«Ұлы даланың жеті қыры және Қазақ елінің тарихы» қашықтық олимпиадасы басталды

ҚР Тұңғыш Президенті қоры сыйлығының иегері, үздік қазақ тілді білім сайты – Qaztest.kz онлайн олимпиада ұйымдастыру комитеті мен Абай атындағы ҚазҰПУ-мен жасалған меморандум аясында Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың 2018 жылы 21 қарашасында жарияланған «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласында қарастырылған тарихи және мәдени құндылықтарды жас ұрпақтың бойына сіңіру мақсатында жалпы білім беретін мектеп оқушылары арасында «Ұлы даланың жеті қыры және Қазақ елінің тарихы» қашықтық олимпиадасын (бұдан әрі Олимпиада) өткізеді. 

Олимпиадаға 5-11 сынып оқушылары қатыса алады. Олимпиада тапсырмалары Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың мақаласында қамтылған тарихи мұралар мен мәдени құндылықтар және Қазақстан тарихы пәні бойынша беріледі.

Олимпиада qaztest.kz сайтында өтеді.

Олимпиада бір кезеңнен ұйымдастырылады. Олимпиада 2021 жылдың 2 сәуір мен 2 мамыр аралығында өткізіледі. Қорытындысы 5 мамыр күні жарияланады.

Олимпиада жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдар, Үздік ұжымдарға арнайы плакетка беріледі. Республика бойынша ең жоғары ұпай алған 20 қатысушы «Қазақстан үміті» төсбелгісімен (бір ұжымнан 3 қатысушы ғана енгізіледі) және 25 ұпай жинаған қатысушылар «Озат оқушы» дипломымен марапатталады.

Олимпиада туралы толық ақпаратты 8(727) 229-63-69; 8(700) 978 59 22 телефондары арқылы білуіңізге болады.  

«Ұлы даланың жеті қыры және Қазақ елінің тарихы» қашықтық олимпиадасының

ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕСІ

 1.      Жалпы ереже

 1.1.           Qaztest.kz қашықтық олимпиадасының осы Ережесі (әрі қарай – Ереже) олимпиадаларды ұйымдастыру және өткізу тәртібін анықтайды (әрі қарай – Қашықтық олимпиада);

 1.2.           Қашықтық олимпиада жайлы мәліметтер және қорытынды нәтиже qaztest.kz және martebe.kz сайттарында жарияланады; 

1.3.           Олимпиада qaztest.kz сайтында 2021 жылдың 2 сәуір мен 2 мамыр аралығында өткізіледі; 

1.4.           Олимпиадаға жалпы білім беретін мектептерде білім алатын 5-11 сынып оқушылары қатыса алады; 

1.5.           Олимпиада тапсырмалары Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың мақаласында қамтылған тарихи мұралар мен мәдени құндылықтар және Қазақстан тарихы пәні бойынша беріледі.  

1.6.           Қашықтық олимпиадаға қатысу – ақылы,  ерікті негізде жүзеге асырылады.  

1.7.           Олимпиада марапаттарын үшінші тараптың қатысуымен бейресми негізде заңсыз алу жарамсыз боп танылады. Qaztest.kz сайтындағы «Марапаттарды тексеру» батырмасы арқылы әрбір қатысушы өзінің марапаттарын тексере алады.  

 2.      Республикалық олимпиаданың мақсаты мен міндеттері:

2.1.           Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың 2018 жылы 21 қарашасында жарияланған «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласында қарастырылған тарихи және мәдени құндылықтарды жас ұрпақтың бойына сіңіру;

2.2.           Күрделі деңгейлі тапсырмаларды өздігінен орындау арқылы оқушылардың коммуникативті-ақпараттық дағдыларын дамыту;

2.3.           Оқушыларды патриотизмге баулу және еліміздің тарихы мен ұлттық мәдениетіне деген құрметті дәріптеу;

2.4.           Республикамыздағы озат оқушыларды анықтау, оларға қолдау көрсету және марапаттау.

 3.      Республикалық олимпиаданы өткізілуі мен тәртібі:

3.1.           Олимпиада бір кезеңнен және 25 сұрақтан тұрады.

3.2.           Әр тапсырманың бір ғана дұрыс жауабы бар және тест нұсқалары екінші рет қайталанбайды;

3.3.           Қатысушы ең көбі 3 рет тест тапсыра алады. Ең жоғарғы нәтижесі есепке алынады;

3.4.           Тестілеуден өту үшін қатысушыға 50 минут уақыт беріледі. Уақыт біткеннен кейін автоматты түрде тестілеу аяқталады;

3.5.           Олимпиадаға төлем жасағаннан кейін ғана қатысу мүмкіндігі ашылады;

3.6.           Тестілеудің нәтижесін қатысушы  тестті орындағаннан кейін бірден біле алады;

3.7.           Қатысушылардың марапаттары автоматты түрде электронды почтасына жіберіледі және жеке кабинетіндегі «Сертификат-Диплом» бөлімінде сақталады.

4.      Олимпиада қатысушыларына қойылатын талаптар:

4.1.           Қатысушы ешкімнің көмегінсіз тапсырмаларды өзі орындауы тиіс;

4.2.           Қатысушының атынан өзге біреудің қатысқандығы құрылғының IP адресі арқылы анықталады. Расталған жағдайда қатысушының нәтижесі толықтай жойылады;

4.3.           Олимпиада барысында кері батырмасын басуға және басқа бетке ауысуға болмайды;

4.4.           Тестілеу парақшасын жауып алған жағдайда тестілеуге берілген уақыт ішінде «Менің нәтижелерім» бөлімінде «тестті жалғастыру» батырмасын басу арқылы қайта жалғастыру мүмкіндігі қарастырылған;

4.5.           Уақытында енгізілмеген тапсырмалар үшін төлемдер қайтарылмайды;

4.6.           Берілген сұрақтарды белгілемей алдыға және кейін шегінуге болмайды;

4.7.           Тестке қатысу жеке немесе координатордың ұйымдастыруымен жүзеге асады;

4.8.           Координатор өзінің жеке парақшасы арқылы бір немесе бірнеше адамды қатыстыра алады (бір ұжымнан ғана қатыстыруы тиіс);

4.9.           Тест нәтижелері қайта қарауға жатпайды және аппеляциялық комиссия құрылмайды;

4.10.       Олимпиадаға байланысты сұрақтар qaztest.kz@mail.ru почтасына қабылданады.

 ОЛИМПИАДАҒА ҚАТЫСТЫ ҚОСЫМША АҚПАРАТТАР

Олимпиадаға қатысу бағасы:  бір реттік тест – 500 теңге, екі реттік мүмкіндік – 900 теңге. Толық ақпарат сайтта жаңалықтар бөлімінде жарияланады.

ОЛИМПИАДАНЫҢ МАРАПАТТАУ РӘСІМІ

Олимпиада қорытындысы бойынша 17 ұпайдан жоғары ұпай алған қатысушыларға І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдар беріледі.

Орын ұпайлары:

І орын – 25-23 ұпай

ІІ орын – 22-20 ұпай

ІІІ орын – 19-17 ұпай

Қатысушылардың І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдары олимпиада барысында парақшасында сақталады және электронды түрде почтасына жіберіледі.

