Сағыздың зияны туралы білесіз бе?

Иллюстрация: Freepik.com

Сағызға таңдау өте көп. Неше түрлі дәмде табуға болады, тәттісі, қышқылы, ащысы, жеміс-жидек дәмдерімен тағы басқа… ⠀

Күнделікті сағыз шайнау бәріміздің әдетімізге айналғаны рас. Оның пайдасы мен зияны туралы ойламайтынымыз рас.

1. Сағызды шайнап бастағанда шартты рефлекс бойынша асқазанға мидан «тамақ келеді» сигнал барып, асқазаннан қышқыл сөл бөлініп бастайды. Бірақ, асқазанға ешқандай тамақ бармауынан, қышқыл сөл асқазанның кілегей қабатын зақымдап, гастрит, эрозия, жара дамуына әкеледі. Сол себепті, сағызды ашқарынға шайнауға болмайды

2. Америкалық ғалымдардың зерттеуі бойынша, сағыз асқорыту процессін 19%-ға жеделдетеді екен. Ендеше, сағызды тамақ ішкеннен кейін пайдаланған дұрыс! ⠀

3. Құрамындағы химиялық қоспалар мен сағыз шайнау процессі кезінде бөлінетін сілекей тістің эмалын бұзады. Ал, шайнау кезіндегі механикалық әсері тіс пломбасын, коронка, мост дегендерді қозғап жібереді.

4. Сағыз шайнап бастағанда алғашқы минуттарда ол ауыз қуысымыздағы миллиондаған микробтарды өзіне жабыстырып алады екен, ал ұзақ уақыт үздіксіз шайнау кезінде, сол микробтарды ішімізге жұтып қояды. Сондықтан, сағызды 3-5 минуттан артық шайнамаған жөн! ⠀

5. Сағыз тісті тазаламайды. Ешбір стоматолог тамақ ішкеннен соң сағызбен ауыз қуысын тазалауға кеңес бермейді  Тіс щеткасы болмай жатса ауыз қуысын ең болмағанда сумен шаюға кеңес береді

6. Сағыз ауыздағы жағымсыз иісті азайтады, бірақ, ол УАҚЫТША ғана! Ауыздан шығатын жағымсыз иістің себебін анықтап, емдеу қажет! ⠀

7. Ғалымдардың пайымдауынша, сағыз шайнау кезінде адамдардың ойы шашыраңқы болып, есте сақтау қабілеті төмендейді екен.

8. Сағыздың құрамында зиянды зат бар!
Аспартам (тәтті дәм беруші зат) және глутамат (тағамдық қоспа, аминқышқылы) — бұлардың денсаулыққа, әсіресе дамып келе жатқан миға зиянды әсері көп!
Сол себепті, жүктілік кезінде және 4 жасқа дейінгі балалар мүлдем пайдаланбағаны жөн!

Басқа материалдар:

  1. ҰБТ тапсырушы түлектерге ақыл-кеңес
  2. Мектеп оқушыларына 6 кеңес
  3. ҰБТ тапсырушыларға Шиара Құдайбергеновадан кеңес
  4. Интернет-маркетологтың қызметі қандай?
  5. SMM маманы деген кім?
  6. Data Scientist — деректер ғалымының қызметі қандай?
  7. Есте сақтау қабілетін арттырудың 7 құпиясы
  8. Зейгарник эффектісі. Есте сақтауды қалай арттыруға болады?
  9. Математика формулаларын қалай тез есте сақтауға болады?
  10. Физика пәнінен формулаларды қалай есте сақтауға болады?

Латын әліпбиіне көшудің қажеттіліктері мен мәселелері 

0
латын

Латын әліпбиіне көшудің қажеттіліктері мен мәселелері 

Қазіргі саяси-экономикалық жағдай халқымыздың әлеуметтік дамуына ерекше әсер етіп отыр. Соған байланысты тұрмыс-тіршіліктің барлық салаларында небір өзгерістер болып жатыр. Кез келген халықтың мәдениетінің, өркениетінің деңгейін анықтайтын басты белгелердің бірі – оның жазуы.

Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани сананы жаңғырту» атты мақаласында қазақ жазуының латын әліпбиіне көшу қажеттілігі жөнінде алдағы жылдарда мықтап қолға алу қажет болатын бірнеше жобаны ұсынып, соның алғашқысы латын әліпбиіне қатысты қазақ тілін біртіндеп латын әліпбиіне көшіру жұмыстарын бастауымыз керек». Бұл мәселеге дайындықпен келгенімізді айтып: «2017 жылдың аяғына дейін ғалымдардың көмегімен барша қоғам өкілдерімен ақылдаса отыры, қазақ әліпбиінің жаңа графикадағы бірыңғай стандартты нұсқасын қабылдау керек. 2018 жылдан бастап жаңа әліпбиді үйрететін мамандарды және орта мектептерге арналған оқулықтарды дайындауға кірісуіміз қажет. Алдағы 2 жылда ұйымдастыру және әдістемелік жұмыстар жүргізілуге тиіс», — деген міндерттерді жүктеді.

