Жемсау (Зоб) ауруының белгісі мен емделу жолы

Иллюстрация: Freepik.com

Зоб ауруы қалқанша безінің ұлғаюынан пайда болады.

Жемсау:
— тұқымқуалаушылық,-
— инфекциялар
— ағзаның әлсіреуі
— шаршау, депрессия
— жүйке жүйесінің жұмысы бұзылғанынан болуы мүмкін. Ер адамнан қарағанда 70% бұл аурумен әйелдер ауырады.

ЗОБТЫҢ БЕЛГІЛЕРІ:
— аяқ астынан булығу
— жөтелгіңіз келеді
— тыныс алу қиындайды
— дауыс қарлыққандай өзгереді
— ентігу, бас айналу
— әлсіздік пен ұйқының бұзылуы

ЕМДЕЛУ:

— 2 картоп, 2 сәбіз, 1 қызылшаны алыңыз, шырынсыққыштан өткізесіз. Дайын болған шырынды таңертең және түске толық тауысыңыз. Емді 1 күн жасайсыз, 2 күн демаласыз. Сосын қайта жасайсыз. Шырынды 20 рет араға күн сала отырып ішсеңіз, нәтижесін байқайсыз.

— Ұнтақталған грек жаңғағы мен емен қабығын бірдей көлемде аласыз. Оны жарты стақан қайнаған сумен араластырасыз. Дайын болған қоймалжыңмен қалқанша безге компресс жасайсыз. Аптасына 2 рет бір ай бойы жасап жүріңіз. Компрестен соң мойынды жылы ұстаңыз.

— 15 г тау жалбызын (пустырник) 1 стақан қайнаған суға саласыз. Бетін жауып, 1 сағат тұндырасыз. Күніне 4 мезгіл 1 үлкен қасықпен қабылдайсыз. 20 күн қабылдап, 10 күн үзіліс жасайсыз. Үзілістен соң қайта 20 күн ішіңіз.

— Көктемде жаңа гүлдене бастаған диаметрі 7 см, ұзындығы 15 см етіп еменнің қабығын кесіп алыңыз. Сыртқы қатты қабығын алып тастап, бірден зобқа мойынға байлап тастаңыз. Кеуіп қалған соң, алып тастап, жаңасын кесіп алып салыңыз. Осылай 15 күн жасайсыз. Бұл еммен бұрындары жемсаудан айыққан.

— 1 шай қасық бал мен 1 шай қасық теңіз орамжапырағын (морская капуста) ауызға салып жұтып жіберу керек. Артынша 1 стақан қайнаған су ішесіз. Осылай 15 күн емделесіз. Егер сізге балға аллергия болса—бұл емді жасамаңыз!

— 2 стақан жүзім шарабына 1.5 стақан бал қосыңыз. Оған алоэ жапырағының 5 тамшы сөлін араластырыңыз (алоэ 5-7 жылдық болуы керек). Бұл қоспаныиэмаль ыдысқа құйып, 1 апта қараңғы жерге қойыңыз. 1 аптадан соң тамақтан жарты сағат бұрын 30 гр күніне 3 рет ішіңіз. Емделу 3 ай. Алғашқы аптасынан бастап шаршандық басылып, бойыңызда күш-қуат сезіне бастайсыз.

— Шетеннің жапырағын кептіріп, содан шай демдеп ішеңіз. Күнде 2 мезгіл ішкен дұрыс. Сонымен қатар шай ішпесеңіз, шетеннен әзірленген тосап жеңіз.

Басқа материалдар: 

  1. Қой сүтінің пайдасы мен артықшылығы
  2. Ағзаға қажетті дәрумендер
  3. Балық майының пайдасы
  4. Кепкен жемістердің пайдасы қандай?
  5. Data Scientist — деректер ғалымының қызметі қандай?
  6. ҰБТ-ға дайындалуға арналған тәсілдер
  7. Пияздың қандай пайдасы бар?
  8. Ашудастың емдік қасиеті
  9. Егер құлағыңыз ауырса…

Егер құлағыңыз ауырса…

Иллюстрация: Freepik.com

Құлақ ауруына суық себеп болатындықтан, ол күз-қыс айларында асқынады. Тұмау болған жағдайда толық емделген жөн. Себебі тұмау кезінде мұрын бітеліп, су ағып, дене қызуы көтеріледі де есту қабілеті нашарлайды. Бұл құлақ ауруы қабынуының белгісі.

Құлақ үш бөліктен тұрады: сыртқы, ортаңғы және ішкі құлақ. Ортаңғы құлақты мұрын-жұтқыншақтың артқы бөлігімен байланыстырып тұратын евстахиев түтігі болады, яғни мұрын мен құлақтың арасын байланыстырып тұратын тесік. Адамға суық тигенде, тұмауратқанда, тамағы ауырғанда не аллергиясы ұстағанда, евстахиев түтігі бітеліп қалуы мүмкін. Осының салдарынан ортаңғы құлақта сұйықтық жиналуы ықтимал.

Құлақтың бұлай қабынуын ОТИТ құлақ ауруы дейді.

Отит ауруының бастапқы кезеңінде, яғни құлақтан ірің АҚҚАНҒА ДЕЙІН қыздыру, құрғақ жылу спиртті (борный спирт) тамшылар, компрес әдістері қолданылады. Алайда оларды АБАЙЛАП қолдану керек. Ірің аққан жағдайда спиртті тамшыларды құлаққа тамызуға және жылы басуға БОЛМАЙДЫ!

Құлақ ЖЕҢІЛ суықтанғанда, яғни біртүрлі ауыра бастағандай болған кезеңде мынадай ем қолдануға болады:

— қызылшаны қабығынан аршып тазалап суда қайнату керек.Оны ұсақтап турап балмен араластырып дәкеге (марлі) орап құлақтың ішіне жылыдай салып бір жарым сағаттай ұстаңыз.

