: Батысқа
11. Қимақ қағанатының құрамында болған ең көп және күшті тайпа: Қыпшақтар
12. «Дін үшін соғыс» ұранымен араб қолбасшысы Насыр ибн Сейяр Қазақстанның Оңтүстігін басып алды: 737-748 жж
13. «Жамиғат-тауарих» еңбегінің авторы: Қадырғали Жалайыр
14. Керей мен Жәнібек бастаған қазақтарды қолдаған Моғолстан ханы: Есен Бұға
15. Қазақтың ханын сайлауға барлық рудан қатысты: Атақты, сыйлы шонжарлары
16. Қазақтардан ант алуға Ресейдің орыс елшілігінен басқарып келген: А. Тевкелев
17. Амангелді бастаған 15 мың көтерілісші қоршаған қала:Торғай
18. «Аса ірі бай шаруашылықтары мен жартылай феодалдарды кәмпескелеу және жер аудару туралы» декреті шыққан жыл:1928 ж
19. Қарағанды кеншілері ереуілге шыққан мерзім: 1989 ж. Шілде
20. 960 жылы исламды мемлекеттік дін деп жариялаған Қазақстандағы ерте ортағасырлық мемлекет:Қарахан мемлекеті
21. Өзбек ұлысында XV ғ. ер жүректері қазақтар екенін жазған тарихшы: Рузбихан
22. 1584 ж. Ермакты жеңген қазақ батыры: Сәтбек
23. ХІХ ғ. соңындағы Қазақстандағы жұмысшы қозғалыстарының саяси әлсіздігі: өндіріс орнының ұсақтығы, жұмысшы санының аздығы
24. Ішкі істер министрі Дурново Қазақстандағы қарсылықтарды басуға тапсырма берген жыл: 1906 ж. 10 қаңтар
a. жылы республикадағы жоспарлаудың жаңа формасына көшірілген кәсіпорындардың үлесі: 80 %
25. Еуразия құрлығының Шығысы мен Батысын жалғастырып отырған ежелгі сауда жолы: Ұлы Жібек жолы
26. Қайыр хан әскерімен Отырар қаласын неше ай қорғаған: 5-6 ай
27. 1711-1781 жылдары өмір сүрген қазақтың ұлы ханы: Абылай
28. Ұлы Отан соғысына қатысқан қазақтың батыр қыздары: Әлия мен Мәншүк
29. Қазақстан Республикасының БҰҰ-ға мүшелікке өткен уақыты: 1992 жылы 2 наурыз
30. Кейінгі палеолит дәуірін алмастырған дәуір: Мезолит
31. Археологтар тапқан Қазақстан жеріндегі қола дәуіріне жататын тайпалардың жұрттарының саны: 100-ден астам
32. 1211-1213 жж. Жетісудағы билік қай найман билеушісінің қолына өтті: Күшлік ханның
33. XV ғ. 20 ж. Әбілқайыр хандығы қандай жерлерді алып жатты: Батыста Жайықтан, шығыста Балқашқа дейінгі
34. Столыпиннің аграрлық реформасы қабылданды: 1906 және 1910 жж
35. 1929 ж. Қызылордадан ауысқан ҚазАКСР-ы астанасы: Алматы
36. Ұлы Отан соғысына дейінгі бесжылдық қорытындысы бойынша бірінші орынға шыққан Қазақстан өндірісі: Қорғасын
37. Қазақстан Ғылым Академиясының тұңғыш президенті: Қ. Сәтбаев
38. Қазақстанда 1954-1958 жж. неше өнеркәсіп орындар мен цехтар іске қосылды: 730
39. Ертедегі жазба деректерде өмірі аттан түспейтін аттылы адам: «түркі» деген мағынаны беретін
40. 1253 ж. Вильгельм Рубруктың осы қалада ирандықтардың сауда орындары бар деп атайтын Іле аңғарындағы үлкен қала: Эквиус
41. Ресейдің қазақстанды жаулап алуы аяқталды: ХІХ ғ. 70 жылдары
42. Кенесары Қасымұлы басқарған көтерілісшілер арасында сатқындық-опасыздық жасағандарға жазаның қандай түрін қолданды? Өлім жазасына кесу
43. . 1867-1868 жж. «Реформа» бойынша сот жүйесінің төменгі буыны: Билер мен қазылар соты
44. 1920 ж. Наурыздың аяғына қарай Семей облысының солтүстік жағы ақгвардияшылардан азат етіліп, соған байланысты жойылған майдан: Жетісу
45. Индустрияландыру жылдарында Қазақстанда салынып, «Екінші Баку» деп аталған жаңа мұнай базасы: Ембі мұнай кәсіпорны
46. 1930 жылғы Созақ ауданындағы шаруалар көтерілісі басшыларының бірі: Жақыпов
47. 1960-1980 жж. КСРО-да жүргізілген мемлекеттік іс-шаралар жүйесінің атауы: Тоқырау
48. Қазақ халқынан шыққан алғашқы ғарышкер: Тоқтар Әубәкіров
49. XV ғ. соңында Шайбани ұрпағы мен Қазақ хандығы арасындағы күрестің себебі: Сырдария қалалары
50. Қоршау, қамал немесе қала ішіндегі күшті қорғаныс құрылысы бар бөлік: Цитадель
51. Орда Ежен хандығын үйсін руынан шыққан қандай би арқылы басқарған: Майқы би
52. Қазақ халқының жылқы сүтінен жасап ішетін сусыны: қымыз
53. Жер-жерде даладағы дәстүр бойынша кімдердің өкілдерін хан сайлаған? Ақсүйектердің
54. Бүкілқазақтық Алашорда Кеңесінің төрағасы: Ә. Бөкейханов
55. Қазақ шаруаларының 1821 жылғы көтерілісін басқарған: Тентек төре
56. Түгіскен кесенесі салынған құрылыс материалы: Күйдірілмеген кірпіш
57. XIV ғ. Ақ Орданың астанасы: Сығанақ
58. 1860 жылы Қазандағы орыс әскерлері мен Қоқан әскері арасындағы үш күндік шайқас болып өткен жер: Ұзынағаш түбінде
59. ХХ ғ. басында Қазақстандағы ағарту ісін дамытуда, оны уағыздауда белгілі орын алған журнал: «Айқап»
60. Ф. Голощекиннің саясатына қарсы оппозиция басшыларының бірі: С. Сәдуақасов
61. Қазақ КСР Жоғары Кеңесінің бірінші сессиясын ашқан ақын: Жамбыл
62. 1943 жылы жарық көрген «Қазақ КСР тарихы» атты еңбектің авторларның бірі: Е. Бекмаханов
63. 1958 жылы өнім өндіру жөнінен Қазақстан Одақтық Республикалар ішінде алған орны: 3
64. ІХ-ХІІ ғ. Сырдария сағасындағы ірі сауда орталығы: Янгикент
65. Зороастризм дінін VI-VII ғ. Қазақстан қалаларында таратқан: соғдылар
66. Қазақ хандығының өзі басқарып отырған елінен іріктеп алған шағын жасағы: төлеңгіттер
67. Азамат соғысы кезіндегі Ақмола атқару комитетінің мүшесі: А. Байтұрсынов
68. Армия шинельдеріне арналған шұға берген фабрика: Қарғалы