Латын әліпбиіне көшу мәселесі алғаш сөз бола бастағанда, қызу талқыланып, бірсыпыра ұсыныс-пікірлер айтылғанымен, қазір жұрттың құлағы үйренді. Әлбетте, солай болудың да реті бар шығар. Себебі, әуел бастан латын жазуына көшудегі түпкі мақсаты әуел бастан анықталып, халыққа жан-жақты түсіндірілген жоқтұғын. Біреулер «Латыншаға көшсек, компьютер тілін оңай игеріп, интернетке шығуымызға кең жол ашылады» десе, енді біреулер «Латын әріптері арқылы күллі түркі жұртына ортақ жазу қалыптастырамыз. Бір-біріміздің жазба әдебиетімізді тәржімәсіз немесе делдал (орыс) тілсіз түпнұсқадан оқи береміз» дегенді айтты.

Ал тіліміздің қамын әріден ойлаған Ә.Жүнісбеков, Б.Қалиев сияқты т.б. тілші-лингвист ғалымдар «Латыншаға көшу тіліміздің өзіндік болмысын сақтап қалу үшін қажет, латын жазуына негізделген өзіміздің төл әліпбиімізді құрып алған соң, тіліміздің табиғатында жоқ, орыс тілінен және халықаралық термин деген желеумен орысшаланып енген бөтен сөздерден арыламыз. Сөйтіп, қазақша баламасы табылмай жүрген бүкіл кірме сөздерді өз тіліміздің дыбыстарымен жазып-айтамыз» деген ұстанымды (позиция) басшылыққа алған еді.

Осы пікірлердің қай-қайсысының да өзіндік маңызы бар екеніне дау жоқ, дегенмен үшінші пікірдің салмағы басымырақ. Мысалы, бірінші пікірге келсек, компьютерде жұмыс істеу, ең алдымен, өзіміз үшін керек, жазуымыздың, яғни тіліміздің әуелі өзімізге қызмет етуін қамтамасыз етіп алмай тұрып, әлемге танылуды, әлемдік Интернетке шығуды көздеу орынсыз деп ойлаймын. Екінші пікірге бір жағынан құлақ қоюға болады. Қазір біз кез келген түркі халықтарының өкілімен аызша сөйлессек, бір-бірімізбен оп-оңай түсінісіп, пікірлесе аламыз. Ал жазуымыздың әрқилылығына байланысты бүкіл жазба дүниелерімізді орысшаға аудармай, демек делдал тілсіз оқи алмаймыз. Осы мәселені көздеп, бәрімізге ортақ жазуды қалыптастыруды ойласақ, латынға көшуді әбден қолдауға болатындай-ақ.

Ғылым тілінсіз қазақ тілі толыққанды мемлекеттік тіл бола алмайтыны баршаға аян және ғылыми тіл мектеп оқулығынан басталатынын ескерсек, түрлі ғылым мен олардың салаларының қазақша дамуы күмән туғыза түседі. Дәл бүгінгі уақытта әбден тозығы жеткен, көнерген, бүгінгі ұлттану саясатына кереғар, заман талабына сай емес, кезіндегі орыстандыру саясаты негізінде жасалған біздің қазіргі қолданыстағы «қазақша-орысша» әліпбиіміз бен орыс сөздері мен орысшаланған шетел сөздерін орысша қалай болса қазақша да солай жазуға, тіпті айтуға мәжбүрлейтін емле (орфография) ережелерімізді реттеу әріп ауыстырудан бұрын істелетін өте өзекті іс болып тұр.

Латыншаға көшудің тағы бір тиімді жағын ескеру қажет. Мәселен, сан мыңдаған шетелдік сөздер тасқыны тілімізге күн санап толассыз еніп жатқан мына зымыран заманда бірен-сараң сөздерге әрең дегенде қазақша балама тауып, бірақ оның өзін сан-саққа жүгіртіп, дауласып жүргенімізде тіліміздің тек дыбыстық жүйесі мен сөздік құрамы ғана өзгеріп қоймай, құрылымы да өзгере бастайтыны даусыз.

Сондықтан Арал балықшылары үшін теңіздің бір бөлігін құтқарып қалғанымыздай (КішіАрал), тіліміздің таза қазақы қалпын сақтап сөйлеп-жазып жүрген ұлтымыздың бір бөлігі үшін, бөтен дыбыстардан және оларды таңбалап келген әріптерден арылған нағыз қазақ әліпбиін латыншаға көшу арқылы жасауға қазір толық мүмкіндік туып отырған сияқты.

Латын графикасына көшу – қазақ халқының алға жылжуына, жаңа заман талабына сай өсіп-өркендеуіне, болашақта еліміздің дамуына зор үлесін қосары сөзсіз.

Оспанова Мәншүк Хасенханқызы
Қостанай қаласы
№2 мектеп-лицейдің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Балаға массаж не үшін керек?

Иллюстрация: Freepik.com

Массаж балаға әрі ем, әрі алдын алу үшін қажет. Баланың тірек-қимыл аппаратының нығаюына жағдай жасайды, бұлшықет және қан айналым жүйесін нығайтады, зат алмасуын арттырады, балаңыздың жалпы денсаулығының нығаюына көмектеседі.

