Алаш ардақтылары көтерген ұлттық идеялардың бүгінгі күні жүзеге асқандығын дәлелдеңіз.

0
11414

Қазақстан тәуелсіздігі – ең алдымен ұлтымыздың ежелден бостандыққа деген асқақ рухының жеңісі. Алаш арыстары осы өр рухтың өзегі бола білді.

Азаттық рухы кең көсілген Арқадан кербез Алатауға дейінгі, алтын тамыр Алтайдан кәрі Каспийге дейінгі аралықта ұланғайыр даланың ұлы өркениетін қалыптастырған батыр бабаларымыздың қайсар мінезінен оянған еді. Керей мен Жәнібекке алғашқы қазақ хандығын құрғызған да сол бостаншыл рух емес пе?
Жоңғар шапқыншылығы тұсында қазақ даласы «Елім-айлап» күңіренгенде де үміт оты өшпеді. Сол рух ата — бабамызды отаршылдық саясатқа қарсы ұлт — азаттық көтеріліске бастап шықты.
Өзегіңді өртер отты өлеңдердің иесі Махамбет пен күй атасы Құрманғазының шығармаларында азатшыл әуеннің атойлап тұратыны да сондықтан. Осыдан 90 жыл бұрын Алаш арыстары қазақ автономиясын құрғызған да сол өршіл мінез болатын.
Азаттық рухын кешегі сталиндік нәубет пен саяси қуғын-сүргін зобалаңы да тұншықтыра алмады. Ұлы Отан соғысы жылдары қазақ даласы босқынға ұшыраған сан мыңдаған ұлт пен ұлысты бауырына басты. Халқымыздың қайсар рухы мұқалмай,майдан мен тылдағы ерлігі ұштала түсті.Кешегі тоталитарлық жүйе де тарихи жадымыз бен ұлттық болмысымыздан, салт-дәстүр, иба, иманымыздан айыра алмады.
Осы ерен ерліктер өнегесі тарихи мүмкіндікті мүлт жібермей, біздің бәрімізді тәуелсіз Қазақстан мемлекетін құруға жұмылдырды.
Жиырмасыншы ғасырдың бас жағында біздің сан ғасырлық тарихымызда тұңғыш рет халықты әлемдік айдынға алып шығуға нақты мүмкіндік туды. Ол   мүмкіндікті туғызғандар «Алаштың» алыптары болатын. Зиялылардың «Алаш» атауын таңдауы да жайдан-жай емес еді. Үркердей топ ежелден келе жатқан «Керегеміз-ағаш, ұранымыз-алаш» деген қазақтың қанатты сөзін басшылыққа алды. Алаш идеясы қазақтың ұлттық идеясының темірқазығына айналып, озық ойлы, батыстағы саяси бағыттардан хабардар зиялылыар ортақ ұранның төңірегіне топтаса түсті. Жалпыұлттық деңгейге көтерілген Алаш идеясы елдің еркіндігі мен егемендігін, тәуелсіздігі мен тұтастығын ту етіп ұстанған Абылай хан мен оның даңқты немересі Кенесары хан бастаған күрестің заңды жалғасы деп батыл айта аламыз.
Қазақ елінің рухын тәуелсіз ұлт дәрежесіне жеткізу жолында бүкіл арман-мұратын, қайратын, талантын тағдыр талайына салған тұлғалар сол «астан-кестең заманда» өмір сүруімен де Бостандық рухының қасиетті бейнелеріне айналды. Олар ұлттың тәрбиеші зиялылары ретінде танылып, иісі алашқа мойындалды. Қазақтың қамын жеп,елінің мұң-мұқтажын жоқтай білді. Азаматтық мойынсұнбауды, Рухани Тәуелсіздікті, Ұлт Азаттығын мұрат тұтты. Соның нәтижесінде екі жылға жуық өмір сүрген «Алаш» партиясы мен «Алашорда»үкіметі құрылды. Сөйтіп, қазақ қауымының дербес ел ретінде өмір сүру құқығы бар екенін негіздеп берді.
Алаштың ардақты қайраткер ұлдары ұйқы басқан қалың қазақты оятып,оның намысын жыртып,жоғын жоқтады. Аласапыран уақытта халықты қорғаштап,оны алапат қауіптен аман алып қалудың жолдарын іздестірген Алаш қайраткерлері империямен келімі тактикасын да ұстана білді. Сонымен қатар олар өзіне дейінгілердің жаза басқан қадамынан сабақ алып, халықтың сұранымына сәйкес жан-жақты дамуды да қалады. Бүкіл халықты саяси ағарту, ұлттық сана-сезімді қалыптастыру үшін саяси ұйым құру қажеттігін жете сезінген қайраткерлер мақсатқа жету жолында «Алаш» партиясының жалпыұлттық бағдарламасын жасады.