Олимпиада қорытындысы бойынша республика бойынша ең жоғары ұпай алған 20 қатысушы «Қазақстан үміті» төсбелгісімен (бір ұжымнан 3 қатысушы ғана енгізіледі) және 25 ұпай жинаған қатысушылар «Озат оқушы» дипломымен марапатталады. Қорытынды нәтиже сайтта 2021 жылдың 5 мамыр күні жарияланады.

Ескерту! Қатысушылардың жинаған ұпайы тең болған жағдайда тесттен өткен уақыты есепке алынады. Қатысушылардың нәтижесі IP адрес арқылы тексеріліп, басқа адам өткізгені анықталса, нәтиже жойылады. Ұйымдастырушылар комитеті тест нәтижесі бойынша қорытынды жариялайды.

Бір ұйымнан 30 қатысушы қатысып, 20 жүлделі орын иеленген ұжымға  «Үздік ұжым» плакеткасы беріледі. Сонымен қатар, бір ұйымнан 20 қатысушы қатыстырған координаторға алғыс хат беріледі. «Үздік ұжым» плакеткасына үміткерлер қатысушылардың тізімін qaztest.kz@mail.ru почтасына олимпиаданың соңғы күніне дейін жолдауы керек.

 «ҮЗДІК ҰЖЫМ» НОМИНАЦИЯСЫ ҮШІН ӨТІНІШ ҮЛГІСІ

Мектеп атауы, мекен-жайы, индексі және байланыс нөмірі
Реті Қатысушылардың аты-жөні Сайтқа тіркелген почтасы (қатесіз болуы міндетті) Координатордың аты-жөні, телефоны
1.

Ескерту! «Үздік ұжым» дипломы мен координаторға берілетін алғыс хат үшін өтініш хаты жіберілмеген жағдайда марапаттар жіберілмейді.

 ТӨЛЕМ ЖАСАУ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ

Төлемдер Kaspi.kz қосымшасы (Платежи – qaztest.kz), QIWI терминалдары арқылы  (Білім беру қызметтері→qaztest.kz→e-mail немесе ID нөмір) және кез келген банк картасымен интернет банкинг арқылы онлайн жүзеге асырылады. Төлем жасағаннан кейін қатысушы парақшасына кіріп, «Сатып алу» батырмасын басу арқылы тестті сатып алады.  Төлем жасау туралы түсіндірме сайттың «Бейне нұсқау» бөлімінде көрсетілген.

Егер қатысушылар саны көп болса, барлық қатысушыларды бір жауапты маман «Координатор» болып, барлығын жеке парақшасында тіркеп, ұйымдастыра алады. Толық нұсқаулық «Видеонұсқау» бөлімінде көрсетілген.

ҰЖЫМ БОЛЫП ҚАТЫСУШЫЛАР ҮШІН

Ауылдық жерлерден қатысушылар немесе ұжым болып қатысушылар Қазпочта немесе Халық банк бөлімшесіне барып, төмендегі реквизитті көрсету арқылы төлем жасай алады. Егер бірнеше қатысушы қатысатын болса, барлығы бірге төлеуге болады.

Біздің реквизит

Банк атауы: «Банк Kassa Nova» АҚ;

БИК: KSNVKZKA

Төлем аударылатын мекеме атауы: «SKILLS ACADEMY» ЖШС

БИН/ИИН: 161240000269

KZ55551A127001275KZT

Кбе 17; Код 19; КНП 861

Төлем мақсаты: Qaztest.kz олимпиадасына қатысу үшін.

Ескерту! Төлемді кез келген банк бөлімшесінен және казпочтадан жасай аласыздар.  Төлем барысында Кбе және КНП дұрыс болуын қадағалаңыз!

Төлем жасалғанын растайтын квитанцияны qaztest.kz@mail.ru почтасына «Төлем квитанциясы» деген белгімен және үлгі бойынша өтінішті толтырып жіберу керек.

Өтініште жазылған почталар qaztest.kz сайтында тіркелген болуы міндетті.  

 ТӨЛЕМ ТҮБІРТЕГІН ЖІБЕРУШІЛЕР ҮШІН ӨТІНІШ ҮЛГІСІ

Қатысушының аты-жөні Сайтқа тіркелген почтасы (қатесіз болуы міндетті) Төлем құны мен тест саны (1 реттік тест, 2 реттік тест)
     

 

Өтініш жазу тек реквизит арқылы төлеген қатысушыларға міндетті. Kaspi.kz, терминалдар арқылы немесе онлайн төлеген қатысушылар өтініш жібермейді. Өтініш пен төлем түбіртегін жібергеннен кейін сайт модераторлары тестті қосып беретін болады.

Жұмыс уақытында онлайн чатқа және qaztest.kz@mail.ru почтасына хат жазу арқылы жылдам жауап аласыз.

Жұмыс уақыты: таңертеңгі 9:30-дан 18:30-ға дейін. Түскі үзіліс 13:00-ден 14:00-ге дейін.

Түскі үзіліс уақытында және жұмыс уақыты аяқталған соң телефонға және эл.почтаға жауап берілмейді.

Қосымша ақпарат алу телефоны: +7 700 978 59 22; +7 727 978 59 22

Мамандықты дұрыс таңдаңыз (Қызықты тест)

Иллюстрация: Freepik.com

Алдымен туған күніңізге байланысты жеке кодыңызды анықтаңыз. Түрлі мамандық тобы белгілі бір санмен байланысты.

Мәселен, туған күніңіз: 25.12.1983
Күні: 25=2+5=7
Айы: 12=1+2=3
Жылы: 1983=1+9+8+3=21=2+1=3
25.12.1983=(2+5)+(1+2)+(1+9+8+3)=7+3+3=13=1+3=4
4 саны – сіздің жеке кодыңыз
Егер сізде екі таңбалы сан шықса, онда оларды өзара қосып, бір сан алу керек. Мәселен: 23=2+3=5

Нәтижені жеке код бойынша қараңыз

 1. Қызмет саласы: Түрлі дәрежедегі бастықтар. Шығармашыл жандар. Ұйымдастырушылар. Жауапкершілік танытып, нәтижеге қол жеткізе алатын белсенді, қызу жұмыстар.
Мамандықтар: Банк қызметкері, менеджер, хатшы, дәрігер, мемлекеттік қызметкер, қоғам қайраткері, зергер, әртіс, суретші.
Мақсат: Өзіне сай келетін істі табу.

 2. Қызмет саласы: Өзгелерге қамқорлық көрсетіп, көмек беруге байланысты мамандықтар. Қоғамдық қызмет көрсету саласы.
Мамандықтар: Дәрігер, қоғамдық қызметші, өнер қайраткері, саяхатшы, ойшыл, үй ханымы, фермер, актер.
Мақсат: Сезім мен қиялды дамыту. Сүйікті және танымал болу тілегі.

 3. Қызмет саласы: Медицина, техникалық мамандық, өздігімен жұмыс істеу қабілеті. Ойлау жүйесі белсенді түрде жұмыс істейтін кез келген сала сәйкес келеді.
Мамандықтар: Менеджер, әскери қызметші, кеден қызметшісі, хирург, спортшы, кәсіпкер, журналист, администратор.
Мақсат: Күш пен қуатты түгелімен жұмыс жолына арнау.