— пиязды майдалап турап дәкеге орап құлаққа салыңыз. (терең емес, бергі жағына ғана саласыздар!)

— жылытылған глицеринге немесе жалбыз тұнбасына малынған мақтаны құлаққа тығындап салып сыртынан қалың орамалмен байлап ұйықтауға болады.

Құлақ естуі төмендегенде күніне бір дана лимонды қабығымен қоса жеу керек. 10 күн ішінде оң өзгеріс байқалады.

Құлақ шуы кезінде бір ас қасық жаужапырақты яғни орысша атауы мелисса бір стакан қайнаған суда тұндырып, күніне жарты стаканнан екі рет ішкен дұрыс болады. Сол кезде құлақ шуы басылып, жаныныз тынышталады.

Бұл жазылған емнің барлығы ЕРЕСЕК адамға.

БАЛАНЫҢ құлағы ауырса бірден дәрігерге көрсетіңіз.

Бала кішкентай кезінде құлақты қатты тазаламаңыз. Ішінде сап-сары құлық жиналуы қалыпты. Егер көп болса дәрігерге апарыңыз. Арнайы сұйықтықты құйып 1-2 минутта бірден тазалап береді.

Басқа материалдар: 

Жанжабілдің (Имбирь) пайдасы мен емдік қасиеті

Иллюстрация: Freepik.com

⠀Жанжабіл (имбирь)— көне қытай медицинасында қолданылған. Атауына сәйкес санскрит тілінен аударғанда «мүйіз сияқты» деген мағынаны білдіреді.

Оның құрамына ерекше дәм беріп, хош иістендіретін джинжерол, зингерон, шогаол секілді бірнеше эфир майының түрі кіреді. Ал бұл майлар бактерияға, вирусқа және қышымаға қарсы белсенді күреседі.

Тағамға қолданылатын оның тамырлары метаболизмді жеделдетуге көмектеседі, адамның қан айналымы жүйесін ретке келтіріп, организмге көп энергия сыйлайды. Сондай-ақ, ол көптеген сергіткіш сусындардың құрамдас бөлігі болып саналады.

✓ 5 см жанжабіл кесегін алып, тазалап тураңыз. 1 л суды жанжабілді қосып 10 минут қайнатыңыз. Содан кейін сүзіп алыңыз. Шайды күні бойы жылы күйінде ішіңіз. Ол иммунитетті күшейтіп, тұмауды басады.

Бір стақан жанжабіл шайының өзі ми қан айналысының бұзылу қаупінен сақтайды.

✓ 2 стақан суды қайнатып, оған жарты шай қасық жанжабіл мен жарты шай қасық куркуманы қосыңыз. Жақсылап араластырып, 10 минутқа қалдырыңыз. Кейін бал қоссаңыз болды. Сусыныңыз дайын. Бұл сусын ас қорыту жолдарыңызды жақсартып, сергектік сыйлайды. Ағзаның вируспен күресу қабілеті артады.

✓  1 стакан жылы(қайнатылған) суға бір шымшым жанжабіл ұнтағын саласыз. Тамақтанып болған сайын ауыз қуысын шайып отырыңыз. Күніне кем дегенде 4 рет. Сонда ауыздан шығатын жағымсыз иістен арыласыз.

✓ 1 стақан қайнаған суға жарты шай қасық жанжабіл мен жарты шай қасық жұпар жаңғағын қосыңыз. Күніне 1 стақаннан 10 күн ішіп жүріңіз. Бұл жүрек пен қан-тамырлар жүйесінің жұмысын жақсартады. Сонымен қатар холестеринді төмендетеді, қанның ұюына кедергі келтіреді және оның айналымын жақсартады

✓ Теңізшілер жанжабіл өздерінің ұзақ сапарына цингадан (құрқұлақ) сақтану үшін алып жүреді

Жанжабілді сатып аларда оның сыртқы түріне мән беріңіз: тамыр тегіс әрі қатты, ал қабығы жұқа болуы керек. Тамырда терең қыртыстар мен қатты шығып тұрған талшықтардың болмағаны дұрыс. Негізі, орташа жуандықтағы тамыр жас болып келеді. Балғын жанжабіл тамырын сақтауға ең қолайлы жер – тоңазытқыш. Ол арнайы ауа өткізбейтін пакетте үш аптаға дейін сақталады.

Жанжабіл кейде зімбір деп те аталады.

Басқа материалдар: 

Ашудастың емдік қасиеті

Ашудас — ақсары түсті, дəмі қышқыл, уытсыз. Көп қолданыста бола бермейді.

Емдік қасиеті:

✓ ашудасты- сәбилердің аузы улығанда, қызыл еттері ісінгенде, тамағы ісінгенде жылы суға езе отырып, қолыма дәкені орап, сонымен аузын шаямын. Бұл негізі көптеген дәрілерден әлдеқайда жақсырақ. Ондай сүртуден соң бала тынышталып, аузының су ағуы тоқтайды. БІРАҚ қатты ащы етпеу керек! Баланың аузын шаймас бұрын, міндетті түрде өзіңіз ащылығын тексеріңіз!

Шикі ашудасты қазанға салып қыздырғанда су құрамы ұшып кеткен соң көпіршіктеніп қалады. Мұндай күйі «күйдірілген ашудас» болады. ЕРЕСЕК АДАМНЫҢ жөтелін басып, қақырықты жібітеді. Ол үшін ашудас қызыл мияның тамырын, ашудасты əрі сабын ағашының жемісінен 3гр-нан әрқайсысынан алып, қайнатып ішу керек.

✓ Мұрын қанағанда: ашудастан аздап талқандап, суға салып ерітіп мұрынға 2 тамшы тамызса, қан тоқтайды.