Халық тағдыры талқыға түскен шақта арыстарымыздың ауызбірлігі де бүгінге өнеге. Алаш партиясының жетекшілері ұсынған көптеген қағидалар күні бүгінге дейін өз маңызын сақтап отыр.
Алаш арыстары қазақ мемлекеттігінің шаңырағын көтерісті,уығын шаншысты. Ендеше елінің еркіндігі мен халқының азаттығы үшін барша ғұмырын арнаған ағалардың атын ардақтау, аруағын жаңғырту, олардың мұрасынан тағылым алу- баршамыздың парызымыз. Сонда ғана біз ата-баба аманатын ақтап, болашақ ұрпақ алдында жүзіміз жарқын болады. Арыстарымыздың асыл мұрасымен қайта қауышқан ел рухани өрлеу биігіне қол созды. Желтоқсан айында Алатаудан басталған ел тәуелсіздігі Арқа төрінде салтанат құрды. Рухы биік халықтың іргесі берік, әлеуеті де қуатты, ынтымағы жарасты болмақ. Сондықтан, бар ғұмырларын елдің еркіндігі мен тәуелсіздігі жолына арнап, сол жолда құрбан Алаш арыстарының өнегелі асыл істерін ұрпақ сансына сіңіре беруіміз керек.

Бітіруші түлектер үшін сайт редакциясы Martebe.kz ақпараттық білім порталында жарияланған эсселер тізімін назарларыңызға ұсынады. Тақырыптарды басу арқылы, эссе жазылған бетке өте аласыз.

  1. Бүгінгі күннің жігіттеріне тән қасиеттерді Абай Құнанбаевтың «Жігіттер, ойын — арзан, күлкі — қымбат»өлеңіндегі жігіттің мінез-құлқы, қасиеттерімен салыстырып талдаңыз.
  2. Бүгінгі жастар бойынан Шортанбай Қанайұлының «Зар заман» өлеңіндегі ақын сынаған ұл мен қыз қылығы кездесе ме? Екі заман кезеңіне салыстыра талдау жасаңыз!
  3. Астана – Тәуелсіздіктің жемісі. Өз көзқарасыңызды дәлелдеңіз.
  4. Алаш ардақтылары көтерген ұлттық идеялардың бүгінгі күні жүзеге асқандығын дәлелдеңіз.
  5. Қ.Жұмаділовтің «Тағдыр» романындағы: «Бәріміз де пендеміз ғой… Бір-бірімізді сөге-жамандамай, жақсы көңілмен еске алатын болайық» — деген түйін сөзге әкелген қандай құндылық?
  6. Қадыр Мырза Әлидің «Өмірдің өзі қызық-ақ» өлеңіндегі оқырманына ой тастайтын сөздер өлең идеясына сәйкес пе?
  7. М.Мақатаевтың «Дариға-жүрек» шағын поэмасындағы Дариға-жүрек кім?
  8. М.Мақатаевтың «Ақ кимешек көрінсе» өлеңіндегі әже туралы ойларын әдеби туындылардағы әжелер бейнесімен байланыстыра отырып, талдап жазыңыз!
  9. Ә.Нұршайықовтың «Ақиқат пен аңыз» роман-диалогіндегі автор(Ә.Нұршайықов) сөздері арқылы батыр бейнесін сомдап жазыңыз!
  10. С.Мәуленовтің «Түбірлер», «Құлын» өлеңдеріндегі автор ойын талдап жазыңыз!
  11. Т.Ахтановтың романға «Шырағың сөнбесін» атауын беру себебін оқиға желісіндегі дәйектер арқылы дәлелдеп жазыңыз!
  12. С.Мұқановтың «Сұлушаш» поэмасындағы ғашықтар махаббатының діңгегі Сұлушаш па, әлде Алтай ма?
  13. М.Әуезовтің «Еңлік-Кебек» драмасындағы ғашықтардың жан түршігерлік өліміне әкелген билер шешіміне көзқарасыңыз
  14. І.Жансүгіровтің «Құлагер» поэмасындағы Сағынай асы мен М.Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясындағы Бөжей асының ұқсастықтары мен ерекшеліктерін салыстырып жазыңыз!