Массаж қандай диагнозды емдеуге көмектесетінін тізіп көрсетейін:

Кривошея. Мойын бұлшықетінің тартылып қалуынан немесе омыртқаның мойын бөлігінің қисаюынан басының орналасуынаң дұрыс болмауы. Тез арада массаж қабылдасаңыздар тез айығып кетеді.

Плоскостопие немесе майтабан, 1 жасқа дейін байқаған болсаңыз тез арада массаж алсаңыздар эффективно болады.

Косолапость немесе маймақтық, талтақтық. Асқынуы тірек-қимыл жүйесіне зақым тиеді, плоскостопияға әкеледі. Массажбен өте жақсы қалпына келеді.

Гипертонус. Бұлшық еттің тонусының жоғары болуы, денесі тырысып тұрады. Егер ем қабылдамаса судорогқа әкеледі. Бұл кезде арнайы релаксационный массаж қабылдайды.

ДЦП кездегі массажды дәрігер аурудың клиникасына қарай тән методиканы өзі таңдайды. Массаж жасау арқылы нервтердің рефлокторлық қызметін қалпына келтіреді.

Кіндік грыжасы. Әдетте кіндігі томпиып шығып тұрады. Массаж курсын алу арқылы тез айығып кетеді.

Дисплазия. Бала ұршығының дамымай қалуы. Әдетте 5 айлығында рентгеннен анықталып жатады. Өз кезегінде массаж қабылдасаңыз жақсы көмектеседі.

Басқа материалдар:

  1. ҰБТ тапсырушы түлектерге ақыл-кеңес
  2. Мектеп оқушыларына 6 кеңес
  3. ҰБТ тапсырушыларға Шиара Құдайбергеновадан кеңес
  4. Интернет-маркетологтың қызметі қандай?
  5. SMM маманы деген кім?
  6. Data Scientist — деректер ғалымының қызметі қандай?
  7. Есте сақтау қабілетін арттырудың 7 құпиясы
  8. Зейгарник эффектісі. Есте сақтауды қалай арттыруға болады?
  9. Математика формулаларын қалай тез есте сақтауға болады?
  10. Физика пәнінен формулаларды қалай есте сақтауға болады?
  11. ҰБТ-ға дайындалуға арналған тәсілдер

Ашығудың пайдасы қандай?

Freepik.com

Қазіргі заманда барлық адамға ашығу керек.

Сіз денсаулығыңызды қанша күтсеңіз де, ағзамыз тазалануды қажет етіп тұрады. Өйткені тағамды талғап жесеңіз де, ауа лас, су хлорға толы. Қоршаған орта таза болмай, біздің ағзамыз токсиндерден дін-аман деп ойлау бекершілік. Сенбесеңіз, сырт келбетіңізге бір қарап анализ жасаңызшы?

Шаш пен тырнағыңыздың күйіне көңіліңіз тола ма? Ал теріңізге ше? Бетіңізде қара дақ, безеу, саусақтар тілініп, өкше жарылса, оны неден көресіз?

Әрине, өзіндік себебі болу мүмкін. Бірақ бұл токсинге толы ағзадан шығып жатқан белгі. Оны беткей ғана жойып әр химикатты қолдана бергенше, тезірек емделуді қолға алған жөн. Ал эффективті әдіс беретін әрі пайдалысы — ашығу.

Ашығу таңнан кешке дейін нәр сызбай немесе диетаға отыру емес. Бұл дәрігерлердің бақылауымен жүргізілетін процесс. Яғни бауыр, өт, асқазан мен қан тазарып, керісінше, күш көбейеді.

Иммунитет күшейгесін, гормон мөлшері реттеліп, үнемі еңсені басып тұратын шаршау-шалдығудан арылады. Әр ашығудан соң қатысушылардың жастық шағыма қайта бардым дейтіні сол.

Ал сұлу келбет пен қыпша бел ашығудың бонустары деп қабылдаңыз. Өйткені жылдар бойы жиналған шлак пен токсин кеткенде, әр жасуша жаңарып, ол өңіңізге ажар береді. Теріңіз жылтырап, шаш сусылдап, ұйқы қанық, үнемі сергек жүретініңіз де сондықтан.

Басқа материалдар:

  1. ҰБТ тапсырушы түлектерге ақыл-кеңес
  2. Мектеп оқушыларына 6 кеңес
  3. ҰБТ тапсырушыларға Шиара Құдайбергеновадан кеңес
  4. Интернет-маркетологтың қызметі қандай?
  5. SMM маманы деген кім?
  6. Data Scientist — деректер ғалымының қызметі қандай?
  7. Есте сақтау қабілетін арттырудың 7 құпиясы
  8. Зейгарник эффектісі. Есте сақтауды қалай арттыруға болады?
  9. Математика формулаларын қалай тез есте сақтауға болады?
  10. Физика пәнінен формулаларды қалай есте сақтауға болады?
  11. ҰБТ-ға дайындалуға арналған тәсілдер

Оқу стилінің қай түріне жатасыз?

