М.Мақатаевтың «Дариға-жүрек» шағын поэмасындағы Дариға-жүрек кім?

0
20590

Ахмет Байтұрсынұлы атындағы қазақ тілі мен әдебиеті олимпиадасына қатысып, бағыңды сына!

Мұқағали поэзиясы – ұлттық сананы сілкіп оятатын қуатты дәру, жан–жүйеңе ізгілік нұрын шашатын энергия көзі. Құт-береке құюшы құндылық. Оны қара өлеңнің қарымы, мол мүмкіндігі арқылы танытып отырады. Қара өлең – Мұқағали үшін — қазына кені. Ананың ақ сүті, әкенің жасындай жарқылдаған жігері, қайрат -күші.

Мұқағали өлең әлемінде үңіле қарасақ бірде сезім сергелдеңіне түседі, шөл қысып құрдымға ұрынады, дерттенеді, кектенеді, тоқсан толғатып, адам деген — патшаның рухани азығын жасап, өлең перзентін дүниеге әкеледі .

Бір сом соғылған тұлға — “Дариға жүректегі” — Дариға. Алдымен Дариға айтулы сұлу, өр әрі тәкаппар жан. Шығарманың лейтмотивінде алынған “Аққудай еді көлдегі, Сұңқардай еді жердегі” халықтық өлеңнің қос жолы оның тікелей анықтамасы, өлеңдегі баламасы іспетті. Өте дәл әрі орнымен қолданылған теңеу. Дариғаның ажар -көркін, бітім -болмысын ақын:

Жолбарыс бақай білегі,

Құлан жон жанның бірі еді.

…Қос уыс бұрым арқада,

Қос жылан болып жүреді.

Егіз шың тұрған кеудеде,

Еңістің жатыр сілемі.

Қос жанар бірден жалт етсе,

Жарқ ете шыққан күн еді, — деп суреттеуі елден ерек, өз құралыптастарынан оқ бойы оқшаулығын танытарлық сипаттар. Дариға — сезімнің адамы. Дәлірек айтқанда, өзегі өртті, кеудесі дертті, жар қызығын қызықтамай жатып майданға аттандырған. Яғни базарлы да бақытты шағы басталмай жатып сөнген. Қызығы таусылмай, қызуы басылмай жесірлікке ұрынып қаралы шәлі жамылып, ауыр тұрмыстың қамытын киген. Сондықтан жалғыз-жарым қалғанда, мұңдас тапқанда ақтарар сыры, айтылар жыры, шер-шемені қисапсыз. Іштегі запыранын шығарғанда халықтың әнін жарына арнап “Аққудай еді көлдегі, сұңқардай еді жердегіні” сазына келтіре салатын. Бірте-бірте осы ән оның есіміне телініп, бүркеншік атына айналады. Оған тағы бір себеп санаттан жары келмеуі, ақ некесі соғыстан оралмауы. Төзуде-ақ төзіп, тосудай-ақ тосқан, амал қанша хат та, хабар да ұшты-күйлі жоқ. Күні бойы ауыр тіршілік илеуімен ешнәрсені елемейтін Дариға түн түсісімен әйелдігін сезініп, әдемі әніне басатын. Алдында ол сағыныш сазы боп көтеріліп, кейіндей келе күйікті дерт боп түнгі ауаны жаратын, атырапты аралап әркімге әрнені ойға оралтатын.