69. ЖЭС нәтижелерінің бірі: Мал басы мен егін салу алқаптарының көбеюі
70. 1930-1932 жж. еліміздегі жаппай етек алған жағдай: Ашаршылық
71. Ұлы Отан соғысы кезінде теңіз порты салынған қала: Гурьев
72. 1716 жылы І Петрға елшілік жіберген хан: Тәуке хан
73. Республикада 1954 мен 1986 жылдар аралығында жабылған қазақ тіліндегі мектептер саны: 600 ден астам
74. Горхан – бұл Қарақытайлардың басшысы
75. Көне түрік тілінде жазылған жәдігерлердің саны: 200- ден астам
76. Отырарда Шыңғыс хан саудагерлерінің өлтірілген жылы: 1218 жылы
77. Қазақ хандығында үстемдік еткен, әлемдік діндердің бірі: Ислам
78. Қазақ қоғамында хан тағынан үміт еткендер: Шыңғыс ханның ұрпақтары
79. 1594 ж. Мәскеуге Тәуекел ханның елшілігін басқарып келген: Құл-Мұхаммед
80. Абылай ханның бала кезіндегі лақап аты: Сабалақ
81. Е. Пугачев басқарған шаруалар көтерілісі қамтыған мерзім: 1773-1775 жж
82. ХІХ ғ. қазақ күй өнерінің классигі, күйші: Құрманғазы
83. Германияның КСРО-ға қарсы қауырт соғыс жоспары аталды: «Барбаросса»
84. «Тотемизм» дегеніміз: Шығу тегін жануарлармен байланыстыру
85. Көне дәуір авторларының еңбектерінде «сармат» атауының кездесетін мерзімі: б.з.б. 3 ғасыр
86. Қарақытай мемлекетін құрған тайпа: Қидандар
87. Жібек жолының Қазақстандағы Солтүстік – Шығыс тармағы арқылы Монғолияға Мөңке хандығына барып қайтқан елші: Рубрук
88. Көне Отырар қаласының батыс жағында 3 км жерде орналасқан кесене: Арыстан баб
89. 1883 жылдан бастап Жетісуда жаңадан қоныс аударушы шаруаларға берілген жеңілдік: Салықтан үш жылға босатылды
90. Ахмет Иасауидің шәкірті: С. Бақырғани
91. ЖЭС жылдары пайдалануға беріліп, 1923 жылға қарай одақта өндірілетін қорғасынның 40 %-ын берген өнеркәсіп:
92. Риддер қорғасын зауыты
93. 1960-1980 жж. есімі ғылыми ортада ғана емес, көпшілік қауым арасында да танымал академик-ғалым: Е. Букетов
94. Тұңғыш қазақ ғарышкері Т. Әубәкіровтың өмірге келген өңірі: Қарағанды
95. Сақ, сармат, үйсін тайпаларының келбеттері андроновтықтарға ұқсас екендігін айтқан антрополог ғалым: О. Смағұлов
96. 1859 жылы Ұлы жүз бен Қырғыз елінің солтүстік шекарасына тұрғызылған бекініс: Кәстек
97. 1881-1884 жылдары Қазақстанға қоныс аударған дүнгендер саны: 5000
98. 1853 және 1905 жылдар арасында патша үкіметінің көшпенді қазақтардан тартып алған жер көлемі: 4 млн десятина 99. Азамат соғысы жылдарында Кеңарал болысында партизан жұмысын ұйымдастырушы: Ө. Ыбыраев
99. Жастар ұйымы мен балалардың коммунистік құрылымы: Пионер ұйымы
100. Қарахан елінің мемлекеттік діні: Ислам
101. Атақты қобызшы Қорқыт ата күмбезі орналасқан аймақ: Қызылорда облысы
102. Қазақ хандығының негізін салушылар: Жәнібек пен Керей
103. Баба сұлтанның астыртын жіберген адамдары Хақназар ханды, оның туыстарын өлтірген жыл: 1580 жылы
104. Аңырақай түбінде барлық қазақ жасақтарына қолбасшылық жасаған: Әбілқайыр
105. 1791 жылы Кіші жүздің ханы болып сайланды: Ералы
106. 1822 жылғы «Сібір қазақтарының Ережесі» бойынша 12 класқа жататын шенеуніктерге теңілді: Болыс сұлтандары
107. Поляк азаттық күресінің өкілі Густав Зелинскийдің Қазақстанда кең тараған поэмасы: «Қырғыз» поэмасы
108. 1941 жылы ленинградтықтарға «Ленинградтық өренім!» деген жырын арнаған қазақ ақыны: Ж. Жабаев
109. Көшпелілер баспаналарындағы киелі санаған орын: Ошақ маңы
110. Әмір Темір 1371-1372 жж. әскерін жорыққа аттандырды: Моғолстанға
111. ХІІІ ғ. басында жасалған мәмліктік Египет мемлекетінің «араб-қыпшақ» сөздігінде «қазақ» сөзіне берілген түсіндірме:
112. «Еркін», «кезбе»
113. XIV-XV ғғ. жататын эпостық жыр: «Қобыланды батыр»
114. Сібір елін монғолдар жаулап алғаннан кейін Жошы ұлысына кіргенін жазған шежіреші: Рашид ад-Дин
115. Қапал бекінісі салынды: 1847 жылы
116. Кадет партиясы Орталық комитетінің мүшесі болған қазақ азаматы: Ә. Бөкейханов
117. Халық бұқараның мәдени деңгейін көтеру мақсатында 1924 жылы ұйымдастырылған қоғам: «Сауатсыздықты жою» қоғамы
118. Ұлы Отан соғысынан кейінгі жылдары партиялық әкімшілік қоғамтанушы ғалымдардан талап еткен зерттеулер:
119. Коммунистік идеологияны қуаттаған зерттеулер
120. Жаңаөзен қаласында халық бұқарасының ірі бас көтеруі болды: 1989 ж. Маусым
121. Ресей мен Қазақстан шекарасында орналасқан, ежелгі қалалардың ең ескі тұрағы: Арқайым
122. Соғды тілінде жазылған қол жазба Жібек жолы арқылы жеткізіліп, осы уақытқа дейін сақтаулы тұрған ел: Жапония
123. 1891 ж. «Ережеге» сай Қазақстанда құрылған генерал-губернаторлық: Дала генерал – губернаторлығы
124. 1902-1905 жылдары Орынбор –Ташкент шойын жолына жұмысқа тартылғандардың саны: 30 мыңға жуық
125. 1916 жылы тамызда 5 мыңнан астам көтерілісшілер жазалаушы отрядын талқандап, басып алған жәрмеңке: Қарқара 125. Семей ядролық полигонында ауада ашық жарылыстар жасалды: 1949-1963 жылдары аралығында
126. Қазақ жерінде исламды мемлекеттік дін ретінде жариялаған алғашқы мемлекет: Қарахан
127. Абылай ханның азан шақырып қойған есімі: Әбілмансұр
128. Кенесары қырғыз манаптарының қолынан қаза тапты: 1847 жылы
129. ХІХ ғ. 60-жылдары И. Бутков құрған комиссия қазақ жерін бөлуді ұсынды: 2 облысқа