✓ Сірке суына азырақ ашудас қосып, оған жарты шай қасық балды қосып қыздырасыз. Суыған соң сол сумен ауыз шайқаса- тіс қақсағанды бірден басылады. Бірақ ішуге болмайды!

✓ Сулы бөрткенге: күйдірілген ашудас, күйдірілген гипстің əр қайсынан 20 гр-нан, релгардан 7 гр, осы үшеуін талқандап, 200 гр вазелинге араластырып бөрткенге жағады. Бұл ем ересек адамға арналған.

✓ Шикі ашудастан 45 гр, күйдірілген ашудастан 45 гр, қарағай шайырынан 210 гр- ды талқандап, қанаған жерге басса— қан лезде тоқтап, жарақат беті жақсарады.

✓ Іріңге: күйдірілген ашудастан 15 гр, сары ағаштан 6 гр, қасбояу жапырағынан 3 гр қосып талқандап, өсімдік майына араластырып іріңді жерге жағады.

✓ Шуашқа: ашудас пен кептірілген жем-жемілден азырақ қайнатып, жылы суымен аяқты жуады. Ол бір жағынан қолаңса иісін жойса, бір жағынан адамның аяғындағы салқынды сорып алады.

Ашудас пен жалбыз жапырағын қайнатып, жылы суымен аяқты, қолтықты жуу денеден шығатын жағымсыз иісті жоюдың оңай құралы.

Басқа материалдар: 

Пияздың қандай пайдасы бар?

Иллюстрация: Freepik.com

Күнделікті ас әзірлеуде пайдаланатын пияз емдік жағынан да жиі қолданылатынын сіз білесіз бе? Пияз -барлық жерде кең тараған бақша өсімдігі.

Емдік пайдалануы:

1. Пияздың бір басын ұсақтап турап, үстіне бір шай қасық қара бұрыш салып араластырып, осы екі қоспаны жарты литр сүтке пісіреді. Бұл қоспаны күніне 2 рет ішіп жүрсе, ересек адамның тәбетін ашып, организмнің жалпы әлсіреуін жояды. Жүректің шаншып ауырғанын басады.

2. Тұмаумен ауырғанда пиязды ұсақтап турап, дәкеге түйіп, екі танауға кезекпе-кезек тығып қойса, жақсы ем. Микробтарды жойып, инфекцияның таралуын тияды.

3. Шиқан шыққанда- пиязды сүтке пісіріп алып, шиқанның бетіне тартады.Сыртынан дәкемен орап қояды. Осылай күніне 3 рет жасап тұрса, сыздауық тез сорылады.

4. Езілген пиязды сүтке қосып, дәкеге орап, аяқтың мүйізденіп кеткен жеріне басса, қатқан тері, нәрленіп, жұмсарады. Іріңдеген жараға, үсіген жерге басуға да болады.

5. Пияздың қанның құрамындағы қантты азайтатын қасиеті де бар. Қант диабетімен ауыратындарға пияздан әзірленген сорпалы тамақ өте пайдалы.

6. Беттегі секпіл мен дақтарды кетіру үшін пиязбен маска жасаған жақсы.

7. Ересек адамның толассыз жөтелін тоқтату үшін: пиязды ұсақтап турап, оны жарты сағатқа қояды. Жарты сағаттан соң, пияздың сөлі шығады. Оған 1 ас қасық қант салады. Араластырып ең баяу отынға 10-15 минутқа қайнатылады. Содан соң суытып, үстіне бір ас қасық бал қосылады. Осы тұнбаны ішсе жөтел 5 күнде сыптай басылады.

8. Егер жатар кезде пиязды дөңгелек етіп турап, сол туралғанның бір бөлігін табанның ортасына қойып, аяғына носки киіп ұйықтаса, таң атқанша адамның қан айналымы жақсарады, сергек жүреді, қимылы жеңілдене түседі. Оған қоса табаннан өткен сызды да емдейді.

9. Үккіштен өткізілген пиязға сұйық май, жұмыртқаның сары уызы, бал 1 қасық қосып, құрғақ шашқа жақса, шаш түсуі мен ұштануын тоқтатып, тез өседі.

Тіпті, пиязды аршып, ортасынан қақ бөліп, оны әр бөлмеге қойып қойған дұрыс. Пияз микробты өлтіреді.

Егер сізде АСҚАЗАН ҚАБЫНУЫ немесе ЖАРАСЫ болса, пиязды көп пайдаланбаңыз!

Басқа материалдар: 

  1. Қой сүтінің пайдасы мен артықшылығы
  2. Ағзаға қажетті дәрумендер
  3. Балық майының пайдасы
  4. Кепкен жемістердің пайдасы қандай?
  5. Data Scientist — деректер ғалымының қызметі қандай?
  6. Есте сақтау қабілетін арттырудың 7 құпиясы
  7. Зейгарник эффектісі. Есте сақтауды қалай арттыруға болады?
  8. Математика формулаларын қалай тез есте сақтауға болады?
  9. Физика пәнінен формулаларды қалай есте сақтауға болады?
  10. ҰБТ-ға дайындалуға арналған тәсілдер

Ешкі сүтінің құрамы мен пайдасы

Freepik.com

Ешкі де қазақ халқының ежелден келе жатқан төрт түлігінің бірі. Ешкі тез өсіп, жылдам көбейеді. Ешкінің еті де, терісі де, сүті де, қылшығы мен түбіті де, тіпті мүйізі де күнделікті тұрмыс кәдесіне пайдаланылады.

Ешкі сүтінің құрамында кальцийдің мөлшерінің мол болуы — жүрек — қантамыр жүйесіне оңтайлы әсер етеді.