Кішіні таңырқатып, кәрі-құртаңды тамсантып, жесірлерді шөлдетіп, жетім — жесірлердердің көз -жасын төккізіп егілтетін. Дариға сөйтіп тауға да, тасқа да, кең жайлауға да, айға да сырын ашып, мұңын шағумен жүрді. Бірақ кең дүние, кемел өмір селт етіп сезінбеді, елп етіп елірмеді. Мұңдыны мүсіркеп, көз жасын көрмеді. Жанына батты. Емін іздеді. Ол дертіне дауа табады. Ол “Жалған“ бөлімінің үлесінде. Екі ауыз диалог, шағын эпизодта өсек айтып отырған әйелдердің әңгімесі арқылы қыруар мәліметтер алдыға жайып салынады. Өрттей қаулаған өсек тегін болмапты, ары қарайғы желі — аузынан сүті арылмаған, жан- дүниесі ластанбаған “тентегінің “ сұмдықтың үстінен түсуімен, жеңгесінің құмарпаздық құрты құшағында жатқанын көзімен көруімен нақтыланады. Періште көңілі шошынып Дариға жеңгесі- жексұрындықтың бейнесіне енеді. Жеңгесімен бірге оның әні, сәні, күллі қоршаған орта — тау, өзен, арша, құсы мен жәндігі түгел ластыққа бөленіп, дүние біткен былғанышқа оранады. Сұлулықтың жалғандығы, тірліктің алдампаздығы аяндалған. Поэзия пәрмені елітіп, Дариға тағдырына елеңдей отырып, “Намыс пен муза “ бөліміне ден қоямыз. Дариға ар-намыс құрбандығы болып, өсек-аяңға шыдамай өз өмірін өзі қиған. Осының бәрін басы -қасында жүріп, сырласы мен мұңдасындай халдегі “тентегі” ой -санасына түйеді, көкірегіне тоқиды. Нәтижеде жан дүниесіне өлшеусіз өзгеріс енеді, жеті балдық сілкініс тұрады. Көзімен көргендері мен көңіліне түйгендерін ащы запырандай сыртқа шығаратын, зұлмат жылдардың зұлымдығын жеткізетін, жесірлер мен жетімдердің көз жасының өтеуін өлеңмен толтыратын, жоқшысы, іздеушісі боп шығады.

Дариға — трагедиялық әрі типтік образ. Оны трагедияға ұрындырған — қанқұйлы соғыс. “Аузы асқа тигенде мұрны қанады” дегендей, он екіде бір гүлі жаңа ашылғанда, жан жарынан айырылды, ауыр тұрмыстың тозақ отында өртеніп, қара қазанында қайнады. Қайғы құшақтап, қасіретке бауыр басады. Жалқындай жас өмір ләззатын татып, ер — азаматпен ойнап күлгісі келді, жастық ғұмырының жоқшысы — серігін іздеді, жар құшағын аңсады. Жанған жүрек, өртенген тәнге су сепкенде, өсек — аяңға таңылды. Қаңқу сөз, күндестік күңкіл жанын жеді, жан жарасын ұлғайтты. Ол аз болғандай бойына бала бітті. Бұл ұятын ұлғайтып, абыройын мүлде кетірді. Өзі паң, өзі асқақ, өр тұлғаны бұның бәрі жасытты. Жай оты жанына түсіп, тұла бойын күйік шалды. Күйкі тірлік , күлдібалам өмір аждаһа боп шағып, ажал боп торыды. Сондықтан өлімнен ұят күшті, өзіне — өзі өкім шығарып, жартастан ұшып, өмірін қиды. Дариға жүздеген, мыңдаған жас арулардың, өнбей жатып сөнген өртеңдердің, өксік жұтып өмірі өшкендердің, қартаймай–ақ шаштары аппақ қудай ағарып, жастығы жайрап жазым болғандардың прототиві .
Мұқағали мұрасы – ұлттың қоймаға қосылған асыл қазыналардың көмбесі. Ол өзінің қысқа ғұмырында әдебиет игілігіне қомақты дүние жасап кетті. Халқынан алды, халқына бере де білді. Ендігі жерде ақынның “сыр сандығын” ақтарып өсу мен өркендеудің ұлағатты үрдісіне сай пайдалану міндеті еншімізге тиіп отыр. Мұқағали мұрасына біршама баға берілді десек те әлі жеткіліксіз. Алдымызда Мұқағалитануды қалыптастыру міндеті тұр. Жоғары деңгейде ғылыми тұрғыда зерттеп, зерделеуге мүмкіндік ашылды. Кемімізді толтырып, төрт құбыламызды түгендеуге қазір жағдайымыз жетеді. Мұқағалиды дәріптеу қазақ әдебиетін, күллі қазақ өнерін, ұлттық құндылықтарымызды санада сақтау, қадіріне жетудің бір үлгісі болмақ.