 4. Қызмет саласы: Майда бөлшектерге аса назар аудару қажет кез келген жұмыс, өндіріс, бақылау мен қорғауға байланысты жұмыстар.
Мамандықтар: Аналитик, журналист, мұғалім, администратор, сатушы, емші, ақпараттық қызмет, дәрігер, құрылысшы.
Мақсат: Ақпаратты жинақтау, саралау, тапсыру, үнемі ізденісте болу.

 5. Қызмет саласы: Халықаралық ақпарат алмасумен байланысы бар жұмыс. Өзінің ұйымдастырушылық қабілетін көрсету орны.
Мамандықтар: Заңгер, жарнама агенті, қаржыгер, мемлекеттік шенеунік, психолог, жазушы, аудармашы, ғалым, мұғалім, кәсіпкер, менеджер.
Мақсат: Ақиқатқа, жоғары білімге ұмтылыс.

6. Қызмет саласы: Адамдармен араласуды қажет ететін өнер мен қызмет салалары. Оқу орындарындағы, қоғамдық ұйымдардағы жұмыс, медицина.
Мамандықтар: Косметолог, дизайнер, елші, адвокат, дәрігер, ресторатор, фотограф, банк қызметкері, музыкант, суретші, жазушы, әртіс, зергер.
Мақсат: Бұл әлемге сұлулық пен үйлесім әкелу.

7. Қызмет саласы: Қоғамдық ортадағы жауапты қызметтер. Шыдамдылықты қажет ететін жұмыс.
Мамандықтар: Кеңесші, стилист, риэлтор, құрылысшы, заңгер, психолог, сатушы, банк қызметкері, фермер, шахтер, администратор, құқық қорғау қызметкері, дәрігер, тарихшы, шенеунік, дизайнер.
Мақсат: Тәуелсіздікке қол жеткізу үшін өзін дамыту.

8. Қызмет саласы: Шығармашылық жұмыспен байланысты іс. Басқару қабілеті көрінетін жұмыс.
Мамандықтар: Маркетолог, қаржыгер, өнертапқыш, атомдық энергетика маманы, қоғамдық қызметкер, механик, инженер, мұғалім, биші, дәрігер.
Мақсат: Демократия, адамның еркіндігі мен құқықтарын қорғау.

9. Қызмет саласы: Қиял мен түйсікті қажет ететін кез келген қызмет. Өзіңді жақы көрсетуге мүмкіндік беретін сала.
Мамандықтар: Фармацевт, химик, ғалым, сазгер, ақын, актер, емші, мұнай саласының қызметкері, теңізші, жеке детектив, қоғамдық қызметкер, психолог, заңгер.
Мақсат: Шынайы руханилыққа қол жеткізу.

Басқа материалдар:

  1. Тест: Өлең жолдары арқылы авторын тани аласыз ба?
  2. Ақша, ақша…. Әлем елдері қандай валюта қолданады? (Тест)
  3. Талапкер назарына: копирайтер деген кім?
  4. Ұстаздарға арналған тренинг: «Педагогтардың кәсіби жануы»
  5. «Көтеріңкі көңіл-күй-жанға қуат береді» сергіту тренингі
  6. Талапкер назарына: логистик, кадастр деген кім?
  7. «Сәттілік серік болсын» атты әлеуметтік-психологиялық тренинг бағдарламасы
  8. Сабақтас құрмалас сөйлемдер және оның танылуындағы проблемалар
  9. Сабақтас құрмалас сөйлемдердің грамматикалық түрлері және олардың жасалуы
  10. Келер шақ көсемше етістіктің қатысуымен құрылатын сабақтас құрмалас сөйлемдер
  11. -майынша, -ғалы, -гелі формалы көсемше қатысып құрылатын сабақтас құрмалас сөйлемдер

Күйікті емдеуге қарапайым кеңес

Иллюстрация: Freepik.com

Тұрмыс барысында әртүрлі себептерден дене зақымдалып отырады. Күйік солардың бірі. Төменде күйікті емдеудің қарапайым әрі өнімді әдістеріне тоқталамыз.

1. Алдымен суық сумен күйген жерді тазалап жуамыз. Сосын жара аузын суық суда жарты сағаттай тұрғызу керек. Әдетте судың температурасы қаншалықты төмен болған сайын, соншалықты өнімді болмақ (бірақ, 5С төмен болмауы керек). Бірақ әдетте қайнаған су болса бұл әдісті қолдануға болмайды.

2. Аз мөлшердегі тұзды суды жара орнына тамызып қойсаңыз қабынудың алдын алады.

3. Жара аузына бал (әсел) жаққан да өнімді.

4. Шикі жұмыртқаның ағы мен балды араластырып, жара аузына жақсаңыз қабынуды қайтарады және ауырғанды тоқтатады.

5. Алмұртты жапырақтап кесіп, жара аузына біраз уақыт таңып қойсаңыз ауырғаны тоқтайды.

6. Кішкене балалардың күйген жарасына 25 грамм қарабұршақты қою етіп қайнатып, жара аузына жақсаңыз өнімі жақсы болады.

7. Жеңіл күйік жарасы болса құрғақ шәй жапырағын отқа қақтап, сумайға араластырып, жара орнына жақсаңыз ісікті қайтарып, ауруды тоқтатады.

8. Қол немесе аяқтың терісі күйіп, зақымдалғанда дереу спиртке малған жөн. Бұл қызарып, су көтерілудің алдын алады. Егер осылай бірнеше рет жалғастырсаңыз күйген орын ақырын-ақырын қалпына келетін болады. Мақтаны спиртке малып, күйген орынды ауық-ауық сүртіп отырсаңыз да өнімін көре аласыз.

9. Дене май немесе қайнаған суға күйген жағдайда өсімдік майын қолданыңыз.

10. Күйік орнына кірсабын жақсаңыз да ауырғанды басып, ісіктің алдын алады. Кері әсері жоқ. Тек белгілі уақыттан соң жуып тастаңыз.

11. Бұдан сырт тіс пастасын жақсаңыз ауырғанды тоқтатып қалмастан, су көтеріліп, ісіктің, қабынудың алдын алады.

Басқа материалдар:

Тез шаршауымыздың себебі неде?

Иллюстрация: Freepik.com

Ұйқының қанбауы – күнімен шаршаңқы күйде жүруіміздің жалғыз себебі емес. Мамандар адамдардың өзін шаршаңқы сезінуінің басты себептерін анықтады. Соларға назар салайық.

1. Шаршаңқы күйде жаттығудан бас тарту

Көптеген адамдар жаттығу залына бармасам, күш-қуатымды үнемдеймін деп ойлайды. Алайда, бұл – қате пікір. Керісінше, спорт сізге қуат береді. Зерттеу нәтижесі бойынша, көп отыратын адамдар спортпен 6 апта айналысқаннан кейін оларда қосымша қуат пайда болады. Аптасына 3 мезгіл 20 минуттық жаттығудың өзі де жеткілікті.

Физикалық жаттығулар күш пен төзімділікті арттырып, жүрек қызметін жақсартып, ағзаның оттек пен нәрлі заттарды жақсырақ сіңіруіне көмектеседі. Сондықтан, егер бүгін жаттығу залына баруға уақытыңыз болмаса, ең болмағанда далаға шығып, серуендеп келіңіз.