130. ХІХ ғ. Ортасында Ұлы жүздің оңтүстік аймақтарын билігінде ұстаған хандық: Қоқан хандығы
131. Бірде-бір адам аяғы баспаған «Үлкен Тибетке» жеткен грузин көпесі: С. Мадатов
132. Абайдың шәкірттерінің ішінде ең мол мұра қалдырған: Ш. Құдайбердиев
133. 1916 жылы Ырғыз, Торғай уездерінде дала ақсүйектерінің хан сайлаған өкілдерінің саны: 9
134. 1958 жылдың жазында әлеуметтік саясатқа қарсы ашық наразылық көрсеткен қала: Теміртау
135. Сақ қоғамындағы «сегізаяқтылар» деп аталғандар: малшылар мен егіншілер
136. Ақ Орданың соңғы ханы: Барақ
137. 1511 жылы Қазақ хандығында билікті қолына алған хан: Қасым
138. XIV ғ. 40 жылдары жазылған «Тарих – и Абулхайр – хани» еңбегінің авторы: Усман Кухистани
139. Табанды күресінің нәтижесінде жұмысшылар жалақыларын 26%-ға көбейтуге мүмкіндік алған ереуіл: Ембі мен Доссордағы ереуіл
140. 1919 жылы Шығыс Қазақстанды азат еткен Шығыс майданының 5-армиясының қолбасшысы: М. Тухачевский
141. Индустрияландыру кезінде құрылған мұнай базасы: Ембі
142. «Берлин операциясының» басталған уақыты: 1945 жылы 16 сәуір
143. Еңбек Лениндік сыйлықпен атап өтілген генетика мен микробиология саласының ғалымы: М. Айтхожин
144. 1217-1218 жж. Хорезм шахы Мұхамед Текеш теңге соқтырған қала: Отырар
145. М. Мәметова құрамында шайқасқан атқыштар бригадасы: 100-ші
146. Қазақ хандығының құрылуының алғы шарттарының бірі, мына мемлекеттердің арасындағы саяси оқиғаларға байланысты: Әбілхайыр хандығы мен Моғолстан хандығы
147. Сенат пен Мәжілістен тұратын жаңа Парламент тұрақты жұмыс істей бастады: 1996 жылдың 30 қаңтарынан
148. Керейлердің батыс жағындағы көршілері: Наймандар
149. Шыңғысхан мемлекетіндегі түмендегі әскердің саны: 10 000 жауынгер
150. Түйенің сүтінен жасалатын емдік қасиеті бар сусын: шұбат
151. XVIII ғ. Қазақ әдебиетінің өкілі, ұлы тұлғалардың бірі, Абылайдың кеңесшісі болған жырау: Бұқар жырау
152. Қазақстанның Ресейге қосылу процесі созылды: 150 жылдай
153. Ұйғырлар мен дүнгендер қоныс аударған аймақ: Жетісу
154. ХХ ғ. басындағы «Майдақоңыр» әнінің авторы: Естай
155. 1990 жылы Қазақстан байланыс орнатқан Оңтүстік Корея республикасының корпорациясы: «Самсунг»
156. Б.з.б. 12-5 мыңжылдықтарды қамтитын дәуір: Мезолит
157. Ежелгі грек авторы Геродоттың сақтарды атауы: Массагет
158. Қытай елінен алғаш рет жібек артқан керуендер Батысқа қарай жолға шыққан ғасыр: Б.з.б. І ғ. ортасы
159. XIV-XV ғ. бізге жеткен аспаптық музыка туындыларының бірі: «Ескендір»
160. XV ғ. жазылған «Тарих-и Рашиди» еңбегінің авторы: Мұхаммед Хайдар Дулати
161. 1855 жылы Петербургте күміс медальға ие болған күйші: Тәттімбет Қазанғапұлы
162. Орталық Қазақстанның минерал-шикізат байлықтарын зерттеген академик: Н. Курнаков
163. 1960-1970 жж. Қазақстанда пайда болған баспалар: «Қайнар», «Жалын»
164. 1217-1218 жж. Хорезм шахы Мұхамед Текеш теңге соқтырған қала: Отырар
165. 1867-1868 жылғы «Ереже» бойынша Қазақстанда отырықшы елді мекендерде басқару билігі ақсақалдар қолына берілген облыс: Сырдария
166. 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс кезінде Шерубай-Нұра болысының ханы болып сайланған: Нұрлан Қияшев
167. Кеңес үкіметі Александров-Гай-Ембі темір жол желісін салуға шешім қабылдаған жыл: 1919 ж
168. Н. Назарбаетың өкімімен, Б. Бейсекбаевқа Халық Қаһарманы атағы берілді: 1998 ж
169. Сақ дәуіріндегі өнер стилі: Аң стилі
170. Қимақ қағанатының орталығы: Имақия
171. «Өзбек ұлысы», «Өзбек хандығы», «Шайбани ұлысы» сияқты атаулар осы хандыққа тән: Әбілқайыр хандығы
172. Үйсіндер өрбіген ежелгі қазақ халқының этносаяси қауымдастық аймағы: Жетісу жері
173. Ақ Орда ыдырап, орнына Әбілхайыр хандығы құрылды: XV ғ. басында
174. Ұлы жүз биі, «Жеті жарғыны» жасауға қатысқан: Төле би
175. 1778 жылы ІІ Екатерина Абылай ханды бекітті: Орта жүздің ханы етіп
176. 1867-1867 жж. Реформаларға сәйкес, әскери-губернаторлар басқарды: Облысты
177. ХІХ ғ. қазақ күй өнерінің классигі, күйші: Құрманғазы
178. Бөріқазған тұрағы жатады: Ерте палеолитке
179. Кенесарының қырғыз жеріне басып кіру себебі: Қоқандықтармен бірігіп күресудегі ұсынысын қырғыз манаптарының жауапсыз қалдыруы
180. ХІХ ғ. 60 жылдарында қабылданған «Ережелерді» заңдастыру созылды: 5 жылдай
181. 1916 жылығы Үндеу хатында «Тыңдаңыздар, қан төкпеңіздер, қарсыласпаңыздар»,- деп жазды: Байтұрсынов, Бөкейханов, Дулатов
182. 1917 ж. қарашаның 22-інде Қоқан қаласында Бүкілтүркістандық төтенше IV съезді ашқан қазақ азаматы: М. Шоқай
183. Жеке өзі жаудың 37 ұшағын атып түсірген, екі мәрте Кеңес Одағының Батыры: С. Луганский
184. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі жылдары зауыт-фабрикалардағы адамдардың кәсіби даярлығын арттыру мақсатында ашылған мектептер: Еңбек резервтері мектептері
185. Тоқырау жылдарында қазақтар негізінен меңгерген ғылым саласы: Медицина
186. Қазақстанның тәуелсіздігін таныған алғашқы мемлекеттердің бірі: Түркия
187. Ішкі істер министрі Дурново Қазақстандағы қарсылықтарды басуға тапсырма берген жыл: 1906 ж. 10 қаңтар
188. XIV-XV ғ. сәулет өнерінің тамаша үлгісін көрсеткен кесене: Дәуітбек кесенесі
189. Ұлы жүздегі Қоқан хан