 

Бітіруші түлектер үшін сайт редакциясы Martebe.kz ақпараттық білім порталында жарияланған эсселер тізімін назарларыңызға ұсынады. Тақырыптарды басу арқылы, эссе жазылған бетке өте аласыз.

  1. Бүгінгі күннің жігіттеріне тән қасиеттерді Абай Құнанбаевтың «Жігіттер, ойын — арзан, күлкі — қымбат»өлеңіндегі жігіттің мінез-құлқы, қасиеттерімен салыстырып талдаңыз.
  2. Бүгінгі жастар бойынан Шортанбай Қанайұлының «Зар заман» өлеңіндегі ақын сынаған ұл мен қыз қылығы кездесе ме? Екі заман кезеңіне салыстыра талдау жасаңыз!
  3. Астана – Тәуелсіздіктің жемісі. Өз көзқарасыңызды дәлелдеңіз.
  4. Алаш ардақтылары көтерген ұлттық идеялардың бүгінгі күні жүзеге асқандығын дәлелдеңіз.
  5. Қ.Жұмаділовтің «Тағдыр» романындағы: «Бәріміз де пендеміз ғой… Бір-бірімізді сөге-жамандамай, жақсы көңілмен еске алатын болайық» — деген түйін сөзге әкелген қандай құндылық?
  6. Қадыр Мырза Әлидің «Өмірдің өзі қызық-ақ» өлеңіндегі оқырманына ой тастайтын сөздер өлең идеясына сәйкес пе?
  7. М.Мақатаевтың «Дариға-жүрек» шағын поэмасындағы Дариға-жүрек кім?
  8. М.Мақатаевтың «Ақ кимешек көрінсе» өлеңіндегі әже туралы ойларын әдеби туындылардағы әжелер бейнесімен байланыстыра отырып, талдап жазыңыз!
  9. Ә.Нұршайықовтың «Ақиқат пен аңыз» роман-диалогіндегі автор(Ә.Нұршайықов) сөздері арқылы батыр бейнесін сомдап жазыңыз!
  10. С.Мәуленовтің «Түбірлер», «Құлын» өлеңдеріндегі автор ойын талдап жазыңыз!
  11. Т.Ахтановтың романға «Шырағың сөнбесін» атауын беру себебін оқиға желісіндегі дәйектер арқылы дәлелдеп жазыңыз!
  12. С.Мұқановтың «Сұлушаш» поэмасындағы ғашықтар махаббатының діңгегі Сұлушаш па, әлде Алтай ма?
  13. М.Әуезовтің «Еңлік-Кебек» драмасындағы ғашықтардың жан түршігерлік өліміне әкелген билер шешіміне көзқарасыңыз
  14. І.Жансүгіровтің «Құлагер» поэмасындағы Сағынай асы мен М.Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясындағы Бөжей асының ұқсастықтары мен ерекшеліктерін салыстырып жазыңыз!
  15. С.Сейфуллиннің «Сыр сандық» өлеңіндегі нағыз досқа тән қасиеттерге өз көзқарасыңызды танытып, сыни талдау жасаңыз!
  16. М.Дулатов «Бақытсыз Жамал» романындағы үстем тап өкілдерінің мақсатын қаншалықты сенімді суреттей алды?
  17. Әсет Найманбайұлының «Салиха-Сәмен» поэмасы мен ғашықтық жырларындағы жігіт сипатын талдап жазыңыз!
  18. Біржан салдың «Теміртас» өлеңіндегі ақын өмірінің көріністерін талдап жазыңыз!
  19. Мәди Бәпиұлының «Қарқаралы», «Қаракесек» өлеңдері арқылы ақын өмірінің көрінісін талдап жазыңыз!
  20. Мұхит Мералыұлының «Зәуреш», «Айнамкөз», «Дүние-ау» өлеңдеріндегі ғашықтық сезімін жеткізуде қолданған ақынның көркемдік тәсілдерін талдап жазыңыз!
  21. Үкілі Ыбырайдың «Қалдырған» өлеңіндегі астарлы ойды талдап жазыңыз!