Бұл сүт асқазан ауруларында, қан аздыққа, көздің нашар көруінде, диатезде пайдалы. Ешкі сүтінің қатерлі ісік ауруының алдын алып, оның жеңіл түрлерінен айықтыратын қасиеті де бар.

Шыны ыдысқа 100 г. балды салып, су бұлауында қайнатып ерітеміз. Содан соң, балға еттартқыштан өткізілген 3 жылдық 1 алоэ жапырағын салып, 5 минут қайнатамыз. Осы қоспаны ешкі сүтіне араластырып, тоңазытқышқа саламыз. 6 сағаттан соң алып, 1 сағат сайын әр 10 кг дене салмағына 50 граммнан өлшеп, науқасқа беру керек. Сонда иммундық жүйесі күшейеді.

Ешкі сүті жас сәбидің денсаулығын күшейтеді, ақыл-есінің тез жетілуіне әсері мол. Ешкі сүтін ішкен бала уақытынан ерте жүреді.

Жаңа сауылған сүттің емдік қасиеті өте күшті болады. Күн сайын тамақтың алдында жарты сағат бұрын бір кесе шикі ешкі сүтін ішіп алған адамның ағзасы сау болады, түрлі жұқпалы ауруларға бой алдырмайды.

Жаңа сауылған сүттің тағы бір қасиеті — оның қуаты 4 — 5 сағатқа дейін ішектегі жағымсыз бактерияны жоюға қауқарлы болады. Сүттің құрамында микроэлементтер, дәрумендер, ақуыздар бар.

Ешкі сүтін жиі ішетін балалар диатез дертіне шалдықпайды.

ҰЙҚЫ БЕЗІНІҢ ҚАБЫНУЫНА

Ұйқы безінің қабынуына (панкреатит) шалдыққан науқас күніне 0, 5 стакан шикі сүтті тамақтың алдында 2 ай бойы ішке құлан таза айығады.

Ал ешкінің майы асқазанда тез қорытылады. Үсікке шалдыққанда және күйіп қалу кезінде ешкі майын жақса, тез жазылады.

Өкшеге тұздың жиналуы мен буын ауруларында ешкі майын жағып массаж жасап, целлофанмен жауып, нəски киіп ұйықтау қажет. осылай 10 күн жасалса жақсы нəтиже береді.

Мамандар ешкі майын аурудың алдын алу үшін ішіп тұруға кеңес береді. Ол үшін майды ерітіп, тұндырып алу қажет.

Баланың да, үлкен кісінің де асқазан жарасына (язва), ас қорыту жүйесінің жақсаруына өте пайдалы.

Басқа материалдар: 

  1. Жануарлар туралы қызықты мәліметтер
  2. Зоологияға кіріспе. Жануарлар және олардың типтері
  3. Мөлдір бұлақ – жасыл құрақ. Өзін-өзі тану пәнінен сабақ жоспары
  4. Өз мүмкіндігімізді таниық (өзін-өзі танудан сабақ жоспары)
  5. «Аялай біл,сен деп соққан жүректі». Өзін-өзі танудан сабақ жоспары
  6. Оқушылардың өзін-өзі бағалау дағдылары
  7. Мөлдір бұлақ – жасыл құрақ. Өзін-өзі тану пәнінен сабақ жоспары
  8. Сабақ жоспары: Күләш Байсейітованың өмірі мен қызметі
  9. Өз-өзімді сүйемін (Ашық сабақ)

Ілияс Жансүгіровтың «Күйші» поэмасы туралы мәлімет

Иллюстрация: Freepik.com

Қазақ поэзиясында бүгінге дейін өнер жайында көп жазған және көркемдіктің шыңына жеткізе жазған І.Жансүгіровпен теңдесер қаламгер жоқ.

Сонау 20-жылдардың бас кезінде өмірге келген «Әнші» өлеңінен басталған бұл тақырып тек қазақ әдебиетінде ғана емес, қазіргі әлемдік поэзиядағы айтулы туындылар санатындағы «Күйші» мен «Құлагер» сияқты классикалық поэмаларға ұласты. Акынның осы екі аралықтағы шағын көлемді, бірақ керемет суретті, екпіндеп ескен желдегі көтеріңкі лепті туындылары жоғарыда талданды.

Ілиясты ылғи да ән-күйдің әсерінен туған, өзіне ғана мағлұм күшті сезімдер булықтырып жүретін болса керек. Ол соларды сарқа, ақтарыла бір, құйқылжыта, нөсерлете бір жырлауға біртіндеп жақындай берген тәрізді. Осы жолдағы оның асқан бір айтулы белесі — өзінің қазақ күйлерін жетік білетінін, олардың сыры мен сипатын нәзік сезініп, оларды өздеріне лайық көп бояқты құлпырған тілмен суреттеп бере алатын ерекше талант екенін танытты. Поэманың басты кейіпкерін:

Қобызшы Малқыбай шал Матайдағы
Матайда Кенже, Тұңғат, Сақайдағы
Қазақта қобызшының қалғаны сол,
Жорға еді маймаңдаған бақайшағы, — деп таныстыруынан-ақ күй құдіретіне елтіп, шарықтаған   шабыттың екпіні сезіледі. Осы «жарықшақ үні тозған  қаңсыған», «еңкейіп екіндідей күні кеткен» шалыңыз кім десеңіз:
Қобызшы ол «Ақ көбікті» аңыратқан
Боздатып «бозінгенді» күңіренткен.
Малқыбай қобызшыдан ақынның бала кезде тыңдаған «Бозінген» күйінің әсері шер-күйік боп жүрегіне байланып  қалғанын сол күй жайындағы поэмада суреттелген аңыздан анық байқаймыз.