Басқа материалдар:

  1. ҰБТ тапсырушы түлектерге ақыл-кеңес
  2. Мектеп оқушыларына 6 кеңес
  3. ҰБТ тапсырушыларға Шиара Құдайбергеновадан кеңес
  4. Интернет-маркетологтың қызметі қандай?
  5. SMM маманы деген кім?
  6. Data Scientist — деректер ғалымының қызметі қандай?
  7. Есте сақтау қабілетін арттырудың 7 құпиясы
  8. Зейгарник эффектісі. Есте сақтауды қалай арттыруға болады?
  9. Математика формулаларын қалай тез есте сақтауға болады?
  10. Физика пәнінен формулаларды қалай есте сақтауға болады?

Оқушылардың оқу сауаттылығын арттыру үшін мәтінмен жұмыс жасау жолдарының тиімділігі

Иллюстрация: Freepik.com

Аннотация

Мақалада PISA халықаралық зерттеуінде оқушылардың функционалдық сауаттылығын бағалайтын үш бағыттың бірі оқу сауаттылығын арттыру үшін мәтінмен жұмыстың тиімді жолдары қарастырылған. Сауатты оқуды қалыптастырудағы әртүрлі тәсілдер, мәтінмен жұмыстың тиімді жолдары көрсетілген.

Аннотация

В статье рассматриваются эффективные пути работы с текстом для повышения грамотности чтения, одного из трех направлений, оценивающих функциональную грамотность учащихся в международном исследовании PISA. Показаны различные подходы к формированию грамотного чтения, эффективные способы работы с текстом.

Бүгінгі таңда қазақстандық білім беру жүйесінің алдында білім сапасының бәсекелестігін арттыру, шынайы өмірлік кезеңдерге бейімделендіру мәселелері — адам қоғамда түрлі өмірлік мәселелерге байланысты дұрыс шешімдер қабылдау үшін жоғары кәсіптілік пен интеллектуалдық әрекеттерді қажет ететін жағдайларда заман талабына сай өмір сүріп, қызмет ету керектігін көрсетеді.

Осыған байланысты еліміздің он бес жастағы оқушыларының білім жетістіктерінің деңгейін анықтауға байланысты PISA халықаралық зерттеуі жүргізілуде. PISA (Programme for International Student Assessment) зерттеуінің әрбір кезеңіне халықаралық контексте саралау жұмысы жүргізіледі. PISA халықаралық зерттеуінде оқушылардың функционалдық сауаттылығын бағалау үш бағытта жүзеге асырылады: «математикалық сауаттылық», «ғылыми-жаратылыстану сауаттылығы», «оқу сауаттылығы».

«Сауатты оқу – бұл мақсатқа қол жеткізу, білім мен әлеуетті дамыту, қоғамға қатысу үшін жазбаша мәтінді түсіну, пайдалану, көрсету және жұмыс жасау». [1, PISA, 2009]

Мәтін – тілдерді оқыту барысында үлкен орын алатын оқыту нысаны. Біріншіден, тілден білім беретін материал оқыту мәтіндері түрінде болса, екіншіден, жаттығулардың тұтас мәтін түрінде берілуі де мәтінмен орындалатын жұмыстардың сараланып жүйеленуін қажет етеді. Мәтіннің қызметін таныту – оқушыға тіл бірліктерін функционалдық тұрғыдан танып-білуіне, сол арқылы логикалық ойлауы бірізді қалыптасуына мүмкіндік береді. Осыған байланысты мұғалім мәтінмен жұмысты жүйелі жүргізгенде және

оқушының сауатты оқу дағдысын қалыптастыра білгенде ғана нақты нәтижеге қол жеткізе алады. [4,5]

Оқырман сауаттылығының негізі — мәтінмен жұмысты толық қалыптастыру болып табылады. Бұл оқушылар шығармадан қажетті ақпарат алуына, нақты мәтіннен қорытынды шығаруына, негізгі кейіпкерлердің әрекеттерін интерпретациялауға, мәтін үлгісімен бекітуге және мәтін құрылымының бастапқы сараптамасын алуға көмектеседі.