  22. Сал-серілердің (әнші-ақындар) өлеңдеріндегі қыз сипатын талдап жазыңыз!
  23. Жаяу Мұсаның қиянатқа қарсы жазылған «Ақ сиса» өлеңіндегі оптимистік ой-толғамдарға дәлелдер келтіре жазыңыз!
  24. Сал-серілердің тағдырына әсер еткен әлеуметтік мәселелерді талдап жазыңыз!
  25. Әнші-ақындардың өлеңдеріндегі серілік табиғатын талдап жазыңыз!
  26. Ш. Құдайбердіұлының «Еңлік-Кебек» поэмасындағы Еңліктің қазақ қызына кереғар мінездерін талдап жазыңыз!
  27. Шәкәрім Құдайбердиев «Жастарға» өлеңінде жастарды неге Абай арқылы түзеткісі келеді?
  28. Абай Құнанбаевтың «Ескендір» поэмасындағы ақын жеткізген Ескендірдің әлсіздігін талдап жазыңыз
  29. Абай Құнанбаевтың «Он тоғызыншы қара сөзіндегі» естілік пен білімділікке қандай адам жетіп, қалай жүзеге асыра алатынын өмірлік деректер арқылы дәлелдеп жазыңыз!
  30. Ыбырай Алтынсариннің «Дала қоңырауы» екендігін дәлелдеп жазыңыз
  31. Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің «Ғибратнама» өлеңіндегі бұлбұл мен қаршыға диалогі арқылы жеткізгісі келген автор ойын талдап жазыңыз!
  32. Мұрат Мөңкеұлының «Қыз» өлеңіндегі қыз сипатын әнші-ақындар шығармашылығындағы қыз бейнесімен салыстыру
  33. Шортанбай Қанайұлының «Зар заман» өлеңіндегі заманның зарлығы мен тарлығының белгілерін дәлелдер арқылы талдап жазыңыз!
  34. Қашаған Күржіманұлының «Оразалы», «Байларға» өлеңіндегі әлеуметтік мәселелерді талдаңыз!
  35. «Сүйінбай мен Қатаған айтысындағы» Сүйінбай қолданған бейнелі сөздер мен әдемі әсірелеулердің көркемдік қуаты жайлы көзқарасыңызды дәлелдер арқылы жеткізіп жазыңыз!
  36. Дулат Бабатайұлының «Еспенбет» дастанындағы жас батыр Еспенбеттің ерлік істерінің көрінісін дәлелдер арқылы жеткізіп жазыңыз!
  37. Махамбет өлеңдеріндегі («Қара нар керек біздің бұл іске», «Қызғыш құс»,«Еңселігім екі елі») ақын көңіл күйін танытатын жолдарды талдап жазыңыз!
  38. Сәбит Мұқановтың зар заман ақындары туралы зерттеуі
  39. Зар заман ақындарының (Дулат, Шортанбай, Мұрат) шығармаларындағы идеялық ерекшеліктер
  40. Шортанбай Қанайұлының «Зар заман» толғауы
  41. Мұрат Мөңкеұлның «Қыз» өлеңі
  42. Қашаған Күржіманұлы: Оразалы байға
  43. Сүйінбай мен Қатағанның айтысы
  44. Дулат Бабатайұлының «Еспенбет» дастаны
  45. Үкілі Ыбырайдың “Қалдырған” әні
  46. Махамбет Өтемісұлы өлеңдері
  47. С.Мұқановтың «Сұлушаш» поэмасындағы Сұлушаштың «Сүйіктің еркін басын ноқтаға ілді» сөзіне өз көзқарасыңызды танытып, талдап жазыңыз.
  48. Ж.Молдағалиевтің «Мен – қазақпын» поэмасында ұлттық құндылықтардың қаншалықты көрініс тапқанын дәлелдеп жазыңыз.
  49. Бүгінгі жастар бойынан Шортанбай Қанайұлының «Зар заман» өлеңіндегі ақын сынаған ұл мен қыз қылығы кездесе ме?