Иллюстрация: Freepik.com

• ҚҰМЫРСҚА стилі

Құмырсқалар әдетте өте тәртіпті және оқу стильдері де сәйкесінше қатаң тәртіпке бағынады. Мұндай адамдарда дағды бойынша бәрі алдын-ала ойластырып қойылған, олар күнделік жүргізеді, үнемі өз-өздерін бақылауда ұстайды, жоспарлар құрады және күн графигін бұлжытпай орындайды.

• ЖАЛҚАУ стилі

Құмырсқаға қарама-қарсы стиль, мұнда бәрі бейберекет, кенеттен, есесіне өз қалауымен. Жалқау ешқашан бүгін не істейтінін білмейді, егер сенің күндік жоспарыңда «Мен білмеймін» немесе «Ұйықтап алатын шығармын» деген жазулы тұрса, онда сен жалқау секілдісің. Есесіне олар оқыса, ақпаратты расында жақсы есте сақтайды, себебі бұл сәтте олар қызығушылық танытады.

• ПАНДА стилі

Бұл жалқау мен құмырсқаның комбосы. Олар күн графигін қойып, жоспар құрып, қатаң тәртіппен жүруге тырысады, алайда үнемі бір нәрсе дұрыс болмай, процесс созылады, ал график мүлде бұзылып кетеді. Кейде олар 5 cағатта бірде-бір істі бітіре алмайды, ал кейде жарты-ақ сағатта 5 істі тындырып тастайды. Олар тәртіпке келгісі келеді, бірақ бейберекеттіктері қол жеткізуге мешет жасайды.

• МЫСЫҚ стилі

Мысықтар да тәртіпке бағынады, өз істерін алдын-ала жоспарлағанды дұрыс көреді, тек бұған пандаларға қарағанда шындық тұрғысында қарайды. Кейде олар жай ғана ештеңе істегісі келмегендіктен өз күн жоспарына 2-3 сағат аралық тастап кетуі мүмкін.

• КҮШІК стилі

Күшіктер секілді, мұндай шәкірттер өте жігерлі әрі білімқұмар келеді. Олар ешқандай жоспарға бағынбайды, олар әрдайым оқу-әрекет үстінде және өздерін бұдан да көп міндеттегісі келеді, cебебі оларға жаңа нәрсе білген, үйренген қатты ұнайды және олар тағы да білгісі келеді.

• ҮКІ стилі

Сабырлы. Асықпайды. Ақпаратты баяу қабылдайды, кейде басқаларға қарағанда көбірек уақытты талап етеді. Есесіне ақпаратты 100% біледі, себебі анық-қанығына үңіліп, әркім байқай бермейтін детальдарын таба алады. Үкілер сан емес, сапаны абзалырақ санайды.

Басқа материалдар:

  1. ҰБТ тапсырушы түлектерге ақыл-кеңес
  2. Мектеп оқушыларына 6 кеңес
  3. ҰБТ тапсырушыларға Шиара Құдайбергеновадан кеңес
  4. Интернет-маркетологтың қызметі қандай?
  5. SMM маманы деген кім?
  6. Data Scientist — деректер ғалымының қызметі қандай?
  7. Есте сақтау қабілетін арттырудың 7 құпиясы
  8. Зейгарник эффектісі. Есте сақтауды қалай арттыруға болады?
  9. Математика формулаларын қалай тез есте сақтауға болады?
  10. Физика пәнінен формулаларды қалай есте сақтауға болады?
  11. ҰБТ-ға дайындалуға арналған тәсілдер

Магний тұз қышқылы, сутек, оттек газдарынан қандай жаңа зат алуға болады?

Иллюстрация: Freepik.com

Берілгені:

Магний тұз қышқылы, мыс (ІІ) оксиді, сутек, оттек газдары берілген. Осыларды пайдаланып қандай жаңа заттар алуға болады? Жауаптарыңды тиісті химиялық реакция теңдеулерін жазу арқылы дәлелдеңдер.

Жауабы:

Басқа материал:

  1. 200 г ерітіндіде 10 г тұз бар. Ерітіндідегі тұздың массалық үлесі қанша?
  2. Осылардың ішінен өзара байланысы бар заттарды тауып жаз
  3. Төмендегі айналымдарды іске асыруға болатын химиялық реакция
  4. Массасы 1 г кальций карбонатын тұз қышқылымен әрекеттестіргенде қанша грамм натрий гидрокарбонаты түзіледі?
  5. ҰБТ-да химиядан кездесетін күрделі сұрақтардың жауабы
  6. Дәнді-дақылдар биохимиясы. Нан және макарон өнімдерінің тағамдық құрамын көтеру мен қазіргі кездегі жағдайы
  7. Көмірсулардың жіктелуі. Адам ағзасындағы көмірсулардың биохимиялық рөлі.
  8. Белоктардың физикалық және химиялық қасиеттері. Амин қышқылының классификациясы мен құрылымы
  9. Берілген заттардың: H3PO4, KOH, Ca(OH)2, HCl, H2SO4 арасында жүретін бейтараптану реакциясы
  10. Барий сульфатын, калий хлоридін, магний фосфатын қалай алуға болады?

Магний мен күкірт қышқылының әрекеттесуінен бөлінетін теңдеуді жаз

Иллюстрация: Freepik.com

Берілгені:

Магний мен күкірт қышқылының әрекеттестіріп сутек газын алудың теңдеуін жазыңдар. Бөлінген сутектің тазалығын қалай тексеруге болады?