PISA зерттеуінде оқушылардың жазбаша мәтіндерді ұғына оқу қабілеттілігі және оларға рефлексия, олардың мазмұнын өз мақсаттарына қол жеткізу үшін қолдануы, білімдері мен дағдыларын қоғамның белсенді өміріне араласуы үшін дамытуы. Оқу сауаттылығын тексеру оқу техникасы немесе мәтіннің мазмұнын нақты түсінуін бағалау емес, оқу барысында меңгерген білімдері мен дағдыларын өмірлік жағдайларда қолдана білу ептіліктерін бағалауға бағытталған. [1, PISA, 2009]

Қазіргі мектептерде оқушылардың бойындағы функционалдық сауаттылық пен өмірге қажетті құзырлықтар жиынтығын дамытуға басты назар аударыла бастады. Сондықтан әрбір ұстаз жаңа кезең талаптарына сай болу үшін педагогикалық үрдістің бірізділігін және оқу мен тәрбиенің біртұтастығын сақтай отырып, оқушының рухани өсуіне жағдай туғыза алатын, жаңалықтарды қабылдауға ынталы, өз әрекетіне өзгеріс енгізе алатын, өзгермелі өмірге оқушыны да, өзін де даярлай білетін шығармашыл тұлға болуы тиіс.

Оқу сауаттылығы әр түрлі мәтіндерден ақпарат табу және алу, көркем, ғылыми-танымал, ресми мәтіндермен жұмыс істей білу, мәтіннен ақпаратты түсіну және барабар бағалай білу қабілеттерін қамтиды. Бұл мұқият оқу және мәтінді талдау арқылы мағынаға ену. Адам шын мәнінде ойланып оқыған кезде, оның қиялдары міндетті түрде жұмыс істейді, ол өзінің ішкі суреттерімен белсенді әрекеттесуі мүмкін. Бала мәтінмен жұмысты меңгерген кезде, ауызша сөйлеуі дамиды және дамудың келесі маңызды сатысы ретінде жазбаша сөйлеуі дамиды.

Оқу сауаттылығы — бұл адамның жазбаша мәтіндерді ұғынуға және оларға рефлексия жасауға, өз мақсаттарына жету үшін олардың мазмұнын пайдалануға, мәтін типтерін білуді дамытуға қабілеті.

«Мәтін» түсінігін кеңінен түсіндіру керек. Ол тек сөздерді ғана емес, диаграммалар, суреттер, карталар, кестелер, графиктер түріндегі визуалды бейнелерді де қамтуы мүмкін.

Мәтіндерді тұтас (визуалды бейнесіз) және тегіс емес (визуалды бейнелермен) деп бөлуге болады. Тұтас мәтіндердің түрлері:

· сипаттама (көркем және техникалық);

· әңгіме (әңгіме, есеп, репортаж);

· түсіндіру (ойлау, түсіндіру);

· аргументация (ғылыми пікір, негіздеме);

· Нұсқаулық (жұмысты орындауға нұсқау, ережелер және т.б.)

Толық емес мәтінге мыналарды жатқызуға болады:

· формалар (сауалнама және басқалар);

· ақпараттық парақ (кестелер және т.б.);

· кестелер мен графиктер, диаграммалар;

· карталар.

Сауатты оқуды қалыптастырудың әртүрлі тәсілдері бар. Біріншіден, бұл мәтіннің қарапайым бірліктеріне: сөзге, ұсынысқа, абзацқа назар аудару; екіншіден, мәтін құрылымын және оның логикалық байланыстарын талдаусыз мәтінді түсіну мен түсіндіру мүмкін емес. Оқушы оларды бекіте отырып, жоспар, тезистер, конспектілер, сызбалар мен кестелерді құрастыруды үйренеді; үшіншіден, мәтінді түсіну-бұл көптеген мәселені шешу деуге болады. Оқушыға сұрақтар қоя отырып, мәтінмен (автормен) диалог жүргізуді үйренеді.

Мәтінмен жұмыс үш кезеңді қамтиды. Олар:

I кезең. Оқуға дейінгі мәтінмен жұмыс. Антиципация (алдын алу, алдағы оқуды болжау). Мәтіннің мағыналық, тақырыптық, эмоциялық бағыттылығын анықтау, оның кейіпкерлерін шығарманың атауы, автордың аты, негізгі сөздер, оқырман тәжірибесіне сүйенген иллюстрацияның алдыңғы мәтіні бойынша бөлу.Оқушылардың жұмысқа дайындығын ескере отырып, сабақтың мақсатын қою.

II кезең. Оқу кезінде мәтінмен жұмыс.

· Мәтінді бастапқы оқу. Сыныпта өз бетінше оқу немесе оқу-тыңдау, немесе мәтіннің ерекшеліктеріне, оқушылардың жас және жеке мүмкіндіктеріне сәйкес аралас оқу (мұғалімнің таңдауы бойынша). Алғашқы қабылдауды анықтау. Оқушылардың бастапқы болжамдарының оқылған мәтіннің мазмұнымен, эмоционалды бояуымен сәйкестігін анықтау.

· Мәтінді қайта оқу. Баяу «ойланып» қайта оқу (барлық мәтін немесе оның жекелеген фрагменттері).

· Мәтінді талдау (тәсілдер: мәтін арқылы автормен диалог, түсініктеме оқу, оқылған әңгімелесу, негізгі сөздерді, сөйлемдерді, абзацтарды, мағыналық бөліктерді және т.б. бөлу). Әрбір мағыналық бөлімге нақтылау мәселесін қою.

· Мәтін мазмұны бойынша әңгіме. Оқылғандарды жалпылау. Жалпылама сұрақтарды мәтінге қою. Мәтіннің жекелеген фрагменттеріне жүгіну (қажет болған жағдайда).

· Мәнерлеп оқу.

III кезең. Оқылғаннан кейін мәтінмен жұмыс

1. Мәтін бойынша тұжырымдамалық (мағыналық) әңгіме. Оқылған тақырыпты ұжымдық талқылау, пікірталас. Шығарманың авторлық ұстанымымен оқырман интерпретациясының (түсіндірмелердің, бағалардың) арақатынасы. Мәтіннің негізгі идеясын немесе оның басты мәндерінің жиынтығын анықтау және тұжырымдау.

2. Жазушымен танысу. Жазушы туралы әңгіме. Жазушының жеке басы туралы әңгіме. Оқулық материалдарымен, қосымша көздермен жұмыс.

3. Тақырып, иллюстрациялармен жұмыс. Тақырып мағынасын талқылау. Оқушылардың дайын иллюстрацияларға үндеуі. Суретшінің көзқарасының оқырман көрінісімен арақатынасы. Оқушылардың оқырман іс-әрекетінің қандай да бір саласына сүйенетін шығармашылық тапсырмалар (эмоциялар, қиял, мазмұнды ұғыну, көркем форма).