  50. Абай Құнанбаевтың «Ескендір» поэмасында Аристотель сөзі арқылы берілген негізгі ой
  51. Абай Құнанбаевтың он тоғызыншы қара сөзіне талдау
  52. «…дәулетті өзімсініп, тиісті орындарына жаратпай, көбісін өзім ішіп-жеп, өзім тұтынсам, мал берген иесіне күнәлі болармын деп қорқамын» деген Ы. Алтынсариннің «Атымтай Жомарт» әңгімесіндегі Атымтай сөзі қорқуға тұрарлық па?
  53. Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің «Ғибратнама» өлеңіндегі бұлбұл мен қаршыға диалогі арқылы жеткізгісі келген автор ойын талдап жазыңыз.
  54. Мұрат Мөңкеұлының «Қыз» өлеңіндегі қыз сипаты мен сал-серілер өлеңдеріндегі қыз бейнесін салыстыра талдап жазыңыз.
  55. Дулат Бабатайұлының «Еспенбет» дастанындағы жас батыр Еспенбеттің ерлік істерінің көрінісін дәлелдер арқылы жеткізіп жазыңыз.
  56. Махамбет өлеңдеріндегі («Қара нар керек біздің бұл іске», «Қызғыш құс»,«Еңселігім екі елі») ақын көңіл күйін танытатын жолдарды талдап жазыңыз.
  57. Өз аймағыңыздағы Ұлы Отан соғысы жауынгерінің бейнесі Қ.Аманжоловтың «Ақын өлімі туралы аңыз» поэмасындағы батыр бейнесіне пара-пар келетінін салыстырып жазыңыз.
  58. Бүгінгі күннің жігіттеріне тән қасиеттерді Абай Құнанбаевтың «Жігіттер, ойын — арзан, күлкі — қымбат»өлеңіндегі жігіттің мінез-құлқы, қасиеттерімен салыстырып талдаңыз.
  59. Ілияс Есенберлин шығармашылығы
  60. Астана – Тәуелсіздіктің жемісі. Өз көзқарасыңызды дәлелдеңіз.
  61. Алаш ардақтылары көтерген ұлттық идеялардың бүгінгі күні жүзеге асқандығын дәлелдеңіз.
  62. Қадыр Мырза Әлидің «Өмірдің өзі қызық-ақ» өлеңі
  63. С.Жүнісовтің «Заманай мен Аманай» повесіндегі табиғат күшіне адамдар қарсы тұра алды…
  64. М.Шахановтың «Ғашықтық ғаламаты» өлеңіндегі ғашықтық сезімге қатысты көзқарастарға өз пікіріңізді білдіріп, талдап жазыңыз.
  65. Мұқағали Мақатаев. «Дариға-жүрек» поэмасы
  66. М.Мақатаевтың «Дариға-жүрек» шағын поэмасындағы Дариға-жүрек кім?
  67. М.Мақатаевтың «Ақ кимешек көрінсе» өлеңіндегі әже туралы ойларын әдеби туындылардағы әжелер бейнесімен байланыстыра отырып, талдап жазыңыз.
  68. І.Жансүгіровтің «Құлагер» поэмасындағы «Бай-бай, Құлагерім!..» жоқтауындағы ақын өміріндегі Құлагердің орнын білдіретін өлең жолдарын талдап жазыңыз.
  69. Ж.Аймауытовтың «Ақбілек» романындағы Ақбілек бейнесін ашудағы автор тәсілін талдап жазыңыз.
  70. М.Жұмабаевтың «Қойлыбайдың қобызы» дастанындағы бәйгеге қобыз қосу көрінісін баяндап жазыңыз.
  71. М.Жұмабаевтың «Толқын» өлеңін адам өмірімен байланыста қарауға бола ма? Көзқарасыңызды дәлелдер арқылы талдап жазыңыз.
  72. Сал-серілердің (әнші-ақындар) көтерген мәселесін, қозғаған тақырыбын талдап жазыңыз.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