Жауабы:

Басқа материал:

  1. 200 г ерітіндіде 10 г тұз бар. Ерітіндідегі тұздың массалық үлесі қанша?
  2. Осылардың ішінен өзара байланысы бар заттарды тауып жаз
  3. Төмендегі айналымдарды іске асыруға болатын химиялық реакция
  4. Массасы 1 г кальций карбонатын тұз қышқылымен әрекеттестіргенде қанша грамм натрий гидрокарбонаты түзіледі?
  5. ҰБТ-да химиядан кездесетін күрделі сұрақтардың жауабы
  6. Дәнді-дақылдар биохимиясы. Нан және макарон өнімдерінің тағамдық құрамын көтеру мен қазіргі кездегі жағдайы
  7. Көмірсулардың жіктелуі. Адам ағзасындағы көмірсулардың биохимиялық рөлі.
  8. Белоктардың физикалық және химиялық қасиеттері. Амин қышқылының классификациясы мен құрылымы
  9. Берілген заттардың: H3PO4, KOH, Ca(OH)2, HCl, H2SO4 арасында жүретін бейтараптану реакциясы
  10. Барий сульфатын, калий хлоридін, магний фосфатын қалай алуға болады?

Тотыға фосфорлану теориясы (ТФ)

Иллюстрация: Freepik.com

Тотыға фосфорлану реакциялары кезінде АДФ пен Н3 РО4-нан универсалды химиялық энергия көзі — АТФ-тің синтезі жүреді. 

АДФ + Н3РО4+ энергия —-→ АТФ +Н2О

АДФ-ке қосылатын бейорганикалық фосфаттың жұмсалған оттегіне қатынасы тотыға фосфорлану жылдамдығын анықтайды, яғни сіңірілген оттегінің əрбір атомына сəйкес келетін, АТФ-тің түзілуіне кеткен бейорганикалық фосфаттың моль саны тотыға
фосфорлану коэффициентін көрсетеді.

Бұл Р/О коэффициенті деп аталады. Егер субстрат пен реакция пиридин ферменттерімен дегидрленуден басталса, тотыға фосфорлануда оттегінің бір атомына бейорганикалық фосфаттың 3 молекуласы сəйкес келеді. Бұл кезде фосфор мен оттегінің қатынасы үшке тең болады: Р/О = 3.

Ал реакция флавопротеидтерден басталса, оттегінің бір атомына бейорганикалық фосфаттың екі молекуласы тура келеді. Бұл кезде Р/О = 2 болады.

Р/О коэффициенті – тотыға фосфорланудың жүру жылдамдығын, яғни өнімділігін көрсететін индекс. Биологиялық тотығу мен тотыға фосфорлану тығыз байланысты. Тотыға фосфорлану биологиялық тотығудың интенсивтілігін бақылайды. Бұл
тыныс алуды бақылау деп аталады. Биологиялық тотығудың ферменттеріне қажетті субстраттар, оттегі, Н3 РО4 жеткілікті болып, бірақ АДФ жеткіліксіз болса, биологиялық тотығудың жылдамдығы бірден төмендейді. Егер реакцияға АДФ-ті қосса,
биологиялық тотығу қайтадан қалпына келеді. Тыныс алуды бақылау қалыпты жағдайдағы митохондрияның негізгі қасиеті деп есептелінеді.

Митохондриядағы биологиялық тотығу тізбегінде атомдар мен электрондардың тасымалдануы нəтижесінде АТФ-тың түзілу механизмдерін түсіндіретін бірнеше теориялар белгілі. Олар:

1. Химиялық теория. Бұл теория бойынша фосфор қышқылының қалдықтары АДФ-ке гипотетикалық тасымалдаушылар арқылы жеткізіледі. Тасымалдаушы қызметін биологиялық тотығу тізбегіндегі КоQ атқаруы мүмкін. Себебі КоQ табиғаты жағынан гидрохинонның туындысы болғандықтан, энергияға бай фосфорлы қосылыстар түзу арқылы бейорганикалық фосфатты АДФ-ке жеткізуі мүмкін деген болжам айтылады.

2. Белоктардың конформациялық өзгеруіне байланысты теория — электрондардың тасымалдануы кезінде белоктардың конформациясының өзгеруі жоғарғы энергетикалық қосылыстардың түзілуіне əкелуі мүмкін деп түсіндіреді.

3. Митчелдің хемиосмостық теориясы. Митохондриялық мембрананың ішкі жағында электрондардың қозғалуы нəтижесінде протондық сорғыш пайда болады да, протондарды митохондрия матриксінен мембрана аралық кеңістікке өткізеді. Əрбір 2Н+
өткенде, бір АТФ синтезделеді деп түсіндіреді. Биологиялық тотығу кезінде ішкі мембрананың бір жағына Н+ , ал екінші жағына ОН~ жиналып, мембрана зарядталады, яғни мембрананың екі шетінде потенциал пайда болады. Осы потенциалдық энергиядан аденозинтрифосфатазаның қатысумен АТФ синтезделуі мүмкін.