2. Судың жетіспеуі

Техас диетологы Эми Гудсон ағзадағы судың мөлшері нормадан 2 пайызға азайып кетсе, күш-қуатымыз төмендейді деген тұжырымға келді. Ағзаға су жетіспесе, қан көлемі азайып, қоюланады. Жүрек қан айналымының қызметін тоқтатпау үшін көбірек қуатты талап етеді.

3. Темірдің жетіспеуі

Ағзаға темір жетіспесе өзіңізді баяу, ашуланшақ, әлсіз сезінесіз. Мұның және қаназдықтың алдын алу үшін үрме бұршақ, жасыл көкөністер, жаңғақ және жержаңғақ майы секілді тағамдармен тамақтануыңыз керек.

4. Перфекционист болу

Перфекционистер – үнемі дамып отыруға тырысатын, алдына жиі қиын, жаңа мақсаттар қойып, оларға жетуге барын салатын жандар. Олар қиналып, терлеп-тепшіп жеткен мақсатқа шын жүректен қуана да алмайды. Себебі, жету жолы тым ауыр болады. Психологтар оларға жұмысқа аса көп уақыт бөлмей, демалып тұруға кеңес береді.

5. Түймедейді түйедей ету

Үнемі қобалжып, қауіптеніп жүретін адам психологиялық тұрғыда тез шаршайды. Сондықтан, жаман ойдан өзіңізді аулақ ұстаңыз, терең дем алып, жымиып, «бәрі жақсы болатынына» өзіңізді сендіріңіз. Егер бұл әдіс көмектеспесе, медитация, спорт немесе бимен айналысуыңызға болады.

6. Таңғы асты ішпеу

Тамақ – ағзамыздың жанармайы. Біз ұйықтап жатқанда ағзамыз күнімен алған күшті қан айналымы мен оттекті қалпында ұстау үшін пайдаланады. Сондықтан, таңертең тамақтанып жүруіңіз керек. Таңғы асқа мюсли, сұлы ботқасын, жержаңғақ майын, қара нан немесе йогурт жеуіңізге болады.

Басқа материалдар:

Қиярдан жасалатын маска түрлері

Иллюстрация: Freepik.com
— Қияр – адамның денсаулығына ғана емес, бет терісі үшін де пайдасы мол көкөніс. Құрамында теріге қажетті әрі пайдалы дәрумендер – кальций, темір, фосфор болғандықтан, әжіммен күресте тез әрі жақсы нәтиже береді. Сонымен қатар беттегі дақ пен безеуден арылтады. Қиярдан жасалатын маска түрлерін өзіңіз үйде әзірлеп көріңіз.

— Майлы теріге арналған маска. Орташа бр қияр мен алманы үккіштен өткізіп, дайын қоспаны бетте 30 минут ұстайды. Мұны аптасына 2 рет жасаса, тері өңі жақсарады.

— Дақты кетіруге арналған маска. Үккіштен өткізілген қиярды лимон шырынымен араластырады. 15 минуттан соң жылы сумен бетті шаяды. Маскадан соң бетке нәрлендіретін крем жағуды ұмытпаңыз. Қияр мен лимон шырынына дәкені малып, оны бетте ұстауға да болады. Бұл тәсіл бетті ағартып қана қоймай, теріні керемет сергітеді.

— Құрғақ теріге арналған маска. Қиярды үккіштен өткізіп, ботқа дайындайды. Оны 1 ас қасық қаймақпен араластырып, бетте 15 минус ұстайды да жылы сумен жуып тастайды. Аптасына 2 рет қайталаңыз.

— Әжімнен қорғайтын маска. Қияр мен картопты үккіштен өткізіп араластырады. 15 минуттан соң масканы салқын сумен жуып тастайды. Сонымен қатар, қиярды мұздатқышта қатырып, содан соң жылытады. Дөңгелек етіп кесіп, оны бетке қояды. Бұл әжіммен күресуге арналған пайдалы тәсілдердің бірі.

— Қияр қабығынан жасалатын маска. Қиярды жақсылап тазалап жуады. Қабығын кесіп, бетке жабыстырады. Сыртынан дымқыл дәке жабады. Қабықты 2-5 см алшақ орналастырады. Бірақ біраз уақытқа дейін бетті жумайды. Себебі көкөніс құрамындағы пайдалы заттар бет терісіне жақсылап сіңгені дұрыс.

— Қияр шырынынан лосьон дайындау. Қиярды үккіштен өткізіп, шырынын сығып алады да, сонымен бірдей мөлшердегі спиртпен араластырады. Тұнбаны 3-4 сағат тұрған соң ғана пайдалануға болады. Бұл лосьон әсіресе майлы бетті тазалауға жақсы әсері бар.

— Қиярға сүт қосып дайындалатын тазалағыш қоспа. Стақанның жартысына дейін сүт құйып, өте жұқа етіп кесілген қиярды салады. Бірнеше сағат өткен соң мұнымен бетті сүртуге болады. Құрғақ бетке арналған бұл тазалағышпен бетті күніне 2-3 рет сүртеді. Қоспаны 2-3 тәуліктен артық тоңазытқышта сақтауға болмайды.

«Алаш мұрасы: тұлғалар қызметі мен тәуелсіздік мұраты» қашықтық олимпиадасы басталғандығын хабарлаймыз

ҚР Тұңғыш Президенті қоры сыйлығының иегері, үздік қазақ тілді білім сайты – Qaztest.kz онлайн олимпиада ұйымдастыру комитеті мен Абай атындағы ҚазҰПУ-мен жасалған меморандум аясында Алаш қозғалысының тарихы мен Алаш арыстарының шығармашылық және ғылыми мұрасын насихаттау мақсатында мұғалімдер арасында І Республикалық «Алаш мұрасы: тұлғалар қызметі мен тәуелсіздік мұраты» қашықтық олимпиадасын (бұдан әрі Олимпиада) өткізеді.

 Олимпиадаға колледж оқытушылары мен мектеп мұғалімдері және 5-11 сынып оқушылары қатыса алады. Олимпиада тапсырмалары Алаш қозғалысының тарихы, Алаш арыстарының шығармашылық, ғылыми және мәдени мұрасы бойынша беріледі.

Олимпиада qaztest.kz сайтында өтеді.

Олимпиада бір кезеңнен ұйымдастырылады. Олимпиада 2021 жылдың 2 сәуір мен 2 мамыр аралығында өткізіледі. Қорытындысы 5 мамыр күні жарияланады.

Олимпиада жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдар, Үздік ұжымдарға арнайы плакетка беріледі. Республика бойынша ең жоғары ұпай алған 10 қатысушыға  Аманқос Мектеп-тегінің Алаш қайраткерлері туралы жазылған «Жеті көсем» атты көлемді зерттеу еңбегі сыйға беріледі және 25 ұпай жинаған қатысушылар «Құрмет грамотасымен» марапатталады.

Республика бойынша ең жоғары ұпай алған 25 қатысушы «Қазақстан үміті» төсбелгісімен және 25 ұпай жинаған қатысушылар «Озат оқушы» дипломымен марапатталады.

Олимпиада туралы толық ақпаратты 8(727) 229-63-69; 8(700) 978 59 22 телефондары арқылы білуіңізге болады.