Қазіргі өмір ағымының техниканың қарқынды дамыған тұсында адамзат әлемі функционалды сауатты болса, өмір сүруге бейім, алған білімін өзіне тиімді қолдана алатын тұлға қалыптасары сөзсіз. Сондықтан уақыт талабына сай оқушының күнделікті тапсырмасына мәтінді таңдауда қажеттілігі мен қолжетімділігіне қарай сұрақ құрастыруда ойлау процесіне әсерін де ескеру қажет. Сонда ғана функционалдық сауатты тұлға болып толық қалыптасады.

Пайдаланған әдебиеттер:

1. PISA халықаралық зерттеулер: Қазақстандағы PISA-2009 халықаралық зерттеулер қорытындысы бойынша ұлттық есеп [Электронды ресурс]

2. Мұғалімге арналған нұсқаулық. «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы, Астана, 2015ж.

3. Қазақстан Республикасында орта білім мазмұнын жаңарту шеңберінде бастауыш, негізгі орта және жалып орта білім беру аясында «Қазақ тілі мен әдебиеті» пәні бойынша педагогика кадрларының арттыру курсының бағдарламасы. Мұғалімге арналған нұсқаулық. Педагогикалық шеберлік орталығы, 2016 ж.

4. Бітібаева Қ. Тіл дамыту жұмыстарын жүргізу, Алматы, 2005

А.Н.Рахимжанова,
Павлодар облысы Екібастұз қаласы
№17 ЖОББМ, оқу-ісі жөніндегі директор орынбасары

«Сиқырлы қағаз” тәжірибесі

0

Сіз күнделікті істеу керек жұмыстарыңызды қағазға тізімдеп жазасыз ба?Дегенмен сол тізімнің ішінде біраз істер орындалмай қалып жата ма? Осындай сәтті бізге көмектесетін, орындалмаған істерді жүзеге асырып беретін сиқырлы көмекшіміз болса ғой деп армандаймыз!

Сіз білесіз бе, мұндай көмекші шыныменде бар. Тек біздің міндетіміз ,оған сенім артуды үйрену!Егер сіз оларды жүзеге асыруды сиқырлы әлемге сеніп тапсырсаңыз, көптеген мәселелер сіздің қатысуыңызсыз оңай шешілетін болады.

Тәжірибені жүзеге асыру өте оңай.

Әдістің авторларының түпнұсқасында (Эстер мен Джерри Хикс) оны кәдімгі майлыққа жасаған жөн делінген. Дегенмен, сіз мұны жай бүктелген қағазға жасасаңыз, тәжірибенің мәні өзгермейді.

Сонымен:

  • Бірінші кезекте, жақын арада жасау керек істер тізімін жазатын қойын дартеріңізді немесе жеке күнделігіңізді қолға алыңыз.
  • Кез келшен ақ парақты алсаңыз да болады. A4 форматындағы қағазды екіге бүктеңіз немесе екі бет дәптер парағын алыңыз.
  • Парақты 2 бөлікке бөліңіз. Сол жағына «Мен бүгін не істеуім керек» деп жазамыз.
  • Оң жаққа- «Мен бұл жұмысты сиқырлы көмекшіме ризашылықпен тапсырамын»деп жазыңыз.
  • Енді жақында жүзеге асуы тиіс барлық істер тізімін қарап шығыңыз. Оның ішінен өзіңіз жасай алатын нәрселерді таңдап, сол жақтағы сиқырлы қағазыңызға қайта жазыңыз.
  • Одан кейін сізге қиын болып көрінетін немесе қолыңыз жетпей жүрген жұмыстарды таңдап алыңыз да, бәрін көмекшіге сеніп, оң жағына көшіріңіз.
  • Осыдан кейін, көмек үшін сиқырлы әлемге алғыс білдіре отырып, тізіміңіздегі нәрселерді жүзеге асыруды бастаңыз.

Сіздің жоспарлаған  тізімдегі барлық нәрселер ең сиқырлы түрде шешіле бастайды! Мүмкіндіктер есігі өздігінен ашылады, бұл үшін қажетті адамдар қажет уақытта пайда бола бастайды. Тек сеніңіз және барлығын ризашылықпен жасаңыз!

Балалық сезімнен туған өлең жинақтары

0

Махаббатқа…!

Доғар енді жетеді ойнағаның,
Аз емесқой мазақтап тойлағаның.
Біреулерді мұңайтып тұм жыратып,
Ал береудің үмітін жоймағаның.
Тас жүрекқып біреуді жіберген сен,
Осы жағын неліктен ойламадың?!
Ер жетіп менде келдім тап осында,
Не жағдай болар деп көп ойланамын.
Жүрегімді бір сәтке шошытады,
Алдау менен арбауға тоймағаның.
Әр бір жанға шынайы адал болып,
Кіршіксіз көңілді етіп қоймағаның!

Мен шынымен таңқалам Махаббатқа,
Жәй күйімен адамның санаспайды.
Қанша сүйіп тұрсада кей біреулер,
Бірге болмақ түгілі жақ ашпайды.
Мұң қайғыны барлығы бөліп алған,
Ал қуаныш жағдайын қараспайды.
Мен білемін Махаббат сен жайында,
Шын сүймесе сезімдер ары аспайды.
Махаббат бала шақта бола бермес,
Ал өскесін ешкімде талас пайды.
Мен есейдім мінекей осындамын,
Неге маған сезімдер қараспайды.
Ей махаббат келмейсің бе қарсы алдыма,
Тығылыспақ ойнау саған жарайпайды!

 

Неменем едің?!

Сен менің
Күнім бе әлде түнімбе едің.
Жайқалып тұрған әлде гүлімбе едің.
Немесе жай бір елес сәулесіңбе,
Әйтеуір жақындасам білінбедің.
Елестеп қайта қайта күлімдедің!

Сен менің
Жадырай атқан таңым бедің.
Қолдағы мол қазынам барым бедің.
Ой санамды шырмаған шатастырып,
Сорым бедің немесе бағым бедің.
Аз уақыттық қуаныш сағым бедің!

Сен менің
Ақыл ойым ойланар санам бедің,
Мүмкін жаңа жазылған жарам едің.
Барсырымды біліп ап абайсызда,
Ақпараққа жазатын қалам бедің.
Әлде дархан кең байтақ далам бедің.