Міне, осылайша Ілияс асудан-асу бел асып келіп, 1934 жылы өзінің әйгілі «Күйші» поэмасын жазды. Поэма оқырманды салған жерден тау өзенінің арынды ағысындай үйіріп әкетеді: оқиға Арқадан ауып Жетісуға келген хан Кененің ордасынан басталады. Абылайдың арыстан жүректі немересін ардақ тұтып, сыйлаған халық, Жетісудың  ығайы мен сығайы оның құрметіне ту бие сойып, той жасап, ерулік беріп, тарту-таралғы ұсынып, жік-жапар болуда.

Поэманың қаһарманы Сарыүйсін руынан шыкқан салт атты, сабау қамшылы бір жігіт сондай той-думанның біріне тап болады. Бар жақыны — жар дегенде жалғыз шешесі ғана. Ел оны күйші деп қана атайды. Ешкім есімін ауызға алмайды, сірә білмейтін болса керек. Бірақ сол аты жоқ Сарыүйсініңіз осында жиналған хан мен қараны тамсандыруда:

Аңқытып ақ орданың бір жағында
Күйші отыр домбыраны дүрілдетіп,
Құмар қып тартқан күйдің ырғағына.
Оның күйін тыңдаған жұрт:
Жып-жым-жырт тыңдағандар тіл кескендей,
Құрыштап құлақтарын үн кескендей.
Сылдырап кейде қамыс, кейде бұлақ,
Қырдағы қоңыр түнде жыр көшкендей.

Оның тартқан алуан түрлі: зарлы, ащы, тәтті күйлері тас бұлақтың суындай лақылдатып, біресе жүректі шымырлатып, біресе көңіл шымшиды.» Асан Қайғы», «Теріс қақпай», «Сарыөзен», «Бозінген», «Қаражорға», «Қорамсақ» күйлері Алатау, Алтай, Арқа, Қыр, Сырды шарлатып, Ұлы Дала аумағында өткен ел тарихын елестетеді. Осыларды автор:

Анқылдап алтын күрек домбырадан
Құйып тұр жазғы жылы жаңбырдай боп, -деп суретті сөзге көшіреді.

Табиғат тып-тыныш бола қалды.
Қырдағы қоян, құлан құлақ тігіп,
Қамыстан жолбарыс та ыңыранды.
Күн тыңдап кірмей тұрды ұясына,
Бұлт тыңдап, мінбей тұрды тау басына.
Мақұлық жерде, көкте маужырады.
Қараған бір жан болмай шаруасына.
Су ақпай, жатты толқып арнасында,
Қарғалар қалқып қалды жар басында.
Сүйсініп домбыраны тыңдады жұрт,
Тырп етпей тілеулес боп зарласынға.

Осылайша, адам түгіл, жан-жануар, өлі, тірі табиғатты манауратқан Күйшіні ханның қарындасы — » Ақылы дария, алтын басты, әйелдің ақ сұңқары, ханзадасы» Қарашаш — ағасынан басы бүтін сұрап алады. Бишара күйші не күйге ұшырағанын аңғара алмай, ханшаның соңынан сүмірейіп кете барады. Құлағында хан Кененің:

Үйсіннің ерулігі болар бізге,
Бергенім басы бүтін байлап басын, —
деген мұздай сөзі.

Поэмаға өзек болған негізгі идея — қазақ халқының тоқсан тарау,   яғни мың сан күйінің терең өмірлік сырын, көп қырлы эстетикалық қасиетін ашып көрсету. Бұл Қарашаш пен Күйші арасындағы терең психологиялық тартыс, адам сезімдерінің алапат шарпысуы арқылы беріледі.

Ә дегенде Қарашашқа тұтқын, құл болдым деп есеңгіреп қалған Күйші біртіндеп есін жиып, үй ішінің көріністеріне көзін салады. Небір асыл дүние-жиһазбен сәндеген ханша отауының гүл-гүл жайнаған ішкі жасауы Күйші сезімін арбап, көңілін сергітеді. Алғашында айдаһардай әсер еткен ханша енді:

Қара қас, қылан қабақ, кер кұба қыз
Қарашаш, алмас  сағақ, құралай көз.
Сырықтай ордадағы сымдай бойы,
Талшыбық қыпша белдің өзі нағыз.
Түлкі қыз қызыл алтай, кер марал қыз,
Ақ қоян, бозша, байтал, ақша нар қыз.
Қымыздай балға ашытқан тәтті қыз,-  болып көрінеді. Оңаша тыныш сәнді отауда осылай елестеген сұлу Қарашаш   Күйшінің жүрегінде ғашықтық отын  жандырып, құштарлық сезімін лаулатады. Осыдан кейін үйреншікті күй тілі кенет жаңа, сұрапыл, ыстық  тасқын боп бұрқайды. Оқырман жалынды жаңа саздың туу сәтінің  куәгеріне айналады, өнер психологиясын аңдайды.

Күйшінің жан дүниесін баурап алған құштар сезімді бейнелейтін жаңа шығарма тудырған шабыт құшағындағы кезі былай суреттеледі:

Саусақтар ойнап, орғып, қаздаң қағып,
Суырып ішек тілін, мұңын шағып.
Жүйріктің шын күйі келгенінде
Шығаннан шыға шаппай тұрсың нағып.
Асқақтап, кейде күйді көкке өрлетіп,
Алыстап, шырқап, сілтер, әрі кетіп,
Қайырып, қалықтатып, қайта оралтып,
Бірден-бір ақырын-ақырын төмендетіп.
Ызғытып, өлке өрлетіп, баяулатып,
Соқтырып кейде боран дауылдатып,
Көңілдің асқарынан тұманды айдап,
Артынан нөсерлетіп, жауындатып…
Күй ырғағын, әуен-сазын айнытпай бейнелеп, нөсерлеткен, тасқындай үдей жөңкілген сөз түйдектері кім-кімді де тырп еткізбей, баурап алады.