Реакциядан соң мембрана зарядсызданып, бастапқы қалпына
келеді деп түсіндіреді. Тотыға фосфорланудың механизмдері толық зерттелмеген десек те, биологиялық тотығу мен тотыға фосфорлануда жүретін процестердің өте тығыз байланысты екендігі дəлелденген. БТ мен ТФ-ын арасын ажыратқанда, биологиялық тотығудың жүруі жалғаса береді, бірақ реакция барысында түзілген энергия АТФ-тың синтезіне жұмсалмастан, тек жылу түрінде таралады.

Егер АДФ-тың концентрациясы аз, ал АТФ жеткілікті болса, биологиялық тотығудың жылдамдығы төмендеп тежеледі. Керісінше, АТФ-тың мөлшері көп болып, АДФ-тың
мөл шері аз болса, БТ-ның жылдамдығы артады. Сондықтан биологиялық тотығудың жылдамдығы осы процеске қатысты негізгі компоненттердің жасушадағы концентрациясына тəуелді болатындағы анық.

Ағзадағы кейбір қосылыстар биологиялық тотығу тізбегінде сутегі атомының немесе электрондардың тасы мал дануына кедергі болып, биологиялық тотығудың
жүруін тежейді. Мұндай биологиялық тотығудың ингибиторларына прогестерон, ротенон, амиталдар, т.б. жатады. Аталған қосылыстар ФПН2
-ден КоQ-ға сутегінің берілуіне кедергі жасайды.

Электрондардың Цхb-дан Цхс тасымалдануын антимицин антибиотигі тежейді, ал электрондардың ЦхО (аа3 )-дан оттегінетасымалдануына цианидтер, азидтер кедергі болады.

Тотыға фосфорлану процесі — АТФ синтездейтін негізгі процесс. Биологиялық тотығу мен тотыға фосфорлану реакциялары тек оттегі жеткілікті болған кезде ғана жүреді. Егер оттегі жоқ болса немесе жетіспеген жағдайда, АТФ-тың синтезделуі субстраттан фосфорлану реакциялары арқылы жүзеге асады.

Дереккөз: Биохимия негіздері, С. Қ. Тұртабаев, А. К. Кабдрахимова, А. Ж. Еримова, Алматы, 2012

Басқа материал:

  1. Белоктар туралы тест тапсырмасы
  2. Белоктар туралы жалпы түсінік
  3. Ағзалардың химиялық құрылымы
  4. Дәнді-дақылдар биохимиясы. Нан және макарон өнімдерінің тағамдық құрамын көтеру мен қазіргі кездегі жағдайы
  5. Көмірсулардың жіктелуі. Адам ағзасындағы көмірсулардың биохимиялық рөлі.
  6. Белоктардың физикалық және химиялық қасиеттері. Амин қышқылының классификациясы мен құрылымы
  7. Химиядан тест сұрақтары жауабымен
  8. Мобильді құрылғылар сипаттамасы
  9. Виртуалды машиналар туралы мәлімет
  10. Вир­туал­ды жә­не ке­ңей­тіл­ген шын­дық де­ге­ні­міз не?

Минералды заттардың алмасуы

Freepik.com

Минералды заттар алмасуы дегеніміз – заттардың сыртқы ортадан ас қорыту жолдары арқылы ағзаға еніп, сіңуі, мүшелер мен ұлпаларда жиналып, алмасуы, содан кейін қайта сыртқа шығарылуы.

Ағзадағы су алмасуы минералды тұздардың алмасуымен тығыз байланысты. Олардың биологиялық маңызы алуан түрлі.

Минералды тұздар жасуша, ұлпалардың құрамына кіреді. Минералдық заттар ағзада бос жəне байланысқан күйінде болады. Мысалы, сүйектің, шеміршектің құрамында олар көмір, фосфор жəне т.б. қышқылдардың бейорганикалық тұздары түрінде
кездеседі.

Көптеген элементтер биоорганикалық қосылыстардың құрамына кіреді. Мысалы, темір — гемоглобиннің, миоглобиннің, каталазаның, трансфериннің құрамды бөлігі болса, ал фосфор — нуклеин қышқылдарының, көптеген белоктардың, фосфатидтердің, АТФ, АДФ жəне т.б. құрамына енеді.

Күкірт — КоА-ның, глутатионның, амин қышқылдары – цистеин мен цистиннің молекуласына кірсе, йод қалқанша безінің гормонының құрамын құрайды.
Ағзада минералдық заттар маңызды қызмет атқарады. Бұл олардың ағзадағы зат алмасу процестеріндегі орындарын айқындай түсуде. Мысалы, сүйек ұлпасы, жасуша мембранасы құралады. Олар жасушадағы осмос құбылысы мен қысымын реттеуге қатысады. Фосфор жəне қышқылының натрий жəне калий тұздары буферлік қасиет көрсетуінің нəтижесінде жасушаларда, ұлпаларда қышқылдық-сілтілік тепе-теңдік тұрақталады, сутек иондарының концентрациясы өзгермейтін күйге келеді.