  15. С.Сейфуллиннің «Сыр сандық» өлеңіндегі нағыз досқа тән қасиеттерге өз көзқарасыңызды танытып, сыни талдау жасаңыз!
  16. М.Дулатов «Бақытсыз Жамал» романындағы үстем тап өкілдерінің мақсатын қаншалықты сенімді суреттей алды?
  17. Әсет Найманбайұлының «Салиха-Сәмен» поэмасы мен ғашықтық жырларындағы жігіт сипатын талдап жазыңыз!
  18. Біржан салдың «Теміртас» өлеңіндегі ақын өмірінің көріністерін талдап жазыңыз!
  19. Мәди Бәпиұлының «Қарқаралы», «Қаракесек» өлеңдері арқылы ақын өмірінің көрінісін талдап жазыңыз!
  20. Мұхит Мералыұлының «Зәуреш», «Айнамкөз», «Дүние-ау» өлеңдеріндегі ғашықтық сезімін жеткізуде қолданған ақынның көркемдік тәсілдерін талдап жазыңыз!
  21. Үкілі Ыбырайдың «Қалдырған» өлеңіндегі астарлы ойды талдап жазыңыз!
  22. Сал-серілердің (әнші-ақындар) өлеңдеріндегі қыз сипатын талдап жазыңыз!
  23. Жаяу Мұсаның қиянатқа қарсы жазылған «Ақ сиса» өлеңіндегі оптимистік ой-толғамдарға дәлелдер келтіре жазыңыз!
  24. Сал-серілердің тағдырына әсер еткен әлеуметтік мәселелерді талдап жазыңыз!
  25. Әнші-ақындардың өлеңдеріндегі серілік табиғатын талдап жазыңыз!
  26. Ш. Құдайбердіұлының «Еңлік-Кебек» поэмасындағы Еңліктің қазақ қызына кереғар мінездерін талдап жазыңыз!
  27. Шәкәрім Құдайбердиев «Жастарға» өлеңінде жастарды неге Абай арқылы түзеткісі келеді?
  28. Абай Құнанбаевтың «Ескендір» поэмасындағы ақын жеткізген Ескендірдің әлсіздігін талдап жазыңыз
  29. Абай Құнанбаевтың «Он тоғызыншы қара сөзіндегі» естілік пен білімділікке қандай адам жетіп, қалай жүзеге асыра алатынын өмірлік деректер арқылы дәлелдеп жазыңыз!
  30. Ыбырай Алтынсариннің «Дала қоңырауы» екендігін дәлелдеп жазыңыз
  31. Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің «Ғибратнама» өлеңіндегі бұлбұл мен қаршыға диалогі арқылы жеткізгісі келген автор ойын талдап жазыңыз!
  32. Мұрат Мөңкеұлының «Қыз» өлеңіндегі қыз сипатын әнші-ақындар шығармашылығындағы қыз бейнесімен салыстыру
  33. Шортанбай Қанайұлының «Зар заман» өлеңіндегі заманның зарлығы мен тарлығының белгілерін дәлелдер арқылы талдап жазыңыз!
  34. Қашаған Күржіманұлының «Оразалы», «Байларға» өлеңіндегі әлеуметтік мәселелерді талдаңыз!
  35. «Сүйінбай мен Қатаған айтысындағы» Сүйінбай қолданған бейнелі сөздер мен әдемі әсірелеулердің көркемдік қуаты жайлы көзқарасыңызды дәлелдер арқылы жеткізіп жазыңыз!
  36. Дулат Бабатайұлының «Еспенбет» дастанындағы жас батыр Еспенбеттің ерлік істерінің көрінісін дәлелдер арқылы жеткізіп жазыңыз!
  37. Махамбет өлеңдеріндегі («Қара нар керек біздің бұл іске», «Қызғыш құс»,«Еңселігім екі елі») ақын көңіл күйін танытатын жолдарды талдап жазыңыз!
  38. Сәбит Мұқановтың зар заман ақындары туралы зерттеуі
  39. Зар заман ақындарының (Дулат, Шортанбай, Мұрат) шығармаларындағы идеялық ерекшеліктер
  40. Шортанбай Қанайұлының «Зар заман» толғауы
  41. Мұрат Мөңкеұлның «Қыз» өлеңі
  42. Қашаған Күржіманұлы: Оразалы байға
  43. Сүйінбай мен Қатағанның айтысы
  44. Дулат Бабатайұлының «Еспенбет» дастаны
  45. Үкілі Ыбырайдың “Қалдырған” әні
  46. Махамбет Өтемісұлы өлеңдері
  47. С.Мұқановтың «Сұлушаш» поэмасындағы Сұлушаштың «Сүйіктің еркін басын ноқтаға ілді» сөзіне өз көзқарасыңызды танытып, талдап жазыңыз.