І Республикалық «Алаш мұрасы: тұлғалар қызметі мен тәуелсіздік мұраты» қашықтық олимпиадасының

ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕСІ

 1.      Жалпы ереже

 1.1.           Qaztest.kz қашықтық олимпиадасының осы Ережесі (әрі қарай – Ереже) олимпиадаларды ұйымдастыру және өткізу тәртібін анықтайды (әрі қарай – Қашықтық олимпиада);

1.2.           Қашықтық олимпиада жайлы мәліметтер және қорытынды нәтиже qaztest.kz және martebe.kz сайттарында жарияланады; 

1.3.           Олимпиада qaztest.kz сайтында 2021 жылдың 2 сәуір мен 2 мамыр аралығында өткізіледі; 

1.4.           Олимпиадаға колледж оқытушылары мен мектеп мұғалімдері қатыса алады; 

1.5.           Олимпиада тапсырмалары Алаш қозғалысының тарихы, Алаш арыстарының шығармашылық, ғылыми және мәдени мұрасы бойынша беріледі.  

1.6.           Қашықтық олимпиадаға қатысу – ақылы,  ерікті негізде жүзеге асырылады.  

1.7.           Олимпиада марапаттарын үшінші тараптың қатысуымен бейресми негізде заңсыз алу жарамсыз болып танылады. Qaztest.kz сайтындағы «Марапаттарды тексеру» батырмасы арқылы әрбір қатысушы өзінің марапаттарын тексере алады.  

 2.      Республикалық олимпиаданың мақсаты мен міндеттері:

2.1.           Алаш қозғалысының тарихы мен Алаш арыстарының шығармашылық және ғылыми мұрасын насихаттау;

2.2.           Мұғалімдердің кәсіби біліктілігін арттыру және оларды қолдау, ынталандыру;

2.3.           Республикамыздағы үздік алаштанушы педагогтарды анықтау және оларды марапаттау.

2.3.1.  Күрделі деңгейлі тапсырмаларды өздігінен орындау арқылы оқушылардың коммуникативті-ақпараттық дағдыларын дамыту;

2.3.2.           Оқушыларды патриотизмге баулу және еліміздің тарихы мен ұлттық мәдениетіне деген құрметті дәріптеу;

2.3.3.           Республикамыздағы озат оқушыларды анықтау, оларға қолдау көрсету және марапаттау.

 3.      Республикалық олимпиаданы өткізілуі мен тәртібі:

3.1.           Олимпиада бір кезеңнен және 25 сұрақтан тұрады.

3.2.           Әр тапсырманың бір ғана дұрыс жауабы бар және тест нұсқалары екінші рет қайталанбайды;

3.3.           Қатысушы ең көбі 3 рет тест тапсыра алады. Ең жоғарғы нәтижесі есепке алынады;

3.4.           Тестілеуден өту үшін қатысушыға 50 минут уақыт беріледі. Уақыт біткеннен кейін автоматты түрде тестілеу аяқталады;

3.5.           Олимпиадаға төлем жасағаннан кейін ғана қатысу мүмкіндігі ашылады;

3.6.           Тестілеудің нәтижесін қатысушы  тестті орындағаннан кейін бірден біле алады;

3.7.           Қатысушылардың марапаттары автоматты түрде электронды почтасына жіберіледі және жеке кабинетіндегі «Сертификат-Диплом» бөлімінде сақталады.

4.      Олимпиада қатысушыларына қойылатын талаптар:

4.1.           Қатысушы ешкімнің көмегінсіз тапсырмаларды өзі орындауы тиіс;

4.2.           Қатысушының атынан өзге біреудің қатысқандығы құрылғының IP адресі арқылы анықталады. Расталған жағдайда қатысушының нәтижесі толықтай жойылады;

4.3.           Олимпиада барысында кері батырмасын басуға және басқа бетке ауысуға болмайды;

4.4.           Тестілеу парақшасын жауып алған жағдайда тестілеуге берілген уақыт ішінде «Менің нәтижелерім» бөлімінде «тестті жалғастыру» батырмасын басу арқылы қайта жалғастыру мүмкіндігі қарастырылған;

4.5.           Уақытында енгізілмеген тапсырмалар үшін төлемдер қайтарылмайды;

4.6.           Берілген сұрақтарды белгілемей алдыға және кейін шегінуге болмайды;

4.7.           Тестке қатысу жеке немесе координатордың ұйымдастыруымен жүзеге асады;

4.8.           Координатор өзінің жеке парақшасы арқылы бір немесе бірнеше адамды қатыстыра алады (бір ұжымнан ғана қатыстыруы тиіс);

4.9.           Тест нәтижелері қайта қарауға жатпайды және аппеляциялық комиссия құрылмайды;

4.10.       Олимпиадаға байланысты сұрақтар qaztest.kz@mail.ru почтасына қабылданады.

 ОЛИМПИАДАҒА ҚАТЫСТЫ ҚОСЫМША АҚПАРАТТАР

Олимпиадаға қатысу бағасы:  бір реттік тест – 600 теңге, екі реттік мүмкіндік – 1000 теңге. Толық ақпарат сайтта жаңалықтар бөлімінде жарияланады.

 ОЛИМПИАДАНЫҢ МАРАПАТТАУ РӘСІМІ

Олимпиада қорытындысы бойынша 17 ұпайдан жоғары ұпай алған қатысушыларға І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдар беріледі.

Орын ұпайлары:

І орын – 25-23 ұпай

ІІ орын – 22-20 ұпай

ІІІ орын – 19-17 ұпай

Қатысушылардың І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдары олимпиада барысында парақшасында сақталады және электронды түрде почтасына жіберіледі.

Олимпиада қорытындысы бойынша республика бойынша ең жоғары ұпай алған 10 қатысушыға  Аманқос Мектеп-тегінің Алаш қайраткерлері туралы жазылған «Жеті көсем» атты көлемді зерттеу еңбегі сыйға беріледі және 25 ұпай жинаған қатысушылар «Құрмет грамотасымен» марапатталады.

Республика бойынша ең жоғары ұпай алған 25 қатысушы «Қазақстан үміті» төсбелгісімен және 25 ұпай жинаған қатысушылар «Озат оқушы» дипломымен марапатталады.

Қорытынды нәтиже, яғни сыйлық иегерлері сайтта 2021 жылдың 5 мамыр күні жарияланады.

Ескерту! Қатысушылардың жинаған ұпайы тең болған жағдайда тесттен өткен уақыты есепке алынады. Қатысушылардың нәтижесі IP адрес арқылы тексеріліп, басқа адам өткізгені анықталса, нәтиже жойылады. Ұйымдастырушылар комитеті тест нәтижесі бойынша қорытынды жариялайды.

Бір ұйымнан 30 қатысушы қатысып, 20 жүлделі орын иеленген ұжымға  «Үздік ұжым» плакеткасы беріледі. Сонымен қатар, бір ұйымнан 20 қатысушы қатыстырған координаторға алғыс хат беріледі. «Үздік ұжым» плакеткасына үміткерлер қатысушылардың тізімін qaztest.kz@mail.ru почтасына олимпиаданың соңғы күніне дейін жолдауы керек.

 «ҮЗДІК ҰЖЫМ» НОМИНАЦИЯСЫ ҮШІН ӨТІНІШ ҮЛГІСІ

Мектеп атауы, мекен-жайы, индексі және байланыс нөмірі
Реті Қатысушылардың аты-жөні Сайтқа тіркелген почтасы (қатесіз болуы міндетті) Координатордың аты-жөні, телефоны
1.