Домбыра бебеулетті, безілдетті,
Кернетіп кең даланы кезіп кетті.
Біресе қашағанды қырда қуып,
Ән шырқап қоңыр түнде, қой күзетті, —   дейді тағы да. Қазақ күйінің табиғатын қазақ болмысының көрінісі, қимыл-әрекеттерімен мұншама дәл бейнелеу үшін солардын бәрін керемет сезімтал жанмен білу және асқан талант қажет екені көрінеді.

Сұлу қызға көңілі кеткен күйші неше алуан сезім толқындарын, күшті психологиялық толқуларды басынан кешіреді. Сондай сәттерде күйші жігіт біресе түлкі алатын құмай тазы, аққуға түскен тұйғын құс тұрпатты періге де айналып, ханшаны Алатаудың үстінен алып ұшып, жеті дариядан аман өтіп, алтын тауға апарып, кұшып та жатады.

Ал қиял қанаты талып, өзінің шын болмыстағы отырған жеріне оралғанда: ханша — Қарашашты, қарашы Сарыүйсін — өзін көреді. Арадағы тұңғиық — әлеуметтік теңсіздікті көреді.

Күй құдіреті Қарашашты да балқытып, құштарлық жалынына шарпытып, бір сәт басқа дүниенің бәрін ұмыттырып жібереді.
Бұл сорлы Дулат па екен, Үйсін бе екен?
Күйшім боп өміріне жүрсін бе екен?
Сүйкімді жігіттің бұл бұлбұлы ғой?
Қарашаш осыған-ақ тисін бе екен?
Бұл сорлы күйді неге үйренді екен?
Күй ата бұған дарып жүрген бе екен.
Қарашаш мұны қалап алдым десе,
Хан Кене намыстанбай, ти дер ме екен?
дейді бұл сәтте. Бірақ ол да өзі отырған үйдегі шын өмірге оралады.
Жоқ, болмас, ауырдым ба, жындандым ба,
Қараға хан затымды былғармын ба.
Бұл менің басыбайлы бір малайым
Тиюге енді маған құл қалды ма?!

Екеуі де ғашықтық құштар сезімнің құшағында өздерін- өздері арпалысқа түсірген психологиялық тартыс желісін Сапақ оқиғасы үзіп жібереді. Күйші мұның қайсысы — өң, қайсысы — түс екенін ажыратудан қалған. Қарашаштың төсегіне барған мен шығармын, біткен жерім осы болар деп, өлі мен тірінің арасында тұрғанда, Қарашаштың домбырашыға тап берген қызметшісіне: «Қолыңды қоқаңдатпа’ күйшіме!» — деген әмірін құлағы шалып, жан шақырады.

Қарадан шыққан жігіт Сапақ бізді басынды деп, болған-болмағаны белгісіз болымсыз бірдеңе үшін күллі елді қынадай қырып тастағалы отырған ханшаға Кене «қой»  демейді, бөлтірікке бөрі ырық береді, арыстан тісі ақсиып , сырттан барлап отырады. Ақыры амалы құрыған, қалың жұртты босқа қырғызғанша, жалғыз құрбандықпен құтылмақ болған үйсін пәлекеттен дулат Сапақты Қарашаштың алдын алып келеді. Қарашаш ақырғы сәтте демін ішіне алып, күйзеліп тұрған ел мен өлі-тірінің аралық халіндегі Сапақтың әкесі Әлімкұлга қарап: «Қайтейін қылышымды қандап соған. Көбіңе қидым», — деп Сапақты жөніне жібереді.

Осы оқиғаның бәрін бастан аяқ көзімен көріп, Қарашаштың каһарына   мініп, қан төкпек болғандағы айдаһар сықылды ұсқыны күйшінің жан дүниесінде орасан өзгеріс жасайды: кұмарлық сезімін де, одан от алған жүрек тербетер » жалын күйін де сөндіріп тастайды.

Поэмада әділетсіздікті, зорлықты тізе бүктіретін ұлы күш, бостандыққа, азаттыққа жеткізетін құдірет — өнер деген идеяны ақын тамаша суреттер, поэтикалық көркем образдар арқылы терең толғап жеткізген, сонымен қатар онда ондаған күйлердің әлеуметтік мәні, тарихи негіздері, эстетикалық нысанасы ашылып, олардағы образдар, суреттер айқындалған.

Соның бәрін ақынның қалай біле бергені таңдандырады. Және әрбір күйдің өзіндік сипаттарын ашық, бейнелеген кездегі басқа ешкім айтпаған, тек Ілияс қана қолданған, тапқан теңеу, образдар қаншама. «Қоғадай салбырасып, хан, қарасы, намазға ұйығандай отыр тыңдап», «домбыра айналаға, дүбір салды, адақтап жалғыз шапқан жүйрік аттай», «батыр да, хан да, қыз да, қазаншы да – бәрі бір домбыраға мінгескендей», «жыланнан сырға салған жолбарыс қыз», «қалтырап, қырау тұрып жүрегіне», «ыңыранып белі кеткен жолбарыстай», «толғантып тоқсан түрлі қыз көңілің, жүректің жазы шығып, жаңбыр төкті», «Таратып тоқсан күйді жібердің деп» бір жақтан керең бір ой күңкіл қақты», т.б. Ылғи осылай.

Бұл теңдесі жоқ ғажайып поэмада: күй — өлеңге, өлең — күйге айналады. Ілиястың өзі ақын — сазгер мен сазгер-ақын болып кетеді. Күй мен өлең бір тілде сөйлейді. «Күйші» поэмасы — романтикалық сарында шалқыған шабытпен, поэзиялық құдіретті қуатпен жазылған, қазақ әдебиетінде теңдесі жоқ үздік туынды.