Сен менің
Көкірегім кеудем бедің,
Жүрегімді паршалап көрген бедің.
Сен менің немсің өзі біле алмадым,
Адасып абайсызда келген бедің?!
Адасып абайсызда келгенбе едің?

 

Бір адам сүйсе болғаны…

Өмірдің қиын болжамы,
Бәріне айқын ол жағы.
Не де болса әйтеуір,
Көңілді болсам болғаны.

Уақытым байлық ол дағы,
Бақыттан жолым олжалы.
Артықша тұрмыс не керек,
Алаңсыз өтсем болғаны.

Айналам жұртпен толғаны,
Мен үшін шаттық қордалы.
Жұз адам мейлі кіна артсын,
Түсінсе біреу болғаны.

Тіршілік түпсіз мол мәні,
Жүректің биік қорғаны.
Мың адам тіпті жек көрсін,
Бір адам сүйсе болғаны.

Авторы: Есхат Тәлетұлы

Текелі қаласы, 11 сынып оқушысы

 

Психологиялық манипуляция

0

Психологиялық манипуляция — бұл басқа адамның қабылдауын немесе мінез-құлқын өзгертуге бағытталған алдамшы немесе айқын емес әрекеттер. Мұндай әрекеттер әрдайым манипулятордың мүдделерін алға жылжытады және зардап шеккендерге ауыр сезім тудыруы мүмкін.Көбінесе психологиялық манипуляция цыгандар гипнозымен немесе алаяқтармен байланысты. Бірақ өз идеяларын басқаларға зиян келтіріп насихаттайтын адамдар күнделікті өмірде де кездеседі. Олар өз психикасының мақсаттары мен ерекшеліктеріне байланысты саналы немесе бейсаналық түрде басқаларды басқара алады.

Неліктен адамдар психологиялық манипуляцияға ұшырайды?

Бір кездері, әсіресе манипуляцияға бейім адамдардың жеке ерекшеліктерін анықтауға бағытталған көптеген зерттеулер жүргізілді. Алайда, манипуляцияның тиімділігі нақты жағдайға, манипулятордың фигурасына және көптеген қосымша факторларға байланысты деп сеніммен айта аламыз.

Біздің миымыз ақпаратты жиі адекватты емес субъективті түрде қабылдауға мәжбүр болатындай етіп жасалған. Бұл ақпаратты қорытындылауға біздің ішкі түйсігіміз бен өмірлік тәжірибеміз ғана көмектеседі. Белгілі бір жағдайларда бұл механизмдер жұмысын тоқтатуы мүмкін, содан кейін біз басқа адамдардың бақылауының құрбаны боламыз. Бұндай жағдай көбінесе біздің толық ақпарат білмейтінімізге байланысты.

Егер бұл қарапайым алдаудың салдарынан болған болса, онда біз дұрыс шешімге келу үшін шынайы фактілерді білуіміз керек. Психологиялық манипуляция жағдайында жалған ақпарат өте тұрақты болуы мүмкін.  Ал дұрыс фактілердің пайда болуы оны әрдайым бұза алмайды. Белгілі бір дүниетанымы бар адамдар сене бермейді және манипуляторлармен кездесуге көбірек дайын деген болжам бар. Алайда, бұл сенбейтін адамдармен де манипуляция жасауға болатынын жоққа шығармайды.

Қоғамдық және саяси өмірде психологиялық манипуляция жиі кездеседі. Қоғамдық сананы манипуляциялаудың жақсы мысалы — федералды телеарналарда мемлекеттің позициясын барлық бағдарламаларда, жаңалықтардан  бастап кешкі ойын-сауық шоуларға дейін насихаттау.

Жарнамадағы психологиялық айла-амалдарға келетін болсақ, мұнда бақылаудың мақсаты адамдардың сенімдері мен көзқарастары емес, олардың ақшалары болып табылады. Жарнама, саясат сияқты, жалған дәлелдерді, эмоционалды сендіруді, кейде тіпті адамдарды қорқытып-үркітуді қолданады. Мысалы, жарнамалар құрамында болмауы керек кейбір компоненттердің жоқ екендігін мақтана айтуы мүмкін.  Ал зиянды компоненттердің бар екендігі туралы үнсіз қалады. Жарнама беруші әлеуетті сатып алушылардың назарын өнімнің шынымен пайдалы екендігіне аудартады.


Сізді манипуляциялап жатқанын қайдан білесіз?

Адамның манипулятор екенін оның мінез-құлқынан емес, сол мінез-құлықтың қолданылатын контекстінен, сондай-ақ олардың белгілі бір әрекеттерді жүзеге асыруға деген ниетінен анықтай аласыз. Егер адам арнайы біреуді адастырып, оның қабылдауына, эмоциясы мен мінез-құлқына әсер еткісі келсе, онда бұл адам манипулятор болып табылады.

Манипуляторлардың негізгі мақсаттары — басқа адамға немесе белгілі бір жағдайға ықпал ету. Сондай-ақ олардың әрекеттері үшін жеке жауапкершіліктен немесе керісінше әрекетсіздіктен аулақ болу. Мақсатына жету ықтималдығы жоғары манипулятор өзінің агрессивті ниетін жасырады, жәбірленушінің осалдығын өте тез анықтайды және айла-шарғы жасайтын адам үшін болатын салдары туралы алаңдамайды.

Психиканың мақсаттары мен ерекшеліктеріне байланысты манипуляторлар саналы және бейсаналық тактиканы қолдана алады. Психологиялық манипуляция ашық агрессияны, қорлауды, сынды және эмоционалды зорлық-зомбылықты қамтуы мүмкін. Әлсіз әдістерге үкім, шағым, салыстыру, ұнамсыздық, сендіру, өтірік айту, өзін аяу, жылау, ойнау, келемеждеу, жағымпаздық, арандатушылық, эмоционалдық шантаж және жалған жанашырлық жатады. Көбінесе манипуляторлар өз мақсаттарына жету үшін құрбандарының қорқынышын пайдаланады.

Мысалы, ата-аналар жасөспірімге егер ол университетке бармаса, кедейлік жағдайында өмір сүретінін айтуы мүмкін. Тағы бір танымал әдіс — бұл шын мәнінде жәбірленушіге мүлдем тиімсіз опциялардың жалған таңдауын ұсынады және манипулятордың өзіне сәйкес келмейтін нұсқалар туралы үндемейді.