Ескерту! «Үздік ұжым» дипломы мен координаторға берілетін алғыс хат үшін өтініш хаты жіберілмеген жағдайда марапаттар жіберілмейді.

ТӨЛЕМ ЖАСАУ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ

 Төлемдер Kaspi.kz қосымшасы (Платежи – qaztest.kz), QIWI терминалдары арқылы  (Білім беру қызметтері→qaztest.kz→e-mail немесе ID нөмір) және кез келген банк картасымен интернет банкинг арқылы онлайн жүзеге асырылады. Төлем жасағаннан кейін қатысушы парақшасына кіріп, «Сатып алу» батырмасын басу арқылы тестті сатып алады.  Төлем жасау туралы түсіндірме сайттың «Бейне нұсқау» бөлімінде көрсетілген.

Егер қатысушылар саны көп болса, барлық қатысушыларды бір жауапты маман «Координатор» болып, барлығын жеке парақшасында тіркеп, ұйымдастыра алады. Толық нұсқаулық «Видеонұсқау» бөлімінде көрсетілген.

ҰЖЫМ БОЛЫП ҚАТЫСУШЫЛАР ҮШІН

 Ауылдық жерлерден қатысушылар немесе ұжым болып қатысушылар Қазпочта немесе Халық банк бөлімшесіне барып, төмендегі реквизитті көрсету арқылы төлем жасай алады. Егер бірнеше қатысушы қатысатын болса, барлығы бірге төлеуге болады.

Біздің реквизит

Банк атауы: «Банк Kassa Nova» АҚ;

БИК: KSNVKZKA

Төлем аударылатын мекеме атауы: «SKILLS ACADEMY» ЖШС

БИН/ИИН: 161240000269

KZ55551A127001275KZT

Кбе 17; Код 19; КНП 861

Төлем мақсаты: Qaztest.kz олимпиадасына қатысу үшін.

Ескерту! Төлемді кез келген банк бөлімшесінен және казпочтадан жасай аласыздар.  Төлем барысында Кбе және КНП дұрыс болуын қадағалаңыз!

Төлем жасалғанын растайтын квитанцияны qaztest.kz@mail.ru почтасына «Төлем квитанциясы» деген белгімен және үлгі бойынша өтінішті толтырып жіберу керек.

Өтініште жазылған почталар qaztest.kz сайтында тіркелген болуы міндетті.  

 ТӨЛЕМ ТҮБІРТЕГІН ЖІБЕРУШІЛЕР ҮШІН ӨТІНІШ ҮЛГІСІ

Қатысушының аты-жөні Сайтқа тіркелген почтасы (қатесіз болуы міндетті) Төлем құны мен тест саны (1 реттік тест, 2 реттік тест)
     

 

Өтініш жазу тек реквизит арқылы төлеген қатысушыларға міндетті. Kaspi.kz, терминалдар арқылы немесе онлайн төлеген қатысушылар өтініш жібермейді. Өтініш пен төлем түбіртегін жібергеннен кейін сайт модераторлары тестті қосып беретін болады.

Жұмыс уақытында онлайн чатқа және qaztest.kz@mail.ru почтасына хат жазу арқылы жылдам жауап аласыз.

Жұмыс уақыты: таңертеңгі 9:00-ден 18:00-ге дейін. Түскі үзіліс 13:00-ден 14:00-ге дейін.

Түскі үзіліс уақытында және жұмыс уақыты аяқталған соң телефонға және эл.почтаға жауап берілмейді.

Қосымша ақпарат алу телефоны: +7 700 978 59 22; +7 727 978 59 22

Лимоннан жасалатын маскалар

Иллюстрация: Freepik.com

— Секпілден арылуға көмектесетін үй жағдайында лимоннан жасалатын маска: Лимон шырыны мен балды бірдей пропорцияда араластырыңыз. Артынша бұл қоспаны дәкенің көмегімен бетіңізге жағып, 20 минутқа қалдырыңыз. Уақыт болған соң бетіңізді жылы сумен шайыңыз.

— Майлы бетке арналған үй жағдайында жасалатын маска: 1 жұмыртқаның ақуызын әбден көпіршітіп, үстіне 5 тамшы лимон шырынын тамызыңыз. Дайын болған қоспаны бетіңізге 10-15 минутқа қалдырыңыз. Артынша жылы сумен жуыңыз.

— Лимон, мұнымен қатар, сүйелден арылуға көмектеседі. Лимон қабығы үгіндісінің үстіне 30%-дық жарты стақан сірке суын құйыңыз. Бұдан кейін қақпағын жақсылап жауып, бір аптаға сол күйінде қалдырыңыз. Және арасында шайқап қоюды ұмытпаңыз. Бір апта уақыт өткен соң ерітіндіні күніне бірнеше рет сүйелдің үстіне жағыңыз.

— Лимоннан майлы бетке арналған ласьон жасауға болады. Лимон шырынының үстіне дәл сол көлемде су құйыңыз. Артынша осы ерітіндімен күніне 2-3 рет бетіңізді сүртіңіз.

— Ал егер сіздің теріңіз құрғақ болса, келесі масканы жасағаныңыз абзал. 1 ас қасық қаймаққа 1 ас қасық лимон шырынын қосып араластырыңыз. Дайын болған қоспаны бетіңізге жағып, 10-15 минутқа қалдырыңыз. Міндетті түрде жылы сумен шайыңыз.

— Лимон маскасының көмегімен еріннің үстіндегі және иектегі түктердің түсін ағартуға болады. 1 жұмыртқаның ақуызына 2 ас қасық лимон шырынын қосыңыз. Алайда бұл масканы тек түк бар тұстарға ғана жаққан дұрыс. Және оны 15 минуттан артық ұстамауға тырысыңыз.

Бұл рецепт өте құрғақ бет терісіне арналады: 1 ас қасық лимон шырынын дәл сол көлемдегі балмен араластырыңыз. Үстіне 1 ас қасық сұлы жармасының ботқасын қосыңыз. Оны бетіңізде 10 минутқа қалдырып, артынша жылы сумен шайыңыз.

Басқа материалдар:

Есептеудің ең тиімді бес жолы

Иллюстрация: Freepik.com

Калькулятор қолдануға үйреніп қалғанымыз соншалықты, кей жағдайда қарапайым есептерді де шеше алмай ойланамыз. Бүгінгі материалда калькулятордың көмегінсіз есептеудің тиімді әрі жеңіл бес жолын айтамыз.

1. Беске көбейту

Санды 5-ке жеңіл көбейту үшін, алдымен санды 2-ге бөліп, содан соң 10-ға көбейткен жөн. Бірақ ол сіздің үйреншікті есептеу жолыңызға да байланысты. Біреулерге 5-ке көбейткен ыңғайлы.

Мысалы: 22 х 5 = 110 немесе 22 / 2 = 11, 11 х 10 = 110

2. Төртке көбейту

Санды 4-ке көбейту кезінде көбейту кестесін еске түсіріп отырудың қажеті жоқ. 2-ге екі рет көбейту арқылы есептеген жеңілге түседі.

Мысалы: 9 х 4 = 36 немесе 9 х 2 = 18, 18 х 2 = 36

3. Үшке бөлінгіштігін тексеру

Кез келген санның 3-ке бөлінетіндігін білу үшін сол санды құрауыштардың қосындысы 3-ке бөліну қажет.