Жекелеген катиондар (Са, Mn, Mg,Zn) ферменттердің активаторлары жəне ингибиторлары болып келеді. Кейбір металдар витаминдердің, гормондардың жəне т.б. органикалық қосы лыстардың құрамына енеді. Мысалы:

Кальций сүйек ұлпасының құрамында 98%-ға дейін фосфор жəне көмір қышқылды қосылыс түрінде сүйекте, қанда, лимфада кездеседі.

Ағзада кальцидің 1%-ға жуығы ион түрінде кездеседі. Кальцийге ми мен бездердің жүйке жасушалары бай келеді. Кальций ағзада əртүрлі қызмет атқарады. Ол жарақаттанған жерде жарылған тромбоциттен бөлініп шыққан фермент тромбокиназаның қызметін жетілдіріп, протромбиннің тромбинге айналуын жеделдетеді. Ал тромбин қан сарысуындағы фибриногенді фибринге өзгертеді, ақыры фибрин шөгіп ұйиды. Оның қанның ұюына, бұлшық еттердің жиырылуы мен босаңсуына, көмірсулардың анаэробты жолмен ыдырауын жүргізетін жəне креатинфосфатты ыдырататын ферменттердің белсенділігін үдетуге
активатор ретінде маңызы зор.

Кальцидің ағзадағы алмасуы паратгормон жəне кальцитонинмен реттеледі.

Натрий мен калий ағзада хлорид, қос көмір қышқылы жəне фосфор қышқылы тұздары ретінде кездеседі. Бұл иондар сұйық ортаның осмостық қысым мөлшерін сақтауға қатысады. Ағзаға  натрий негізінен ас тұзы арқылы енеді. Натрий алмасуы өте
қарқынды жүреді. Мəселен, бір тəуліктің ішінде сүйек пен қанда 30-40% алмасады.

Калийдің асқорыту жолдарының барлық бөліктерінде сіңірілуі диффузия жолымен өтеді деген болжам бар. Іс жүзінде азықтағы калийдің барлық көлемі сіңіріледі, сөйтіп жалпы қанға араласып, бүкіл ағзаға тарайды.

Натрий мен калий ағзадан бүйрек арқылы шығарылады. Темір ағзада органикалық емес жəне органикалық қосылыстар құрамында кездеседі, ол қандағы гемоглобин мен бұлшық еттердегі миоглобиннің құрамына кіреді.

Темір ағзадағы зат алмасу процестеріне маңызы зор, тотығутотықсыздану реакцияларына қатысады. Бұл реакцияларда темір жасушалар тіршілігіне əсері мол хроматиндер құрамына, гемоглобиннің гем құрамында қызмет атқарады.

Асқорыту барысында темір негізінен ащы ішекте сіңіріледі. Ағ зада темірдің алмасуы гипоталамустың орталығымен реттеледі. Темір азайғанда қанның қызыл түйіршіктері – эритроциттердің түзілуі əлсіреп, жасушалық метаболизмге қажетті оттегі жетіспейді. Бұл ауру, əсіресе, мыс жетіспесе, өрши түседі.

Мыс қанда, бауырда, мида, аз мөлшерде бұлшық еттерде болады. Ол тотықтырушы каталаза, цитохром, аскорбиноксидаза жəне лактаза ферменттерінің құрамына кіреді. Ол гемоглобинді түзуге қатысады.

Ағзадағы сұйық орталардың реакциясын бірқалыпты ұстап тұруда ондағы буфер жүйелерінің маңызы зор. Ағзаның сұйық ор тасында кездесетін буфер жүйелерді түзуге əртүрлі минералды заттар: бикарбонаттар, фосфорлы тұздар, аммоний тұздары,
органикалық қышқылдардың натрий немесе калий тұздары қатысады.

Адам денесіндегі минерал тұздарының жалпы мөлшері салмағының 3 пайызына тең. Тəулігіне адам ағзасына қажет минералды тұздардың мөлшері оның жасына, жынысына, сыртқы ортаның жағдайына, қозғалыс əрекетіне сəйкес өзгеріп тұрады. Ересек адамға тəулігіне орта есеппен 8 г — Na+
; 3-5г — К+
; 0,8 г — Са2+; 0,5г
— Mg2+; 13-15 г — Ғе3+; 1,0 г — Р; 4 г — Cl иондары қажет.

Ағзадағы тұздардың алмасуын реттеуге орталық жүйке жүйесімен қоса, бүйрек үсті, қалқанша бездері маңындағы бездердің гормондары қатысады.

Мырыш инсулин гормоны мен көптеген ферменттердің белсенділігін арттырып, өсіп жетілу, көбею процестеріне жан-жақты ықпал жасайды. Пролактин гормоны арқылы сүттілікке, фолликулин арқылы жыныстық қабілеттерге əсер етеді. Ағзадағы
тыныс алу процесінің маңызды бөлшегі – көмірқышқыл газын шығаруды да құрамында мырышы бар карбоангидраза ферменті қамтамасыз етеді.

Кобальттің активтілігі оның В12 витаминінің құрамына енуіне байланысты. Оның құрамында 4,5% үш валентті кобальт болады. Кобальт гидролитикалық ферменттердің активтігін арттырып, нуклеин қышқылдары мен қанның түзілуін жылдамдатады. Оның
тікелей əсерінен сүйек кемігінің қан түзетін қабілеті күшейіп, эритроциттер гемоглобиндерінде темір сіңімділігі артады.