Басқа материалдар:

  1. І.Жансүгіров шығармаларындағы өнер адамының бейнесі
  2. І.Жансүгіровтің «Құлагер» поэмасындағы Сағынай асы мен М.Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясындағы Бөжей асының ұқсастықтары мен ерекшеліктерін салыстырып жазыңыз
  3. І.Жансүгіровтың «Құлагер» поэмасындағы «Бай-бай, Құлагерім!..» жақтауындағы ақын мен тұлпар өмірі ажырамас тұтастық па?
  4. «Мен өзім тауда туып, тасында өстім» атты Ілияс Жансүгіровқа арналған кеш сценарийі
  5. Сөз өнерінің образдық табиғаты. Образ, жасалу жолдары және оның түрлері
  6. Көркем туынды – әсемдік әлемі. Тақырып пен идея бірлігі
  7. Ғылыми стильдің тілдік амал-тәсілдері
  8. Қазақ әдебиеті бойынша тақырыптық тест жинағы
  9. Көркем шығарма тілі туралы ақпарат
  10. «Бесатар» повесі немесе қызыл империяға қарсы атылған оқ
  11. Өлең сөздің табиғаты. Өлең жүйелері туралы
  12. ХV ғасырдағы қазақ хандығы және қазақ әдебиеті. Асан қайғы Сәбитұлы шығармашылығы

Дисплазиядағы 5 белгі

Иллюстрация: Freepik.com

1-ші белгі: Баланың аяғын жамбас – сан буынынан екі жаққа талтайтқан кезде, бұтының жөнді ашылмастан, шектелуі. Осы белгіні анықтау үшін жайлап нәрестенің аяғын тізе мен жамбас буынынан бүгіп, бұтын екі жаққа талтайтып ашады. Дені сау сәбидің екі тізесі бірдей тегіс жазықтыққа дейін жетуі керек. Бұтының ашылмауы айқын болса онда жамбас-сан буынының шығуы, ал аяқтарын талтайтқан кезде шектелу — дисплазияның белгісі.

2-ші белгі: Сан сүйегінің ұршығы жамбас буынынан шығып, орнына қайта түсіп тұратын, тайып кету белгісі. Бұл үшін шалқасынан жатқан нәрестені тізесі мен жамбас буынын жайлап 50 градусқа бүгіп, бұттарын екі жаққа талтайтады, осы кезде ұршықтың сүйектері сырт етіп жамбас ойығына түскені сезілуі мүмкін.

3-ші белгі: Нәрестенің сан және бөкседегі тері қыртыстарының бір деңгейде орналаспауы. Бұл белгіні анықтау үшін нәрестені шалқасынан немесе етбетінен жатқызып, аяқтарын түзу созады. Осы кезде буыны шыққан жағындағы терілерде пайда болатын қыртыстар сау жағымен салыстырғанда тереңірек, жоғарылау орналасады және көптеу болады. Бірақ тері қыртыстарының бір деңгейде орналаспауы тек осы ауруға ғана тән белгі емес, ол дені сау сәбилерде де кездеседі. 1,5 – 3 айлық сәбилерде айқын білінеді, сондықтан күдікті жағдайларда бала жан-жақты тексерілуі қажет.

4-ші белгі: Нәресте аяқтарының қысқарып тұру белгісі. Сәбилердің аяқтарын сантиметр лентасымен өлшеп, бір аяғы бір аяғынан қысқарғандығын білу қиын. Аяқтардың ұзындықтарын анықтау үшін нәрестені қатты үстел үстіне шалқасынын жатқызып, жамбас, тізе буындарынан бүгіп, тізе деңгейлері салыстырылады. Жамбас — сан буынының шығып кеткен жағында тізесі төмендеу орналасады.

5-ші белгі: Жамбас-сан буыны шыққан жағында санның, балтырдың сыртқа қарай қисайып тұру белгісі. Бұл белгіге ата-анасы назар аударады және сәби ұйықтап жатқан кезде жақсы көрінеді.

Жоғарыда айтылған белгілердің барлығы бір сәбиде кездеспеуі мүмкін. Ата-анасы нәрестеде осы белгілердің бір-екеуін байқаса бала хирургіне, оның ішінде бала ортопедіне көрсету қажет.

Басқа материалдар: 

  1. Биология пәнін таңдаған түлек қай саланы таңдай алады?
  2. Өсімдік жасушасының ерекшеліктері
  3. Генетикалық терминдер мен белгілер
  4. Мидың негізгі бөлімдері
  5. Адам миы туралы қызықты 30 мәлімет
  6. «10-3-2-1» формуласы: Түнгі ұйқың тыныш, күндіз ширақ болғың келсе…
  7. 5/25 ережесін тиімді қолданыңыз
  8. ҰБТ тапсырушыларға Шиара Құдайбергеновадан кеңес
  9. Интернет-маркетологтың қызметі қандай?
  10. Оқушы мен студентке арналған ең пайдалы 10 қолданба

Ағзаға қажетті дәрумендер

Freepik.com

А1 дәрумені (аксерофтол) — теріні қорғайды. Ағзаға А1 жетіспесе, денеде бөрткендер пайда болады, тері кез келген нәрсеге тітіркенгіш келеді.

В1 дәрумені (тиамин) жетіспегенде, ағза тез шаршайды, ашуланшақ болады, қол-аяқтары тартылады. Соның салдарынан жүйке ауруларына душар болуы мүмкін. В1 дәрумені ағзадағы көмірсуды реттейді, ұйқы бездерінің қызметін арттырады, атересклероздың дамуына кедергі жасайды. В тобындағы дәрумендерді С витаминімен бірігіп қабылдаған дұрыс. Ересек адамның ағзасына 1 тәулікте 2,5мг мөлшері қажет.