Басқаларды манипуляциялайтын адамдарда жеке тұлғаның қасиеттері дамыған. Көбінесе бұл психологиялық жарақат алған және манипуляцияны психологиялық қорғаныс механизмі ретінде қалыптастырғандар. Манипуляторлар арасында балалар үйінде немесе толық емес отбасыларда өскен балалар, сонымен қатар қылмыскерлер мен алкогольге және нашақорлыққа салынатын адамдар жиі кездеседі.

Көптеген манипуляторлар нарциссистік бұзылыс, шекаралас тұлғаның бұзылуы немесе антисоциальды тұлғаның бұзылуы сияқты әртүрлі жеке бұзылыстардан зардап шегеді.

Психологиялық манипуляцияға қалай қарсы тұруға болады?

Психологиялық манипуляция қажетті нәтиже беруі үшін манипулятор жәбірленушіні бақылауды ұстап тұруы керек. Басқа адамның бақылауымен жәбірленуші қорғанысқа түсіп, олардың қабілеттеріне күмәндануы мүмкін. Нәтижесінде, манипулятормен басқарылатын адам өзінің ойлары мен сезімдеріне деген сенімділікті мүлдем жоғалта алады.

Психологиялық манипуляция өздерін сендіруге мүмкіндік беретіндерге ғана тиімді. Манипуляцияны тоқтатудың бір әдісі — манипулятордың сізге жеткізгісі келетін нәрсесіне  тым көп мән беруді тоқтату. Жағдайды сабырлы түрде талдай білу және сізді басқаратын адам қандай мақсаттарға жете алатыны туралы ойлау маңызды. Егер сіз сенімсіз болсаңыз, сізді манипуляциялайды деп есептейтін адаммен сөйлесуден үзіліс жасаңыз және жағдайды сенетін адамдармен талқылаңыз.

Манипулятормен жұмыс істегенде, мінез-құлқыңызды қадағалап, мүмкіндігінше аз қорғануға тырысу өте маңызды. Егер сіз сұхбаттасушының үмітін ақтамаймын деп ойласаңыз, әңгімені аяқтағаныңыз жөн. Манипулятор жәбірленушіге  бақылауды жоғалтқан жағдайда, ол әрдайым қысымды күшейтуге тырысады. 

Ал  әсер етудің жаңа деңгейі алдыңғыға қарағанда жағымсыз болып шығуы мүмкін екенін түсінгеніңіз жөн. Жәбірленушілер манипуляторларды жиі аяйды және оларды өзгерте аламыз деп сенеді. Бұл адасушылық, оны манипулятор өзінің мақсатында қолдана алады. Егер сіз өз сезімдеріңіз бен эмоцияларыңызды өз бетіңізше жеңе алмасаңыз және психологиялық манипуляцияға қарсы тұра алмасаңыз, мұндай жағдайда мамандандырылған психологтан көмек сұрағаныңыз жөн.

Қыз Жібекке хат

0

Қыз жібек жыры бәрімізге таныс. Мектепте білім алып жүріп, Қазақ әдебиеті сабағынан жарыса оқып, таласа мазмұндап, сол кездегі махаббат оқиғасына бірге саяхаттап келетінбіз. Қыз Жібектің бейнесін көз алдымызға елестетіп, бір еліктеп алғанымыз да рас. Сол себепті, бүгін мен бірге оқыған сыныптастарымның Қыз Жібекке жазған хаттарынан үзінді ұсынбақпын. Сіз де мектеп шағында осындай хаттар жазған боларсыз?!

“Қыз Жібек, мен сенің әр қылығыңа, мінезіңе таң қаламын. Мен сенің ибалылығың, сұлулығың, нағыз қазақ қызына тән әдептілігіңді көз алдыма елестетіп, саған ұқсауға тырысамын. Сенің мөлдір, пәк махаббатың Төлегеннің жүрегін жаулаған болатын. Өткені, сенің бойыңда шынайылық, адалдық, мнйірімділік, адамгершілік деген барлық жақсы қасиеттер жинақталған. Әрі сенің сол ақылыңа көркің де сай. Сондықтан мен сенің бойыңдағы бар қасиеттерді өз бойыма сіңіруге тырысамын. 
Сәлеммен сен жайлы жырды оқып, ерекше әсер алған 9 сынып оқуышысы Құмарбаева Аида.”

”Сәлем Қыз Жібек. Мен сені бұрыннан бері танитын едім. Сені мен ғана емес, бүкіл әлем таниды. Тіпті сен секілді сұлу, ақылды болғысы келетін ару қыздарымыз өте көп. Соның бірі ол- мен. Менің аты-жөнім- Ертай Әмина.
Сенің заманың өте қиын заман еді. Бірақ сендей сұлу, ару қыз қиын заманда өмір сүргені өкінішті. Қазір біз өте тыныш заманда өмір сүріп жатырмыз. Бұның бәрі сенің заманыңдағы батыр ата-бабамыздың арқасы. Мен сіз секілді ақылды, әдемі болмауым да мүмкін, дегенмен аздап өлең шығаратыным бар еді. Сізге арнап қысқа өлең жаздым. Соны ұсынамын:

Қыз Жібексің, айдай сұлу арусың,
Жігіттерге қол жетпейтін қарусың.

Ақылымен, көркіменен әрдайым,
Отбасын берік ұстар жанбысың.”

“ Қыз Жібек, сенің махаббатқа деген адалдығың, Төлененге деген сезімің, ақылың адамды ерекше тәнті етеді. Мүмкін сенің заманыңда бұндай сезім ешкімді таң қалдырмаған болар. Ал, қазіргі жалған сезімдер жайлаған қоғамда өмір сүріп жатқан бізге бұл оқиға ерекше әсер етті. Саған деген шексіз ықыласпен Абиева Айниса. 

Қыз Жібектей сұлуды ел-жұрт бұрын көрмеді,

Төлегеннің сезімін бір көргеннен сезіп еді,

Әттең, осы сұм тағдыр екеуін бірге қоспады,

Төлегеннің өлгенін жырғып талай жоқтады.”

“ Сәлем, Қыз Жібек! Мен Бектенова Гүлім, 9 сынып оқушысы, сіз туралы жазылған “Қыз Жібек” жырын оқып, көптеген өзіме керек мағлұматтар алдым. Қазақ халқының түрлі дәстүрлерімен, бұрынғы өмір салтынмен таныс болдым. Мен сізді шын өмірде көрмегеніме мұңлымын. Қазіргі заманда сіздей әдемі, иманы түзу, ақылына көркі сай қыздар көп болса екен деймін.”