Марганец – ағзаға өте қажет микроэлементтің бірі. Ол тотығу процестерін жылдамдатып, ұлпаның тыныс алуына, сүйек құрылысына, қан түзілуіне, ішкі секрецияға ықпалын тигізеді. Марганец оксиді фосфорлану реакцияларына қатысады.

Молибден ксантиноксидаза ферменті құрамында пурин алмасуына қатысады. Ағзаға азықпен енген молибденнің 20-30%-ы сіңіріліледі. Молибденнің ағзаға сіңіріліп, ұлпаларға жиналуына сондай-ақ сыртқа шығуына мыс – молибден – бейорганикалық
сульфат жинағы күрделі əсер етеді.

Йод қалқанша бездерінің гормондары құрамында ағзадағы белок, май, көмірсулар, минералды заттар жəне су алмасуына əсер етеді. Сыртқы ортадан азық, су құрамымен иод жеткілікті түсіп тұрған жағдайда ғана, тиреоидтық гормондардың физиологиялық
активтігі артып, олар тыныс алу жəне басқа да ферменттер арқылы
жасушадағы тотығу, тотықтыра фосфорландыру реакцияларына,
белоктың түзілуіне дұрыс əсерін тигізеді.

Дереккөз: Биохимия негіздері, С. Қ. Тұртабаев, А. К. Кабдрахимова, А. Ж. Еримова, Алматы, 2012

Басқа материал:

  1. Белоктар туралы тест тапсырмасы
  2. Белоктар туралы жалпы түсінік
  3. Ағзалардың химиялық құрылымы
  4. Дәнді-дақылдар биохимиясы. Нан және макарон өнімдерінің тағамдық құрамын көтеру мен қазіргі кездегі жағдайы
  5. Көмірсулардың жіктелуі. Адам ағзасындағы көмірсулардың биохимиялық рөлі.
  6. Белоктардың физикалық және химиялық қасиеттері. Амин қышқылының классификациясы мен құрылымы
  7. Химиядан тест сұрақтары жауабымен
  8. Мобильді құрылғылар сипаттамасы
  9. Виртуалды машиналар туралы мәлімет
  10. Вир­туал­ды жә­не ке­ңей­тіл­ген шын­дық де­ге­ні­міз не?
  11. Инфографикамен жұмыс істеуге арналған тегін немесе тарифы төмен сервистер
  12. Жасуша – тірі ағзаның құрылымдық бірлігі
  13. Биологиялық мембраналар

Су ішудегі мақсат қандай?

1. Су артық салмақпен күресуге көмектеседі. Қалай дейсіз ғой, су ағзадағы жалған қарын ашуды басады. Егер сіздің қарныңыз аша берсе, онда сіздің ағзыңызға су жетіспеуі мүмкін.

2. Су- энергия көзі. Егер адамға су жетіспейтін болса, онда адамда бірден әлсіздік пен шаршағыштық пайда болады.

3.Бас ауруының алдын алады.Өз тәжірибемнен айтайын, егер басыныз себепсіз ауыра беретін болса, шәй мен кофені шектеп , су ішіңіз, көмектеседі.

4.Теріні тазартады. Қазір бетті ылғалдандыратын заттар көп сатылады ғой. Егер ағзаңызға су жеткілікті болса, онда су бетті іштен ылғалдандыратын көрінеді.

5.Ас қорытуға көмектеседі. Аш қарынға ішілген су, асқазан жұмысын жақсартады. Қышқылдықты қалыпқа келтіреді.

6. Су- токсиндерді сыртқа шығарады. Өте маңызды. Тұмауратып қалған кезде судың көп қажет болатындығы сондықтан.

7. Ғалымдардың айтуынша күнделікті суды жеткілікті мөлшерде қолдану 40% обыр ауруының қауіпін төмендетеді.

8. Терморегуляцияға қатысады. Егер су жеткілікті болса, онда температура да қалыпты болады.

Су ағзадан пайдалы минералдарды шығарып тастайды деген рас па?

Ия рас, күніне 6 литр су ішсек болады. Бірақ ондайға жете алмайтын сияқтымыз. Суды міндетті түрде отырып ішу керек. Ол маңызды!

Басқа материалдар:

  1. Математиканы түсінуге көмектесетін ТОП 7 кітап
  2. ҰБТ тапсырушыларға Шиара Құдайбергеновадан кеңес
  3. Интернет-маркетологтың қызметі қандай?
  4. SMM маманы деген кім?
  5. Data Scientist — деректер ғалымының қызметі қандай?
  6. Web-дизайнер деген кім?
  7. Таргетологтың қызметі қандай?
  8. Контекстолог деген кім
  9. Копирайтер деген қандай мамандық?
  10. Контекстолог деген кім?
  11. Оқушы мен студентке арналған ең пайдалы 10 қолданба
  12. ҰБТ-да төмен нәтиже көрсетудің себебі қандай?
  13. Мектеп оқушыларына 6 кеңес
  14. Жетістікке жетелейтін 19 әдет
  15. Адам миы туралы қызықты 30 мәлімет