В2 дәрумені ( рибофлавин)- 1 тәулікте қабылдау мөлшері 3 мг аспауы керек. Бұл дәрумен жетіспесе, адамның бойы өспейді, арықтайды, әлсірейді, ауыз уылады, адамның екі езуі қызарып, қиылады, көздің көруі нашарлайды, көзден жас аға береді, қарашық күңгірт тартып көздің еті өседі, зат алмасуы нашарлайды, ауыздың қызыл еті талаурайды, денеге бөрткен шығады. Ағзада бұл дәрумен тапшы болса, көздің айналасы мен тілге де бөртпелер шығады.

Р дәрумені ( биофлавоноидтер )- рутин деп те атайды. Ол жіңішке қан тамырларының беріктігін арттырады, қызметін жақсартады. Р дәруменін С витаминімен қоса қабылдаған өте шипалы. Рутин көк шәйдің құрамында, итмұрында, лимонда, құрмада, қара қарақатта жүзімде, өрікте, қарақұмық өте көп.

РР дәрумені (никотин қышқылы) — ақуыздың және көмірсудың алмасуына қатысады, жүректің бұлшық еттерінің қызметін реттейді, тамырларды кеңейтеді, бауырдың жұмысын жақсартады, ағзадағы биологиялық қышқылдану процестерін жүзеге асыру үшін өте қажет.

К дәрумені (филлохинон ) кесілген және ойық жараның жазылуын жылдамдатады.
К дәруменін отаның алдында науқасқа береді, өйткені қанды тез тоқтатады.

К дәрумені жетіспесе қан ұйымай қояды, қан тамырлары тарылады. Тіпті миға қан құйылуы да мүмкін. К дәрумені: жапырақты жасыл көкөністерде, брокколи және брюссель қырыққабаттарында, ет пен сырда, сүт өнімдерінде, өсімдік майларында, көк пиязда, дәрілік шөптерде, қалақайда, сәбізде, шетенде бар.

Басқа материал:

  1. Белоктар туралы тест тапсырмасы
  2. Белоктар туралы жалпы түсінік
  3. Ағзалардың химиялық құрылымы
  4. Дәнді-дақылдар биохимиясы. Нан және макарон өнімдерінің тағамдық құрамын көтеру мен қазіргі кездегі жағдайы
  5. Көмірсулардың жіктелуі. Адам ағзасындағы көмірсулардың биохимиялық рөлі.

Қой сүтінің пайдасы мен артықшылығы

Иллюстрация: Freepik.com

Қой бірнеше ай сауылып, қою, құнарлы сүт алынады. Қой сүті сиырдың сүтінен әлдеқайда құнарлы, майлы болады. «Қойдың сүті қорғасын, қойды ұрған оңбасын» деуі– қой сүтінің айрықша сіңімді, қуатты, жұғымды екендігінің дәлелі.

Қойдың сүті сұрғылтау болып келеді. Қой сүті тым қою болғанда, оған аздап су қосып та пайдаланады. Су қосылған сүтті ертеректе сүмесін деп атаған.

Қойдың сүтіне күріш салып, сыркүріш аталатын күріш ботқа пісіреді. Ол баланың иммунитетін көтереді, асқа тәбетін ашады.

Қан қысымы бар адам қойдың сүтіне теңдей дәрежеде су қосып қайнатып, суы сарқылған соң құмшекер қосыңыз. Таңертең ашқарынға 15 күн ішсе өте шипалы.

9 жастан жоғары бала өкпе туберкулезіне шалдықса, оны емдеуде тұсақ қойдың сүтін ішкізген. Қойдың сүті аурудан айықтырған.

Абайсызда жылан немесе басқа да улы жәндіктер шаққан жағдайда, қой сүйегін күйдіріп, сірке суына малып,  мақтамен орап, шаққан жеріне таңып қойса, удың ағзаға тарап кетпеуіне көмектеседі.

Ыстық, аптапты күнде шалап кімнің болса да шөлін қандырады. Аналарымыз қойдың сүтінен айран жасап, сол айранға су құйып, шайқап шалап еткен. Шалап асқазанға тез қорытылады, шөлді басады.

ҚОРЫҚТЫҚ – қазақ ұлтының қойшылары кең өрісті сахарада қойды өрістетіп, ұзап шыққан кезде істеп ішетін ас. Қыркүйек айында қойды таңертең кеткеннен кешке бір әкеледі. Алдымен бірнеше қойды сауады. Отын жағып, сол отынға домалақ (кебір-бұдыры жоқ) 5-6 тас таңдап алып тастайды. Әбден тас қызған кезде саптаяқтағы сүттің ішіне бірден кезек тастап отырады, осы кезде саптаяқтағы сүт борылдап қайнап, әбден пысады. Міне мұны қорықтық деп атайды. Қорықтық өте дәмді, қоректігі күшті, жұғымды, қою ас. Қорықтық ішкен адамның денесі шымыр, суыққа төзімді келеді.

Басқа материалдар: 

  1. Жануарлар туралы қызықты мәліметтер
  2. Зоологияға кіріспе. Жануарлар және олардың типтері
  3. Мөлдір бұлақ – жасыл құрақ. Өзін-өзі тану пәнінен сабақ жоспары
  4. Өз мүмкіндігімізді таниық (өзін-өзі танудан сабақ жоспары)
  5. «Аялай біл,сен деп соққан жүректі». Өзін-өзі танудан сабақ жоспары
  6. Оқушылардың өзін-өзі бағалау дағдылары
  7. Мөлдір бұлақ – жасыл құрақ. Өзін-өзі тану пәнінен сабақ жоспары
  8. Сабақ жоспары: Күләш Байсейітованың өмірі мен қызметі
  9. Өз-өзімді сүйемін (Ашық сабақ)