Мысалы: 126, 1 + 2 + 6 = 9. 9 саны 3-ке бөлінетіндіктен, 126 саны да 3-ке бөлінеді.

4. Үш таңбалы санды 1001-ге көбейту

Үш таңбалы сандарды 1001 санына қарапайым жолмен көбейтуге болады. Кез келген үш таңбалы санды 1001-ге көбейткен кезде, сол бірінші көбейткіш сан екі рет қайталанады.

Мысалы: 589 х 1001 = 589589

5. Тоғызға көбейту

Егер санды ойша 9-ға көбейту қиынға түссе, сол санды алдымен 10-ға көбейтіп, одан сол бастапқы санды азайтып тастаңыз.

Мысалы: 24 х 9 = 216 немесе (24 х 10) — 24 = 240 — 24 = 216

Басқа материалдар:

  1. Математика туралы қызықты фильмдер
  2. Математиканың өмірде қандай пайдасы бар?
  3. «Қызықты математика» үйірме жоспары
  4. Натурал сандар және нөл. Математика пәнінен сабақ жоспары
  5. Ондық бөлшекті жай бөлшекке айналдыру. Математика пәнінен сабақ жоспары (тапсырмаларымен бірге)
  6. Фокустық жазықтық ребусі (8 сынып)
  7. Математика туралы қызықты деректер
  8. Математика формулаларын қалай тез есте сақтауға болады?

«Жаман боладының» мәні мен мағынасы

Қазақы наным-түсінік оның тұрмыс-тіршілігі мен өмір-салтымен етене байланысып жатыр. Бүгін назарларыңызға ата-аналарымыз бен ауылдың үлкен ақсақалдары үнемі айта беретін «Жаман болады» жайлы ұсынбақпыз. «Жаман боладының» астарында не жатқанын білгіңіз келсе, назар аударыңыз.

* Белді таянбайды. Себебі жақын адамы қайтыс болғанда жоқтау айтып жылаған әйел ғана белін таянады.

* Жер таянып отырмайды. Жақынынан айрылған адам ғана жер таянады.

* Бетті басуға болмайды. Қайғы-қасіреттен қажыған адам ғана бетін басады.

* Қолды тарақтауға, артқа қусырып жүруге болмайды. Бұл- қолы байланған тұтқынды еске салатын жаман ырым.

* Белді босқа буынбайды. Өмірінде перзент көрмеген адам ғана белін босқа буынады.

* Тізені, табанды тартуға болмайды. Ауруға шалдыққанда ғана тізе мен табанды тартады.

* Жақты таянбайды. Қайғы-қасіреттен әбден жалыққан адам ғана жағын таянып демеу етеді.

* Тізені құшақтамайды. Бұл- «ұрпақсыз қалдым», «қу тіземнен басқа құшақтар қалмады» деген жаман ырымды білдіреді.

* Жуған қолды сілкісе, ырыс-несібе кетеді.

* Адамға қаратып қолды шошайту әдепсіздік болады.

* Саусақты, қолды орынсыз ауызға салуға болмайды. Бұл да әдепсіздік белгісі.

* Екі қолды төбеге қойып отыруға болмайды. Басына қайғы-қасірет түскен адам ғана екі қолын төбесіне қойып отырады.

* Аяқ-қолды жіппен байлауға болмайды. Себебі бұл қол-аяғы байланған тұтқынды еске салады.

* Басты шайқауға, тісті қайрай беруге болмайды. Жүйке ауруына шалдыққан адам ғана осылай істейді.

* Таңдай қағуға болмайды. Үй ішінде таңдай қаға беру-жаманшылық (өлім-жітім) шақыру белгісі.

* Біреуге қарап ерін шығаруға, үлкен адам алдында аяқты созып отыруға, адамға қарап түшкіруге, үлкен кісінің жолын кесіп өтуге болмайды. Бұл қылықтардың бәрі әдепсіздік болып саналады.

* Кісіге қарап бейберекет күлуге болмайды. Жүйке ауруына шалдыққан адам ғана бейберекет күле береді.

* Адамға қарап керілмейді, бұл да әдепсіздік болып саналады.

* Жатқан кісінің үстінен аттамайды.

* Ішекті тартуға болмайды. Жаманшылық шақыру белгісі болып саналады.

* Тырнақты тістесе, ырыс-несібе кетеді.

* Тырнақ пен бастың шашын бейсенбі мен жұмадан басқа күнде алады.

* Сейсенбі күні үлкен жұмысқа кіріспейді. Жаңа мекенге көшпейді, жолға шықпайды, тіпті малды да санамайды. Түнгі қонаққа мал сойылмайды. Қазақ халқында сәрсенбі сәтті күн есептеледі. Сондықтан барлық істі сәрсенбі күні бастайды.

* Түнде айнаға қарамайды. Адам түнде айнаға қараса, қатты шошынуы мүмкін.

* Итті, мысықты тебуге болмайды. Өйткені әрбір жан-жануардың киесі болады.

* Ер адам төрге қарап жүрелеп отырмайды. Өйткені ол қырық адамның жолын бөгейді. Егер әйел жүрелеп отырса, онда қырық адамның жолын оңғарады.

* Ауылға атпен шауып келуге, жүгіріп үйге кіруге болмайды. Бұл адам шығынының жаман хабары деген жаман ырымға саналады. Егер сүйінші хабар болса, шауып келуге болады, бірақ «сүйінші!» деп айғайлап келу керек.

* Қайғылы, қазалы хабарды естірткенде немесе жаназаға шақырғанда атпен шауып келіп, шеткі үйге ғана хабарлайды. Ол үйдің иесі басқаларға хабарлауға тиіс.

* Кісі ақысын жеуге болмайды. Кісі ақысын жеген адам о дүниеге барғанда тозаққа барады.

* Жақын адамға мысық берсе, аралары суып кетеді.

* Құлаған үйдің, мал қораның ішінде адам дәретке отырмайды, киесі ұрады.

* Тырнақ пен шашты баспайды, отқа тастамайды, оларды адам баспайтын жерге көмеді.

* Кірдің суын басуға болмайды. Жаманшылық кірдің суымен кетеді. Оны басу сол жаманшылықты үйге әкелумен бірдей.

* Басты маңдайдан бастап жуады. Өйткені жақсылықтың бәрі адам маңдайына жазылады.

* Бейіт тұсынан шауып өтуге, бейітке қарап қолды шошайтуға, оған қарап түзге отыруға болмайды. Бұл — қайғы-қасірет шақыратын жаман ырым.

* Таяққа сүйенуге болмайды. Өйткені жақыны қайтыс болған ер адам ғана таяққа сүйенген.

* Дәретханаға кіргенде сөйлеуге, күлуге болмайды. Дәретханаға сол аяқпен кіріп, оң аяқпен шығу керек. Бойымдағы ауыртпалық дәретханада қалсын деп, сол аяқпен, жақсылықтың бәрі алдымнан шықсын деп оң аяқпен шығу керек.

* Түнде суға бармайды. Барған күндеде «Су иесі Сүлеймен, су алуға рұқсат бер» деп суға үш рет кесек лақтырып барып алған жөн.