  48. Ж.Молдағалиевтің «Мен – қазақпын» поэмасында ұлттық құндылықтардың қаншалықты көрініс тапқанын дәлелдеп жазыңыз.
  49. Бүгінгі жастар бойынан Шортанбай Қанайұлының «Зар заман» өлеңіндегі ақын сынаған ұл мен қыз қылығы кездесе ме?
  50. Абай Құнанбаевтың «Ескендір» поэмасында Аристотель сөзі арқылы берілген негізгі ой
  51. Абай Құнанбаевтың он тоғызыншы қара сөзіне талдау
  52. «…дәулетті өзімсініп, тиісті орындарына жаратпай, көбісін өзім ішіп-жеп, өзім тұтынсам, мал берген иесіне күнәлі болармын деп қорқамын» деген Ы. Алтынсариннің «Атымтай Жомарт» әңгімесіндегі Атымтай сөзі қорқуға тұрарлық па?
  53. Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің «Ғибратнама» өлеңіндегі бұлбұл мен қаршыға диалогі арқылы жеткізгісі келген автор ойын талдап жазыңыз.
  54. Мұрат Мөңкеұлының «Қыз» өлеңіндегі қыз сипаты мен сал-серілер өлеңдеріндегі қыз бейнесін салыстыра талдап жазыңыз.
  55. Дулат Бабатайұлының «Еспенбет» дастанындағы жас батыр Еспенбеттің ерлік істерінің көрінісін дәлелдер арқылы жеткізіп жазыңыз.
  56. Махамбет өлеңдеріндегі («Қара нар керек біздің бұл іске», «Қызғыш құс»,«Еңселігім екі елі») ақын көңіл күйін танытатын жолдарды талдап жазыңыз.
  57. Өз аймағыңыздағы Ұлы Отан соғысы жауынгерінің бейнесі Қ.Аманжоловтың «Ақын өлімі туралы аңыз» поэмасындағы батыр бейнесіне пара-пар келетінін салыстырып жазыңыз.
  58. Бүгінгі күннің жігіттеріне тән қасиеттерді Абай Құнанбаевтың «Жігіттер, ойын — арзан, күлкі — қымбат»өлеңіндегі жігіттің мінез-құлқы, қасиеттерімен салыстырып талдаңыз.
  59. Ілияс Есенберлин шығармашылығы
  60. Астана – Тәуелсіздіктің жемісі. Өз көзқарасыңызды дәлелдеңіз.
  61. Алаш ардақтылары көтерген ұлттық идеялардың бүгінгі күні жүзеге асқандығын дәлелдеңіз.
  62. Қадыр Мырза Әлидің «Өмірдің өзі қызық-ақ» өлеңі
  63. С.Жүнісовтің «Заманай мен Аманай» повесіндегі табиғат күшіне адамдар қарсы тұра алды…
  64. М.Шахановтың «Ғашықтық ғаламаты» өлеңіндегі ғашықтық сезімге қатысты көзқарастарға өз пікіріңізді білдіріп, талдап жазыңыз.
  65. Мұқағали Мақатаев. «Дариға-жүрек» поэмасы
  66. М.Мақатаевтың «Дариға-жүрек» шағын поэмасындағы Дариға-жүрек кім?
  67. М.Мақатаевтың «Ақ кимешек көрінсе» өлеңіндегі әже туралы ойларын әдеби туындылардағы әжелер бейнесімен байланыстыра отырып, талдап жазыңыз.
  68. І.Жансүгіровтің «Құлагер» поэмасындағы «Бай-бай, Құлагерім!..» жоқтауындағы ақын өміріндегі Құлагердің орнын білдіретін өлең жолдарын талдап жазыңыз.
  69. Ж.Аймауытовтың «Ақбілек» романындағы Ақбілек бейнесін ашудағы автор тәсілін талдап жазыңыз.
  70. М.Жұмабаевтың «Қойлыбайдың қобызы» дастанындағы бәйгеге қобыз қосу көрінісін баяндап жазыңыз.
  71. М.Жұмабаевтың «Толқын» өлеңін адам өмірімен байланыста қарауға бола ма? Көзқарасыңызды дәлелдер арқылы талдап жазыңыз.
  72. Сал-серілердің (әнші-ақындар) көтерген мәселесін, қозғаған тақырыбын талдап жазыңыз.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