Басқа материалдар:

  1. Ауа райын хайуандар мен жәндіктер қалай болжайды?
  2. Қазақстандағы ең үздік көп салалы 10 университет
  3. Қазақстандағы ең үздік 8 техникалық жоғары оқу орны
  4. Интернет-маркетологтың қызметі қандай?
  5. SMM маманы деген кім?
  6. Data Scientist — деректер ғалымының қызметі қандай?
  7. Web-дизайнер деген кім?
  8. Таргетологтың қызметі қандай?
  9. Қазақстанның гуманитарлық және экономикалық ең үздік 7 университеті
  10. Контекстолог деген кім?
  11. Оқушы мен студентке арналған ең пайдалы 10 қолданба
  12. ҰБТ-да төмен нәтиже көрсетудің себебі қандай?
  13. Мектеп оқушыларына 6 кеңес
  14. Жетістікке жетелейтін 19 әдет
  15. Адам миы туралы қызықты 30 мәлімет

Сізге қандай дәрумен жетіспейді?

Freepik.com

Кейде адамның бірнеше уақыт бойы мазасыз күйге түсетіні бар. Ондайда адам қалжырап, тез шаршағыш болады, ұйықтай бергісі келеді, тіпті басы айналуы да мүмкін. Мамандар мұндай мазасыздықтың себебін ағзада витамин жетіспеушілігінен болатынын айтады. Ал ағзада қай витаминнің жетіспейтінін қалай білуге болады?

—  А витамині жетіспегенде тері құр­ғап, түрлі қабынулар пайда болады. Тамаққа тәбетіңіз болмай, түнге қарай көздің көруі нашарлайды және түйіліп ауыратын болады. Бұл Сіздің тамақ рационыңызда майдың аз болуының белгісі. Артық салмақтан арылу үшін қатаң диета ұстаған адамдарда көбіне витаминнің осы түрі жетіспейді. Себебі диета кезінде адамдар А витамині мен майларды жеуден бас тартады. Ал бұл витаминнің ағзаға майсыз сіңуі мүмкін емес. Мұндай жағдайда көкөніс­тер мен ірімшік қосылған омлет жеген пайдалы. Оның қуаты аз, бірақ май жеткілікті. Сондай-ақ А витамині бауырда, сары майда, жұмыртқаның сарысында, қаймақта, балық майында болады.

—  Ағзада В витамині жетіспегенде аяғыңыз әлсірейді, есте сақтау қабілетіңіз нашарлайды, аяғыңыз бен қолдарыңыз жиі жансызданатын болады, жүрек шаншиды.

— Ал В2 – рибофлавин жетіспегенде тері кедір-бұдырлы болып, безеу, ұшық, сыздауық сияқты жаралар жиі шығады, шаштың өңі кетіп, түсе бастайды.

— Жаныңыз күйзеліске түсіп, шаршау байқалса, жиі тұмаурататын болсаңыз, ағ­за­ңызда ВЗ немесе РР никотин қышқылы жетіспейтіні анық.

— Ұйқышылдық басса, басыңыз айналса, тері құрғаса, шашыңыз түссе В6-пиридоксин жетіспейді деп біле беріңіз.

— В9 – фолий қышқылы жетіспегенде тістің еті жиі қанайды, асқазан-ішек жолдары қабынады. Сондай-ақ аз уақытта жүдеу мен терінің түсі сарғыш тартуы да вита­мин­нің осы түрінің жетіспеуінен болады.

— Қан құрамындағы эритроциттер төмен түссе, тілдің дәм сезуі нашарласа, көп шаршайтын болсаңыз, сонымен қатар ауа райы өзгергенде басыңыз ауыратын болса, денеңізде құмырсқа жүр­гендей сезінсеңіз сізге В12 – цианокобаламин жетіспейді.

— В витаминдер тобының жетіспеу­­ші­лі­гі ағзаның жасушаларындағы азықтың азды­ғынан болады. Оның соңы ішек жұ­мыс­тарының бұзылуына әкеліп соғады. Бұл топтағы витаминдер ішекте сіңетіндіктен ішек­тегі кез келген проблемалар ағзадағы осы витаминдердің жетіспеуіне әкеліп со­ға­ды. Одан арылу үшін Сіздің азығыңызда жануарлардан алынатын өнімдер көп болуы керек, мысалы, жұмыртқа, бауыр, жүрек, сүт. Сол секілді В витаминдер тобын сәбіз бен капустадан және жасыл бұрыштан іздеуге болады.

— Егер ағзаңыздың инфекцияға қар­сы тұру қабілеті төмендесе, сәл суыққа тоңғыш болсаңыз, ұйқыңыз бұзылса, ойы­ңызды жинақтай алмайтын болсаңыз, кейде тісіңіздің еті қанайтын болса, күнде­гідей тамақтанып жүргеніңізбен толып кетсеңіз, онда С витамині, яғни аскорбин қышқы­лы жетіспейді. Адам бо­йындағы жағымсыз әрекеттердің барлығы (жұмыстан қатты шаршау, түнгі ұйқының бұзылуы, тағы басқа) ағ­зада С витаминінің тау­сылуына әкеліп со­ғады. Никотин мен алкоголь де С вита­минін азайтады. Оның орнын толтыру үшін киви жеңіз. Екі орташа киви бір күндік С витаминін береді. Егер цитрус­ты жемістерге аллергия болмаса, оларды көбірек пайдалану керек.

— Көзіңіз талып, көруі нашарласа, тіс эмалінде жарықтар пайда болса, жиі ашула­натын болсаңыз, буын-буыныңыз қақ­саса,­ бұлшық етіңіздегі әлсіздікті сезінсеңіз, он­да сізге Д витамині жетіспейді. Оған қыс­тың қысқа күнінде ағзаға керекті ультра­күлгін сәулесін жеткілікті түрде ала ал­майтынымыз себеп. Ал Д витамині жетіс­пегенде каль­цийдің ағзаға сіңуі нашарлайды. Соның салдарынан Д витамині жетіспе­генде сүйек жіңішкеріп, шаш жиі түсіп, тырнақ сынғыш болады. Егер күн көзіне шығуға мүмкіндік болмаса, терезенің алдында күн сәулесі түсетін орында отырыңыз. Жаздың күндері қауіпсіздік ережелерін сақтап күнге қыздырынып қоюға да болады. Ағзада Д витамині жеткілікті болсын десеңіз, аптасына екі рет бір порция (100 грамм) ар­қан балық (лосось) жеп тұрыңыз.

— Басыңыз қатты ауырып, тек дәрі іш­кенде ғана басылатын болса, аяғыңыздың сіңірі тартылып ауырса, ызақор болсаңыз, тері босаңсыса, аяғыңыз бен қолыңызда қара дақтар байқасаңыз, жыныс мүшеле­рі­ңіз, бұлшық етіңіздің әлсіреуі, ұмытшақтық Е витаминінің жетіспеушілігінен болады. Антиоксидант ретінде Е витамині жасушаларды зақымданудан қорғайды. Сөйтіп біздің ағзамызды тез қартаюдан қорғайды. Е ви­та­­мині қанның ұюынан сақтайды. Одан бөлек витаминнің бұл түрі көптеген тері ау­руларын емдегенде өте пайдалы. Бір күнге керекті Е витаминін 1 ас қасық тұшымаған күнбағыс майынан да алуға болады.

Басқа материал: